Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................5

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

Работа состоит из  1 файл

агроөнеркәсіп (2).doc

— 621.00 Кб (Скачать документ)

Математикалық әдістерін  ауылшаруашылық өндірісін жоспарлауда  қолдану агроөнеркәсіпті  сала ретіндегі  айрықша ерекшеліктеріне  байланысты қиындықтар туғызады.

Агробиологиялық факторларын, жұмыстарды орындаудың маусымдылығын және  басқа жағдайларды есепке алу қажеттілігі  талдау үдерісін  қиындатады және сала дамуындағы  тұрлаусыздық элементтерін күшейтеді, ал бұл сала дамуының үрдісін үлгілеуді қиындатады.

Экономикалық үлгілеуді  жетілдіру үшін көрсетілген шарттарды жеңілдету қажет. Аумақтың нормативтік қорын (базасын) және бұның негізінде оңтайлы жоспарларды құру   қазіргі кезде, ауылшаруашылық жоспарларының ғылыми растығы мен тиімділігін көтерудің басты шарты.

Аграрлық мәселемен  айналысатын Ресей ғалымдары және отандық ғалымдар облыс, аудан деңгейіндегі экономика-математикалық  үлгілерді әзірлеген, үлгілеу  нақты шаруашылықтарға, аудандарға және бұлардың салаларына жеткізілген. Бірақ аудандық деңгейдегі есептер мөлшерлері өте үлкен болғандықтан үлгіні қолдану өте қиын мәселеге айналды.

Диплодық жұмыс ізденіс  тақырыбына және онда алға қойылған мақсаттарға  байланысты, майлы дақылдардың ішкі кешені құрамындағы ауыл шаруашылықтарын  оңтайлы орналастырудың  үлгілер  жүйесін қарастырдық.

Үлгілер жүйесін әзірлеу ауыл шаруашылық   өндірісінің қиындығынан, бұның нәтиіжесіне  әсер ететін факторлардың бейнелілігінен, өндірістің мамандануының, қауымдасуының тереңденуінен, салааралық байланыстардың өсуінен, агроөнеркәсіп бірлесудің дамуынан, аумақтағы ауылшаруашылық өндірісінің табиғи экономикалық жағдайларының көп түрлілігінен  және осы өндірістегі әртұрпаттағы  кәсіпорындардың санының көптігінен  шығады.

Біршама жоғарыда келтірілген  ғалымдардың ғылыми жұмыстарында АӨК  үлгілеудің әр түрлерінің  толық  жіктелімі келтірілген, яғни аймақтық салалық, жергілікті және т.б. АӨК деңгейіндегі жүйенің үлгісін әзірлеудің теориялық мәселелері кең көрсетілген.

Сонымен қатар, Республика деңгейіндегі АӨК әзірлеудің де тәжірибесі бар.Агроөнеркәсіптік интеграцияның  үлгісін зерттеулерде көбінде назарды оның мәніне, оның формаларына, нақты көрінісіне, кейбір ішінара  проблемалары  мен міндеттеріне аударылады.

Экономика-математикалық  үлгілер жүйесі дегеніміз ұдайы  өндірістің  экономикалық-ұйымдық, технологиялық үдерістерін бұлардың объективті өмір сүру бірлігінде көрсететін логикалық, ақпараттық және алгоритмдік байланыстар үлгілерінің жиынтығы.

Осы жағдайларды және сонымен қатар ауыл шаруашылық өндірісін  орналастыру мен мамандандыру факторларын, өсімдік майының өнімдік ішкі кешенін және басқа салаларды болашақта дамыту мен орналастырудың үлгісін құруда есепке алу қажет.

Сол үшін майлы дақылдар өнімдік ішкі кешені салаларының  құрамындағы ауыл шаруашылық саласын  жоспарлауда, экономика – математикалық  үлгілер жүйесіне қойылатын негізгі талатар, жоспарлаудың төмендегі әдістемелік қағидаларынан туындайды:

- берілген ішкі кешеннің  қызметін жүзеге асырудың ең  тиісті жоспарлы шешімдерін алуды  қамтамасыз ету. Яғни, АӨК-нің  түпкілікті мақсаттарына тиімді  жетуге және ондағы ауыл шарушаылықтың   атқарымдық міндеттерін шешуге ықпал ету.Бұл үшін жүйе, майлы дақылдар ішкі кешені үлгілерінің жалпы жүйесімен қатар, аумақтың жалпы агроөнеркәсіп кешені құрамындағы  ауыл шаруашылығын  оңтайлы жоспарлау үлгілерінің жүйесімен өзара байланыстыру қажет;

- ауылшаруашылықты жоспарлауда, оның салааралық,салалық және аумақтық байланыстары мен үйлесімдеріне кешендік әдіспен бейнелеу. Бұл талап үлгіден үлгіге оларға кіретін өндірістік жағдайлардың шеңберін кезеңді үздіксіз кеңейту арқылы, іске асады;

- ауыл шаруашылығындағы ұлғаймалы ұдайы  өндірістің күрделі үрдісін толық көрсету үшін көп түрлі математикалық аппаратты (статистикалық- математикалық, корреляцмялық- регрессиондық, индекстік, трендтік, оңтайлы әдістер,   және т.б әдістерді) қолданылады.

Үлгілер жүйесі үшін шешудің әр кезеңінде жүзеге асырылатын өнімдік ішкі кешеннің ауыл шаруашылығы мен басқа салаларының арасындағы оңтайлы дамуы тән.Бұдан басқа майлы дақылдар кешені үлгілерінің жүйесінде майлы дақылдар шаруашылығы мен олардың шикізаттарын өңдейтін саралар арасындағы тепе-теңдік сәйкестік қамтамасыз етіледі. Майлы дақылдар ішкі кешенінде  өндірістік –технологиялық байланыстар біржақты бағыттамада  болады.Облыстағы майлы дақылдар өнімдік ішкі кешеннің элементтерінің жоғары деңгейінен төменгі деңгейіне дейінгі кезеңді үлгілеуге болады. Бұлар ақпараттар ағыны арқылы бір бірімен органикалық байланыста. Бір үлгіні шешу нәтижесі келесі үлгі үшін ақпарат көзі болып есептелінеді. АӨК-і салаларының дамуын оңтайлы жоспарлауда үлгілердің барлық жүйесін үш буынға бөлуге болады.

Бірінші- республикалық  майлы дақылдар өнімдік ішкі кешенін  тұтас қамтитын республикалық деңгейдегі үлгілер; республиканың  оңтайлы  келешек  қажеттіліктерін анықтау  үлгілері;

Екінші-ауыл шаруашылықтың  және оның салалық құрылымының дамуын жоспарлау үлгілері; ауыл шаруашылықтың аумақтық- салалы құрылымының дамуы мен орналасуының оңтайлы үлгілері.

Үшінші –республикалық  майлы дақылдар өнімдік ішкі кешеніне   кіретін салалар мен өндірістерді дамыту және орналастыру үлгілері, яғни тасымалдау, сақтау және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеуді дамыту мен орналастыру.

Болашақ қажеттіліктерді  анықтау, өндірістің құрылымын қалыптастыру, ресурстарды салалар арасында таратуда АӨК-ін барлық салаларының даму қарқынын жоспарлаудың маңызы үлкен.Майлы дақылдардың дәні мен оны өңдеудің қажеттіліктерін  болжау тамақ өнімдерін тұтыну құрылымының  өзгеруінің белгілі  беталысына негізделеді және Қазақстан Республикасы медициналық ғылымдары тамақтану институтында  әзірленген тұтынудың тиімді нормасы негізінде анықталады.

АӨК-де ауыл шаруашылық салалары құрылымының дамуын оңтайландыруда:

-ресурстар мен (оның  ішінде жер, еңбек) ауыл шаруашылық  өнімдеріне қажеттіліктер арасындағы  оңтайлы байланыстыруға қол жеткізіледі;

- саланың өтпелі және  түпкілікті өнімдерінің құрылымы  мен құрылымы анықталады, сол себепті, АӨК-ң ауыл шаруашылық салаларының ішкі салалық үйлесімдері оңтайланады;

-майлы дақылдар өнімдік  ішкі кешенінің ауыл шаруашылығында  тепе-теңдік сәйкестікке  жеткен  әртүрлі салаларына, жоспарлы  кезеңде  инвестицияларды бағыттаудың қажетті құрылымы анықталады;

- қолда бар ресурстар  мен өнім өндірісін  қажетінше  көбейту немесе майлы дақылдар  өнімдік ішкі кешенінің  ауыл  шаруашылықтарында өнімдердің берілген, тұтынылатын, өндіру көлемдерінде  шығындарды мейлінше азайту.

Майлы дақылдар кешеніндегі экономикалық өзара байланыстарды талдауда  математикалық-статистикалық  әдістерді  пайдалануға болады.

Экономикалық байланыстардың  математикалық көрінісінің берілуі  оның өндірістегі  өзара байланыстары мен көрсеткіштерінің арасындағы заңдылықтарды анықтауды, оларды математикалық формулалар көрінісінде бейнелеу.

Экономиканы зерттеу  жағдайында статистикалық – математикалық  әдістерді қолдану өндіріс үрдісіндегі  экономикалық көрсеткіштерді өзгерме  шамалар түрінде бейнелеуге мүмкіндік  береді. Бұл кезде, экономикалық көрсеткіштер  нәтижелері мен оған әсер етуші факторлар көрсеткіштері арасындағы өзара байланыстарды талдау ерекше мәнге ие.Өндіріс процесіне қарай нәтиже шамасының өзгеру заңдылықтарын білу стратегиялық жоспарлы басқарудың қажетті шарты болып есептелінеді. Ойымызша, бір немесе бірнеше факторлардың әсер етуші шама мөлшерін немесе өндіріс нәтижесіне әсер етуші факторлар кешенін білу, келешектегі стратегиялық жоспарлау көрсеткіштерін ғылыми негіздеп беруге мүмкіндік береді.Болжау нәтижелеріне сәйкес салынған диаграммада майлы дақылдарға арналған егістік көлемі 2010 жылы 0,9%  өседі, яғни үлкен өзгерістер болмайды .

13-Кесте. ОҚО-ы шаруашылықтарындағы  майлы дақылдар егіс көлемдерінің  құрылымын салыстырмалы бағалау.

 

 

Ауыл шаруашылық дақылдары және оның топтары

Орташа 2001-2004жж.

2010 жыл 

/болжам/

2010 жылдың

/болдам/ 2001-2004 жж. орташа  деңгейіне

мың. га

%

мың. га

%

мың. га

%

1

Дәнді барлығы

221,4

30, 9

185

23,5

-36,4

83,6

2

Көкөніс және бақша

38,6

5,4

50,5

6,4

11,9

130,8

3

Картоп

3,0

0,4

9,5

1,2

6,5

316,7

4

Шиітті мақта 

177,5

24,8

235,4

30,0

57,9

132,6

5

Майлы дақылдар:

61,0

8,5

85,5

10,9

24,5

140,2

6

Күнбағыс

12,2

1,7

14,5

1,8

2,3

118,9

7

Мақсары

48,8

6,8

71,0

9,0

22,2

145,5

8

Жемдік, барлығы

215,5

30,1

220,0

28,0

4,5

102,1

9

Барлық егістік

717,0

100,0

785,9

100,0

23,5

103,3

 

 

Шиітті –мақта негізінде  облыстың төрт ауданында орналастырылады, яғни облыстың жалпы егістік көлемінен  Мақтаарал шаруашылықтарында -54,1 %, Шардара- 15,5%,  Түркістан-13,3%, Ордабасы- 6,5% және Сарыағаш 6,4%, егістік көлеміне орналастырады.

Мақсарыны орналастыру  бес ауданның шаруашылықтарында  шоғырланады: Қазығұрт, Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек және Сайрам аудандарында және бұл аудандардың мақсары егістік  көлемінің 94,5% құрайды.

 

3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе негізінде басқару

 

Экономиканың басқа  салалары сияқты ауыл шаруашылығы да өтпелі кезеңді бастан өткеруде. Мұнда  ауыл шаруашылығы нарығының ырықтануын тереңдету және кәсіпорындардың  өндірістік іс-әрекеттеріне мемлекеттің тапсырыстарымен бағаны бақылау арқылы ғана араласуын күшейту үрдістері белең алуда. Өнімнің тұрақты өтіміне кепілдік беретін жүйенің жоқтығы және баға тепе – теңсіздігі салдарынан ауыл шаруашылығы үздіксіз ұдайы өндіріс  үшін өзіндегі бар әлеуетін толығымен іске асыра алмауда. Бүкіл ел көлемінде  өзінің техникалық  дамуын кідіртіп алуына байланысты ауыл шаруашылығы  машина жасау саласының, химия және отын – энергетика кешенінің, құрылыс заттары өнеркәсібі мен   жеңіл өнеркәсіп  өнімдерінің ірі тапсырыс берушісімен тұтынушысына  айнала алмауда.Негізінен, ауылға жұмыс істеуші кәсіпорындардың  пайдалылық деңгейі ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді.

    Көпшілік елдер  аграрлық саясатты аса маңызды,  стратегиялық сала ретінде ресми түрде қарастырады. Жоспарлы экономикадан жаңа нарық жүйесіне өту үшін біршама еркін макроэкономикалық орта қажет.Сондай-ақ ауыл шаруашылығының өзіне тән айқын ерекшеліктері инвесторлар үшін оның тартымдылығын төмендетеді. Өндірістің маусымдық сипаты мен жоғары қор сыйымдылығы; табиғи –климаттық жағдайларға тәуелділігі; аграрлық салада қолданылатын материалдық- техникалық   ресурстардың  қозғалымсыздығы: тұрақты табыс алудың үнемі жоғары тәуекелге бағыныштылығы; көптеген ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныстың икемсіздігі; шығын жұмсау мен өнім алу кезеңдері арасындағы уақыттың ұзақтығы және басқа да ерекшелікте  АӨК салаларын бәсекеге қабілетсіз жағдайға ұшыратады.Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына  тән айқын ерекшеліктері бар:

1. Ауыл шаруашылығы  өндірісінің негізгі құралы саналатын  жердің  сапасы қанағаттанғысыз.  Оның құнарлығы күрт нашарлап, құрамындағы қаршірік көлемі  азайған. Ауыл шаруашылық жерлерінің  елеулі бөлігі ауыл шаруашылық  дақылдарын  өсіруге жарамсыз, көптеген алқаптарда  бұтақтар өсіп кеткен, топырақ қышқылдылығы да жоғары. Жер құнарлығын ең болмағанда 80- жылдардағы деңгейге дейін қайта қалпына келтіру үшін қомақты, ұзақ мерзімді  инвестиция қажет.

Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары