Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:26, дипломная работа
Осы мақсатта диплом жұмысының міндеті төмендегі бағыттармен негізделеді:
кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын мемлекеттік реттеудің экономикалық маңызын айқындау;
кедендік төлемдердің экономикалық ролін арттырудағы кеден органдарының қызметін ашып көрсету;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың және транспорттық құралдардың кеден өткізу кезеңдерін теориялық негіздеу;
кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігін анықтау;
сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайын талдау;
экономиканы дамытудағы кедендік төлемдерге қатысты ұсыныстар жасау.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..............................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі.............................7
1.2 Республика экономикасын реттеудегі кедендік қызметтің негізгі принциптері мен түрлері.......................................................................................9
1.3 Сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы...............................................15
2 КЕДЕНДІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлардың кеден құнын анықтау және кедендік төлем тәртібін талдау....................................................................................................................21
2.2 Кедендік төлемдердің жағдайын және кедендік қызметті басқаруды бағалау...................................................................................................................24
2.3 Кедендік және валюталық бақылау жұмыстарының нәтижелерін сипаттау.................................................................................................................35
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары................................................................................................................43
3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны..........................................................................47
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................58
ҚОСЫМШАЛАР
Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.
Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібімен беріледі және Кеден кодексінің 330 және 331-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес сипатта бола алмайды.
Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.
2007 жылы Ақтөбе облысы
бойынша кедендік бақылау
Кедендік төлемдер мен салықтардың түсімінің оң үрдісі экономиканың, оның ішінде сыртқы сауда айналымының өсуімен және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша қабылданған шаралар кешенімен байланысты.
Ақтөбе облысы бойынша өндірілген төлемдер мен салықтардың мемлекеттік бюджетке түсімі ұлғаюда. 2005 жылы мемлекеттік бюджетке 41 млрд.теңгеден астам түсірілген, 2006 жылы – 44,9 млрд. теңге, ал 2007 жылы төлемдер мен салықтардың сомасы 75,8 млрд. теңгеден асып кетті, бұл ретте 62,1 млрд. теңге жоспарланған болатын ( Қосымша №3).
Облыстың мемлекеттік бюджетке түсіріліп жатқан төлемдері мен салықтарының маңызды бөлігін кедендік төлемдер мен салықтар құрайды. 2007 жылы Ақтөбе облысының салықтан түскен түсімдерінің жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтардың үлесі 24,2% құрады (Қосымша №4).
Сәйкесінше кедендік төлемдер мен салықтардың бір қызметкерге шаққандағы түсімі өскен. 2007 жылы бір қызметкерге 58,6 млн. теңге тиесілі (Қосымша №5).
Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайын Алматы қаласы және Алматы облысы кеден басқару бөлімшесінің жүйесінде қарастырсақ:
Бөлімше жұмысының негізгі бағыттарына жататындар:
Бөлімшенің негізгі міндеттері және қызметтері.
Бөлім құжаттары:
Жұмысты ұйымдастыру:
Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік саясатты жүзеге асырушы орган – қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы “Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі” Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.
“Кедендік іс жөніндегі” Заңға сәйкес
Қазақстан Республикасындағы
Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік: Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы.
Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі осы органдар жүйесінің ұйымдық құрылымының қамтамасыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшеленеді.
Орталық кеден органы кедендік қызметтің барлық мәселелерімен айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық құрылымының негізін құраушы элемент болып Кеден есептеледі.
Кеден дегеніміз, бұл кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген және тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.
Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергілікті әкімшілікке тәуелсіздігі төмендегі жүйені құрудың айрықша белгісі болып табылады.
Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуекелділіктің жоқ болуы – жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөлігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.
Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің – біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы, яғни төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы – Кеден комитеті.
Кедендік органдардың негізгі қызметтері:
Негізгі функциялардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.
Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және елдегі кедендік қызметке тікелей жетекшілік етеді.
ҚР Кеден комитеті экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз етеді.
Кедендік басқармалар –
Қазақстан Республикасының кедендері – кедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізін құрайды.
Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгі бөлігін тікелей кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгізуді талап етті. Бұрын-соңды кедендік бақылау кедендік шекарада орналасқан нүктелерде ғана жүргізіледі. Сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясынан бас тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынша негізгі жұмыстар кедендік шекарадан мемлекет ішіне ауыстырылады.
Осының нәтижесінде «ішкі кедендер» құрылды және қазіргі таңда олар кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, тауар өндірушілерді кедендік органдармен байланыстырады, шекара маңындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал етеді. Бұл кедендерді «ішкі және сыртқы» деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкіндік береді.Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың, сонымен бірге, пошталық жіберулер мен басқа да жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды.
Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өтуіне рұқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келеді.
Бүгінде кедендік қызметтер
комитет аппаратынан, 14 облыстық кедендік
басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік
бекеттен тұрады. Кедендік қызмет сонымен
бірге әскери-шекаралық
Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында.
Сондықтан да кедендік пункттер арасындағы шекаралардың ара қашықтығы – 150-200 м, ал кейбір жерлерде – 500-600-ге жетеді. Ал барлық өркениетті елдерде көрші орналасқан пункттер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады, яғни олардың арасындағы қашықтық – 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың шекарасында тұру үшін 12 мың адам қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың километрге созылып жатыр.
Информация о работе Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі