Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:35, дипломная работа
Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
4
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………….
6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….
6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................
12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері......................................................................................................
15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................
20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……
20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………
26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................
34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................
39
3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………
52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................
52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................
59
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..
72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................
Орналастыру-дың ұжымдық құралы |
Туристерді орналастырудың қонақжай орындары |
Қонақүйлер Қонақжай орындары |
Арнайы мекемелер |
Сауықтыру мекемелері Еңбек және демалыс лагерлері Көліктің қоғамдық түрлері Конгресс-орталықтары | |
Басқа ұжымдық мекемелер |
Демалысқа арналған орындар Кемпинг алаңдары Басқа ұжымдық мекемелер | |
Орналастыру-дың жеке құралдары |
Орналастырудың жеке құралдары |
Жеке үйлер Отбасылық үйлерде жалға берілетін бөлмелер Агенттіктерден жалға алынатын орындар Таныстар мен туысқандармен тегін берілетін орындар Жеке негізде басқа да орналастырулар |
Е с к е р т у - Квартальнов В. А. Туризм: Учебник. М., 2000 |
Аймақта туризмнен түсетін кірісті жоғарылату әдістері: көңіл көтеру және рекреация индустриясын, тамақтану индустриясын, жергілікті сувенир өнеркәсібін қалыптастыру. Туризмнің жергілікті индустриясын дамытудың шарттары берілген аймақтың ресурстарын толық жүзеге асыратын туристік-рекреация қызметтерінің эксклюзивті түрлерінің болуымен анықталады. Туризмді дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру мен жобалаудың негізгі міндеті туристік қызметтен аймақтың кірісін қалыптастырудың маңызды механизмі және аймақтың туристік әлуетінің басты құрылымдық элементі болып есептелетін жоғары дамыған аймақтық туризм индустриясын жасау.
Туристік индустрия – бұл орналастыру мен көлік құралдарының, тамақтану, көңіл көтеру, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа мақсаттағы объектілер, туристік қызметті жүзеге асырушы ұйымдар, сонымен бірге, экскурсиялық және аудармашы - гидтік қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы.
Туризмнің ұйымдық формалары болып халықаралық және ішкі туризм болып саналады. Халықаралық туризмге кіру және шығу туризмі жатады. Халықаралық туризмнен ішкі туризм ерекшелігі, Қазақстан азаматтарының және сол аймақта тұрақты мекендеуші тұлғалардың республика шегінде саяхатқа шығуынан тұрады. Туризм әлемдік экономикада маңызды роль атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйым мәліметтері бойынша (БТҰ) туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11%- ын және әлемдік өндірісте 9-шы жұмыс орнын қамтамсыз етеді [5, 78 б].
Туристік индустрияны салааралық кешен ретінде анықтауға болады [6, 121 б]:
а) техникалық бөлімдері тармақталған желілерімен жолаушылар көлігі (әуе, су, автокөлік, теміржол);
б) аса кең туристік сипатқа ие болмаған арнайы туристік мекемелер мен салалар кәсіпорындары (оның ішінде, автокөлік жасау мен көліктік машинақұрылысы, отын өнеркәсібі, күрделі жөндеу мен жол құрылысы, сувенир дайындау өндірісі, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының көптеген салалары және т.б.)
в) турист тұтынатын кең шеңбердегі қызмет саласы.
Туристік
индустрияның ұйымдық туризмді дамытуға
негіз болатын материалды-
Мемлекет экономикасына
туризмнің қолайлы ықпал
Туризмнің дамуы елдің экономикасына және бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуімен байланысты [7, 58 б]. Мұндай әсер ету тікелей және жанама әсер ету әдістерімен анықталады. Елдің экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсер ету белгілі шекте ұлттық есептеу жүйесінде (ҰЕЖ) көрінеді. Жанама әдіс туризмнің экономикаға және әлеуметтік аяға туризмнің жанама әсер ету коэффициенті болып саналатын, туристік мультипликаторды есептеуді меңзейді.
Бүкіләлемдік туристік
ұйым мамандары 1990 жылдан бастап Доминикан
республикасын мысалға ала
- ЖҰӨ жасау;
- төлем балансының экспортының құрамында;
- қосымша жұмыс орындарын ашуда;
- аймақтық даму;
- туристерді қабылдайтын елдің жергілікті халқының кірісі;
- экономиканың қосалқы салаларының дамуы: көлік, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру, көңіл көтеру индустриясы, халықтың қолөнері, және басқалары.
Туроператорлар, туристік компаниялар, қонақ үй, жоғары оқу орындарының өкілдері, шенеуніктер қатысқан бірінші кластерлік кездесуде республиканың туристік саласының бәсекеге қабілеттілігін және дамуын тежеп отырған проблемалық факторлар талқыланып, оның ішінде визаны алу проблемасы аталды. Практика жүзінде туристік визаны Қазақстанға келгенге дейінгі уақыт аралығында алуға болады, ал көптеген елдерде виза мемлекет шекарасында беріледі. Шығу туризміне жұмыс істейтін туроператорлар мен туристік агенттіктердің қызметі халықаралық ережеге сай, шетел мемлекеттерінің заңдылықтарымен, келетін елдің дәстүрімен, лицензиялау, салық салу, еңбек қатынастары және басқа да проблемалық факторлармен байланысты мәселелерді шешумен байланысты.
Көптеген
проблемаларды реттеу мемлекет
деңгейінде шешіледі: заңдылық базаларды
қарастыру, туристік салаға
Дербес шаруашылық
субъектісі ретінде туристік фирмалардың
қазіргі заманғы қызметі
1.2 Туризмдегі қызмет көрсету әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде
Туристік индустрияны зерттей келе сервистік қызмет көрсетуге тән экономикалық және әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктеріне тоқталу бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі екені анықталды. Туризмдегі сервистік қызмет көрсетуді карастыру, оның экономикалық өсу мен оның қоғамның даму бағытында атқаратын функциональды рөлімен түсіндіріледі.
Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалык базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нөтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақгы канағаттандырудың алғы шарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы түлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен байқалады.
Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының калыптасуына әсер етеді.
Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді. Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін анықтайды.
Казіргі кезендегі өндіргіш күштер дамуының заңдылықтарының бірі -өндірістік процестегі жеке тұтыну рөлінің белсенділігі.
Түпкі сұранымның негізгі құрамасы бола, халықтың шығындары көбіне экономикалык, өсудің динамикасы мен құрылымды параметрлерін анықтайды. Осымен бірге, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық факторларының күрделі кешенінің әсерімен, халықтың тапсырыстары мен қажеттіліктерінің үздіксіз кеңеюі және жаңартылуы орын алуда және де ол тұтыну шығындарының өзгермелі кұрылымында өз бейнесін алады.
Әртүрлі қызметтер мен затты игіліктерге деген сұраным динамикасы әрбір елдің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады. Мұнымен қатар, экономистердің еңбектерінде жеке тұтыну қорын сипаттайтын және жалпы даму үстіндегі әлемге тән жалпылама мезеттер сөз етілген. Солардың ішіндегі негізгісі тұтыну қорының сандық және сапалық толықтырылуының жергілікті өндірісті-техникалық база мүмкіндіктерінен алға кетуі нәтижесінде индустриалды дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, оның халық шаруашылық пропорцияларына белсенді әсер етуі.
Қазіргі кезде табиғи орта өндіріске ғана емес, сонымен қатар, тұтынуға да әсер ететіндігін дәлелдеу қажетігін туғызбайды. Және де жеке елдер, облыстар және тіптен тұрғылықгы жерлер арасында орын алатын тұрмыстық жағдайлардағы теңсіздікті мейлінше төмендету мақсатымен шараларды қолданғанымен, оларды толықтай жою мүмкін емес екендігін ескеру қажет. Халықтың тұрмыстық жағдайларындағы аймақтық ерекшеліктер сипатын айқындау, осы ерекшеліктерді қандай жолдармен қысқартуға болады және солайша, шаруашылықтанудың рыноктық реформаларын құру жағдайларында осы маңызды мәселені шешу жолдарын қалайша белгілеу қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсету саласы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек. Халық өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды. Қызметтер аясының тұрмыс салтын қалыптастыру түрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі [9]. Қызметтер аясындағы жұмыскердің өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси даму деңгейімен, біліктілікті үнемі жоғарылату мен өндірісті жетілдіру жайлы пәруай таныту секілділермен сипатталуы қажет. Жоғары білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке тілектерін ескере, тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді ғылыми түрде ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді қамтитын жоғары мәдени деңгейлі қылықгы танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен қалыптасатын тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек сипатына ие, яғни бұл қоғамның әрбір еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті кейпі деп тұжырым жасай аламыз.
Мысалы, үй шаруасын жүргізудегі уақыт
шығынын қысқарта, адамды тартымсыз
және еңбек сыйымды жұмысты
Информация о работе Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы