Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:26, дипломная работа

Описание

Осы мақсатта диплом жұмысының міндеті төмендегі бағыттармен негізделеді:
кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын мемлекеттік реттеудің экономикалық маңызын айқындау;
кедендік төлемдердің экономикалық ролін арттырудағы кеден органдарының қызметін ашып көрсету;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың және транспорттық құралдардың кеден өткізу кезеңдерін теориялық негіздеу;
кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігін анықтау;
сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайын талдау;
экономиканы дамытудағы кедендік төлемдерге қатысты ұсыныстар жасау.

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..............................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі.............................7
1.2 Республика экономикасын реттеудегі кедендік қызметтің негізгі принциптері мен түрлері.......................................................................................9
1.3 Сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы...............................................15

2 КЕДЕНДІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлардың кеден құнын анықтау және кедендік төлем тәртібін талдау....................................................................................................................21
2.2 Кедендік төлемдердің жағдайын және кедендік қызметті басқаруды бағалау...................................................................................................................24
2.3 Кедендік және валюталық бақылау жұмыстарының нәтижелерін сипаттау.................................................................................................................35

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары................................................................................................................43
3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны..........................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................58
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Диплом (348).DOC

— 358.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан қазіргі кезде  дүниежүзілік сауда ұйымына кіру босағасында тұр. Халықаралық бұл  ұйымға мүше болу, біздің республикамызға  әлемдік рынокқа кіруіне есік ашады және оның пайдалы жақтары  бар, сонымен бірге жаңа дамып  келе жатқан отандық өнімнің әлемдік рынокқа шығуына жаңа мүмкіндіктер береді. бірақ әлемдік кеңестіктегі ғаламдық интеграциялық процестерді сөз еткенде, аймақтық байланыстарды ұмытпау керек.

Осыған байланысты, 1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы арасында Кеден одағы құрылды, кейінірек  Қырғызстан Республикасы, ал 1999 жылы 20 ақпанда Тәжікстан Республикасы мүше болып кірген болатын. Кремльде маңызды интеграциялық құжаттарға қол қойылды.

Бұл келісім  бойынша  біртұтас кеден кеңестігін құру және Одақтың «бестікке» айналуы көп  мәселелерді шешу керектігін көрсетті. Сонымен бірге Одақтың басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы «антикризистік» комитет құру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс ТМД елдерінің бір-біріне  жақындасуына тағы да бір қадам жасалғаны болар еді.

Қазақстан Республикасының КО-на кіру қажеттілігі және экономикалық тиімділігі төмендегі себептерге байланысты:

  • ТМД елдері экономикасының ынтымақтастығы мен өзара бағыныштылығының жоғары көрінісі;
  • Шаруашылық құрылымының артта қалуы;
  • әлемдік рынокта өнімдердің бәсекелесу мүмкіндігінің төмендігі;
  • рыноктық инфрақұрылымының нашар дамуы;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі т.б.

Сонымен, осындай жағымсыз фактордың болуы аймақтық интеграциялық дамудың қажеттілігі бар екенін, оның ішінде кеден одағы ауқымындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігін көрсетті. Айтылып кеткен жағдай төмендегі көрсеткіштерге талдау жасағанда белгілі болды (Қосымша №6). Мысалы: Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) адам басына шаққандағы өсуі  Қырғызстанда – 6 %, Беларуста – 3% , Қазақстанда – 1%-ке байқалса, ТМД-ның басқа елдерінде ЖІӨ 5%-ке төмендеген, оның ішінде Ресейде - 6% төмендеген.

Жалпы 2007 жылы өндірістің өсуі Беларуста – 3,2% Қазақстанда – 0,3% , Қырғызстанда – 10,8% болды, ал Ресейде өндірістің өсуі 5,5% көрсетті. 2007 жылы капитал салудың көлемі 2000 жылмен салыстырғанда Беларуста -89%, Қырғызстанда – 44%, Ресейде – 70%-ке төмендеді.

Кеден одағына мүше елдердің монетарлық қатаң саясат жүргізуі арқылы 2000-2007 жылдар аралығында ұлттық валютаның ауытқу бағамы АҚШ-тың долларына арақатынасы 70-221%-тен 10-18%-ке түсті. Сонымен, кеден одағының құрылуы, мүше елдердің экономикалық дағдарысқа қарсы бірігіп күш салысуы, инфляцияны төмендетуге, ұлттық валюта бағамын тұрақтандыруға, бюджет тапшылығын жоюға көмектесті.

КО-на кіретін елдердің негізгі экономикалық көрсеткіштерді, күштің қосылуының объективті негізі шамамен бір деңгейде десе де болады, сондай-ақ, территориялық шекаралық жағдайды да айту кету қажет. Сонымен бірге, көлік, коммуникациялық байланыстар, сауда қатынастары, кооперациялық байланыстар, одақ мүшелерінің рыногының ұқсастығы, өнім сапасының шамамен біркелкілігі объективті жағдайда серіктестік құруға алғышарттар жасайды. Одаққа мүше елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының нақты, тиімді жақтарын төмендегі кестеден көруге болады:

Жалпы алғанда, Қазақстан  Республикасындағы сыртқы сауда  операциясының 55%-і Кеден одағына  мүше елдердің үлесінде, оның ішінде сыртқы сауда айналымы белсенді сальдомен сипатталады (323,3 млн доллар көлемінде). 2001-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының экспорт өнімі бұл елдерге 1143,7 млн доллар немесе 51,4% (жалпы алғанда экспорт көлемінен) болды, ал импорт 813,9 млн доллар немесе 61,6% (жалпы импорт көлемінен).

Нәтижесінде Қазақстан  Республикасы КО-на мүше елдермен сыртқы сауда байланысында оң сальдо қалыптасуымен сипатталады. 2007 жылы Беларусь Республикасының Кеден одағына мүше елдерге негізгі экспорттық өнімдері мыналар болды: транспорттық құралдар (17%), машина және құрал-жабдықтар (18%), минералдық өнімдер (12%), химиялық өнімдер (12%), тоқыма (8%). Қазақстан ТМД елдеріне негізінен мұнай, көмір, газ (45%), астық, химиялық өнімдер, түсті қара металдарды экспортқа шығарады.

Қырғызстан Кеден одағына  мүше елдерге: дайын тамақ өнімдерін  экспорттайды: (қант, сусын), темекі шикізаты (30%), энергия (22%), мақта және тоқыма өнімдері (9%), машина, құрал-жабдықтар (9%).

Ресей Кеден одағына  мүше елдерге:энергия (53%), машина, құрал-жабдық (11%), химия өнімдерін (10%), қара металл (9%) экспорттайды.

Беларусь Республикасы достастық елдерінен энергия (45%), түсті металл (14%), химия өнімдері (18%); Қазақстан – энергия (28%), машина, құрал жабдық, транспорттық құралдар (12%), химия өнімдері (9%); Ресей – тірі малдар, химия өнімдері (12%), машина, құрал-жабдықтар (12%), импортқа алады.

КО-на мүше елдер алыс шетелдерден (20-30%) машина, құрал-жабдық (20-40%), азық-түлік (7-20%), химия өнімдері (5-9%), транспорттық жабдықтар импорттайды.

Беларусь республикасының  негізгі сауда серіктестіктері  оның достастық елдері болып табылады, (тауар айналымының жалпы көлемінің 66%), оның ішінде Ресей - 78% , Қазақстан  – 1,7% , Қырғызстан – 0,14%. Қазақстан Республикасының  сыртқы сауда айналымы достастық елдермен 61%-ін құрайды, оның ішінде Ресей елімен 79,4%, Беларуспен – 2,6%, Қырғызстанмен – 3,2%.

Қырғызстан Республикасының  тауар айналымында достастық  елдерінің үлесі 66%, оның ішінде Беларус  – 1,3%, Ресей – 35,1%, Қазақстан – 28,6% құрайды. Ресейдің негізгі сауда серіктестіктері алыс шетелдер болып саналады (тауар айналымының 77%-і), достастық елдеріне 23%, оның ішінде Беларусь – 20,5%, Қазақстан – 18,4%, Қырғызстан – 1,0%.

Көрсеткіштерді талдау нәтижесінде достастық елдерінің  ынтымақтастығы нақты мүмкіндіктерінен туған объективті жадай екенін және бұл елдердің экономикалық  байланыстарының өзара терең араласып кеткенін көрсетеді.

Бұның өзі кеден одағын құрудың дұрыстығын дәлелдейді, бұл  жерде негізгі принцип экономикалық құрылымының бір типтес болуы, біртұтас кеден территориясы, экономиканы басқарудың әдістері мен тұтқалары және үшінші ел үшін бірдей кеден тәртібін ұстау саясаты жатады.

КО-ның мақсаты және принципі сыртқы сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу әдістері болып табылады, осыған байланысты Кеден одағын құруда жаңа өзгерістер және жаңалықтар енгізіледі:

Тарифтік және бейтарифтік  реттеу құралы болып біртұтас кеден  тарифі жатады. Өңделген Конституциялық жоба бойынша барлық тауарларды үш топқа бөлуді ұсынады. Бірінші топқа  импорттық кеден баж салығы тура келетін тауарлар; екінші топқа импорттық кеден баж салығы шамалы және шартты емес болып келетін тауарлар, бірақ өзара келісудің нәтижесінде бірдей мөлшерлеме қойылады, үшінші топқа кеден одағына мүше елдердің айрықша немесе ерекше айырмашылығы бар өнімдері кіреді, бұл жағдайда протекционостік шараларды қолдану қажеттілігі туады.

КО-на мүше елдер арасындағы өзара саудада тарифтік және сандық шектеулер алынып тасталады.

Тауарлар мен қызмет көрсетудің экспорты мен импорты  бірдей тәртіп қабылдауда, мемлекеттік бақылауға және реттеуге жататын өнімдерді төрт топқа бөлуді ұсынады.

Бірінші топты лицензия арқылы шығаратын экспорттық тауарлар құрауды, яғни үкіметтің рұқсатымен шығарылады. Екінші топ стратегиялық маңызы бар номенклатуралық топтары 9-дан 25-ке дейін көтерілген тауарлар жатады. Стратегиялық тауарлар топтарының бұлай көтерілуі кеден одағына кіретін елдердің маңызды стратегиялық өнімдерінің бірігуінен деп түсіндіруге болады.

Ал, осы өнім түрлерін кеден одағына тыс жерге экспорттау контрактты тіркеу негізінде жүргізіледі. Үшінші топ тауарлар кеден одағынан тыс жерлерде халықаралық міндеттер көлемінде экспортталатын өнімдер. Төртінші топ тауарларды импортқа лицензия алу арқылы жүргізіледі.

Қазіргі кезде бұл  топ тауарларының номенклатурасы 11-ден 15-ке дейін көтерілді.Бұрынғы өнім түрлерінен басқа әскери, екі жақты қолданыстағы өнімдер дәрі-дәрмек өнімдері, дәрігерлік жабдықтар т.б. жатады.

Сонымен бірге, дамушы елдерге  қатысты біртұтас жеңілдік жүйесі қабылданады, оның бастапқы мөлшерлемесі екі есеге төмендетіледі, ал өте нашар дамыған елдерге мөлшерлеме мүлдем алынып тасталады.

КО келісімге қол қойғаннан бастап кеден тарифтік шектеулері алынып тасталды, нәтижеде елдер арасында тауар айналымы көрсеткіштері жақсарды. Мысалы, КО-на мүше елдердің өзара импортының үлесі: Беларусте 68%-тен 70%-ке, Қазақстанда 60%-тен 69%-ке, Ресейде 27%-тен 28%-ке ұлғайды.

Бұл жерде кеден тарифтік реттеу комиссиясының рөлін айта кету қажет, оның мақсаты кеден одағын дамыту және өркендету, сондай-ақ мүше елдердің кеден тарифтік, бейтарифтік реттеу мәселелерін қабылдауда бір шешімге келуін қамтамасыз ету.

Дегенмен, кеден одағы  құрылуымен бірге, салық акциз саясатының жақындауынан проблемалар туындайды, жанама салық жинауда айырмашылықтар бар екені көрінеді. Қазақстан  бұл салықты тауарды алушыдан, ал Ресей тауарды дайындау орнынан жинайды. Бұл дегеніміз, екі жақты салық алу, яғни саудаға да, өндірістің дамуына да кері әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде қосымша  бағаға қойылатын салық КО-на мүше елдерде 20%, Қазақстан бұл салықты 15%-ке төмендетуді, ал Ресей 22%-ке көтеруді ұсынады. Қырғызстан кеден одағы ауқымында қосымша бағаға қойылатын салықты мүлдем алып тасталуын ұсынады, олардың есебі бойынша тауар айналымының көлемі 30%-ке көтеріледі деп дәлелдейді.

Бірақ бұл идея қолдау таппай отыр, себебі қосымша баға бюджеті табыстың ең ірі баптарының бірі болып табылады. Одан бас тарту қазіргі кездегі бюджет тапшылығында мүмкін емес.

Дегенмен, қосымша салық  салу заңдарының айырмашылығына қарамастан, КО-на қатысушы елдердің басшылары өзара келісімге келді. 1998 жылдан бастап қосымша баға құнына салық жылына бір рет қана салынады.

Айта кететін жағдай, кез келген қауымдастық бірлігінде серіктестіктердің  тең құқықтығының сақталуы болып  табылады. Сондықтан әлде бір ел экономика жағынан өктем және ерекше жағдай болса, онда КО-на басқа мүше елдер сол елге бағыныштылыққа ұшырайды. Кеден одағы ауқымындағы жағымды бағыттар және оңды нәтижелер кеден ісін одан әрі тереңдетуге ықпал етеді, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстан кеден қызметкерлері арасында ақпараттық айырбас және бірігіп іс-әрекет жасау бағдарламасы жасалады.

Қазіргі кезде Қазақстан  кеден ісі өкілеттігін құру жұмысы жүріп жатыр. Бұлар халықаралық  келісімдердің басқару және бақылау  механизмдерін іске асыру жұмыстарымен шұғылданады. Бүгінгі күнде келісім ауқымында “Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден ісін басқару бірлігі” екі елде де ашылды.

Қазақстан Республикасының  келесі қадам кеден ісі өкілеттілігін  Брюссельде ашу, бұл жерде дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтері орналасқан. Бұл сұрақты шешу мәселесі Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа кірудің жаңа сатысы болып табылады.

Сонымен бірге, алыс шетел  кеден ісімен де байланысты тереңдету  жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы: Қазақстан Республикасы шетел министірлігі келісімі бойынша АҚШ, Моңғолия, Израиль елдеріне ұсыныс берілді. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасында  “Есірткі, контрабанда құралдарына қарсы күрес ынтымақтастық” келісім жобасы қабылданды.

Халықаралық кеден ісіне араласу  мақсатында көптеген дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар: “Коммерциялық мақсат пен уақытша жүк тасымалдау құралдарына сәйкес кеден конвенциясы” (18 мамыр 1956 ж., Женевада) қабылданған. “Контейнер ісі туралы кеден конференциясы” (1972ж.).

Кеден одағына басқа аймақта  Орталық Азияда құрылған. Бұл одаққа Қазақстан Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан Республикалары кіреді, оның  негізгі  қызметі осы елдер арасында кеден тарифтік және бейтарифтік саясатты қалыптастыру. Айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасында еркін сауда тәртібі жүргізіледі.

Бұл жағдай екі жақты салық салу деп құтылу келісімін ұзарту бойынша  жасалған шара деп түсінуге болады. Тауарларды экспорттау және импорттауда  бұл елдер кеден одағына мүше болғандықтан кеден баж салығы салынбайды. Ал Өзбекстан мен Қырғызстан арасында бұндай келісімге қол жетпегенін айтуға болады.

Кеден статистикасы бойынша Орта Азия одағы елдері арасында 1997 жылы қаңтар мен тамыз айларында айналымы 31,8% – 340 млн. доллардан 69,7 млн. долларға қысқарған.

Соған қарамастан Орталық Азия одағының дамуына бірнеше объективті себептер ықпал етеді. Олар КО территориялық еңбек бөлу нәтижесіндегі өзара бағыныштылық, шамамен экономикасының даму деңгейінің мәдени-тарихи дамуының ұқсастығы, сонымен бірге сыртқы факторларға бірлесіп қарсы тұру күшінің бірігуі және т.б.

Қорыта айтқанда, сыртқы сауда саясатының тиімді қалыптастыру достастық ауқымында  интеграциялық процесті жандандыру және дүниежүзілік сауда ұйымына  кіру мен әлемдік қауымдастыққа  араласу мақсатында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан ұлттық шаруашылық дамуына  бағыт алмай, мемлекет қызметі және дербестігі қамсыздандырылмайды. Біздің еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына  кіру мақсатында және сыртқы экономикалық саясатта көптеген нарық  талабына негізделген мәселелерді кезіктіруде. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың және транспорттық құралдардың өтуі кеден тәртіптеріне сәйкес жүзеге асуы уақыт талабы екені белгілі. Сондықтанда, кеден төлемдері мәселелеріне Қазақстанның баса назар аударуы оның тәуелсіздігі және дербестікті қамсыздандыратын объективті себептермен түсіндіріледі.

Информация о работе Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі