Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа

Описание

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................

15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 947.50 Кб (Скачать документ)

- туристік саланың функцияларын сапалы кеңейту, штат санын және бақылаудың өз деңгейіндегі тетіктерін көбейту есебінен оны оңтайландыру жолымен өңірлік, жергілікті деңгейлерде туристік саланы мемлекеттік ретке келтіру жүйесін реформалау;

- жеделдетілген банк  өнімдерін енгізу және туристік бизнес субъектілеріне арналған салық режимін белгілі ұзақ мерзімді кезеңге жұмсарту  жолымен туризмді дамытуға арналған кредит ресурстарының қымбаттығын жою;

- жергілікті еңбек  ресурстарын, қажетті көлемнің 90%-на  дейін қатыстыра отырып менеджмент енгізу жөніндегі өз құралдары бар инвесторларды тарту;

- кәсіпорын менеджментінің  тиімділігіне, қызмет көрсету персоналының  сапасына баға беру жолымен  сапа кепілдігін қамтамасыз ететін  санаттарды  бере отырып туристік  шаруашылық субъектілерін (тікелей және жанама) сертификаттау жүйесін енгізу;

- түрлі салалық ведомстволар  арасында, дәлірек айтсақ «тиімсіз»  иегерлерді қайта мамандандыру  үшін өзара тиімді іскер ынтымақтастық  механизмін әзірлеу және енгізу.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасында даму институттары жұмыс істейді. Олар еліміздің Үкіметі атынан кәсіпкерлікті дамытуда қаржылық, маркетингтік, консалтингтік және басқа көмек көрсетуге бейімделген.

Даму институттары ресурстық  тұрғыдан қамтамасыз етілгеніне қарамастан қазіргі кезде туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдаудың белсенді түрдегі позициясын ұстанып келе жатқан жоқ.

Көптеген даму институттары нақты салалық, негізінен алғанда  аграрлық және индустриялық бағытты  ұстануда.

Даму институттары арқылы туристік кластерді қолдау мүмкіндігін пайдалану үшін ең алдымен мамандандырылған ақпараттық бюллетеньдер шығару және туристік персоналға арнап оқытудың тренингтік нысандарын жүргізу жолымен қолда бар бағдарламалар туралы кластердің қатысушыларын хабардар етілуін арттыру қажет.

Қазіргі кезде туристік кластердің қатысушыларына қатысты, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалпына келуін және экономикалық өсуін ынталандыру, шағын бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттің ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында құрылған «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ң  ресурстарын пайдалануы мүмкін.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған институт арқылы материалдық-техникалық базасы бар және оны кеңейтуге  мұқтаж туроператорларға арналған қаржы  лизингі тетігін  және ISO үлгісі бойынша  қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ туристік кадрларға арналған білім беру саласындағы WTO-TedQual сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды бірлесіп, қаржыландырудың гранттық жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар.

Отандық даму институттары көрсететін қызметтерге кәсіпкерлердің қол жетімділігіне байланысты проблемалар бар кезде жоғарыда келтірілген қаржы-кредиттік қолдау тетігі барынша құптауға лайық болып табылады.

Туризм саласындағы  уәкілетті органның туристік қызметті мемлекеттік реттеу функциясын Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігінен жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне өткізіп беру жолымен қайта құрылуына байланысты шағын кәсіпкерлікті қолдау тетігі жүйесінде төмендегілер пайда болды:

- қызметі, инвестицияларды республиканың туристік саласына қатыстыруға бағытталған «Қазақтуринвест» АҚ -ы;

-  қызметі, туризм  объектілерін табиғи ресурстық  қамтамасыз етуді долбарлап отырған  «Туризм және спорт индустриясы  Материалдық-техникалық қамтамасыз  ету» АҚ-ы.

Сонымен қатар, туризм саласындағы уәкілетті орган негізгі міндеті туристік рыноктың барлық қатысушыларына, туристік қызметті тұтынушыларға да, жеткізіп берушілерге де көрсетудің ақпараттық, консалтингтік, маркетингтік және басқа бағыттар болып табылатын филиалдық  жүйесі бар  Туристік ақпараттық орталық құруды жоспарлап отыр.

Туристік ақпараттық орталық құру ішкі рынокта қатысудың  шоғырланған стратегиясының болмауын және сыртқы рынокта қазақстандық туристік өнімнің таралуын жоюды жорамалдайды.

Туристік салада шағын  кәсіпкерлікті қолдау жүйесінде технопарктер институтын пайдалану қазіргі жағдайда туристік өнім ерекшелігіне, сондай-ақ  туристік қызметтер пакетін қалыптастыру кезінде инновациялық технологиялардың жоқтығына байланысты мүмкін болмай отыр.

Бұл факт, туризм саласында (мемлекеттік мекемелер зерттеулер жүргізеді) зерттеумен айналысатындардың жоқтығымен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде туризм саласының қолда бар білім  беру институттарының бәрі зерттеу  жүргізуге және әзірлеуге қабілеті бар мамандармен қамтамасыз ете алмайды, міне бұл бүтіндей алғанда туристік саланың дамуының негізгі кедергілерінің бірі болып табылады[27].

Сонымен туризм саласында кластерді дамыту кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің мүдделерінің бірігуі және сәйкес жағдайлардың болуымен байланысты. Бұл процесте  мемлекеттің рөлі иницитиваларды қолдау, сәйкес заңдылықтар мен нормативті базаларды жасау және макроэкономикалық процестерді реттеу болып табылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Сонымен тақырыптың мәні бойынша жасалған талдаулар негізінде  келесі қорытындылар жасуаға болады:

1. Туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін табиғи ресурстар базасына негізделген адекватты мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс. Табиғат территорияларында  туристер саны шектен тыс толмауы, сонымен қатар, түрлі тәуекелділіктерден қорғау мүмкіндіктері қарастырылады, яғни ластану, жыртқыш аңдардың болуы, өсімдіктерден уланып қалмау, жәндіктер.

Туризм –  көптеген қызмет түрлері жиынтығынан тұратын индустрия. Индустрияның барлы сегменттері өзара байланысты және бір- біріне тәуелді. Мысалы, таулы-шаңғы курорттың табысы туристерге демалыс уақытында көрсететін келесі қызмет түрлеріне байланысты:  шаңғышыларды тау баурайына жеткізіп салу, орналастыру деңгейі, тамақтандыру және басқалары. Таулы-шаңғы курортпен бірлескен шағын кәсіпорындар, қызметін тәуелсіз жүргізгенмен, негізінде бір-біріне тәуелді болады. Бұл тәуелділік біріккен қызметті қажетсінгенмен, олардың  арасында тұтыну рыногы үшін күресте бәсеке сақталады, сондықтан бұл жағдай өзара қызметті қиындатады.

2. Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:

- туризм инфрақұрылымын дамыту;

- туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;

- елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;

- туристік әлеуетті арттыру;

- рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.

3. Республикада туристік бизнесті кластерлеу негізінде дамытуға  барлық алғы шарттар қалыптасқан, яғни бұл тарихи және архитектуралық ескерткіштердің, емдеу-сауықтыру орындарының, қорықтар мен қаржы, білім беру,  мәдени орталықтар ретінде дамыған қалалардың шетел туристеріне тартымды болуымен ерекшеленеді. Туристік саланы кластерлік дамытудың анықталған проблемаларын шешу мақсатында төмендегідей шаралар шешу көзделеді:

- жолдар құрылысы  және қайта жасақталуын, сондай-ақ  ақпараттық-хабар беру белгілерінің  туристік объектілерге орнатылуын  қаржыландыруды қамтамасыз ету  жолымен жол жүйесінің сапасын  жақсарту;

- туристік объектілерді салушылар мен жасақтаушыларды ынталандыру және қаржылай көмек көрсету механизмін әзірлеу жолымен объектілер жинақталған жерлерде тұрақты объектілер салу, сондай-ақ жылжымалы қабылдау объектілерін ұйымдастыру;

- ары қарай шара  қабылдау және тиісінше қаржыландыру көздерін анықтау үшін ведомстволық немесе басқа қатыстылығын белгілеу арқылы экскурсиялық объектілерді абаттандыруға жағдай жасау;

- бірлескен іс-шаралар  жоспарын қабылдау жолымен, мүдделі  үкіметтік ұйымдарды қатыстыра  отырып тұрақты негізде оқытудың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;

- менеджментті жетілдіру,  сапаны бағалау жүйесін және  біліктілік деңгейлерін енгізу  жолымен орналастыру объектілеріндегі  қызмет көрсету сапасын арттыру;

- облыс аумағының,  атап айтқанда шалғайдағы және  жетуі қиын аудандардың, сенімді ұялы байланыспен жабдықталуын кеңейту;

- қолда бар күзет  ведомстволары мен медицина ресурстарын  қатыстыра отырып, құтқару және  шұғыл дабыл қағу қызметтерін  құру жолымен туристердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету;

- орналастыру, тамақтандыру және кәдесый өнімдерін ұсыну қызметтерін көрсету жолымен туристерге қызмет көрсетудің экономикалық тиімділігін белсенді түрде насихаттау және туристерге қызмет көрсету процесіне қатысу қажеттігін түсіндіру арқылы жергілікті тұрғындардың бұл іске деген қызығушылығын арттыру;

- туризмді дамытудың,  соның ішінде интервьюлендіру  және басқа маркетингтік құралдарды  енгізу жолымен дамытудың шын  мәніндегі жай-күйін көрсету мақсатында  және талдау мүмкіндігі арқылы  туристік-сауықтыру қызметтерін  есепке алуды  және статистикалық есеп беруді жетілдіру.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1 Журнал «Discovery Kazakhstan», 2009г.

2  Азар В.И, Туманов  СЮ. Экономика туристского рынка. М, 1998.

3  Балабанов И.Т., Балабанов  А. И. Экономика туризма: Учеб.пособие.  М., 2003.

4  Квартальнов В. А. Туризм: Учебник. М., 2000.

5 Купер К, ФлетчерД., Гильберт Д. Экономика туризма: Теория и практика. СПб., 1998.

6 Ильина Е.Н. Основы туристской деятельности: Учебник. М., 1992.

7 Гостиничный и туристский  бизнес / Под ред. А.Д.Чудновского.  М., 1998.

8 Тынчерова З.В., Ягофаров  Г.Ф. Основы планирования и  организации туристской деятельности. Учеб. пособие. – Алматы, 2003г. 

9 Квартальнов В.А. Стратегический менеджмент в туризме: Современный опыт управления. М., 1999

10 Шеденов У.К., Бозаков А.А. Эффективность и качество услуг в условиях интенсификации общественного производства. Алма Наука, 1998, 128 с.

11 Решетникова Е.Г. Сфера услуг: планирование, проблемы, перспективы. М., Экономист 2006, 196 с.

12 Материалы интернет www. google.kz

13 Вуколов В.Н. Роль туризма в экономике и социальной сфере современного  Казахстана (Казахстанское общество сегодня: социально-институциональные сдвиги и экономическое развитие). Алматы: Университет "Туран", 1998г.

14 Квартальнов В. А.  Менеджмент туризма: Туризм как  вид деятельности: Учебник. М., 2002.

15 материалы интернет stat.kz

16 материалы интернет www.kazakhstan-tourist.com

17 Материалы интернет  www.ecotourism.kz

       18 Байкожа  Ж. Об индустрии туристического  бизнеса // Central Asia Monitor.- 2006 – 13 января (№2) – С. 6.

19 Раева Р.А. Казахстанский  туризм: Новый поворот // Деловой  мир Казахстана. – 2006. – С. 3.

20 Развитие туризма на современном этапе и задачи Академии туризма / Под ред. Ю. В. Кузнецова. - СПб., 2000.

  21 Реалии и возможности  туристического рынка Казахстана / Деловой мир, 2008 - №5. – с. 3.

  22 Есмаханова А.У Туристский кластер как инструмент развития конкурентоспособности экономики // Материалы международной научно-практической конференции «Национальная конкурентоспособность Казахстана: теория, практика, перспективы». – Алматы: КазНУ, 2006. – Ч. 1. – С. 238-242.

 

 

23 Послание Президента  Республики Казахстан Н.А. Назарбаева  «Стратегия вхождения Казахстана  в число 50-ти наиболее конкурентоспособных  стран мира»: приоритеты и пути  их реализации. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2006. – 152 с.

24 Казахстан на пути  ускоренной экономической, социальной  и политической модернизации. Послание  Президента Республики Казахстан  Н.А. Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2005. – 19 февраля. – С. 2.

25 Тасмагамбетова А.А.  Тенденции развития экономики  туризма в Казахстане // Материалы международной научно-практической конференции «Туризм в Кыргызстане». – Бишкек: БГИЭК, 2001. – Ч. 2. – С. 164-166

  26  Шокаманов Ю.  О развитии туризма в Республике  Казахстан за 2005 год. // Пресс-релиз.  – 2006. – 19 июня. – С. 3-7.

        27  Уринов Б.Х. Развитие туризма и меры государственной поддержки для развития деятельности туристических фирм // Материалы международной научно-практической конференции «Туризм в Кыргызстане». – Бишкек: БГИЭК, 2006. – Ч. 2. – С. 169-172.

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы