Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

26 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

өзгермелі шығындар бойынша операциялық тетік күші

(31) формуласы

1,180

1,434

1,373

Тұрақты шығындар бойынша операциялық тетік күші

(32) формуласы

0,419

0,637

0,551

 

Алынған мәндерді талдау арқылы әр факторды пайда өзгерісіне әсер ету дәрежесі бойынша жіктеуге болады. Кез-келген алынған нәтижелерде сақталатын заңдылықтарды да есепке алу қажет.

Пайдаға ең үлкен әсерін баға бойынша  операциялық тетік күші 2004 жылы  2,599 бірліктен 2006 жылы 2,924 бірлікке дейін әсері бар. Сонымен қатар, пайдаға  операциялық тетік күші бар өзгермелі шығындар да өз әсерін тигізген : 2004 жылы 1,180 бірлік, 2005 жылы 1,434 бірлік, 2006 жылы 1,373 бірлік әсерін тигізеді. (6 сурет)

Өткізу көлемі бойынша операциялық тетік күшін анықтау негізі бойынша

ОР= Жалпы маржа/ Пайда                             (36)

формулаласы бойынша:

                 Рбаға= Рөзг+ ОР,                               (37)

ОР= 1+ Ртұр                       

Демек:

1.          ОР әрқашан Ртұр-дан артық, яғни өткізу көлемінің өзгерісінің пайдаға әсер ету дәрежесі тұрақты шығындар өзгерісінің әсерінен артық.

2.          Операциялық тетік күшін келесідей жазуға болады:

Рбаға= Рөзг+ Ртұр+1, яғни баға өзгерісінің әсері басқа факторлармен салыстырғанда әрқашан  артық болады:

  Рбаға> Рөзг,  Рбаға >ОР, Рбаға> Ртұр.

3.          Өзгермелі шығындардың пайдаға әсері өткізу көлемінің немесе тұрақты шығындар өзгерісінің әсерінен артық. Пайданың талданатын факторларға икемділігін келесі суреттен көруге болады.

 

 

Сурет 6. Пайданың талданатын факторларға икемділігі

 

1)    Түзулер көлбеуі неғұрлым үлкен болса, пайданың талданатын факторларға икемділігі соғұрлым жоғары.

2)    Түзулердің көлбеу бұрышын  операциялық тетік күші анықтайды. Операциялық тетік күші талданатын фактор бойынша неғұрлым үлкен болса, көлбеу бұрышы  соғұрлым жоғары.

Практикада 1 емес, бірнеше факторлар өзгерісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда көп вариантты экспресс-талдау әдістемесі қолданады.

 

 

3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру

бойынша нұсқаулар

 

Сәттілікке талпыну жағдайында кәсіпорынға қаржылық менеджменттің ұлы дилеммасын шешуге тура келеді: рентабельділік немесе өтімділік  және динамикалық дамуды ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейімен және жоғары төлем қабілеттілікпен үйлестіруге тырысу барысында олардың 2-уінің біреуін құрбан етуге жиі мәжбүр болады. Кейде ағымдағы өтімділік коэффициентінің төмен деңгейі қаржылық  құлдырауды және төлем қабілетсіздіті емес, кәсіпорынның қарқынды дамуын, айналымды арттыруды және нарықты тез игергенін көрсетеді.

Қаржылық стратегия – бұл кәсіпорынды ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету бойынша әрекеттердің басты жоспары. Ол қаржылардың құрылу теориясы мен тәжірибесі, олардың және нарықтық шаруашылық жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоспарлау мен қамтамасыз ету сұрақтарын қамтиды. Қаржылық стратегия теориясы шаруашылық етудің нарықтық шарттарда объективті заңнаманы зерттейді, жаңа жағдайларда өмір сүрудің, стратегиялық қаржылы операцияларды дайындау мен жүргізудің әдістері мен нысандарын құрады. 

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы кәсіпорынның  қызметінің барлық жақтарын қамти отырып, негізгі және айналым қаражаттарын жетілдіру, капиталды басқару, пайданы бөлу, қолма-қолсыз есеп-айырысу, салық менеджменті, бағалы қағаздар облысындағы саясаттарын қамтиды. Қаржылық стратегияның аталған құрамдас бөліктері қаржылық стратегия объектілерін анықтайды, олар – табыс және қаражаттардың түсімі, қаражаттар шығыстары және аударымдары, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлармен қарым-қатынастар, несиелік қарым-қатынастар 7 суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 7. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы

 

Кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін жан-жақты есепке ала отырып, сыртқы және ішкі факторларды объективті қарастыра отырып, қаржылық стратегия өнім нарығында қалыптасқан жағдайларға кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерінің сәйкестілігін қамтамасыз етеді. Қаржылық стратегияда аталған факторларды елемеушілік таныту кезінде кәсіпорын банктроттыққа ұшырауы мүмкін.

Кәсіпорындар басты қаржылық стратегия, оперативті қаржылық стратегия және жеке стратегиялық тапсырмаларды орындау стратегиясын, немесе жеке стратегиялық мақсаттарға жету стратегиясын жасақтауы мүмкін. Кәсіпорынның басты қаржылық стратегиясы жоспарлау горизонты (жоспарлаумен қамтылатын уақыт кезеңі) бойынша да, қойылған мақсаттардың масштабтылығы бойынша да келіседі. Ол бірнеше оперативті қаржылық стратегиялардан тұрады, бірақ олардың қарапайым сомасы болып табылмайды. Кәсіпорынның оперативті қаржылық стратегиясы басты қаржылық стратегияны қысқа мерзімге негіздейді және басты стратегияда қойылған мақсаттардың белгілі бір бөлігін орындайды. Жеке стратегиялық міндеттерді орындау стратегиясы немесе жеке стратегиялық мақсаттарға жету стратегиясы жоспарлаумен қамтылатын уақыт кезең бойынша шектеулері болмайды, бірақ тек бір ғана стратегиялық міндетті немесе стратегиялық мақсаттың тек бір ғана бөлігін орындауға бағытталған.

Кәсіпорынның тиімді қызметі үшін оперативті басқаруды негізгі қаржылық стратегиямен үйлестіру қажет. Мұнда 2 негізгі бағыт бар:

1.     Инвестициялар- тұрақты және өзгермелі шығындар- ағымдағы қаржылық қажеттіліктер- капитал құрылымы.

2.     Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы- төлем қабілеттілік, баланс өтімділігі, несие қабілеттілігі, рентабельділік- қаржылық коэффициенттер.

Бұл мәселе шеңберінде кәсіпорын активтері мен пассивтерін комплексті басқарудың нақты практикалық көрінісі қаржылық стратегия матрицалары болып табылады. Оларды қарастыра отырып, жалпы түрде кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын болжамын жасауға, жағымсыз факторлар мен құбылыстарды анықтауға болады. Ол үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

1. Шаруашылық қызмет нәтижесі (РХД)= инвестицияны пайдаланудың брутто-нәтижесі -  ағымдағы қаржылық қажеттіліктер өзгерісі - өндірістік инвестициялар + мүлікті жай сату.

Ағымдағы қаржылық қажеттіліктер= шикізат және дайын өнім қорлары + клиенттерге қарыздық құқықтар (дебиторлық берешек) – жабдықтаушыларға міндеттемелер (кредиторлық алашақ).

2. Қаржылық қызмет нәтижесі (РФД)= қарыз қаражаттарының өзгерісі – пайыздар – төленген дивидендтер + акциялар эмиссиясынына табыс – басқа кәсіпорындардың жарғылық қорларына салымдар және басқа ұзақ мерзімді салымдар + құрылған кәсіпорындар пайдасынан аударымдар және басқа ұзақ мерзімді салымдардан табыс.

РФД көрсеткішінде кәсіпорынның қаржылық саясаты көрсетіледі: қарыз қаражаттарын тарту кезінде оның мәні оң, ал  қарыз қаражаттарын тартусыз – теріс болады. РФД-нің шұғыл теріс мәні тек РХД-нің оң мәнімен өтеле алады.

3. Кәсіпорынның   қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижесі (РФХД) оның қаржылық қызмет нәтижесі және  шаруашылық қызмет нәтижесінің қосындысы:

                            РФХД= РХД + РФД                                   (38)

РХД, РФД және қосынды РФХД-нің талдануы кәсіпорынның шаруашылық- инвестициялық және қаржылық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының шамасын және қарқынын анықтау, міндеттемелерді және дивидендтерді төлеу, негізгі құралдарға инвестициялар жасау, ағымдағы қаржылық қажеттіліктерді жабу, яғни оң ақша ағымдарына ие болу (қарастарылып отырған перспективада кірістердің шығыстардан артық болуы) қабілетін бағалау үшін қажет. Тепе-теңдікті орнатудың кең тараған әдістерінің бірі- кезекті итерациялар әдісімен РХД және РФД-ні комбинирлеп, олардың соммасын нөлге жақындатуға қол жеткізу. Әдетте тепе-теңдік РХД және РФД 0% және + -  10 %  таңбалары әр түрлі болған жағдайда орнайды.

РФХД-нің идеалды мәнін орнату қиын және барлық жағдайда қажет бола бермейді, бірақ мүмкіндігінше қауіпсіз аймақта қалуға тырысу керек. Осыған байланысты қаржылық менеджер әдетте мүмкін (допустимый) тәуекелділік деңгейінде РХД және РФД-нің ең тиімді үйлесін табу міндетін алдына қояды.

Осы міндетті орындауда  қаржылық стратегия матрицалары үлкен көмек көрсете алады. Матрицалар жақындағы жылдарға кәсіпорынның «критикалық жолын», тәуекелділік шектерін және мүмкіндіктер шегін болжауға көмектеседі. Матрицалардың сан алуан түрлерінен РФХД-нің мәні РХД мен РФД-нің әр түрлі мәндерімен комбинирлене алатын біреуі ғана таңдалады және мұның бәрі- кәсіпорын айналымының өсу қарқынының корреляциясыменбірге.   

Сурет 8.  Қаржылық стратегия матрицасы

 

АВ диагоналі бойынша 2 негізгі аймақ арасында шекара өтеді:

          диагональдан жоғары- сәттілік аймағы- талдау көрсеткіштерінің оң мәндерінің аймағы;

          диагональдан төмен- тапшылықтар аймағы- талдау көрсеткіштерінің теріс мәндерінің аймағы              «Интергаз Орталық Азия» АҚ  үшін РХД мен РФД-нің, РФХД-нің мәндерін есептейік

 

 

 

 

Кесте 27.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ - ның қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижесінің динамикасы,мың теңге

 

Көрсеткіштер

2004жыл

2005жыл

2006 жыл

1. Шаруашылық қызмет нәтижесі (РХД)

18817152

18391121

28608066

2. Қаржылық қызмет нәтижесі (РФД)

-1025423

3904211

-1006118

3. Қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижесі (РФХД)

17791729

14486910

28601948

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері