Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа
Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22
2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55
3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74
Талдау факторының = фактор х (1± 1 / Т фактор ), (25)
критикалық мәні
мұнда, фактор – талдау факторы мөлшерінің абсолютті мәні, Тфактор – талдау факторы бойынша операциялық тетік күші, «+» тңбасы талдау факторының ұлғаюынан пайда төмендесе және керісінше жағдайларында сол талдау факторының критикалық мәнін анықтауда қолданылады. Таңба екі фактор үшін қолданылады - өзгермелі және тұрақты шығындар.
6.2. Талданған фактор бойынша қаржылық беріктік қорын есептеу, пайызбен (ҚБҚ %) :
ҚБҚ % = 100 / Т фактор ;
6.3. Талданған фактор бойынша қаржылық берік қорын есептеу үшін теңдіктің жалпы түрі, қатыстық бірлікпен:
ҚБҚ = 1 / Тфактор;
6.4. талданған фактор бойынша қаржылық берік қорын есептеу үшін теңдіктің жалпы түрі, абсолютті бірлікпен:
ҚБҚ = фактор / Тфактор;
7. Факторлардың біреуінің өзгеруіне пайданың сезімталдығын талдау мақсатымен талданған фактор бойынша операциялық тетік күші ұғымы енгізілген. Операциялық тетік түсімінің өзгерісіне, дәлірек, өткізу көлемінің нақты мөлшерге өзгерісіне пайданың сезімтілдығына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Сезімталдық талдауы жай болып келеді және келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда, ∆ П% - пайданың пайыздық өзгерісі, ∆ өткізу % - өткізу көлемінің пайыздық өзгерісі.
Талдау процесінде операциондық сияқты тетіктерді анықтау қажеттілігі туралы сұрақ қойылды, олардың көмегімен баға, өзгермелі және тұрақты шығындар сияқты басқа да факторлардың өзгерісіне пайданың сезімталдығын талдауға болады.
Нәтижесінде келесі тетіктер ұсынылды:
Т баға = түсім / пайда;
Т өзгермелі шығын = өзгермелі шығындар / пайда; (31)
Т тұрақты шығын = тұрақты шығындар / пайда. (32)
8. Пайданың сезімталдық талдауын әмбебап формуланы қолдана жүргізуге болады:
∆ Пр% = ± (Т фактор) х ∆ фактор% , (33)
Мұнда, ∆ фактор% - талданған фактордың пайыздық өзгерісі.
9. Факторлардың біреуінің өзгерісінен болатын өткізу көлемінің өтейтін өзгерісін анықтау үшін келесі формулалар қолданылады:
а) Бағаның немесе өзгермелі шығындардың өзгеруінен
∆ өткізу % = - ∆ пайда қат. х 100 немесе
∆ өткізу % = - ∆ пайда қат.
ОТ + ∆ пайда қат.
б)Тұрақты шығындардың өзгеруінде
∆ өткізу % = - ∆ пайда қат. х 100 немесе
ОТ
∆ өткізу % = - ∆ пайда қат.
ОТ
Операциялық экспресс-талдаудың технологиясы мен кезеңдері мыналар:
1. Әрбір талданған факторлар бойынша тетіктердің күшін анықтау.
2. Талданған факторларға пайданың сезімталдығын талдау.
3. Шығынсыздықты талдау.
4. Факторлардың біреуінің болжам өзгерісінде өткізудің өтейтін көлемін анықтау.
Операциялық экспресс-таладудың технологиясы мен кезеңдерін 5 суреттегідей көрсетуге болады.
Сурет 5. Операциялық экспресс-талдаудың технологиясы.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін 2004-2006 жж. Аралығындағы шығынсыздық шегі мен рентабельділік шегін есептейік.
Кесте 24.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін 2004-2006 жж. аралығындағы рентабельділік шегінің динамикасы
Операциялық талдаудың элементтері | 2004ж. | 2005ж. | 2006ж. |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Өткізуден түскен табыс, мың теңге | 48919440 | 55580993 | 83429143 |
2. Өзгермелі шығындар, мың теңге | 22208295 | 25956945 | 39166982 |
3. Жалпы маржа, мың теңге | 26711145 | 29624048 | 44262161 |
4. Жалпы маржаның түсімдегі үлесі, (3): (1) | 0,5460 | 0,5329 | 0,5305 |
24 кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 |
5. Тікелей тұрақты шығындар,тг | 7893993 | 11522639 | 15732855 |
6. Өзгермелі және тұрақты шығындардың сомасы, (2) + (5) | 30102288 | 37479584 | 54899837 |
7. Аралық маржа, (3) – (5) | 18817152 | 18101409 | 28529306 |
8. Аралық маржаның түсімдегі үлесі (7): (1) | 0,3847 | 0,3257 | 0,3419 |
9.Рентабельділік шегі,мың теңге | 20519867 | 35378075 | 46015955 |
10. Қаржылық беріктік қоры, мың теңге | 28399573 | 20202918 | 37413188 |
Кестеден көріп отырғандай, «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін 2004 жылы рентабельділік шегі 20519867 мың теңге, 2005 жылы 35378075 мың теңге, 2006 жылы 46015955 мың теңге құраған. Шынында түсім шығынсыздықты қамтамасыз етті және рентабельділік шегінен өтті, кәсіпорынға пайда алуға мүмкіндік берді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін қаржылық беріктік немесе тұрақтылық қоры да 2004-2006 жылдар аралығында жоғарылаған: 2004 жылы 28399573 мың теңге құраған, 2005 жылы 20202918мың теңге құраған, 2006 жылы 37413188 мың теңге құраған.
Қаржылық тұрақтылық немесе беріктік қорының жоғарылауы кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсерін тигізеді және қаржылық жағдайын жоғарылатады. Кәсіпорынның таңдалған өнімді өндіру стратегиясы рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін операциялық экспресс-талдау жүргізейік. Қарастырылып отырған мезгіл ішіндегі ұйымның қаржылық мәліметтері 23 кестеде көрсетілген.
Кесте 25.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық көрсеткіштері, 2004-2006 жж
Көрсеткіштер | 2004 | 2005 | 2006 |
1. Өткізуден түскен түсім, тг | 48919440 | 55580993 | 83429143 |
2. Өзгермелі шығындар, тг | 22208295 | 25956945 | 39166982 |
3. Жалпы маржа, тг (1) – (2) | 26711145 | 29624048 | 44262161 |
4. Тұрақты шығындар, тг | 7893993 | 11522639 | 15732855 |
5. Пайда, тг (3) – (4) | 18817152 | 18101409 | 28529306 |
Әрбір фактор бойынша операциялық тетік күшін анықтайық.
Кесте 26.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметінің операциялық талдауы
Көрсеткіштер | Формулалар | 2004 | 2005 | 2006 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өткізу көлемі бойынша операциялық тетік | Жалпы маржа пайда | 1,419 | 1,6366 | 1,551 |
Баға бойынша операциялық тетік күші | (30) формуласы | 2,599 | 3,070 | 2,924 |
Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері