Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:26, дипломная работа

Описание

Осы мақсатта диплом жұмысының міндеті төмендегі бағыттармен негізделеді:
кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын мемлекеттік реттеудің экономикалық маңызын айқындау;
кедендік төлемдердің экономикалық ролін арттырудағы кеден органдарының қызметін ашып көрсету;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың және транспорттық құралдардың кеден өткізу кезеңдерін теориялық негіздеу;
кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігін анықтау;
сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайын талдау;
экономиканы дамытудағы кедендік төлемдерге қатысты ұсыныстар жасау.

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..............................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі.............................7
1.2 Республика экономикасын реттеудегі кедендік қызметтің негізгі принциптері мен түрлері.......................................................................................9
1.3 Сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы...............................................15

2 КЕДЕНДІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлардың кеден құнын анықтау және кедендік төлем тәртібін талдау....................................................................................................................21
2.2 Кедендік төлемдердің жағдайын және кедендік қызметті басқаруды бағалау...................................................................................................................24
2.3 Кедендік және валюталық бақылау жұмыстарының нәтижелерін сипаттау.................................................................................................................35

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары................................................................................................................43
3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны..........................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................58
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Диплом (348).DOC

— 358.50 Кб (Скачать документ)
  • кеден органдары қызметінің заңнамалық және құқықтық базасын одан әрі жетілдіру;
  • сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жүйесінің біртұтастығы;
  • кеден қызметін тиімді басқаруды қамтамасыз етудің методологиялық негіздері мен ғылыми-қолданбалы әдістерін әзірлеу, басқару функцияларының қайталануы мен қосарлануы жою мақсатында орталық басқару органдарын қайта ұйымдастыру;
  • кедендік құрылымдар мен инфрақұрылымдарды дамыту, оларды тауар және  жолаушылар ағынының өзгеріп отыратын көлемдері мен номенклатурасына бейімдеу;
  • кедендік бақылау мен ресімдеудің технологияларын жетілдіру, кедендік рәсімдерді бірдейлендіру және стандарттау, кеден органдарын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен, сондай-ақ телекоммуникациялар мен байланыстың тиімді құралдарымен қамтамасыз ету;
  • басқарушылық шешімдерді жедел дайындау үшін қазіргі заманғы сандық әдістермен, ақпараттық базамен және технологиялармен жарақтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру, кеден қызметіне ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;
  • кадр саясатын одан әрі жетілдіру, құрылым мен штат санын оңтайландыру;
  • кеден жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады.

Осы шараларды табысты  жүргізу үшін сөзсіз қаржыландырудың  көзделген іс-шараларды қаржыландыру мәселесі неғұрлым күрделі болып  табылады. Қазақстан Республикасының  кеден қызметін жетілдіруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі мәселесі мемлекеттік бюджеттен кеден жүйесін дамытуға көзделген қаражат бөлуді, республиканың кеден қызметінің реформалаудың жүргізілуіне мүдделі дүниежүзілік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тартуды білдіреді.

Кеден органдарының фискалдық  – экономикалық қызметін жетілдіру  керек.

Кеден органдарының СЭҚ–ны кедендік-тарифтік реттеудің тетігін  одан әрі жетілдіру, кедендік-банктік  валюталық жүйені одан әрі жетілдіру  жөніндегі жұмысының негізгі  бағыттары:

1) кедендік баждардың  деңгейін бірте-бірте төмендетудің  қажеттігін ескере отырып кедендік-тарифтік  саясатты жетілдіруге бағытталған  талдаулық ұсыныстарды әзірлеу;

2) кедендік төлемдер  мен салықтардың есебін жүргізудің  автоматтандырылған жүйесін құрудың базасына кедендік-тарифтік реттеу бөлігінде деректерді қалыптастырудың біріңғай жүйесіне кезең-кезеңмен көшу;

3) кеден органдары  мен банктерді біріктіретін ақпараттық  желілерді құру;

4) есеп жүргізудің  толық автоматтандырылған жүйесі  деректерінің базасына негізделген, іріктеп бақылау мен тексерулердің технологиялары;

5) тауарлардың кедендік  құнын тиімді бақылаудың тетігін  одан әрі жетілдіру;

6) ДКҰ-ның талаптарына  сәйкес тауарлардың кедендік  құнын айқындаудың және белгілеудің  тәртібін іске асыру;

7) тауарлардың шығарылған елдерін айқындай отырып, СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың жіктелуінің дұрыстығын бақылаудың тетігін жетілдіру;

8) тауарларды СЭҚ ТН-ге  сәйкес бірдейлендірудің рәсімдерін  жетілдіру;

9) Қазақстан Республикасы  кеден органдарының бенефициар  елдердің құзіретті органдарымен ұсынылған тауарлардың шығу тегі сертификаттарының дұрыстығын бақылау жөніндегі өзара іс-қимылының тәртібін әзірлеу және іс-жүзінде іске асыру;

10) Қазақстан Республикасының  кеден және салық қызметтерінің  СЭҚ-ға қатысушылардың кедендік және салықтық заңнамаларды сақтауын бақылау жөніндегі өзара іс-қимылының тетігін әзірлеу және іс-жүзінде іске асыру;

11) Қазақстан Республикасымен  бірге еркін сауда аймағын  немесе Кедендік одақ не екі  жақты келісімдер құратын мемлекеттерде  шығарылған тауарларды әкелуге тарифтік жеңілдіктер ұсынудың тетігін әзірлеуге қатысу;

12) кедендік төлемдер  мен салықтар салынатын тауарлар  бойынша экспорттық-импорттық келісім-шарттардың  мониторингі;

13) валюталық-банктік  кедендік бақылауды жүргізудің  нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау қажет болып табылады.

Кадр жұмысы саласында  басты міндеттер кеден қызметін басқару жүйесін жетілдіру, қазіргі  заманғы талаптарға жауап беретін  құрылымдарды құру, кадрлерді кәсіби іріктеудің, кәсіби бағыттаудың, даярлаудың және біліктілігін артырудың тетіктерін жасау болып табылады. Жүйенің ішіндегі бар штат санын тиімді қайта бөлу жолымен кеден органдарының орталық аппаратын күшейту ұйғарылып отыр.

Бұл жағдайда кеден органдары  басшылығының негізгі міндеті кеден  органы қызметшілерінің өз функцияларын орындау сапасын ұдайы жақсартуына ықпал ететін еңбек жағдайын жасау болуы тиіс. Сонымен қатар кеден жүйесіне кеден органдарының қазіргі заманға мәртебесі мен олардың сыртқы экономикалық қызметтегі роліне сәйкес келетін кадрларды іріктеуді қамтамасыз ету, кеден органдары қызметкерлерінің өздерінің кәсіби мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін неғұрлым көп дәрежеде іске асыруы мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Кеден қызметін жетілдірудің негізгі нәтижелері:

  • кедендік рәсімдерді оңайлату және жеделдету;
  • клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқарту, олармен есеп айырысудың нақтылығын қамтамасыз ету;
  • салықтар мен баждарды неғұрлым толық жинаудың есебінен бюджетке кедендік төлемдердің түсуін арттыру, тауарлардың заңсыз тасымалдануына қарсы күресті күшейту;
  • кеден органдарының СЭҚ-ны реттейтін мемлекеттік қызметтермен, құқық қорғау органдарымен және басқа елдердің кеден органдарымен ынтымақтастығын нығайту;
  • реформалау бағдарламасын іске асыруға арналған шығындар бюджетке кедендік төлемдердің түсуінің артуы түріндегі жоғары экономикалық нәтижелерді, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауды, шетелдік инвестициялар көлемінің өсуін, сауда саясатының міндеттерін шешуді қамтамасыз етуі тиіс.

Кеден органдары жұмысының  аталған көрсеткіштерінің жақсаруы түпкі нәтижесінде тұтастай алғанда кеден жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыруы, елдің мемлекеттік мүдделеріне жауап беретін сыртқы экономикалық, ғылыми – техникалық және қаржылық қауіпсіздігін күшейтуі тиіс.

 

3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны

 

Кеден одағына мүше елдер  өзара кеден тосқауылдарын қоймауды міндеттейді және қолданып жүрген сандық шектеулерді қайта қарауды ойластырады. Сандық шектеуді сақтау және тосқауыл қою мемлекеттер арасында тек тауарды шығару кезінде, сондай-ақ белгілі бір мезгілге ғана келісіледі.

Төрт мемлекеттің келісім  бойынша - Қазақстан Республикасы, Қырғызстан  Республикасы, Ресей федерациясы, Беларусь Республикасы мынандай принциптерге сүйенеді:

1) қатысушы елдер арасында  біртұтас экономикалық кеңестікті  сақтау және күшейту;

2) біртұтас экономикалық  кеңестік ауқымында тауар мен  қызметтің еркін қозғалысын қамтамасыз  ету;

3) қатысушы елдер арасында  үшінші елмен байланыс жасауда  кеден саясатындағы келісімді және кеден заңдары мен кеден қағидаларын жеңілдетуді қамтамасыз ету;

4) қатысушы елдер экономикасын  дамытуды жандандыру және ішкі  рынокты қорғау.

Бұл принциптерді аталған 4 мемлекет – Кеден одағы (КО) ауқымында жүзеге асырады. Одаққа мүше елдер, халықаралық құқы бар субъект ретінде, сондай-ақ ортақ кеден территориясы жиынтығын көрсетеді.

Талқыланатын мәселелер  мен келісімдерге ортақ кеден  тарифі және осы территория көлемінде  алып келетін, сыртқа шығарылатын тауарлар мен басқа да заттарға бірдей ішкі салық салу жатады. Тәртіп бойынша осы кеден одағы ауқымында айналымға түскен заттардан кеден бажы, салық және т.б. алымдар алынбайды.

Сонымен бірге КО мүше елдер және қолданылатын заттарға сандық шектеулерді алып тастау туралы келіседі, бұл заттар сол мемлекет азаматтарының жеке басының иелігіндегі заттар болып табылады. Бірақ қажет жағдайда тауарларды шығаруда сандық шектеулер уақытша алып тасталуы мүмкін.

 КО-ның жоғары органы Кеден кеңесі болып табылады, оған мүше елдердің өкілдері, яғни кеден одағына қатысушы елдердің өкілдері, яғни кеден одағына қатысушы елдердің үкімет мүшелері кіреді. Кеңестің әрбір мүшесінің мүддесін оның орынбасары және үш кеңесшісі немесе сарапшы қорғайды. Кеден одағының мүшелерін арнайы мемлекеттік үкімет сайлайды.

Кеден кеңесінің қызметін толық жүргізу үшін атқару органы және жұмысшы тобы құрылады. Атқару органдары – ұлттық кеден қызметінің жұмысын басқару үшін қажет және мүше елдердің шешімдерін іске асыруды қадағалайды. Кеңестің жұмысшы тобының қызметі оның секретариаты арқылы жүргізіледі, олар мүше елдердің өкілдерінен тұрады. Бұл жерде секретариат мүшелерінің маңызды жұмысы – біртұтас рыноктың мүддесін және кеден одағының жалпы территориясын қорғау болып саналады.

Кеден кеңесінің қызметіне  мыналар жатады:

  • кеден одағының субъектілерінің мүддесіне сай біртұтас кеден саясатын қарастыру және жүргізу;
  • монополизмге қарсы қызмет жасау, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің қанауына жол бермеу;
  • экспорт-импорттық операцияларын жүргізуде әділетсіз бәсекеге жол бермеу;
  • кеден одағы ауқымында тұтынушыларды және өндірістік рынокты қорғау;
  • кеден заңдарын және кеден тіркеулерін жеңілдету, мүше елдердің әлемдік шаруашылыққа кіру мәселелерін жеделдету және мақсатын көздеу;
  • кеден одағына қатысушы елдердің кеден қызметін басқару ісіне өзара көмек көрсету;
  • кеден ісін дамыту жөнінде мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру және әзірлеу;
  • кеден одағы ауқымында кедендік статистиканы жинау және оған талдау жүргізу.

Кеден саясатына жататын  ұсыныстарды қарастыру және қабылдау, оның негізгі бағыттары болып саналатындар:

  • жалпы кеден тарифі, үйлесімділік жүйе негізінде қалыптасқан анықтама және тауарларды кодтау;
  • кеден бажының мөлшерлемесін өзгерту немесе алап тастау тәртібін қадағалау;
  • тарифтік жеңілдіктерді және артықшылықтарды беру;
  • кеден бажын, оның ішінде әдейі арналған, антидемпингтік, өтемақылық тәртіпті қолдану.

Кедендік тіркеу және ұйымдастыру тәртіптерін қадағалау:

  • жалпы кеден тарифінің номенклатурасының бөлігіндегі өзгерістер.
  • КО делегацияларының кеден тарифтік реттеу және басқа да сұрақтар жөнінде халықаралық келісімдер мен кеңес жүргізуде берілетін бұйрықтарды қарау;
  • КО заңдық актілердің жобаларын және кеден тарифтік реттеу жұмыстары туралы халықаралық келісімдерді қарастыру;
  • КО-на мүше елдердің кедендік қағидалары біртұтас жоғары деңгейге жеткізу мақсатында кедендік ынтымақтастық бағдарламаларын іс жүзіне асыру құралдарын іздестіру,
  • КО-ның құжаттарын қолдану жөніндегі пікірталастарды шешу;
  • кеден тарифтік реттеу және кедендік тіркеулер туралы хабарларды тарату;
  • КО-на мүше елдерінің ісі туралы ұсыныстарын қарастыру;
  • кеден саясаты сұрақтары туралы халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастық.

Кеден кеңесінің мақсаттары мен қызметтерінен басқа мынадай  құқық беріледі:

  • әкелетін және шығарылатын тауарларға қойылатын кеден баж салығы мөлшерлемесінің көлемін анықтау құқы, сондай-ақ оларға кіргізетін өзгерістер;
  • мерзімдік кеден баж салығын анықтау құқы;
  • жеке бастың қолданатын заттарына қойылатын кеден баж салығын қайтару жағдайын анықтау құқы;
  • Қазақстан , Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь Республикаларының жалпы кеден рыногын және біртұтас кеден аумағын қорғау мақсатында жалпы кеден тарифінің номенклатурасына өзгеріс енгізу құқы;
  • КО-на мүше 4 елдің сыртқы экономикалық қызметін әр түрлі тиімді әдістермен реттеуді қолдану құқы және осы елдер арасында максималды түсінісу мүмкіншілігін қамтамасыз ету.

Информация о работе Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі