Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................5

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

Работа состоит из  1 файл

агроөнеркәсіп (2).doc

— 621.00 Кб (Скачать документ)

Облыстың жалпы импорт көлемінде азық-түлік тауарларының импорты 7,9% болды. Азық-түлік тауарларының барлық импортының ішінде 91,3%-ын облыс  аумағында өңдеу мүмкін болған немесе ұқсас тауарлар  құрады, яғни облыстың өңдеушілік әлеуеті толық пайдаланылмай жатқанын білдіреді.

2007 жылы азық-түлік  тауарлары импортының құрылымының  елеулі үлес салмағын өсімдік  майы 36,8%, сүт және қоюланған қаймақ -14,4% құрады.

Облыс тұтыну нарығының  жағдайын Республикада, өндірілген өсімдік майларымен  салыстырғанда жоғары ерекшелік байқалады және оның тапшылығы байқалады. Бірақ облысқа әкелінген өсімдік майларының басым беталысын  болдырмауға барлық алғы шарттар бар. Яғни облыстың  жағдайы өсімдік майымен тек өзін ғана емес, сонымен бірге республиканың басқа аймақтарын қамтамасыз етуге мүмкіншілігі жетеді.Себебі 2006 жылы тұрғындардың облыстың өзінде өндірілген өсімдік майымен қамтылуы 7,2% болды. Бірақ бұған қарамастан, шетелдік өсімдік майын өндірущшілер ішкі нарықта бәсекелестікті одан әрі жалғастыруға ықпал етуде.Бұл жерде маңызды рөлді тұтынушылар қалауы, талғамы атқарылады.2006 жылы облыста 2001 жылмен салыстырғанда өсімдік майы өндірісі 1,1 есеге өссе де, сол жылы облысқа 12,5 мың тонна өсімдік майы әкелінген. Шеттен импорттық өсімдік майларын шексіз мөлшерде кіргізу, отандық өндірушілердің даму мүдделеріне қарсы келеді.Сол себептен өсімдік майларын кіргізуде мелекеттік реттеу бақылаудыкүшейту жөн. Бақылау болмаса, әкелінген тауардың жаппай импорты ішкі нарықтан отандық өндірушілердің шығып келу қаупін тудырады, ал бұның салдарынан отандық өндірістер жұмысын тоқтатуы мүмкін.

2007 жылы облысқа азық-түлік  тауарлары импортының жартыдан  аса көлемі- 65,2% ТМД елдерінен  келген. Тауарлардың осы тобының  ТМД елдердегі импортында Ресей Федерациясының үлесі 81,4% немесе  5547,0 мың доллар АҚШ доллары, ал азық-түлік тауарлары импортының жалпы көлеміндегі Ресей үлесі 53,0% құрады.Облысқа сары май, ет консервілері, қант импортның барлық көлемі және өсімдік май импортының 40,1% -ы Ресейден әкелінген.

ОҚО-ы  Иранда шығарылған 6194,8тонна күнбағыс майы әкелінген, бұл осы тауардың жалпы импортының 55,%. Мақта майы барлық фракциясының көлемі-600,0 тонна Қытайдан, маргарин импортының 82,3 % (292,6 тн) Туркиядан әкелінген.

Талдау көрсеткендей, облысқа көп жағдайда отандық өндірушілер өндіре алатын өнімдер шеттен кіргізіледі. Азық-түлік тауарларының импорты әліде болса валюта қорларының шетке кетуінің арнасы болып тұр, ал бұл қорларды экономиканың нақты секторына жаңа техника мен озық технологияларды алуға, барды жаңалауға жұмсау тиімді болар еді.

Қазіргі таңда отандық  азық-түліктер сапасы мен бағалары жағынан тартымдылау болуда. Мұндай қалыптасқан жағдай отандық өндірістің тауарларымен тек ішкі нарықты толықтыру  ғана емес, сонымен қатар, басқа елдердің нарығына белсенді кіруге мүмкіндік  береді. Алайда, отандық азық-түлік өнімдерінің экспортқа шығару қарқыны  өте төмен.

Облыстың экспортының  жалпы мөлшерінде азық-түлік емес тауарлардың үлесі басым. Бұл  жағдайда  әлемдік тәжірибені пайдаланып, азық-түлік экспортын  мемлекеттік  қолдаудың және жаңғыртудың жүйесін құру өте қажет.Азық-түлік экспортын белсенді түрде мемлекеттік қолдау, отандық тамақ және өңдеу өнеркәсібінің даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Әлемдік стандартқа сәйкес экспортқа шығатын жоғары сапалы өнімдердің өндірісін ұлғайту, азық-түліктерді отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеттерінің жалпы көтерілуіне ықпал етер еді. Мемлекеттік қолдау, жоғары дәрежеде өңделген өнімдердің үлесін көтеру арқылы шегарадан шығару құрылымындағы прогрессивті қозғалысты қамтамасыз етеді. Бұл осымен қатар, шет елдерден ұқсас  тауарларды (өсімдік майы, кондитерлік бұйымдар, сүт өнімдері) алып келу қажеттілігінен бас тартуға мүмкіндік береді.

2007 жылы өткен жылмен  салыстырғанда өсімдік майын  өндіру -1,1 есеге, соның ішінде  мақсары  майы -1,7 есеге өсті. «Шымкентмай» ААҚ-да рапс пен горчичник майын өндіру жолға қойылып келеді.

Облыста өсімдік майын  негізгі өндірушілері: «Шымкентмай» ААҚ-ның  үлесі 2007 жылы жалпы май  өнімінің 97,9% -ын (2002 жылы 80,8%-ын) және мақсары  майының – 76,0%-ын (25,4), ал «SANA» ЖШС-ге жалпы күнбағыстың 1,2% -ын (12,7%) өндірді (кесте 12).

 

12-кесте. Майлы дақылдарды  өңдеу бойынша кәсіпорындардың  өндіріс көлемінің серпіні.

 

 

Кәсіпорындар

2005-2007ж орташа жұмысшы  саны, адам

 

Жылдар

2007ж

2005ж сал-да 

2005

2006

2007

%

1. Өндіріс көлемі, тн.

         

«Шымкент май ААҚ»

610

5151

23427

43693

288,4

«Қайнар» ААҚ

220

1870

1647

1985

106,1

«Арай »ЖШС

150

2511

3492

4797

191,0

«Сана» ЖШС

54

907

1880

1467

161,7

«Ақ-май »ЖШС

86

1159

1598

1902

164,1

Барлығы:

1120

21298

32044

53844

249,3


 

Қазіргі таңда облыста майлы дақылдарды өндірудің экономикалық әлеуеті өте жоғары. Облыстың топырақ-климаттық жағдайы тек шиітті мақта, күнбағыс және мақсары өндіру емес, сонымен бірге, соя рапс, т.б.майлы дақылдарды өндіруге болады. Айта кететін жай, соя мен рапста топырақтың құрылымын және құнарлылығын жақсылайтын қажетті артықшылықтары бар.

Майлы дақылдардың осындай  сипаты әлемдегі негізгі ауыл шаруашылық аумақтарыда да өнімді ауыстырып, егу  жүйесінің ғылыми негізде жүргізілуіне  жол қояды.

ОҚО-да жоғарыда айтылған мақсары, күнбағыс және шиітті-мақта  дақылдарынан басқа майлы дақылдар әліде болса кең таралған жоқ. Бірақ ғылыми негізде дұрыс селекция жұмыстары жүргізілу және тұқымдық дәнді өндіру және өңдеу  технологиясын  жетілдіру нәтижесінде өнімділігі жоғары  майлы дақылдарды өндіріп мүмкіншіліктерді  толық пайдалану мүмкін.

Болашақта майлы дақылдардың  өнімдік ішкі кешенінде табысты  қызмет атқару үшін ауыл шаруашылық тауар  өндірушілерінің  инвестициялық  белсенділігін арттырудың және инновацияны  пайдалануын, олардың қызметтерінің стратегиялық бағытын таңдап, басқару шешім қабылдаудың маңызы үлкен.

Әсіресе күнделікті тұтынушылық  сұранысы болған, бәсекелес ұйымдардың қызмет сипаттарына қарсы толық  жауап бере алатын ішкі және сыртқы нарыққа негізделінген  инновациялық ғылыми жаңалықтарға ерекше назар аударған жөн. Қазіргі таңда банк құрылымдары агроөндіріс кешенін дамытуша инновациялық процестерді несиелеуде  жеңілдіктер беруді жолға қоюда.

Инвестициялық белсенділікті  арттыруды ең қажетті мүмкінщілік  –бұл өндірістік процестерді  жоғары қарқында  дамытуда бюджеттен алынған инвестицияны және мақсаттық бағытқа арналған қаржыны уақытында алып пайдалану.

 Майлы дақылдар  өнімдік кешені бұл – азық-түлік  өнеркәсібінің инвестицияны ең  көп қажет ететін және көп  құйылатын саласы.Оның өнімдеріне әрдайым сұраныс бар, кәсіпорындар бәсекелік  үстемділігі жоғары, түрлі тұтынушылық қажеттілігі мол өнімдерді өндіруі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан  облысында майлы дақылдарды өндіру бойынша және тұрғындарды жоғары сапалы өсімдік майымен  толық қамтамасыз ету үшін «өнімді өндіру-өңдеу-сақтау- оны сатудың» жан жақтылығын қамтитын біртұтас  процесті  іс-жүзіне   асыруға жүйелі  стратегиялық жоспар қабылдап, іс-шараларды жүзеге асыру қажет.

Бұл біртұтас кешенде  жоғары тиімділікке жету үшін тек  техникалық қамтамасыз етілуі жағы емес, сонымен қатар ауылшаруашылығы, оның өнімін өңдеу өнеркәсібі және  сауда салаларының экономикалық- ұйымдастыру, басқару біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы үлкен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ΙΙΙ.Агроөнеркәсіп  өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.

 

3.1 Өсімдік  май өнімдерін өндірудің шикізаттық  базасын дамыту келешегі

Қазіргі таңда аграрлық секторды дамыту мәселелерінің маңызды, құрамдас бөліктерінің бірі – елдік  әр аумағының  табиғи жағдайларын  тиімді пайдалану негізінде ауыл шаруашылық өндірісін орналастыруды негіздеу болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи және ауа райы  жағдайларына сәйкес жылуды көп қажет ететін шиітті мақта, көкөніс, жеміс, күнбағыс, мақсары, және басқа да майлы дақылды ауыл шаруашылық өнімдердің өндірісін дамытуға мүмкіндігі үлкен.

Табиғи –тарихтық  және экономикалық жағдайларға байланысты  облыс аумағындағы  ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі мамандануы мен оның орналасуы, ауыл шаруашылық өндірісінің мамандануының бірнеше  зоналарын қамтиды: 1) мақта (тегістік зона); 2) мақта-мал шаруашылығы; 3) дамыған астық (дән)  шаруашылығы бар, мақта –егін жерлері; 4) қала маңындағы (дамыған жеміс шаруашылығы бар, көкөніс – сүт зонасы); 5) таулы жеміс-көкөніс және астық –мал шаруашылық; 6) қой шаруашығы және т.б.

Мақта шаруашылық зонасы Мақтаарал  облыстағы жалпы мақта  көлеміндегі үлесі – (62,4 %), Шардара (13,5% ), Сарыағаш (2,8%), Түркістан (11,5%) аудандарындағы мақта шаруашылықтарын қамтиды.

Маманданған мақта шаруашылықтары егістік аудандарының құрылымы бойынша көпсалалық шаруашылықтарға  жатады.Әр егістік аудандарында мақта өсімдігінен  басқа астық, көкөніс, бақша, майлы және  жемшөп дақылдары егіледі, кейбірінде бау-бақш мен жүзім өндіріледі. Қосымша сала ретінде шаруашылықтарда малдың әр түрлері  өсіріледі.

Дамыған астық шаруашылығы  бар тәлімі  зона, суарылатын және тәліми жерлерде орналасқан. Осыған байланысты мақта өсімдігіне, көкөніс – бақша  дақылдарын өндіруге маманданған бұл  шаруашылықтар өздеріне бекітілген егістік жерлеріне  майлы дақылдарды  егумен және өнімді мал өсірумен айналысады. Қазығұрт,Сарыағаш, Ордабасы және Төлеби аудандары шаруашылықтарында  майлы дақылдардың  сәйкесінше  10,5%, 31,7%, 16,3%, 7,9%,  яғни облыс майлы дақылдарының 50% астамы өндіріледі.

Азық-түлік қауіпсіздігінің  бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс а АөК-де мақта мен майлы дақылдар өндірісі бойынша жаңа маманданған  шаруашылықтарды, агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық аралық кооперация негізінде  құру талап етілуде. Сондықтан майлы дақылдар мен мақта өндірісі бойынша зоналарды кеңейту және құру үшін облыстың кейбір шаруашылықтары менаудандарының жеміс-көкөніс астық  өндірісіне мамандануын өзгерту қажет.

Таулы зонадағы жеміс-көкөніс  және астық мал  шаруашылығына  маманданған  шаруашылықтарды таудың табиғи жағдайына байланысты егістік жерлердің барлық түрлері бар. Сондықтан, бұл шаруашылықтрда айрықша Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында, бау мен көкөніс шаруашылықтары тек тұрақты суармалы жерлерде ғана емес, сонымен бірге , жағдайға қарай суарылатын және егісті жерлерде  дамыту үшін құралған.Кез келген өндірістің әлеуетін көтерудің бірден бір факторы оның шикізаттық базасын  нағайту. Ал бұл үшін осы базаны  оңтайлы орналастыру  және мамандандыру өте маңызды.

Майлы дақылдар өндірісінің  терең мамандануы мен шоғырлануын жүзеге асыру үшін осы дақылдарды өндіретін шаруашылықтардың  кооперациялық бірлесуі бұрын астық , көкөніс және бақша дақылдарын өндіретін шаруашылықтарда дамуы мүмкін.Обьлыстың аграрлық секторының аумақтық ерекшеліктер мұндағы шаруашылықтардың өзіндік ерекшеліктерімен яғни олардың оңтайлы орналасуы, мамандануы және салалық құрылымымен, дамудың қол жеткізілген деңгейі және қарқынмен, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуімен және т.б. шарттарға байланысты.

Облыстың экономикасы  тек өзінің ресурстарына   негізделмейді, шикі заттар мен өнімдер елдің басқа аймақтарынан алып келінеді.Облыстың аумақтық экономикасын кешендік дамуының мәселелерін шешу үшін өнімді кіргізу және шығару бойынша сапалы жаңа аймақаралық және ішкі аймақтық байланыстарды таңдау маңызды болып келеді. Ал келешекте бағдарлама әзірлеудің негізгі бөлігі, қойылған мақсаттарға еңбек пен ресурстардың ең аз шығындарында қол жетуді қамтамасыз ететін ауылшаруашылық өндірісін орналастыру болып табылады.Осыған байланысты, бар ресурстық және басқа өндірістік мүмкіндіктер негізінде ауыл шаруашылық  өндірісін оңтайлы орналастыру мен мамандандырудың  әдістемелік жақтарын  құрастыру маңызды.Шаруашылықтарды орналастыру және мамандандыру   үлгілерін экономика – математикалық әдіспен шешуді көптеген ғалымдар әзірлемелерінде қарастырған. Бірқатар экономист – математиктер бұл салада өздерінің елеулі үлесін қосты.

Басқарудың негізгі  қызметі- оңтайлы жоспарлаудың басымдылығы  математикалық әдістері мен компьютерлік техника көмектерімен орналастырудың жоспарларының барлық мүмкін болатын нұсқаларының ішінен  жалпы кешеннің  нақты жағдайларын, объективті сандық сипаттамаларын және техника-экономикалық  көрсеткіштердің   өзара тәуелділіктерін есепке алып, ең жақсысын таңдап, алу мүмкіншілігін береді. Математикалық әдістердің барлық артықшылықтары   мен кемшіліктеріне қарамастан ауыл шаруашылық үрдісін жоспарлауда желілік, біртұтас үрдістің жекеленген элементтері арасындағы  сан өлшемдерінің зерделенбегендігіне   байланысты өндірістің елеулі жағдайларының сан бағалауының мүмкін еместігі себептерінен тәжірибеде қиындықтар туады.

Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары