Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

Рентабельділікті факторлық талдау 15 кестеде берілген.

Рентабельділікті анықтаудың үш факторлық моделі

 

,                                           (12)

мұндағы λР - өнім табыстылғы

;

λF - өнімнің қор сыйымдылығы

;

λE – айналым қаражаттарының айналымдылығы

.

 

Рентабельділікті талдау «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да жүргіземіз. «Интергаз Орталық Азия» АҚ  капиталының рентабельділігін факторлы талдау үшін қажет көрсеткіштерді келесі 23 кестеден көреміз.

 

Кесте 23.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ  капиталының рентабельділігін факторлы талдау үшін қажет көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

Шартты белгілеу

2005 ж.

2006 ж.

Ауытқулар

абсолютті

салыстырм.

1.Өнімді өткізуден түскен табыс, мың теңге

N

55580993

83429143

+27848150

+1,501

2.Негізгі өндірістік қорлар, мыңтеңге

F

65512440

98368855

+32856415

+1,501

3.Айналым капиталы, мыңтеңге

E

33766273

3959660

+5830327

+1,173

4.Өзіндік құн, мың етңге

C

25956945

39166982

+13210037

+1,509

5.Жалпы табыс, мың теңге

P=N-C

29624048

44262161

+14638113

+1,494

6.Капитал рентабельділігі,бірліктер

R=P/(F=E)

0,29839

0,32082

+0,02243

1,075

Үш факторлы модель көрсеткіштері

1.Өнім табыстылығы, бірліктер

P/N

0,53299

0,53054

-0,00245

0,995

2.Өнімнің қорсыйымдылығы, бірл.

F/N

1,17868

1,17907

+0,00039

+1,000

3.Айналым капиталының айналымы, бірл.

E/N

0,60751

0,47461

-0,1329

-0,7812

Ескертпе: 2004-2006 жылдар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

2005 жылы: R2005= 0,53299 / (1,17868 + 0,60751) = 0,29839 бірлік немесе  29,839%

2006 жылы: R2006= 0,53054 / (1,17907 + 0,47461) = 0,32082 бірлік немесе 32,082%

              Бұл өзгерістерге түрлі факторлар қандай әсер еткенін қарастырайық.

1.Өнім табыстылығы факторының өзгерісінің әсер етуіне талдау

1. Басқа факторлардың деңгейлері өзгерісіз қалып, тек өнім рентабельділігі өзгерген жағдайдағы өнімнің табыстылығы бойынша шартты рентабельділікті есептейміз:

Rλ p= 0,53054 / (1.17868 + 0.60751) = 0,32082 = 32,082 %.

2. Өнім табыстылығы факторының әсер етуін анықтау:

∆ Rλ p= 0,32082 – 0,29839 = 0,02243 = 2.243 %.

2.Қор сыйымдылығы өзгерісінің әсер етуін зерттеу

1.Басқа факторлардың деңгейлері өзгерісіз қалып, өнім рентабельділігі мен қор сыйымдылығының өзгеруі жағдайындағы қор сыйымдылығы бойынша шартты рентабельділікті есептейміз:

Rλ F= 0,53054 / (1,17907 + 0.60751) = 0,29696 = 29,696 %.

2.Қор сыйымдылығы факторының әсер етуін анықтау:

∆ Rλ F= 0,29696 – 0,29702  = - 0,00006 = - 0,006 %.

3.Айналым қаражаттарының айналымдылығының әсер етуін зерттеу

1. Есепті 2006 жылы бойынша рентабельділікті анықтаймыз. Барлық үш фактор өзгеруі (өнім рентабельділігі, қор сыйымдылығы және айналым қаражаттарының айналымдылығы) жағдайында шартты рентабельділік ретінде қарастыруға болады. (R2006=0,32082 есептеуі жоғарыда көрсетілген). ∆ R = 0,29702 - 0,29696 =  0,00006 =  0,006 %.

2. Айналым қаражатының факторының әсер етуін анықтау:

∆ R= 0,02243 – 0,00006 + 0,00006 = 0,02243 = 2,243%.

Сонымен, капитал рентабельділігі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 2,243%-ға жоғарылаған. Капитал рентабельділігінің жоғарылауына айналым қорларының айналымының төмендеуі әсер еткен, өнімді өткізуден түскен табыс сомасының жоғарылауы әсер еткенін көреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде  кәсіпорынның қаржысын басқару механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар келтірілген.

 

 

3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын  пайдалану

 

Рентабельділік шегінің мөлшеріне 3 негізгі фактор әсер етеді: өткізу құны, өнім бірлігіне кететін өзгермелі шығындар және тұрақты шығындардың жиынтық мөлшері. Тұрақты шығындар деңгейі кәсіпкерлік тәуекел дәрежесін сондай-ақ қаржылық тәуекелді-тұрақты шығындардағы несие бойынша пайыздар мөшерінде куәландырады. Қаншалықты тұрақты шығындар тұрақты болса, соншалықты рентабельділік шегі жоғары, және  соншалықты кәсіпкерлік тәуекел маңызды.

Тереңдетілген операциялық талдау жиынтық тұрақты шығындардың бір бөлігін тікелей берілген тауарға (өнімге, қызметке) келтіретін операциялық талдау  дер түсінуге болады.

Тереңдетілген операциялық талдаудың негізгі принципі тауардың тікелей өзгермелі шығындарының тікелей тұрақты шығындарын бірігуі және аралық маржаны есептеу – тікелей өзгермелі мен тікелей тұрақты шығындар өтелгеннен кейін өткізудің нәтижесі болып табылады.

Тереңдетілген операциялық талдау бағаға және ассортименттік саясаттың негізгі сұрақтарын шешуге бағытталған: тауарларды ассортиментке енгізу пайдалы, ал  қандайлары пайдасыз, және қандай баға қою.

Аралық маржа жалпы маржа мен пайданың аралығы болып табылады.Аралық маржа кәсіпорынның  тұрақты шығындарының көп бөлігін жапқаны дұрыс. Пайданың қалыптасуына өз үлесін қоса отырып, жалпы маржаны есептеуден гөрі аралық маржаны есептеудің  өз артықшылықтары бар: талдау нақтырақ және нәзік болып табылады, пайдалырақ өнімдерді таңдау негізі жоғарылайды, цехтік өндірістік қуатты пайдалану мәселесін шешу мүмкіндігі пайда болады.

Тереңдетілген талдауда шығынсыздық шегі мен рентабельділік шегі көрсетіледі.

Тауардың шығынсыздық шегі - өзгермелі шығындар мен тікелей тұрақты шығындарды өтейтін өткізуден түскен түсім.

Мұнда аралық маржа нөлге тең.

              Тікелей тұрақты шығындар

Шығынсыздық =                    (13)

шегі, дана                тауар бірлігіне жалпы маржа

             

              тікелей тұрақты шығындар

Шығынсыздық =                            (14)

шегі, тг.               Жалпы маржаның түсімдегі үлесі

 

Рентабельділік шегі – тек өзгермелі мен тікелей тұрақты шығындарды ғана емес, сондай-ақ жанама тұрақты шығындарды өтейтін өткізуден түскен түсім. Бұнда пайда нөлге тең.

              Тікелей және жанама тұрақты шығындар

Рентабельділік =                  (15)

шегі, дана              тауардың бірлігіне кететін жалпы маржа

 

 

              Тікелей және жанама тұрақты шығындар

Рентабельділік =                                                                                          (16)

шегі, тг.              Жалпы маржаның түсімдегі үлесі

 

 

Шығынсыздық пен рентабельділік шегін есептеу тауардың өмірлік циклін бағалауда қолданылады. Өзіндік өмірлік циклда  тауар екі шығынсыздық шегі мен екі рентабельділік шегінен өтеді ( сурет 4).

 

                      Рент. 1-шегі                                Рент. 2-шегі

 

           Шығ. 1-шегі                                                   Шығ. 2-шегі       

                                                                                                             «х» уақыты:                                                                                         

                                                                                                    тауарды ассортименттен

                                                                                                    алып тастау керек...

                  1         2                           3                   4

Нарыққа ену      Өсу               Кемелдену       Құлдырау

 

Сурет 4. Тауардың өмірлік циклы

 

Аралық маржа теріс болатын жағдайда , яғни, тауар өзінің түсімімен тікелей өзгермелі мен тікелей тұрақты шығындарын өтей алмаса, тауарды ассортименттен алып тастау қажет.

Операциялық экспресс-талдаудың технологиясы бойынша талданатын фактор бойынша операциялық тетік күші  ұғымының енгізілуі негізгі жаңалық болып табылады. Бұл ұғым Е.С.Стоянова мен М.Г.Штерн авторларына операциялық талдау жүргізу алгоритімін жеңілдететін және тәжірибелік мақсаттарды оны кеңінен пайдаланатын экспресс-талдау әдістемесін жасауға мүмкіндік берді.

Әдістеме келесі тәуелділіктерге негізделеді:

1. Операциялық тетік күші тұрақты шығындар мен пайда ара қатынасына, құрылымына тәуелді, яғни жалпы маржа құрылымының жаңа коэффициенті енгізіледі:                

                                                   Тұрақты шығын 

                                      α =   Жалпы маржа                         (17)

2.  Операциялық тетік (ОТ) күшінің жалпы маржа құрылымының коэффициентінен α аналитикалық тәуелділігі болады:

                               ОТ = 1 / 1- α                                 (18)

Қаншалықты α коэффициенті үлкен болса, соншалықты операциялық тетік күші көбірек немесе қаншалықты тұрақты шығындардың жалпы маржадағы үлесі үлкен болса, соншалықты операциялық тетік күші көп болады.

3. Кәсіпорынның  қатыстық бірлігі қаржылық берік қорының (ҚБҚ) жалпы маржа құрылымы коэффициент пен аналитикалық тәуелділігі болады:

                                      ҚБҚ = 1 – α                                  (19)

Қаржылық беріктік қорының жалпы маржа құрылылымы коэффициентпен кері тәуелділігі бар немесе қаншалықты тұрақты шығындардың жалпы маржадағы үлесі үлкен болса, соншалықты қаржалық беріктік қоры аз болады және керісінше.

4. Операциялық тетік күші мен қаржылық беріктік қоры арасында аналитикалық өзара қатынас болады:

                         ҚБҚ х ОТ = 1 немесе ҚБҚ х ОТ = 100                  (20)

5. Жоғарыда келтірілген тәуелділіктер негізінде жаңа, дәстүрлі әдеттегі операциялық талдауда кездеспейтін теңдіктер шығарылады.

5.1. Қаржылық беріктік қор қатыстық бірлікте.

                           ҚБҚ = пайда / жалпы маржа = 1/ ОР                    (21)

Қаржылық беріктік қоры – операциялық тетік күші қарама-қарсы мөлшер. Рентабельділік шегін (РШ) операциялық тетік күші арқылы көрсетуге болады: 

                               РШ = 1 – 1 / ОТ                                                  (22)

және жалпы маржа құрылымы кэффициент арқылы көрсетуге болады: РШ = α

5.2. Қаржылық берік қоры пайызбен:

ҚБҚ % = пайда / жалпы маржа = 100 / ОТ

РШ % = (1 – 1 / ОТ) х 100                                                                         (23)

5.3. Қаржылық берік қоры абсолюттік бірлікте:

ҚБҚ = пайда/жалпы маржа коэффициенті = пайда/жалпы маржа% х 100 (24)

Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Егер кәсіпорын түсімі рентабельділік шегінен аз болса, онда      

               α > 1;

2. Егер кәсіпорынның  түсімі рентабельділік шегіне тең болса,

             α = 1;

3. Егер кәсіпорынның  түсімі рентабельділік шегінен көп болса, α < 1;

6. Барлық фактор бойынша шығынсыздықты талдау мақсатымен  талданатын факторлардың критикалық мәні ұғымы мен талданатын фактор бойынша «Қаржылық берік қоры» ұғымы енгізілген.

6.1. Талданатын фактордың критикалық мәнін есептеу үшін теңдеудің жалпы түрі:

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері