Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:26, дипломная работа

Описание

Осы мақсатта диплом жұмысының міндеті төмендегі бағыттармен негізделеді:
кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын мемлекеттік реттеудің экономикалық маңызын айқындау;
кедендік төлемдердің экономикалық ролін арттырудағы кеден органдарының қызметін ашып көрсету;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың және транспорттық құралдардың кеден өткізу кезеңдерін теориялық негіздеу;
кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігін анықтау;
сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайын талдау;
экономиканы дамытудағы кедендік төлемдерге қатысты ұсыныстар жасау.

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..............................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі.............................7
1.2 Республика экономикасын реттеудегі кедендік қызметтің негізгі принциптері мен түрлері.......................................................................................9
1.3 Сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы...............................................15

2 КЕДЕНДІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлардың кеден құнын анықтау және кедендік төлем тәртібін талдау....................................................................................................................21
2.2 Кедендік төлемдердің жағдайын және кедендік қызметті басқаруды бағалау...................................................................................................................24
2.3 Кедендік және валюталық бақылау жұмыстарының нәтижелерін сипаттау.................................................................................................................35

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары................................................................................................................43
3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны..........................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................58
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Диплом (348).DOC

— 358.50 Кб (Скачать документ)

Кеден реформасы нәтижесінде  Қазақстан Республикасында тіркелген, барлық кез-келген меншік түріндегі  кәсіпорындар сыртқы нарыққа шығу құқығын  алды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың саны өсті. Осыған байланысты әр түрлі шеттен әкелу және тасып шығару туралы Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесіп өтуде.                                                                                                                                                                                                                                                                                  

 

1.3 Сыртқы экономикалық  қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы

 

Кеден шекарасы арқылы өтетін барлық тауарлар сыртқы экономикалық  қызмет процесінде мәлімденгенде ғана өткізіледі. Тауарларды мәлімдеу нақты  көрсетілген тәртіп бойынша жасалады. Кеден органына кеден декларациясын  беру кедендік мәлімдеудің негізгі шарты болып саналады. Жүк кеден декларациясы нақты қалыптарға сәйкес толтырылуға тиісті  белгіленген үлгі ретінде қолданылады. Мәлімдеу процесі екі түрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:тікелей жүк жіберушімен, не кедендік делдал фирмалар көмегімен. Екінші жағдайда кедендік шараларды өту және кеден құжаттарын  дайындау бойынша барлық қызметтер көрсетіледі. Кеден декларациясын толтырудағы сәйкессіздік, кеден шараларын өтудің талаптарын орынсыз орындау және төлемсіздік мәселелері тауарды шекарадан өткізбеуге жеткілікті негіз болады.

Кеден шекараларындағы  кедендік тексеру – Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен келесі нысанда жүзеге асады:

  • кедендік бақылауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
  • тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеру;
  • жеке тексеру;
  • Республика кеден шекарасы арқылы өтетін заттарды есепке алу;
  • жеке және лауазымды тұлғаларды ауызша сұрау;
  • есептілік және құжаттылық жүйесін тексеру;
  • кедендік бақылауға жатқызылатын заттар орналасатын уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені және өзге жерлердің аумақтары мен бөлмелерін тексеру;
  • кеден баждары мен өзге төлемдерді жинау.

Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдар келесі кезеңдерде кеден бақылауынан өтеді3:

  • ҚР кеден аумағына тауарларды еркін айналысқа шығару үшін әкелгенде - әкелу кезінен ҚР кеден шекарасынан өткенге дейін;
  • ҚР кеден аумағынан тауарларды еркін айналысқа әкеткенде кеденге тауарлар мен өзге заттарды және кедендік бақылауға қажетті құжаттарды ұсыну кезінен ҚР кеден аумағынан әкетілгенге дейін;
  • ҚР кеден шекарасына уақытша әкелу кезінде – ҚР кеден аумағына әкелінгеннен одан әкетілгенге дейін;
  • ҚР кеден аумағынан уақытша әкеткенде – кеденге тауарлар мен өзге заттарды ұсынған кезден ҚР кеден шекарасы арқылы қайта әкелгеннен өткізілгенге дейін;
  • ҚР аумағы арқылы транзит кезінде – ҚР аумағына әкелу кезінен одан әкетілгенге дейін.

Сонымен, кедендік реттеуді жүзеге асыруда кеден шараларын  іске асыру негізгі орынды алып отыр. Кеден шаралары негізінде тауардың кеден шекарасын өту тәртібі түсіндіріледі, ол елдің өткізу режимін құрайды.

Кеден шаралары кедендік реттеуде үлкен маңызға ие. Еуропалық  ынтымақтастық комиссиясы эксперттерінің бағалауы бойынша кеден шараларын  жүргізумен байланысты шығындар ЕО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы көлемінің 5-10% құраған.

Кеден шарасын жүргізу  оның техникалық тәртібімен сипатталады (Қосымша №1).

Қарастырып отырған  шартқа сәйкес, кеден тексеруінен  өтіп, Алматыда жүкті түсіргеннен  бастап 10 күн ішінде жеткізілген тауарларға ЕО жәрдемақыларын алу үшін сатып алушы құжаттамасы  әр көлік бірлігіндегі тауар санына сәйкес Алматыда жауапты кеденмен толтырылған жүк  кеден декларациясын алуын қамтамасыз етеді.

Жүк кеден декларациясын  толтыру тәртібі Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 26 қыркүйек 1995 жылғы № 127-П «Жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы нұсқауды бекіту» бұйрығына сәйкес орнатылған, 27 ақпан 1998 жылғы №80 бұйрыққа сәйкес  өзгерістер енгізілген.

Мәлімдеу кезінде қандай да тауар ерекшеліктері еске алынады. №127-П бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында мәлімдеу түріне қарай 4 тауар тобын ажыратады.

Кеден органына жүк кеден  декларациясын (ЖКД) ұсыну арқылы келесі түрлі тауарларды мәлімдей жүзеге асады:

  • кеден баждары және салықтар салынатын тауарлар;
  • экономикалық саясат шаралары (лицензиялау, квоталау, сертификат, төмен және жоғары бағаларды қою және т.б.) қолданылатын тауарлар;
  • кедендік құны 100 ЭКЮ-дан асатын тауарлар;

Кеден органына жазбаша  түрдегі еркін нысанда арыз беру арқылы      келесі тауарлар мәлімделінеді:

  • кедендік құны 100 ЭКЮ-дан аспайтын тауарлар;
  • оларға қатысты кеден баждары мен салықтары алынбайтын тауарлар;
  • экономикалық саясат шаралары қолданылмайтын тауарлар;
  • жазбаша арызда міндетті түрде тасымалдаушы декларант, тауарлар, олардың коды, атауы, сипаттамасы, саны мен бағасы және кедендік режимдер туралы мәліметтер көрсетілуі керек.

Жеке тұлғалар коммерциялық емес мақсатта өткізетін тауарларды мәлімдеу, ол Қазақстан Республикасы кеден комитетінің арнайы нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Көлік құралдары кеден  органына көлік құжаттарын беру арқылы мәлімденеді.

Жүк кеден декларациясын  толтыру үшін КД 1 және КД 2 нысанындағы  нақты бланктер бар, ЖКД өзге бланктері  кеден органдарымен қарастырады. Жүк кеден декларациясы КД 1 нысанындағы негізгі деп аталатын 4 парақтан тұрады, ал кейбір жағдайларда онымен бірге қосымша парақтар КД 2 болады, олардың пайдаланылуы төменде көрсетіледі. ЖКД-ның бір данасы кеден органына беріледі және арнайы архивте сақталады, екінші парағы бірінші реттік өңдеумен талдау жүргізу мақсатында кедендік статистика және талдау бөліміне, кейіннен статистикалық басқару органына беріледі. Сонымен қатар, ЖКД данасы кеден төлемдері бөліміне керек.

Жүк кеден декларациясын  толтыру тәртібін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтетін тауарларды мәлімдеу кеден режимдеріне сәйкес жүзеге асырылатынын айта кету керек. КД 1 нысанындағы бланкте немесе негізгі парақта бірдей аталатын тауарлар туралы мәлімет көрсетіледі (егер мұндай тауарларға қатысты бір ғана кеден режимі таңдалынса). Бірдей аталатын тауарларға сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша белгілі деңгейде тауарлардың бірдей жіктелуі жатады. КД 2 нысанындағы бланк немесе қосымша парақтар бірнеше атаулы тауарларды мәлімдегенде толтырады және әр қайсысы үш түрлі тауарды мәлімдеуге мүмкіндік береді.

Тарифтік реттеу республиканың  кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға, транспорттық құралдар мен басқа  да бұйымдарға, қатысты қолданылады. Оның мақсаты – кедендік төлемдер мен алым алу. Олар, біріншіден, ұлттық бюджетке келіп түсетін түсімдердің маңызды көзі болып табылады, ал екіншіден, ұлттық өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау қызметін атқарады.

Егер бейтарифтік реттеу жөнінде айтар болсақ, онда төмендегілерді атап өту керек: Біріншіден, ұлттық өндіріс салаларын қорғау мақсатында импортты шектеуші шаралар – импортты лицензиялау, квоталау, демпингке қарсы және өтемдік баждар, алымдар және т.б. Екіншіден, әкімшілік шаралар – кедендік нысандылықтар, техникалық стандарттар мен нормалар, санитарлық және ветеринарлық нормалар, тауар орамы мен таңбалауға қойылған талаптар.

Демек, тауар өндірген ел – тауарды толық өндірген немесе жеткілікті түрде оны қайта өңдеген  мемлекет. Сонымен бірге ,елдер тобы, кедендік одақтар, аймақ, облыс немесе елдің белгілі бір бөлігі де тауар өндірген ел болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасында  толық өндірілетін тауарларға мыналар  жатады:

  • республика территориясынан немесе оның территориялық суларынан алынған немесе континентальдық шельфтен және теңіз қойнауларынан алынған пайдалы қазбалар;
  • республика территориясынан жиналған өнімдер;
  • республикадағы мал түліктері және жан-жануарлар;
  • осы елдегі жан-жануарлардан алынған өнім;
  • елдегі аң аулау, балық аулау және теңіз кәсіпшілігі өнімдері;
  • Қазақстан республикасының кемелері немесе оның жалға алған су көлігі арқылы дүниежүзілік мұхиттан алынған және өндірілген теңіз кәсіпшілігі өнімдері;
  • республикада жүзеге асырылған өндірістік т.б. операциялар нәтижесінде туындаған қайта өңделген шикізат пен қалдықтар;
  • Қазақстан Республикасының иелігіндегі немесе оның жалға алынған ғарыш кемелері арқылы ғарыштан алынған мәліметтер;
  • жоғарыда аталған өнім түрлерінен ғана өндірген тауарлар.

Тауар өндіруге бірнеше  елдің қатысуы мүмкін, соған байланысты жоғарыда аталғандай тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуден  өткізген мемлекет тауар өндірген ел болып  саналады.

Осыған байланысты, тауарды  жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің мына критерийлерін қарастырып өту  керек:

  • тауарды қайта өңдеу нәтижесінде тауарлық номенклатура бойынша тауар позициясының өзгеру ережесі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы – тауарлардың классификациялық тізімі;
  • өндірістік және технологиялық операциялардың тізімі;

Кейбір операциялар  жеткілікті қайта өңдеуге жатпайды, атап айтсақ:

  • тауарларды сақтау немесе тасымалдау кезінде олардың сақтаталуын қамтамасыз ету операциялары;
  • тауарларды сату мен тасымалдау операциялары – партияларға бөлу, жіберілетін тауарларды жинақтау, сұрыптау, қайта орау және т.б.;
  • қарапайым жинақтау операциялары;
  • тауарларды, олардың компоненттерін араластыру;
  • адвалорлық үлес ережесі, мұнда жеткізілетін тауар құнының проценттік үлесі тауар бағасының тұрақты үлесіне жеткен кезде тауар құны өзгереді;
  • тәжірибеде тауарларға немесе елдерге қатысты тауар өндіру критерийлері келісім жасалынбайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда ортақ ереже қолданылады, яғни ол кезде егер алғашқы төрт бөлігінің кез келгенінің деңгейінде тауар номенклатурасы бойынша тауар позициясының  өзгерісі туындаса, онда тауар жеткілікті түрде қайта өңдеуден өткізілген деп есептеледі.

Сонымен бірге бұл  кезде жеткілікті түрде қайта  өңдеу критерийлеріне жауап бермейтін шарттар жөнінде келісім жүргізіледі.

Тәжірибеде болатын  барлық мүмкін жағдайды, соған байланысты туындайтын салдарды анықтай білу қажет  және әр түрлі кедендік шараларды  максималды түрде регламенттеу мақсатында барлық мүмкін шарттар мен критерийлерді түсіндіру керек. Тауарды бірнеше партияға бөлудің себептеріне жататындар:

  • өндірістік және транспорттық шарттар;
  • тауарларды бөлшектелген түрде бөліктер бойынша жөнелту. Кейде қателіктер де жіберілуі мүмкін. Мұндай жағдайда декларант тілегі бойынша тауарлар біртұтас тауар ретінде қарастырылады.

Бұл кезде декларант  төмендегі шарттарды ескеруі  тиіс:

  • себептерін көрсете отырып, тауарды партияларға бөлу жөнінде Қазақстан Республикасы кеден органдарына алдын ала мәлімдеме жасау; тауарлардың кодын, құнын және өндірген елін көрсете отырып, барлық партияның әр бір бөлігінің нақты ерекшелігі жөнінде мәлімдеу;
  • қателесу нәтижесінде партияларға бөлуді дәлелдейтін құжаттарды ұсыну;
  • барлық партияларды бір елден бір жеткізуші немесе тасымалдаушының жеткізуі;
  • бір ғана кедендік бекет арқылы кедендік шекарадан өту;
  • бірінші жөнелтуден кейін алты ай ішінде тауар партияларын мерзімінде жеткізу.

Тауардың Қазақстан  Республикасында немесе басқа елде туындауын өндіргені жөніндегі  сертификат куәландырады.

Тауар өндіруші ел ерекше кедендік режимге (баж төлеуден босату, жеңілдік беру және т.б.) байланысты болған жағдайда сертификат міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Тәжірибеде негізінен үшінші елде қайта өңделген тауарларды енгізу кезінде сертификаттың көрсетілуі талап етіледі.

Тауардың қай елде өндірілгені жөніндегі сертификат кейбір бұйымдар сапасын бақылайтын беделді экспортер ел үшін маңызды  болуы мүмкін. Мысалы, француз заң  орындары арнайы шараптардың экспорты кезінде олардың қай елде өндірілгені  жөніндегі сертификатты талап етеді.

Қазақстан Республикасы кеден территориясына тауарларды енгізу кезінде сертификаттың  көрсетілуі төмендегі жағдайларда міндетті іс болып табылады:

  • егер тауар Қазақстан Республикасының тарифтік жеңілдіктері ұсынылған елде шықса;
  • жеңілдіктер – бұл қарапайым режиммен салыстыруға қолайлы кедендік режим болып табылады. Оны белгілі бір ел кез келген елден немесе елдер тобынан келіп түсетін тауарларға береді;
  • егер тауарлардың белгілі бір елден енгізілуі сыртқы экономикалық қызметтің әр түрлі реттеу әдістерімен шектелсе;
  • егер сертификаттың көрсетілуі халықаралық келісімдерде қарастырылса;
  • Қазақстан Республикасы сол келісімдердің мүшесі болуы тиіс.

Информация о работе Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі