Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

 

2004-2006 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ - ның қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижесі 3 жылдағы РФХД мәндері оң болып шықты, демек ол диагональдан жоғары- сәттілік аймағына кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пйдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы анықталады. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Коммрциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп; жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржы резервтерінің болуы.

Кәсіпорынның қаржылық менханизмі келесі элементтерді қамтиды: қаржылық әдістер; қаржы құралдары (тетіктер); нормативтік қамтамасыз ету; құқықтық қамтамасыз ету; ақпараттық қамтамасыз ету.

              «Интергаз Орталық Азия» АҚ (одан әрі «Компания») Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылды. Компания 1997 жылы 1 шілдеде жабық акционерлік қоғам ретінде тіркелді. Компания 2005 жылдың 28 қаңтарында акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелді.

Компанияның қызметінің негізгі бағыты табиғи газды тасымалдау, оны жүзеге асыру және сақтау. Компания мен Үкіметтің арасындағы шартқа сәйкес(«Келісім»), Компания Қазақстан Республикасындағы магистральді газ жүргізу жүйесін басқарады. 2000 жылдағы предшествующего оператордан Келісімге сәйкес компания магистральді газ жүргізу жүйесіне басқаруды алды. Келісімге сәйкес Компания 2017 жылдың 14 маусымына дейін магистральді газ жүргізу жүйесін басқаруға және оны күтуге міндетті

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезінде баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның активтерінің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2007жылы 01.01.2006жылға қарағанда 55297797 мың теңгеге немесе 1,467 есе артқандығын көруге болады. Активтердің өсімі ұзақ мерзімді активтердің активтегі үлес салмағының 71,3%-дан 77,2%-ға дейін жоғарылауынан болған. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен және өндірістік потенциалының жоғарылауын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

2006 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның  қаржы ресуртсарының құралу көздерінде меншікті капитал үлесі 57,3 %-дан 49,9%-ға дейін төмендеген. Бірақ, кәсіпорындағы меншікті капитал үлесі жыл басында қарыз капиталының пассивтегі үлесінен 14,6 пайызға артық болса, жыл соңында керісінше меншікті капиталдың үлесі қарыз капиталының үлесінен 0,2 пайызға төмен болған. Қарыз капиталының жыл басындағы пасиивтегі үлесі 42,7 % болса, жыл соңында 50,1 %-ға дейін жоғарылаған. Меншікті капиталдың сомасы жыл соңында 18705595 мың теңгеге жоғарылаған.

Қарастырылған 2004-2006 жыладар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ- ның қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізу нәтижесінде балансының өтімді емес, қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты екенін көреміз.

Өзін-өзі қаржыландыру коэффиценті 2006 жылы 1,047 бірлік құраған. Бұл көрсеткіш шаруашылық субъектінің өндірісті дамытуды қаржыландыруда меншікті қаражат көздері қарыздардан 1,047 есе артық екендігін көрсетеді. 2005 жылы бұл көрсеткіш 1,478 есе артық болған.

Сонымен, шаруашылық субъектөзінің өндірістік қызметін тек қана меншікті қаражат көздерімен ғана емес сонымен қатар қарыз капиталын да пайдалануы мүмкін. Өзін- өзі қаржыландыру принципі тек қана меншікті қаражат көздерін ғана құруда емес, сонымен қатар өзінің өндірістік қзметін икемді ұйымдастыруда жатыр.

Рентабельділік көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасына барлық өндірістік-шаруашылық факторлардың жиынтығы әсер етеді: басқару және өндірісті ұйымдастырудың деңгейі; капитал және оның көздерінің құрылымы; өндірістік ресурстарды қолдану дәрежесі; өнім көлемі, сапасы және құрылымы; өнімдердің өндірісіне шығындар және өзіндік құны; қызмет түрлері бойынша пайда.

Рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау әдістемесі көрсеткішті есептеудің бастапқы формуласын өндіріс белсенділігі мен шаруашылық қызмет тиімділігін жоғарылатудың сапалы және сандық сипаттамасын бөлуді қарастырады.

Үш факторларлы модель бойынша капитал рентабельділігі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 2,243%-ға жоғарылаған. Капитал рентабельділігінің жоғарылауына айналым қорларының айналымының төмендеуі әсер еткен, өнімді өткізуден түскен табыс сомасының жоғарылауы әсер еткенін көреміз.

Рентабельділік шегінің мөлшеріне 3 негізгі фактор әсер етеді: өткізу құны, өнім бірлігіне кететін өзгермелі шығындар және тұрақты шығындардың жиынтық мөлшері. Тұрақты шығындар деңгейі кәсіпкерлік тәуекел дәрежесін сондай-ақ қаржылық тәуекелді-тұрақты шығындардағы несие бойынша пайыздар мөшерінде куәландырады. Қаншалықты тұрақты шығындар тұрақты болса, соншалықты рентабельділік шегі жоғары, және  соншалықты кәсіпкерлік тәуекел маңызды.

Тереңдетілген операциялық талдау жиынтық тұрақты шығындардың бір бөлігін тікелей берілген тауарға (өнімге, қызметке) келтіретін операциялық талдау  дер түсінуге болады.

Тереңдетілген операциялық талдаудың негізгі принципі тауардың тікелей өзгермелі шығындарының тікелей тұрақты шығындарын бірігуі және аралық маржаны есептеу – тікелей өзгермелі мен тікелей тұрақты шығындар өтелгеннен кейін өткізудің нәтижесі болып табылады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ  үшін 2004 жылы рентабельділік шегі 20519867 мың теңге, 2005 жылы 35378075 мың теңге, 2006 жылы 46015955 мың теңге құраған. Шынында түсім шығынсыздықты қамтамасыз етті және рентабельділік шегінен өтті, кәсіпорынға пайда алуға мүмкіндік берді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ  үшін қаржылық беріктік немесе тұрақтылық қоры да 2004-2006 жылдар аралығында жоғарылаған: 2004 жылы 28399573 мың теңге құраған, 2005 жылы 20202918мың теңге құраған, 2006 жылы 37413188 мың теңге құраған.

Қаржылық тұрақтылық немесе беріктік  қорының жоғарылауы кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсерін тигізеді және қаржылық жағдайын жоғарылатады. Кәсіпорынның таңдалған өнімді өндіру стратегиясы рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның тиімді қызметі үшін оперативті басқаруды негізгі қаржылық стратегиямен үйлестіру қажет. Мұнда 2 негізгі бағыт бар: инвестициялар- тұрақты және өзгермелі шығындар- ағымдағы қаржылық қажеттіліктер- капитал құрылымы; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы- төлем қабілеттілік, баланс өтімділігі, несие қабілеттілігі, рентабельділік- қаржылық коэффициенттер.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы кәсіпорынның  қызметінің барлық жақтарын қамти отырып, негізгі және айналым қаражаттарын жетілдіру, капиталды басқару, пайданы бөлу, қолма-қолсыз есеп-айырысу, салық менеджменті, бағалы қағаздар облысындағы саясаттарын қамтиды. Қаржылық стратегияның аталған құрамдас бөліктері қаржылық стратегия объектілерін анықтайды, олар – табыс және қаражаттардың түсімі, қаражаттар шығыстары және аударымдары, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлармен қарым-қатынастар, несиелік қарым-қатынастар. Қорытындылай келе, кәсіпорынның қаражысын басқарудың тиімділігін жоғарылату  бойынша шараларды  жалғастыру қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1        Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 Стратегиясы

2        Назарбаев Н.Ә. Президентіміздің Қазақстан халықына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Астана 2007ж. 28 ақпан, Егемен Қазақстан 2007ж. 1 наурыз

3        Ілиясов Қ. Қ, Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. Алматы, 2005 – 551б.

4        Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы/Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. – Алматы: Экономика, 2001 – 328б./

5        Есенова Г.Ж. Управление финансовыми ресурсами.//Қаржы-қаражат 2007 - №2 – 31-36с.

6        С.В. Большаков. Финансы предприятий. Теория и практика. Учебник:  Москва, 2005 – 108-132с.

7        Финансы предприятий: Учебник для вузов/ под ред. Н.В. Колчиной. М: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

8        Кожахметова М. Финансовый контроль как метод управления финансами// Қаржы-Қаражат. – 2006 - №6 – 28-33с.

9        Жұмағазиева А. Кәсіпорындағы экономикалық билік жүйесі және құрылым // Қаржы-Қаражат. – 2005 - №5 – 18-23б.

10   Леонтьев В.Е., Бочаров В. В., Радковская Н. П. Финансовый менеджмент. Учебник- М. «ООО Издательство Элит» - 2005 – 560с.

11   Ковалев В.В. Финансовый анализ. Издание второе. Москва. «Финансы и статистика» 1997г.

12   Финансовый менеджмент. Теория и практика: Учебник/под ред. Е.С. Стояновой. – 5-е изд; перераб и доп. – М: Перспектива, 2005. – 656с.

13   Управление финансами (Финансы предприятий). Учебник/ под ред. Володин А.А. – М: Инфра-М, 2006г.

14   Дранко О. Финансовый менеджмент. Технологии управления финансами предприятия: Учебник – М: Юнити, 2004г.

15   Селезнева Н., Ионова А. Финансовый анализ. Управление финансами: Учебное пособие для вузов. 2-е изд., перераб. и доп – М:Юнити,  2006г.

16   Рогова Е.М. Основы управления финансами и финансовое планирование: Учеб. Пос - Вернера Регена Издательство, 2006г.

17   «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Алматы: Юрист, 2004 - 54б.

18   Крейнина М.Н. Бухгалтерский баланс как база для принятия решений по управлению активами и пассивами предприятия. // Финансовый менеджмент. – 2000. №2. С. 110-113.

19   Балабанов И.Т. Анализ и планирование хозяйствующего субъекта. – М.: Финансы и статистика. 1998. 112 с.

20   Донцова Л.В., Никифорова Н.А. Комплексный анализ бухгалтерской отчетности. – М.: Изд-во «Дело и Сервис». 1999. 304 с.

21   Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРА-М. 2000. 208 с.

22   Алиев М. На пути к международным стандартам финансовой отчетности// Қаржы-Қаражат – 2006 - №3-4 – 63-68б.

23   Кеулімжанов К.К., Құдайбергенова Н.А. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы. Экономика 2006 – 384б.

24   Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятия. – М: Финансы и статистика. 1998

25   Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: Оқулық. – Алматы. Экононмика 2006 – 164б.

26   Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп/ жалпы ред. Басқ. К.Ш. Дүйсенбаев. – 2-ші бас. – Алматы: ИздатМаркет, 2005 – 312б.

27   Управление финансами. Финансовый анализ предприятия: Учебник. – М: Инфра-М, 2005 – 232с. Жилкина А.М.

28   Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. –Мн.: ИП «Экоперспектива». 1997. 498 с.

29   Бланк И.А. Финансовый менеджмент: Учебный курс. – К.: Ника-Центр, 1999. 528 с.

30   Уоттс М. Нарықтық экономика әліппесі / ауд Н.Оразбеков. Алматы, 1995 – 96б.

 

 

 

 

75

 



Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері