Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа
Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.
Кіріспе.........................................................................................................5
Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30
ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93
2. Облыс территорясының
басым бөлігі жер
3. Облыста өндіріс құрылымын қайта құру, егістік алқаптарын қысқарту және өндірісті қол астына алу үрдісі белең алуда.
4. Ғылыми-техникалық прогрестің,
озық технологияның және ауыл
шаруашылығындағы өндірісті
5. ОҚО-ның ауылдық жерлеріндегі инфрақұрылымның даму деңгейі төмен, яғни жол салу , байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету және сумен жабдықтау мәселелері жағынан елеулі қиындықтар кездеседі.ауылдық елді мекендер көгалдандыру деңгейі жөнінен және тұрғын үй, мектеп, аурухана секілді тұрмыстық-әлеуметтік қызмет көрсету ғимараттары жөнінен қаладан едәуір артта қалып отыр.
6.Қазіргі кезде
Оңтүстік Қазақстан облысының
ауыл шаруашылығы өндірісі
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен жұмыс істеуі жағдайындағы басқару тиімділігін бағалауда қажеттілік критерийін пайдалану Оңтүстік Қазақстан облысының майлы дақылдар өндірісті ұйымдастырудың кластерлік жүйесінің аса маңызды қағидасы болып табылады.Сондықтан, басқару шешімдерінің тиімділігін бағалау жүйесі қоғамға пайдалылығы тұрғысынан сәтті сынақтан өткен өнімнің тұтыну құнына негізделу керек. Демек, тиімділік өлшемі ретінде өндірістік емес, тұтынылатын қоғамдық өнім, яғни ұдайы өндіріс циклінің барлық кезеңдерінен өткен өнім негізге алыну қажет. Осы қағиданы Оңтүстік Қазақстан өсімдік май өнеркәсібін кластерлеу кезіндегі басқару шешімдерін бағалауда қолдануға шешім қабылдану қажет. Мұнда майлы дақылдар өндірумен қатар оны өңдеу және одан дайын өнім жасау потенциалының тиімділік деңгейін де анықтау қажет.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында кластерлік заң арқылы өндірісті ұйымдастыру үшін мақта шаруашылығының қай бағытын (сұрыптау, тұқым дайындау, егу, өңдеу, тоқыма өнеркәсібі, т.с.с.) қандай капиталмен (отандық немесе шетелдік) қаржыландарудың тиімді екендігін анықтау өзекті мәселеге айналып келеді.Әсіресе, мұндай шешім кластерлік әдіс бойынша қайта құрылған кәсіпорындар іс-әрекетінің нәтижелілігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы нақты іс-шаралар мен басым бағыттарды жетілдіруде және маркетингтік зерттеулер мен жарнамалық бағдарламаларды жүзеге асыруда өте маңызды.
Жаңа шаруашылық жағдайларда менеджмент мәселесін шешуге қабілетті, әрі кластерлік негізде өндірісті ұйымдастыруға қажетті мамандар тапшылығы байқалған шақта басқарушы персоналдың басым бөлігін құрайтын шаруашылық жүргізуші басшыларды даярлау мәселесінің өзектілігі артып келеді.
ОҚО-дағы майлы дақылдар
және шітті мақта өңдеуші кластерді
ұйымдастыру барысында осы
Инновациялық даму түріне өту барысында корпорацияларды ұйымдық қайта құру мәселесі дербес ғылыми-өндірістік құрылымдарды қалыптастыруға және ғылыми-зерттеу ортасында тең құқылы серіктестерге білім беруге негізделеді. Мұндай серіктестер ғылыми-зерттеу еңбегі мен оның нәтижесінің әртүрлі болуына байланысты мақсаттары, міндеттері, қызметтері, құрылымдары, жұмыс істеу механизмдері және дербестік деңгейі бойынша бірден теңдей дәрежеде болмаса да, корпорацияның өзге кәсіпорындарымен және бөлімшелерімен коммерциялық есеп айырысу негізінде өзара әрекет ететін тең құқылы шаруашылық субъектілеріне бірте –бірте айналуға талпынуы қажет.Яғни, жаңа ғылыми- зерттеу құрылымдарының іс-әрекетінде шаруашылық келісім-шарттар жасасу, ғылыми өнім мен қызметтерге шарттық баға белгілеу , тауар түріндегі интеллетуалдық жекеменшікті қалыптастыру, әкімшілік пен зерттеушілер, сынақтан өткізушілер, экономистер, инженерлер, техниктер арасында шарттық қарым-қатынастарды орнату және осы қатынастарды нарықтық ортаның мүмкіндіктері мен жағдайларына сәйкестендіру секілді экономикалық құралдар пайда болуға тиіс.
«Оңтүстік май» корпорациясындағы ғылыми-техникалық орталықтың функционалдық және құрылымдық- экономикалық ерекшеліктері өзгермей тұрмайды. Олар ғылыми-техникалық даму мен нарық талаптарына және корпорацияның коммерциялық ахуалындағы өзгерістерге сай жедел қайта құрылуға икемді, қабілетті, бейім болу керек. Алайда жедел функционалдық және құрылымдық өзгерістер ғылыми-техникалық орталық іс-әрекетінің стратегиялық бағытын бұзбауы тиіс.
Мұндай агроөнеркәсіптік
құрылымдар құрамына, қаржылық ресурстарды
біріктіру үшін қолайлы
Тамақ өнімдерін өндіруге
Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша
ОҚО-ы бойынша
құрылуға ұсынылып отырған
Агроөнеркәсіп корпорациясының кластерлік жүйе негізінде құрылу мақсаты интеграциялық біріккен, жекеленген құрылымдардың табыстарының жай сомасынан асатын мейлінше көп пайда алу, сонымен қатар жиынтықтағы барлық кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мұның барлығы ұдайы өндіріс үрдісіндегі барлық кезеңдерді өндіруден өнімді өткізуге дейін үйлестіру (координация),теңестіру, материалдық , қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалану, ысырапты жою, өнімнің сапасын көтеру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және түпкілікті тұтынушылар араларындағы көптеген делдалдарды болдырмау арқылы қол жеткізуге болады.
Ұсынылып отырған ұйымдық- өндірістік құрылым акционерлік қоғамның алдында тұрған міндеттердің сипаттары туралы көрнекті көрініс береді.Құрылымдағы әлеуметтік буынды талдау бұған кіретін кәсіпорындардың елеулі бөлігі, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет атқаратын, яғни натуралдық шауашылық ретінде көрінеді.
«Оңтүстік май» корпопациясының өндірістік –коммерциялық бағытталуы ауыл шаруашылық өнімін өндіру, өңдеу және өткізу тұтастығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге, еңбек ұжымының мүшелерінің шығармашылық дамуына мүмкіндік береді.
Коммерциялық қызметті күшейту және әлеуметтік – тұрмыстық мәселелерді шешуге бағдарлау нәтижесінде ұйымдық-өндірістік құрылым агроөнеркәсіп корпорациясының анық бейнеленген өндірістік, өңдеу, коммерциялық және әлеуметтік даму бағытына негізделінген.
Қаржы ағымдарын басқаруды,
корпоративтік орталықта
«Оңтүстік май» корпопациясының қаржы қызметі өнімді өндіру және өткізу үрдісінде маңызды рөл ойнайды. Қаржы қызметі корпорацияның тұтас және әрі оның кәсіпорындарының өндірістік және әлеуметтік дамуы үшін қаржы ресурстарының жеткілікті санын құруға; кәсіпорынның инвестициялыры мен ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етуге; қаржыжоспарларын әзірлеу мен іске асыруға ; корпорация ішіндегі, сонымен қатар, одан тыс жерлерде өнім мен қызметтер үшін есептеулерді дұрыс ұйымдастыруға бағдарланады.
Ағымдарды қаржылық басқару үдерісінде құрылымдық бөлімшелері және корпорацияның өзі үшін қаржылық қызметтер баланстар жобалайды және типтік қаржы – есеп беру құжаттары, ақша құралдарының қозғалу баланстары, қаржылық талдау, жоспарлау және болжау негізінде қаржылық нәтижелері туралы есептер әзірлейді.Интеграциялық бірлесудің ұйымдық ресімделуі болмауы да мүмкін. Бұл жағдайда бірігуші кәсіпорындар арасындағы қатынастар – келісім шарттар, жеткізілім шарттары, сату сатып алу қатынастары және басқа экономикалық қатынастар негізінде құрылады. Интеграциялық бірігудің орталықтандырылған ұйымдық әкімшілік органы болуы мүмкін. Бұл жағдайда агроөнеркәсіп кәсіпорындары, бірлестіктері, кешендері құралады. Мұндай құрылымдар толық заңды, дербестік, немесе басты кәсіпорынға қызметтерін ішінара табыстау негізінде жұыс істеуі мүмкін.Сонымен, қоғамдық өндірістің дамуын талдау, агроөнеркәсіп құрылымдарын құру заңдылықты, объективті, қажет үдеріс, екендігін көрсетеді.Бұл үдеріс белгілі материалды – техникалық, әлеуметті –экономикалық және ұйымдық жағдайлар мен алғы шарттарға негізделеді, олардың өзіне тән төмендегідей маңызды артықшылықтары да бар:
- қоғамның өндіргіш күштерін дамыту, өндірудің индустриалдық әдістерін ауыл шаруашылығына ендіру;
қоғамдық еңбек бөлісінің белгілі деңгейіне жету;
3-сурет. Агроөнеркәсіп
корпорациясының ұйымдық-
- өндірісті қоғамдастыру,
өндірісті мамандандыру және
шоғырландыру негізінде
Агроөнеркәсіп кешені капиталдың кең енуі мен меншіктің бірігуі үшін қолайлы орта болып табылады. Кешен елеулі әлеуетке, материалдық –техникалық, жер және еңбек ресурстарын қосқанда ғана жетеді.Көптеген ауыл шаруашылық кәсіпорындары ресурстарының шоғырлануы мен өндірістің мамандануының жоғары деңгейі мен ерекшеленеді, бірақ айналым қаражатына тапшылықты сезінеді, өңдеу ұйымдарына тәуелді болады және өнімін өткізуде де қиыншылықтарды бастан өткізеді. Бұл мәселелердің барлығы меншікті сатылы біріктіру негізінде күрделі инвестицияны тартумен шешіледі.
Интеграциялық бірігудің мақсатқа сай екендігі таралы көптеген талқылаулар оның меншік қатынастарына тиесілі және әдетте меншікті қайта бөлумен байланысты себептері бойынша пайда болады. Алайда өзара әрекеттегі тұлғалардың мәртебесін өзгертпейтін келісім-шарттық интеграциялық бірігу меншіктік интеграциялық бірігумен салыстырғанда аз таралмаған. Мәселе басқа жағында, келісім- шарттық интеграция күрделі инвесторлар үшін онша тартымды емес.Себебі аграрлық бизнестің тұрақсыздық жағдайында экономикалық әлсіз ауыл шаруашылық ұйымдары (қазіргі таңда бұлардың саны басымды) жағынан, шарттың міндеттерін сақтамауынан табыс алмау қаупі интеграцияланған құрылымдарды құрумен байланысты шығындарынан елеулі асып түседі. Келісім-шарттық интеграциялық бірігу және кооперациялық бірлесу, интеграцияланған экономикалық қуатты құрылымдардың, ауыл шаруашылық ұйымдарымен өзара қатынастарды оның өнімдерін өңдейтін – негізгі өндірушілері болатынинтеграцияланған құрылымдар ортасында орын алады.
Ғылыми –техникалық
прогресстің жетістігі
Интеграция үлкен дәрежеде экономикалық мүдделерді іске асыруға, қажеттіліктерді қанағаттандыруғы ықпал етеді, себебі интеграция экономикалық қуатты кұшейтеді және тиімді шаруашылық шешімдерін қолданудың кеңістігін кеңейтеді.
Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары