Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:26, дипломная работа

Описание

Осы мақсатта диплом жұмысының міндеті төмендегі бағыттармен негізделеді:
кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын мемлекеттік реттеудің экономикалық маңызын айқындау;
кедендік төлемдердің экономикалық ролін арттырудағы кеден органдарының қызметін ашып көрсету;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың және транспорттық құралдардың кеден өткізу кезеңдерін теориялық негіздеу;
кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігін анықтау;
сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайын талдау;
экономиканы дамытудағы кедендік төлемдерге қатысты ұсыныстар жасау.

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..............................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі.............................7
1.2 Республика экономикасын реттеудегі кедендік қызметтің негізгі принциптері мен түрлері.......................................................................................9
1.3 Сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы...............................................15

2 КЕДЕНДІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлардың кеден құнын анықтау және кедендік төлем тәртібін талдау....................................................................................................................21
2.2 Кедендік төлемдердің жағдайын және кедендік қызметті басқаруды бағалау...................................................................................................................24
2.3 Кедендік және валюталық бақылау жұмыстарының нәтижелерін сипаттау.................................................................................................................35

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары................................................................................................................43
3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны..........................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................58
ҚОСЫМШАЛАР

Работа состоит из  1 файл

Диплом (348).DOC

— 358.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Президентінің, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік хатшысының, Қазақстан  Республикасының премьер-министрінің, сенат төрағасының, Қазақстан Республикасының  парламентінің, Қазақстан Республикасының  парламент мәжіліс төрағасының және олардың жанұя мүшелерінің жеке жүгі жеке тексеруге жатпайды. Сенат депутаттарының, Қазақстан  Республикасының министрлерінің және кабинет мүшелерінің, Қазақстан Республикасының парламент мәжіліс мүшелерінің, Қазақстан Республикасының бас прокурорының, Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі төрағасының, Қазақстан Республикасының жоғарғы сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасының өзіндік қаражаты кедендік тексеруден өтпейді, егер Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өзінің депутаттық немесе міндетті қызмет атқаруымен байланысты кесіп өтсе. Тауарларды және транспорттық құралдарды шығаруынан кейін де кедендік бақылауды жүзеге асыруға болады. Егер Қазақстан Республикасының заң негіздері немесе Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттары бұзылады деген күдік жеткілікті болса, онда тауарлардың және транспорттық құралдардың шығаруынан тәуелсіз кедендік бақылау атқарылады. Бұндай жағдайда кеден органдарымен тауарлардың барысы тексеріледі, оларды қосымша қараудан өткізеді, кедендік құжаттарда жазылған мәлімдемелері қайтадан тексеруден өтеді, сауда құжаттарды тексеріледі, әсіресе сыртқы экономикалық қызметке қатысы бар болуы қадағаланады. Тексеру декларантты табу орындарында, осы операцияларға тіке немесе жанама қатысы бар немесе қажетті құжаттарға ие тұлғалар қатысуымен өткізіле алады.

Тауарлар немесе транспорттық құрал кеден декларациясын қабылдау күнінен 10 күн кешіктірмей кеден  органдарымен бірге өз қалауымен кедендік тексеруге қатыса алады. Декларанттардың тексеруге қатысуы жиі қажетті болады, себебі жүк тасу операциясының қайсысы қарапайым екенін көрсетуге, сынаулар және тауарлардың үлгілерін алуға және басқа да әрекеттерге көмектеседі. Бұл орайда кеден алуға және басқа да әрекеттерге көмектеседі. Бұл орайда кеден органдары бұлардың қатысуымен талап өтуі  еркі бар.

Қазақстан Республикасының  кеден органдары кеден бақылауындағы  транспорттық құралдарды және тауарлардың  қаттауын қашан болса да өткізу еркі бар, сонымен қатар тауарлардың кедендік төлемдер және салықтары төленбеген болса.

Кез келген мемлекетте валюталық  сфера мемлекет жағынан валюталық  реттеу астында болады. Валюталық  реттеу – мемлекеттік ақша-несие  саясатының бөлігі болып келеді, экономикалық тұрақтылығын сүйемелдеуге бағытталған, экономикалық тұрақтылығын сүйемелдеуге бағытталған, экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз етеді, валюталық құндылықтар операцияларын өткізу шамасында құрады және валюталық шек қою және бақылау механизмі арқылы іске асады.

Валюталық бақылау мақсаты  толықтықты және дер кезінде валюталық  түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар импорт мақсатында теңге және шетел валюта құралдары  заңды және негізді қолдан болып  табылады. Валюталық бақылау негізгі  бағыттары келесілер болып табылады:

  • экспорт-импорттық валюталық операциялардың анықтамасын заңға сәйкестігін және қажетті болса лайықты лицензиялары немесе тіркеу куәліктері болуын анықтау;
  • төлем тексеруін негіздеу;
  • экспорт-импорттық валюталық операцияларды тіркеуінің толықтығын және есеп объективтілігін тексеру.

Валюталық бақылау механизмінің негізгі элементі ретінде келісім  төлқұжаты енгізілген. Келісім төлқұжаты  – бұл валюталық, банкіде немесе кеден органында ұйымдасқан бақылаудың негіздік құжаты және сыртқы экономикалық келісім туралы мәлімдемелерді қалыптастырады. Экспортер (импортер) келісім жасалғаннан кейін, міндеттемелерді атқару мезгілі өткенге дейін кез келген келіскен жақтар (резидент немесе резидент емес) кеден органында және банкіде дайындалған келісім төлқұжатын жасауға міндетті. Экспортер (импортер) келісім шарттарынан тәуелсіз (Қазақстан Республикасы аумақтарына кеден дайындаулары аяқталғанға дейін және кейін тауарға ақы төлеу) сол аймақта қызметі тіркелген кеден органында келісім төлқұжатын дайындауды бастайды. Экспортер (импортер) кеден органына келісім төлқұжатының үш данасын ұсынады. Экспортер (импортер) келісім төлқұжатымен бірге кеден органына келісім төлқұжаттары негізінде жасалған контрактысын және келісім төлқұжатының электрондық көшірмесін ұсынуға міндетті.

Кеден органының лауазымды  тұлғасы құжаттарды тапсыру күнін  есептемегенде, жұмыс күндерінің екі  күн ішінде тапсырылған құжаттарды шолып шығады, келісім шартына  келісім төлқұжатының сәйкестігін  тексереді және келісім төлқұжаттарын  дайындауда қабыл алмауға арналған негіздер жоқ болса, экспортермен немесе импортермен алып келінген келісім төлқұжаттары даналарына қол қояды:

  • кеден органының лауазымды тұлғасымен қол қойылған, нөмірлік жеке баспасымен куәландырылған келісім төлқұжатының бір данасын экспортерге (импортерге) қайтып беріледі;
  • келісім төлқұжатының екінші данасы экспорт немесе импорт бойынша кеден органымен іс қағаздар папкасын ашу негізінде етеді;
  • келісім төлқұжатының үшінші данасын банкіге кеден органдары бағыттайды және банкі үшін экспорт немесе импорт бойынша іс ашу негізінде қызмет етеді.

Кеден органдары келісім  төлқұжаттары данасын алуынан кейін  экспортер немесе импортер кеден  органдарымен дайындалған келісім, келісім төлқұжатын және оның электрондық  көшірмесін банкіге кідірмей тапсыруға міндетті.

Банктің жауапты қызметкері құжаттарды тапсыру күнін есептемегенде, екі жұмыс күндері ішінде экспортерлер мен импортерлердің тапсырған құжаттарын шолып шығуы қажет. Банктің жауапты  қызметкері келісім төлқұжаттарын  дайындауда қабыл арналған негіздер болмаса, импортер немесе экспортермен тапсырылған келісім төлқұжаттары данасын қол және баспаны қояды.

Импорттық келісім ақы  төленуіне арналған банктік төлем  құжаттары импорт бойынша келісім  төлқұжаты және шетел әріптесімен  келісім негізінде импортермен дайындалады.

Экспортер шотына валюталық  түсімдерімен қатарға енгізу және импорт мақсатында төлем өткізу келісім  төлқұжатын дайындаудан кейін банкпен  жүзеге асады. Түсетін сомаларды  теңестіруді жеңілдету мақсатында экспортер шетел төлеушісін экспортердің ақшаларды санап шығуына арналған құжаттарды, келісім реквизиттерін және осы келісім бойынша экспорт пайдасына шешілетін келісім төлқұжаттарды нөмірін нұсқау қажеттілігі туралы ескертеді. Банкаралық құжатта экспорт бойынша келісім шарт төлқұжатына банкке түскен ақшаларды жатқызуға арналған қажетті мәліметтердің жоқ болуы барысында, банк оларды транзиттік шотқа енгізеді және теңестіруге жатпайтын сондай түсімдерді экспортерге ескертеді. Экспортер банктің жазбаша ескертпесін алғаннан кейін, екі жұмыс күні ішінде банкке келісім реквизиттерін нұсқауымен түскен сомма мінез-құлығы туралы жазбаша хабарлау және экспорт бойынша келісім төлқұжаттары нөмірін беруге міндетті.

Банк ай сайын айдың  бесінен кешіктірмей, экспортерлермен  жасалған келісім төлқұжаттары бойынша  түскен барлық ақшалардың сомаларын және импортерлермен жасалған келісім төлқұжаттары бойынша осы банкіде жүзеге асырылған төлемдерді кеден органдарына хабарлайды. Бақылауды жүзеге асыру мақсатында түскен валюталық түсім және туындатылған төлем туралы мәліметтерді экспорт және импорт бойынша іске тіркеледі, банкімен және кеден органдарымен негізделеді.

Кеден органы банк хабарлауынан кейін импорт бойынша туындатылған төлем және экспорт бойынша түскен валюталық түсім туралы мәліметтерді электрондық базаға енгізеді және валюталық  түсімдердің түсу уақытын және толықтылығын және тауар түсімдерінің келісім шартқа сәйкес туындатылған импорт төлемдерімен сәйкестілігін тексереді. Егер валюталық түсімдер толық емес болса немесе экспорт бойынша келісім төлқұжатында көрсетілген мерзімді бұзса, онда экспортер себептерін банкіге және кеден органдарына хабарлай отырып, валюталық түсімдерді толық алуына арналған шара қолдануға міндетті.

Егер келісім шарт тауарды партиялап жеткізуді  ескерсе, ал ақы төлеу нақты түскен кезекті партияға қойылса, онда импортер банкке алынған тауарға жүк таситын кедендік декларациясы көшірмесін төлем құжаттарымен бірге ұсынады.Егер келген құжаттар келісім шарттарына сәйкес болса, онда банктің жауапты қызметкері төлем құжатына рұқсат етілетін бұрыштаманы қояды. Егер тауар түспесе, онда импортер тауар түспеуін негіздеу себептерін және келісім шарттарын өзгерту туралы қосымша келісімді банкке ұсынады.

Егер тауар толық  көлемде емес түскенде немесе келісім  төлқұжатында көрсетілген импорт мерзімін бұзса, онда импортер кеден органына бұзу себептері туралы хабар берумен қатар импорт бойынша тауарды толық алуына арналған шара қолдануға немесе тауар импортына арналған ақы төлеміне аударылған ақшаларды қайтаруға міндетті. Түсетін тауарларды теңестіруді жеңілдету мақсатында импортер жабдықтаушыны импортер мекенжайына бағытталатын және импорт бойынша тауарларды өз пайдасына түсіру келісілген және келісім реквизиттері мен нөмірлерін растайтын келісім төлқұжаттарын жолдама құжаттарда нұсқау қажеттілігі туралы ескертеді. Валюталық түсім толық немесе дер кезінде түспесе, онда кеден органдары экспортерге Қазақстан Республикасының алдын ала ескерілген заңына сәйкес санкция қолдану еркі бар, ал кеден салық, құқық қорғау органдарына және ұлттық банкке хабар бағыттау құқы бар. Кеден органдары келісім жігерлігімен сәйкестікте тауарды дер кезінде түсуін бақылауды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК  ІС-ӘРЕКЕТІН ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Республикадағы кедендік  төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары

 

Қазақстан Республикасының  кеден қызметін реформалаудың мақсаты  экономикалық саясат пен мемлекеттің  қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы сауданы  дамытуға жан-жақты ықпал ету  болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасының негізінде алынды.

Кеден қызметін реформалаудың  негізгі міндеттерін шешу сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды, СЭҚ-ға қатысушыларға қызмет етудің сапасын арттыруды және уақытын  қысқартуды, бюджетке төлемдердің түсуін арттыруды, есірткілердің, қару-жарақтың, мәдени құндылықтардың контрабандасының жолын кесудің тиімділігін көтеруді, материалдық ресурстарды көлеңкелі айналымнан шығаруды, ұйымдасқан қылмыскерліктің әлсіреуін, Қазақстан Республикасының екі жақты және халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ықпал етуді және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне біртіндеп кіруін қамтамасыз етеді.

Болашақта кеден қызметінің дамыту жолдары, ақпараттық-талдау жүйесі мен кедендік технологиялардың банкін құру. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілуде.

Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтерін енгізілуде.

Қазіргі заманғы кеден  қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік  құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылау және фискалдық функцияларды орындайды.

Қазіргі заманғы кеден  жүйесінің негізгі кемшіліктері:

  • жүйенің ішіндегі ақпараттық қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;
  • жалпы басқару жүйесін қалыптастырудың аяқталмауы;
  • заңдар базасын жетілдірілмеуі;
  • кеден ісі саласындағы контрабанда мен қылмыстарға қарсы күрестің жеткілікті мөлшердегі тиімді шараларының болмауы;
  • кеденшіні әлеуметтік қорғау мәселелері кешенінің шешілмеуі, кәсіби кадрлардың жетіспеуі;
  • жеткіліксіз материалдық-техникалық база болып табылады.

Мұның бәрі шешетін міндеттер  мен сыртқы экономикалық қызметтің  әр түрлілігіне қайшы келеді, СЭҚ-ға қатысушыларға кедендік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігіне нұсқан келтіреді, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыруда проблема туғызады, кедендік ережелердің бұзылуына әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасының  кеден қызметін реформалаудың басымдықты бағыттары мен негізгі міндеттері:

Информация о работе Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі