Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Диалектикалық материализмнің негізін салушылар  ақиқаттың критерилары мен танымның негізі практикада жатыр деді. Олардың пікірінше, әлем болып жататың құбылыстарды аңғарудан емес, практикалық әрекеттену процессінде шындыққа жанасып, адамдардың белсенді іс әрекеттерінің нәтижесінде нақтыланады. 

Маркс пен Энгельс өздерінің  философиялық ойлары ақиқаттын ақырғы инстанциясы емес екендігін ескерте  отырып, қоғамдық практика мен ғылымның дамуы барысында әрдайым өзгеріп, нақтыланып, байып отыратындығын айтты. Маркстік философияда материализм мен диалектика өзара байланыста бола отырып сапалы жаңа методологиялық қызметті атқаратындығын білдірді. 

 

3. Тарихи материализм  маркстік философияның бір бөлігі ретінде.              

Маркс пен Энгельс қоғамдық-тарихи құбылыстарды түсіндіріп беруге идеалистік бағыттың  шамасы жетпейтіндігін көрсетті. Идеалдық күштің адамның тарихи іс әрекетіне тигізетін  құдіретін мойындай отырып, олар бұл құдіреттің себебін қоғам өмірінің материалдық жағдайларына тәуелдендірді.               

Олар “тарихты материалистік  тұрғыдан түсіндіруге” ғылыми ұғымның айналымын енгізді, яғни оның мәні қоғам өмірінің басқа салаларын материалдық өнеркәсіптің қатынасы айқындайтындығында. Ол үшін олар мынаны, әлеуметтік экономикалық детерминация абсолюттендірілген бір бағыттағы процесс ретінде қарастырылмау керектігін ескертті. Қоғамның рухани өмірі өзіне тән атқарыушы зандылықтарға ие және қоғамдағы жүріп жататын процесстерді баяулатып немесе күшейтуге айтарлықтай ықпалын тигізеді.     

Адамды түсіндіруге биоәлеуметтік  тіршілік иесі ретінде қарастырған  Фейрбахтан қарағанда Маркс пен  Энгельс басқаша көзқарасты ұсынды. Олар адам мәселесіне жүйелік тәсілді жүзеге асырды. Маркс, адам мәні өзімен бірге барлық қоғамдық қатынастардың “ансамбльін” ұсынады деді. Бірақта адам мәселесінің тұтастығы Маркс пен Энгельс үшін басқада философиялық әлеуметтік проблемалардан қарағанда аса маңызға ие бола алмады.

Адамдар өміріндегі материалдық өнеркәсіптер анықтаушы роль екендігін айта отырып Маркс пен Энгельс мынадай қорытындыға келеді, қоғам дамуындағы бұқара халыққа - өндірушілердің материалдық игілігі шешуші күш, яғни таптық күресті түсіндіре отырып қоғамның антогонистік дамуына қозғаушы күш болады.

Адам- объективтік Ақылдың, жоғарғы табиғаттың, жоғарғы адамның айқындап берген жолымен ғана жүруші, яғни актер тәрізді сценарию бойынша ролін ойнап жүреді деген Гегель мен Прудоны Маркс барынша сынады. Ол кейіпкер мен адам артында не тұрғандығын мойындай отырып, актер өз драмасын өзі жасайды-деді, ал барлық тарих осыған ұқсайды, яғни бұқара халықтын әрекеттерінің жемісінен туындайды: адам тарихты жасаушы өзінің көпқырлы іс әрекеттерінің нәтижесінде. 

Бұқаралық қоғамдық қатынастардың  ішінен Маркс пен Энгельс өндірістік қатынастарды анықтаушы сапа ретінде бөліп алып қарады. Әртүрлі елдерді ұқсас қоғамдық бір тәртіпке келтіруші және әртүрлі халықтардың тарихи дамуына біркелкі мүмкіндік беретін ол осы “қоғамдық-экономикалық формация” ұғымы болды. Ол өндірістік қатынастармен сипатталады. Өндірістік күштердің  даму денгейі анықтаушы негізде пайда болған саяси және құқықтық сәйкестікте болатын тұрмыстағы, жанұядағы, қоғамдық сананың формаларының қалыптасуына мұрындық болады. Жоғарыда айтылғандар қоғамдық құбылыстарды қарапайым денгейден ғылыми талдауға және олардың зандылықтарының мүмкіндіктерін ашуға әсерін тигізеді. Маркс, адам мәні өзімен бірге барлық қоғамдық қатынастардың “ансамбльін” ұсынады деді.

Маркстің ұмтылысы жалпы  қоғам туралы талқылау емес, оның ішкі динамикалық байланысты жүйеде екендігін  анықтауы социологияның дамуына үлкен қадам болып есептеледі.  Табиғат пен әлеуметтік салаларды  тануға, олардың өзара байланысын түсіндіруде жүйелік әдіс философияның дамуына септігін тигізді. Маркс, адам мәні өзімен бірге барлық қоғамдық қатынастардың “ансамбльін” ұсынады деді. Маркс, адам мәні өзімен бірге барлық қоғамдық қатынастардың “ансамбльін” ұсынады деді. 

 

4. ХХ ғасырдың  басындағы марксизмнің В.И.Лениннің  философиясындағы дамуы.

Х1Х ғасырдың ортасында  Марксизм эволюциялық процессте  ерекше орынға йе болса, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Ленин оны ары қарай дамытты (1870-1924). Диалектикалық материализм шеңберінде Ленин бірінші болып материаға басқа қырынан философиялық анықтама берді. Диалектиканың ядросы қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігінен тұратындығын қайтадан ой елегінен өткізіп, қайшылықтардың – антагонистік және антагонистік емес екі типінің мәнің ашты.  Диалектиканы түсінуге өзара байланыстағы элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастырып, жаңа мазмұндармен толықтырды. Адамзат практикасының логикалық байи түсуі диалектиканың категорияларын дұрыс қабылдаудан және нәтижесінде тарихи танымды танып білуге бұл үлкен кепілдік береді.

Тарихта ол маркстің ойларына  бірінші болып логика мен таным теориясындағы диалектиканың бірлік принципін негіздеді, бейнелеу теориясын ұсынды, яғни практиканың негізінде таным процессін материалистік жолмен түсіндіруде диалектиканың даму принциптері тығыз байланыста болатындығын айтты. Ленин диалектикалық материалистік концепцияны жетілдіре отырып, Х1Х-ХХ ғасырлардағы шетелде ашылып жатырған жаратылыстану ғылымдарындағы жаналықтарды философиялық тұрғыдан терен талдай отырып, бұл ашылған жаналықтар диалектикалық материализмнің категориялары мен зандылықтарын байыта түседі деді.

Ленин негізгі назарды  әлеуметтік философия мәселесіне аударды, яғни сол кезендегі Россиядағы болып жатырған революциямен тығыз байланыста болды. Осы тарихи кезен әлеуметтік шындықты талдауға жаңа әдістерді талап еткен болатын, соңымен қатар жаңа идеяларды және жаңа шешімдерді. Сондай-ақ, Ленин маркстік ойларды дамыта отырып “кейінгі” бағыттарды қолдады, яғни өз өзінен қысымға алып келетін мынадай, “пролетариаттар диктатурасы”, “ескі қоғамды құлату”, жеке меншікті жою”, “таптық қысым тудырушы машина”, “революциялық күш көрсету”, “билікті иемдену” тәрізді ұғымдар дүниеге келді. Әлеуметтік философия “тарихтын толғағын тудыратын кемпір” тәрізді айқын күшпен ориентацияларды тудырып, ашық саяси сипатқа ие болды. Бұндай логикаРоссиядағы таптық қайшылықтардын өршуіне түрткі етті.

Ленин әлеуметтік философия  саласында пролетариаттардың мемлекетті билеуі туралы, мемлекеттің социализм  жағдайындағы және коммунизм кезеніндегі  өмірі туралы, капитализмнен коммунизмге өту кезені туралы, коммунистік формацияның екі фазасы туралы, тіршілік етуші адамның белсенділігі мен қайта өндірудегі іс әрекеті, субъективтік фактордың ұлғаюы туралы, жаңа социалистік қатардың жақынарадағы алғышарты ретінде капиталистік монополия туралы көптеген ілімдерді тудырды. Философияны саясат және идеологиямен қаруландыру, әсіресе оның әлеуметтік концепциясы шынына жеткен факты болып есептелді. 

 

5. ХХ ғасырдағы  маркстік философия.

Лениннің өлімінен кейін  Россияда диалектикалық материалистік философия өзінің тұтастығы мен методологиялық мәнің жоя бастады. Оның көптеген өкілдері  “механистер”, басшылары Л.И. Аксельрод және К.А. Тимирязев, және “диалектиктер” басшысы А.М. Дебориндер араларындағы пікірталас ұзаққа созылып йдея з мәнінен айрыла бастады. Біріншілерінің айтуынша философияның айналысатын өзіндік арнаулы саласы жоқ десе, ал екіншілерінің ойларынша философия мазмұнға бай, өз алдына биік статусқа ие болады деп түсінді. 

Кейін келе философиялық пікірталасқа қатысушылардың копшілігі репрессияға ұшырай бастады. Марксизм бұлжымас қағида мен догмаға айналды, топтасқан бір біріне ұқсас ұжымдық авторлар осы сара жолдан шықпас “шығармашылықты дамытты”. Маркстік философия мен идеологины түсіндіріп отыратын арнаулы философтар пайда болды. “Маркстік шығармашылық” деген жоғарғы үлгіде орын алған көзқарасты Сталин өз мүддесіне пайдаланды.

1922 жылдары Кеңестік Россиядан  “философияның ауыспалы кезеніне”  душар болған ойшылдар ығыстырыла  бастады. 30-жылдары И.К.Луппол, Я.Э.Стен, Г.Г.Шпет, П.А.Флоренский және жүздеген ойшыл философтар лагерлерге айдалды немесе аттырылды. Репрессия философтарға қырғыйдай тиді. 50- жылдардың бас кезенінде марксистік-лениндік философия барлығын тептегіс ететін “балғаға” айналды. Ғылымның биология, генетика, психология, кибернетика тәрізді салаларының барлығын бір сызықтын бойымен жүргіздірді. Философияны қаншалықты тұншықтырсада 50-жылдардың аяғында “философияда жалын” қайта көрінді, 60-жылдарда жаңа кеңестік философия қайта бас көтерді. Олардың есімдері: Э.В.Ильенков, А.А.Зиновьева, М.К.Мамардашвили, А.М.Пятигорскилер болды.

90-жылдардың басынан бастап  марксизм Россияның арнаулы мемлекеттік  философиясы мен идеологисы болуын  тоқтатты. Бірақта диалектикалық  материалистік философия саяси  және идеологиялық жағдайлардың  күрделілігіне қарамастан , өзінің методологиялық мәнің сақтап қалды. Қоғамтану, жаратылыстану, философия тарихы, этика, эстетика салаларында кеңес ғалымдары мен мамандарының  көптеген еңбектерінің арқауына айналды.

Қазіргі шетелдік маркстік философия көпқырлы варианттар мен концепциялармен сипатталады. Осылардың арасынан ерекше орын алатын әлеуметтік-технократтық материализм, тарихилық, құрылымдық, гуманитарлық антропология салалары. 

 

 

 

Тапсырмалар:

Маркс пен Энгельс ілімдерінің  дамуы мен пайда болуы кезендерін тоқталу - яғни жас гегельшілдер деген  атқа ие болған Гегелдің ізбасарларына.  

 

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

Маркстік философияның әлемдік  және отандық мәдениеттен алатын орны, мәні  қандай денгейде ? 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер.  

 

Негізгі:

1.     Ойзерман Т.И.  Формирование философии марксизма.  М., 1974

2.     Марксистская философия 19 века. В 2-х книгах.  М., 1979

3.     Маркс К. К критике политической экономии.  Предисловие // Маркс К., Энгельс Ф.  Сочинения 2-е изд. Т.13

4.     Маркс К.  Экономико-философские рукописи.  Там же. Т. 42

5.     Хрестоматия по истории философии.  От Лао-Цзы до Фейрбаха  М.,  1977

6.     Антология мировой философии.  Т.1.  М.,1969  

 

Қосымша әдебиеттер  

 

1.     История философии: Запад-Россия-Восток. Учебник для студентов вузов. В двух книгах //Пол ред. Н.В. Мотрошиловой: М., 1995-1996

2.     Канке В.А. Философия .  Исторический и систематический курс. Учебник для вузов.  М., 1998

3.     Краткая йстория философии  // Под общ. ред. В.Г. Голобокова. М., 1996

4.     Лешкевич Т.Г. Философия. Вводный курс. М., 1998

5.     Радугин А.А. Философия. Курс лекций. М., 1995

6.     Реале Д., Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней. В 4 х томах. СПб., 1994-1997

7.     Философия: учебник для вузов /Отв. Ред. В.П.Кохановский. Ростов-Н/Д., 1997

8.     Философия: учебное пособие / Под. ред. Н.И.Жукова. Минск, 1996

9.     Философия: учебное пособие / Под. ред. Проф. В.И.Лавриненко. М., 1996

10.           Шаповалов Ф.Ф. От классики к современности. Учебное пособие для вузов. М.,1998   

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

№7 лекция тақырыбы:

«ХІХ ғасырдың басы ХХ ғасырдағы орыс философиясы»

Экспресс-лекциялық  материалдар: 

 

1.     Батыстану және славянфильдену ХІХ ғасырдың басы ХХ ғасырдағы орыс философиясының көзі.

Орыс философиясы өзінің өмір сүруін ХІХ ғасырдан бастау алады. Ол әлемдік философиялық ойдың бөлігі бола тұрып, сонымен бірге өзінің тақырыбымен және ең маңызды философиялық мәселелерді  шешетін өзіндік тәсілімен  өзіндік ағымды ұсынады. Орыс философиясы алдын-ала ескертудің философиясы болып табылады. Оның басты идеясы жеке тұлғаны зорлық пен күштеу үшін есептелген, әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік жобаларға әртүрлі салттық тиым салу болып табалды.

ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары жалпы философиялық мәселелердің қатарында орыстың қоғамдық және философиялық ойы екі бағытқа бөлінді: бастыстану және славянфильдену. Батыстанудың өкілдері, немесе бастысшылар Ресей петр күнінен бастап Батысқа қараусыз бағынулы. Батыстың идеологиясын В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский қолдады. Олардың еңбектері негізінен ең ірі батысеуроппалық ойшылдары: Гегелдің, Фейербахтың, франция материалистерінің идеясын жаңғыртады.

Славянфильденудің лидерлері  үздік және кей жері батысеуроппаға қарсы, Ресейдің тарихи  дамуының өзіндік ішкі болмысының өзіндік ерекшілігін  дәлелдеуге тырысты. Олар өркениеттің жемісі Еуроппада  жалпы адамзаттық өлшемде ие болудан гөрі, жоғалтуға алып келеді, немесе олар жоғарғы бағамен төленген – адамды «құдайдың образы мен ұқсастығы»-нан буржуазиялық рыноктің қарапайым статистикалық бірлігіне айналдыру арқылы адамзаттық тұлғаның жекелігінің біртұтастығын жоғалту болып табылады.

Славянфильдену орыстың  нағыз философиялық-идеалистік бағытында көрініс тапты. Оның негізінде орыс халқының мессиандық ролі туралы, оның діни және мәдени болмысы,  тіпті алабөтендігі туралы  идея жатыр. Бастапқы Славянфилдердің тезисін оқу барлық әлемдік өркениеттің дамуы үшін православияның шешуші ролін бекітуден тұрады, өйткені  провославия сол байырғы орыс бастамасын қалыптастырған, сол «орыс рухы» орыс жерінің шексіз көлемін жасады.

Ерекше айнымас рухтық мән бере отырып, славянфилдер халықты  бәлендеген тұрақты идеялды сапаның  жиынтығы ретінде қарастырды. Ұлы  жеке адамды лайықтау, бұл осы халықтық рухтың өкілдері  болудан тұрады. Олардың ұлықтығы халықтың талпынысы мен тілегін қаншалықты жеткізе білуі, ең алдымен соған байланысты. 

 

2.                  ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың орыс философиясының революциялық-демократиялық бағыты:  Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плеханов

ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс философиясының екі бағыты айқын рәсімделді: радикалдық, немесе революциялық-демократиялық және діни-идеалистік. Бірінші бағыттың ең көрнекті өкілдері  Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плеханов болды.  Орыс саяси радикализм философиясының идеологтары мәтінде революциалық идеологияларды уағыздау мен негізге алу болып қабылданды.

Информация о работе Философияның пәні және әдісі