Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:26, дипломная работа

Описание

Осы мақсатта диплом жұмысының міндеті төмендегі бағыттармен негізделеді:
кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын мемлекеттік реттеудің экономикалық маңызын айқындау;
кедендік төлемдердің экономикалық ролін арттырудағы кеден органдарының қызметін ашып көрсету;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың және транспорттық құралдардың кеден өткізу кезеңдерін теориялық негіздеу;
кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігін анықтау;
сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайын талдау;
экономиканы дамытудағы кедендік төлемдерге қатысты ұсыныстар жасау.

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..............................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі.............................7
1.2 Республика экономикасын реттеудегі кедендік қызметтің негізгі принциптері мен түрлері.......................................................................................9
1.3 Сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы...............................................15

2 КЕДЕНДІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлардың кеден құнын анықтау және кедендік төлем тәртібін талдау....................................................................................................................21
2.2 Кедендік төлемдердің жағдайын және кедендік қызметті басқаруды бағалау...................................................................................................................24
2.3 Кедендік және валюталық бақылау жұмыстарының нәтижелерін сипаттау.................................................................................................................35

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары................................................................................................................43
3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны..........................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................58
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Диплом (348).DOC

— 358.50 Кб (Скачать документ)

Алматы қаласы мен  Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды  мысалға келтіру отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың қызметтерін қарастырғанда, оның құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:

1. Кедендік тексеруді  ұйымдастыру бөлімі – Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттарды төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:

  • еркін айналым үшін тауарларды шығару;
  • тауарлардың реимпорты;
  • тауарлар импорты;
  • тауарлар реэкспорты;
  • тауарлар экспорты;
  • тауарларды жою;
  • мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
  • салықсыз сауда дүкені;
  • кедендік қойма;
  • еркін кедендік аймақ және еркін қойма;
  • тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;
  • Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарларды өңдеу;
  • кедендік тексеру арқылы тауарларды өңдеу;
  • уақытша сақтау қоймасы;
  • кедендік территориядан тыс жерде тауарларды өңдеу;
  • жүктердің кедендік құжаттарын дайындау.

2. Кедендік төлемдер  бөлімі – кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режимге сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдарды белгілейді және жинайды; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарладың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлар әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсуі мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операцияларды аудиторлық тексеруден өткізеді.

3. Контрабандамен және  кедендік ереже бұзушылықпен  күрес жүргізу бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ережелерді бұзу бойынша тергеу жүргізеді; оперативтік тергеу қызметін жүзеге асырады; тексерудің техникалық құралдары мен арнайы дайындалған із кесуші иттерді қолдану арқылы есірткі заттар мен жарылғыш құралдар контрабандасы фактілерін анықтау шараларын жүргізеді; құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.

4. Кедендік қорғау  мен режим бөлімі – кедендік шекараны, кедендік орган объектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтік-кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару-жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдану ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

5. Тауарларды жеткізу  мен транзиттік бақылау қызметі – «транзит» атты кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит (ІКТ) шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды; «Тауарлар экспорты» және «Тауарлар реэкспорты» деген кедендік режимге енгізілген тауарлардың іс жүзінде шетке шығарылуына бақылау жасайды.

6. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі – кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.

7. Өзіндік қауіпсіздік  қызметі – кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттардың шетке шығуына тыйым салады.

8. Кадрлар бөлімі – кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарында тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.

9. Бухгалтерлік есеп  пен есеп беру бөлімі – кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың үнемді және тиімді шығындалуын бақылау жасайды.

10. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді,  қажетті жићазбен және кеңсе  тауарларымен, қызмет орнымен, қоймамен  қамтамасыз етеді; транспорттық  құралдарды пайдалану  бойынша  жұмыстарды ұйымдастырады, телефон  байланыстарымен қамтамасыз етеді.

11. Құжаттық қамтамасыз  ету бөлімі – құжаттау және  іс қағаздарын толтыру жұмыстарын  ұйымдастырады, үйлестіреді және  бақылайды.

12. Ақпараттарды қорғау  қызметі – кедендік мекемедегі  режимді қамтамасыз етеді; азаматтық  қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.

13. Заң қызметі –  кедендік мекеме қызметіндегі  заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз  етеді, кедендік басқармалардың  құқықтары мен мүдделерін қорғайды; Қазақстан Республикасындағы заң  актілері бойынша үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.

14. Пресс қызметі –  халықаралық жіберулерді – ұсақ  пакеттер, бандероль, сектограмма,  баспа өнімдері бар «М» атты  қапшықтардың кедендік құжаттарын  дайындайды.

15. Сыртқы экономикалық  байланыс қызметі – кедендік  қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен кездесулері бойынша елшіліктер және өкілдермен кездесулер немесе келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.

16. Акциздік кедендік  бекет -  тауарға белгі жасалуы  тиіс шетелдік жекелеген акциздік  тауарлардың кедендік құжаттарын  дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

 

2.3 Кедендік және валюталық  бақылау жұмыстарының нәтижелерін  сипаттау

 

Кедендік бақылау –  Қазақстан Республикасы кеден заңдылығын сақтау және халықаралық келісімдер мен одан туындайтын халықаралық  міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету  мақсатында елдің кеден органдары  қолданатын жиынтығы.

Кедендік бақылау механизмі  кедендік комитетпен анықталады және кеден органдары адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтін техникалық құралдарды қолдана алады. Сонымен қатар, кедендік бақылау мен тексеру жүргізу кезінде республика шекарасы арқылы тауарларды, өзге заттарды өткізетін немесе сақтауды жүзеге асыратын кәсіпорын не ұйымның өкілі қатысуы міндетті шарт болып табылады.

Кедендік бақылау уақытша  сақтау қоймаларына, кеден қоймаларына, еркін қоймаларға, еркін кеден  қоймаларына, алымсыз сауда дүкендеріне және басқа орындарға орналастырылған, кедендік бақылауға жататын тауарларды сақтау, құжаттарды тексеру, қажетті кеден мақсаттарын мәлімдеу, тауарларды және транспорттық құралдарды кедендік тіркеу және есебін алу негізінде жүзеге асады.

Тауарларды және транспорттық құралдарды кеден тексеруінен өткізу кедендік бақылаудың басқа түрлерімен бірдей болып келеді, тек қана тексерудің емес, сонымен қатар тауарлардың және транспорттық құралдардың жолдама кеден құжатын зерттеу, мәлімдемені салыстыру, құжатта жазылғандарды нақтылау секілді қызметтерді білдіреді. Егер керек болса, кеден органдары кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және транспорттық құралдардың бөлек банкілік операцияларын, есептерінің күй-жағдайы туралы құжатты толтыруды жүзеге асыратын банкілер және басқа да мекемелерден сұрау салу құқы бар. Кеден бақылауын ықыласты өткізу үшін құқық қорғау, салық және басқа да мемлекеттік органдар кеден органдарына қажетті мәлімдемелерді хабарлаулары тиіс.

Жеке тексеру орталық  кеден орган басшысы немесе оны орнын басушы тұлғаның шешімімен өткізіледі, егер Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кеден бақылау аймағында немесе халықаралық әуежай транзиттік аймағында өзімен бірге Қазақстан Республикасы заңын бұзатын зат жасырған деген күдік туындаған болса.

Қазақстан Республикасының  орталық кеден органымен дайындалған  жеке тексеруді өткізу туралы шешім  жазбаша түрде болады. Жек тексеруді  өткізер алдында кеден орган  лауазымды тұлғасы жеке тұлғаға  Қазақстан Республикасының кеден  органы басшысының жеке тексеру шешімін, тексеру өткізуінде оның құқықтары және міндеттерін таныстыру және жасырынған тауарлар ерікті беруге ұсыныс жасау қажет. Жеке тексеруден өтетін жеке тұлға құқығы:

  • жеке тексеруді өткізгенге дейін жеке тексеруді өткізу туралы шешіммен және жеке тексеру өткізу тәртібімен танысу;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарында айқындалған немесе Қазақстан республикасының заңын бұзады деп табылған, жасырған тауарларды өз еркімен беру;
  • Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды тұлғасына жеке тексеруді өткізуін протоколға енгізуі туралы арыз жазу;
  • жеке тексеру нәтижелерімен және іс жүргізгендегі құжаттармен танысу;
  • Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды тұлғасының әрекетіне шағымдану;
  • қорғаушы  қызметін пайдалану.

Жеке тұлғаға жеке тексеру өткізу нәтижесі туралы протокол көшірмесін және тауарды алып кету туралы актісін береді.

Кеден бақылауы арнай  кеден бақылауы аймақтарында жүзеге асады. Тауарларды жылжыту, сауда қызметін іске асыруы кеден орган рұқсатымен орындалады. Кеден тәртібіне сәйкес кезеңнің басталуынан аяқталуында болады.

Тауарлар және транспорттық құралдарды шеттен әкелуін кедендік бақылауы Қазақстан Республикасының  кеден шекаралары кесіп өту кезеңінен  басталады және тауарлардың Қазақстан  Республикасының аумақтарына еркін айналдыру үшін шығаруында аяқталынады. Тауарлардың тасып шығарылуында кедендік бақылау кедендік декларация қабылдау кезеңінен басталады және Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесіп өту кезеңінде аяқталады.

Кедендік бақылау өткізу әдістеріне келесілерді қосуға болады:

  • кедендік бақылауды мұқият өткізу үшін мамандарды және эксперттерді тарту;
  • транспорттық құралдарды және тауарларды орналастыруды теңестіру;
  • тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізетін заңды және жеке тұлғалардың қаражаттық және сыртқы экономикалық қызметін тексеру;
  • ішінара бақылауды өткізу.

Кедендік бақылау органдары  ерекше тауарларды өткізуде, сонымен  қатар көрінген проблемаларды шешу мақсатында арнайы білімдер талап етіледі, сондықтан мамандарды, эксперттерді, белгілі ғалымдарды, кәсіпкерлік құрылымдарды шақыра алады. Мамандарды және эксперттерді шақырғанда, егер олар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істесе, орташа еңбек ақы сақталынатын ескерту қажет. Егер олар жұмысты орындауда күнделікті міндеттерді кедендік шеңберге кірмесе немесе жеке құрылымдарда жұмыс істесе, олардың жұмысына кеден органдарымен ақы төленеді. Мемлекеттік мекеме жұмысшыларын кеден органдары кеден бақылау өткізу үшін шақырғанда, олардың келуі міндетті болып саналады.

Кедендік бақылауға  жататын тауарлар немесе транспорттық құралдар орналасатын немесе орналаса алатын транспорттық құралдарды, жабық жерлерді және басқа да орындарды және Қазақстан Республикасының кеден органдарымен жүзеге асатын бақылау орындарын Қазақстан Республикасының кеден органдарымен теңестіріле алады. Теңестіру пломбалар, баспалар, цифрлік және әріптік таңбалар, теңестірілген белгілер, штамп, үлгілер, тауарлардың суреттеулері, құрастырушы чертеждер, масштаб бейнелері, фотографиялар салу арқылы және басқа да құжатнаманың тәсілдерімен жүзеге асады. Теңестіру құралдары тек қана Қазақстан Республикасының кеден органдарымен немесе олардың рұқсатымен өзгере алады. Қазақстан Республикасының кеден органына теңестіру құралдарын өзгерту, қашықтау немесе құрту туралы кідірмей хабарлайды және көрсетілген қауіп бар екенін дәлелдейтін дәлелдерді таныстырады.

Қаражаттық және сыртқы экономикалық қызмет тексерулерін өткізгенде Қазақстан Республикасының кеден  органдарының лауазымды тұлғалары  таныстыру құжатнамасын, сыртқы экономикалық қызмет жасауға рұқсат қағазын, кедендік іске және Қазақстан Республикасының кеден органдарының функцияларына қатысы бар құжаттар болуын, жазбаша және ауызша түсіндіруді талап ете алады және Қазақстан Республикасының орталық кеден органымен қондырылған актімен алып кетуге құқы бар. Алынып кеткен құжаттар Қазақстан Республикасының заңымен анықталған мезгіл ішінде қайтаруға тиіс.Қаражаттық және сыртқы экономикалық қызметі тексерілетін жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды тұлғалары тексеруді жүзеге асыру барысында заңсыз зиян келтірмеуге тиісті. Тексеру нәтижелері тауар иесіне кідірмей хабарлануы қажет. Тексеру нәтижесінде алынған барлық мәліметтер жасырын болып табылады және жұртқа жаюға жатпайды.

Кеден бақылау өткізуі  барысында әдіс ретінде ішінара кеден бақылау қолданылады. Егер тауарлардың ресми мінез–құлқы туындатылған ішінара бақылаудан көрініп тұрса, жан-жақты қамтылған тексеруге қажеттілік жоқ, сондықтан мына кеден бақылау әдісі уақтылы қолданылады. Басқа әдістерді және кеден бақылау түрлерін қолданбаса, онда ол тауар иесі кеден заңын сақтау міндетінен босатылады және Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарт тарын бұзады дегенді білдірмейді. Кез-келген уақытта ішінара бақылау бақылаудың басқа түрімен ауыстырылады, ал бақылаудан босатылғандар кеден бақылауының кез келген түрін өткізуіне ұшырауы мүмкін.

Информация о работе Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі