Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа
Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.
Кіріспе.........................................................................................................5
Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30
ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93
Әртүрлі аумақтардың жергілікті органдары арасында белгілі бір салалар, оның ішінде ауыл шаруашылық саласы бойынша ортақтаса іс-әрекет ету жөнінде шарттық келісімдер жүргізу тәжірибесі кеңінен қолданылады. Себебі,мұндай жағдайда басқару органдары жүйесінде ешқандай құрылымдық өзгерістерге қажеттілік туындамайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аграрлық саламен қарым-қатынасы көбінесе тікелей сипатта жүзеге аспай, аграрлық сала салық төлеуші ретінде қызмет атқарады.
Сондықтан, агроөнеркәсітік өндірістің, оның ішінде мақта өндірісінің дамуы үшін мемлекеттік басқару қажет, шетелдерге бұл ауыл шаруашылығындағы аграрлық және қаржы саясатын жүгрізу механизмдерінің бірі болып табылады.Мәселен, 30- жылдардағы реформадан кейін АҚШ пен Батыс Еуропадағы экономиканы мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа жағдай қалыптасып, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілері тек өз мәртебелері үшін мемлекеттен қосымша ақша ала бастады(3-кесте).
АҚШ-тағы ауыл шаруашылық экономикасын басқару тәжірибесі қызығушылық туғызады. Мұнда көпшілік дамыған елдердегідей, фермерлерді қолдау бағдарламасы ауыл шаруашылық министрлігінің каналдары бойынша жүзеге асырылады. Оларды іске асыру ауыл шаруашылық өнімінің өсу бағасы мен фермерлер табысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады.Қолдау бағдарламалары баға деңгейін, өндіріс көлемін, фермерлерге төленетін тікелей төлемдерді және экспорттық субсидияларды бақылау шараларын қарастырады және елеулі шығындарды қажет етеді.
3-кесте. Ресейдегі
және шетелдік елдердегі ауыл
шаруашылығын мемлекеттік
Елдер |
ЖІӨ-ге %-бен |
Жан басы шаққанда (АҚШ доллары) |
Ауыл шаруашылық жерлердің 1 гектарына шаққанда (АҚШ доллары) |
Мемлекеттік қолдау деңгейі (%- бен) |
Ресей |
0,8 |
60 |
9,5 |
7,1 |
Исландия |
1,6 |
644 |
62 |
68 |
Канада |
1,3 |
163 |
36 |
20 |
АҚШ |
1,5 |
350 |
85 |
24 |
Чехия |
1,6 |
100 |
136 |
25 |
ЕО |
1,7 |
336 |
801 |
49 |
Жапония |
1,7 |
566 |
10671 |
65 |
Венгрия |
1,8 |
111 |
95 |
20 |
Норвегия |
2,0 |
638 |
2650 |
69 |
Ескерту- Интернеттен алынған мәліметтер |
Канаданың ауыл шаруашылық жерлері жалпы 68 млн.га ауданды қамтиды Оның ішінде 34 млн. га-әртүрлі дақылдар өсіруге, 8 млн. га-күздік, жаздық дақылдар үшін дайындалатын ауыспалы егіс танабына, 4 млн. га-егістік алқаптарға , 22 млн. га-табиғи шабындықтар мен жайылымдарға бөлінген. Ауыл шарушылық жерлерінің 98 пайызы жекешелендірілген. Ал, қалған бөлігі федералдық жер қорына сақталған немесе Фермерлік несие корпорациясының (фермерлерді несиелендірудің федералдық құрылымы )қолданысына берілген.
Қазіргі таңдағы Канаданың ауыл шаруашылық саласындағы федералдық саясаты, бір жағынан - негізгі ауылшаруашылық өнімдерінің (бидай, сүт, құс өнімдері) сауда-саттығын монополдық мемлекеттік реттеуге және қалған өнімдердің (ет, картоп, жеміс-жидек, көкөніс, жүн темекі, т.б.) көтерме саудасына өндірушілер монополиясын орнатуға негізделсе; екінші жағынан – капитал мен негізгі өндірістік құралдардың жеке және кооперативтік меншік иелерінің өндірістік іс-әрекет түрлерін, тәсілдері мен жолдарын еркін таңдауға мүмкіндік берумен ерекшеленеді.
Канаданың аграрлық саясатының сипаты мен оны жүзеге асыру механизмдері ауыл шаруашылығының дамуын басқарудағы ағылшын американдық тәжірибенің ықпалымен және ауыл шаруашылығы үшін едәуір қолайлы климаттық жағдайлары бар АҚШ тарапынан көрсетілген қатаң бәсекелестік пен нақты да шынайы климаттық ахуал ескеріле отырып,қалыптасқан.
Ауыл шаруашылығының жаппай ұйымдық құрылымы өндіруші мүдделерін қорғауға және оларға қызмет көрсетуге бағдарланған.
Ауыл шаруашылық құрылымында
жеке фермерлік және кооперативтік
шаруашылықтар басты рөл
Канадада жеке меншік сипаттағы негізгі құрылымдық бірлік – фермерлік шаруашылыққа баса мән берілуі өзге де аса маңызды құрылымдық бірліктердің, атап айтқанда, аудандық және провинциалдық деңгейлердегі жарғылық қорсыз құрылған қоғамдық өндірушілер бірлестіктері мен жарғылық қоры бар кооперативтік- акционерлік бірлестіктердің ескерілмей қалуына кері әсерін тигізеді.
Бүгінде Канадада 277 мың фермерлік шаруашылық (әр шаруашылыққа шаққандағы орташа жер көлемі -244 га), 506 ауыл шаруашылық кооперативтері (әртүрлі қызмет салаларында 10 мыңнан астам кооператив) жұмыс істейді. Аграрлық салада 330-дан аса өндірушілер бірлестігі, оның ішінде мал шаруашылығында 84 бірлестік тіркелген. Әртүрлі ауыл аруашылық өнімдерінің өндірісі мен көтерме нарығы провинциалдық деңгейдегі 121 сауда басқармасы арқылы бақыланады.
Ауыл шаруашылық министрлігінің құрылымында құс шаруашылығы өнімдерінің (жұмыртқа, инкубаторлық шөжектер, бройлерлер мен күрке тауықтар) өндірісі мен нарығын бақылайтын төрт агенттік пен екі сауда корпорациясы (Канада бидай басқармасы және сүт өнімдері бойынша канадалық комиссия) бар.Аталмыш 4 агенттіктің барлығын дерлік Ауыл шаруашылық өнімдері жөніндегі Ұлттық кеңес басқарады.
Канаданың ауыл шаруашылық және азық- түлік министрлігі мынадай қызметтер атқарады:
Әртүрлі өндіріс салаларындағы өндірушілер бірлестігі мен кооперативтік одақтар федералдық және провинциалдық , оның ішінде ауыл шаруашылық әкімшіліктермен әріптестік қарым-қатынастар орнататын негізгі құрылымдар болып табылады. Бірлестіктер көмегімен субсидиялар мен дотациялар беріледі, оларға Ауыл шаруашылық несие корпорациясы немесе коммерциялық банктер арқылы несиелер жөніндегі министрлік тарапынан несие кепілдігі ұсынылады.
Өндірушілер бірлестігі, кооперативтер және олардың одақтары «Кооперация туралы» федералдық заң негізінде құрылады. Осы заңға сәйкес қабылданатын бірлестік немесе кооператив Жарғысы олардың іс-әрекетінің қоғамдық немесе өндірістік сипатын, тиісінше жарғылық қорсыз немесе жарғылық қормен құрылу ерекшелігін алдын-ала айқындайды.
ҚР үкіметінің 2008 жылы 10 ақпандағы № 197 қаулысымен бекітілген «2008-2011 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағдарламасы» ауыл шаруашылығының алдындағы жаңа міндеттерді анықтауға бағытталған елеулі қадам болып табылады. Онда қазіргі замандағы көзқарасқа сай мемлекеттік басқарудың келесі міндеттері қаралып, бірінші орынға қойылады.
. ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және дамыту;
. Қазақстанның азық-түлік қамтамасыз ету;
. ауыл шаруашылығы мен басқа салалар арасындағы экономикалық
тепеттеңдікті сақтау;
. аграрлық өндіріс саласында отандық тауар өндірушілерін қорғау.Жаңа міндеттерге сәйкес аграрлық сала жұмысының жаңа параметрлері анықталып, Ауыл шаруашылығы министірлігі олар арқылы ҚР-ы Үкіметіне мәлімет беріп отырады.
ΙΙ.Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
2.1 Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүйесін бағалау.
Қазақстан
жағдайында агроәнеркәсіп
Терең аграрлық
дағдарысты жеңу мен АӨК-дегі
интеграциялық үрдістерді
меңгеруде шешуші рөл басқаруды жетілдіруге жүктеледі.
Күрделі де қозғалымды жүйе ретінде басқарудың өзіндік қағидалары, функциялары және әдістері болады.Сондай-ақ, оның басқару органдарының ұйымдасу құрылымдарына, құрылымдық бөлімшелерінің арасында орныққан байланыстарға, басқару деңгейлері мен органдары арасында құқықтар мен жауапкершіліктерді тігінен және көлденең бөлуге, уәкілдіктері мен міндеттерді шектеуге және экономиканың нарықтық үлгісіне тән басқару жүйесінің бағалануын үйлестіруге қатысты бірқатар өзіндік ерекшеліктері де кездеседі.
Ауылдық жерлерге ресурстар жеткізуші субъектілер өз жағдайлары бойынша мынадай екі монополист топқа бөлінді:
Тек ауыл шаруашылығын ғана
емес, сонымен қатар монополистердің
Алайда, агроөнеркәсіптік кешен міндеттерін жүзеге асыруды және ауылдық жерлердегі тауар өндірушілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін шаруашылық басқарудың қазіргі заманғы жүйелері әлі қалыптаса қойған жоқ.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі енді-енді қалыптасуда, оны ұйымдастырудың көптеген аспектілері әлі дәлелденбеген. Агроөнеркәсіптік кешенді басқару мақсаттары, функциялары, жұмысшы саны, ұйымдық құрылымы,әдістері және басқару іс-әрекетінің үрдісі, ақпараттық қорлары, басқару жүйесінің техникалық, кадрлық, қаржылық және құқықтық қамтамасыз етілу деңгейі, кадр жұмысының әдіс-тәсілдері көбіне қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Нәтижесінде, аграрлық саладағы әлеуметтік – экономикалық үрдістер басқарылу аясынан шығып кетіп, агроөнеркәсіптік кешеннің ішіне де, сыртынан да басқарушы субъектілердің экономикалық мүдделеріне баса мән берілмей, ауыл шаруашылығының және оған байланысты салалардың жұмысына қатысты маңызды мәселелер шешілмей келеді.
Аграрлық өндіріс тиімділігін көтеру тіршілік етуге және нарық шарттарына бейімделуге қабілеттірек шаруашылыққа өту дегенді білдіреді.Әзірге республика аумығында мұндай құбылыс байқалмайды, дегенмен өзгерістер басталды.Қазақстанда өндірілетін әр түрлі ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі туралы экономикалық көрсеткішткерді талдау нәтижесі бүгінгі таңда өндірістердің, тұтынудың және нарық сыйымдылығының қазіргі деңгейде, саланың экономикалық өсуіне ықпал етуі тұрғысынан алып қарағанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінен бидай, күріш, мақта және майлы өсімдіктер шаруашылықтарының бәсекеге қабілеттілігі ең жоғарғы салалар екендігін көрсетті.
Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмі шаруашылық есеп қатынастары жүйесін қамтуға және экономикалық басқару әдістерін орынды пайдалануға негізделу тиіс.Агроөнеркәсіптік кешенде шаруашылық есеп түрі ретінде жалгерлік қатынастар жүйесін жүзеге асыру өте маңызды, себебі ол азаматтардың, кәсіпорындардың, бүтіндей қоғамның және шаруалардың мүдделерінің үйлесімділігін толық қамтамасыз етеді.
Агроөнеркәсіптік кешенді
басқару мәселесін
Нарықтық экономикалық қатынастарды меңгеру бүтіндей агроөнер кәсіптік кешенде мемлекеттік және шаруашылық басқарудың маңызы мен рөлін арттырады, нарықты басқару жоғары қорытынды нәтижелерге жету мен, ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенінің басқа салаларын арасындағы теңгерімділікпен үйлесімділікті айқындап, қолдау мен тікелей байланысты. Сондықтан, мемлекеттік басқару ұйымдары мен агроөнеркәсіптік кешендегі шаруашылық ұйымдағы (кәсіпорындар,мекемелер) жұмысшы аппаратының рөлін барлық деңгейде көтеру қажет. Жоспарлы бөлініс жүйесі шарттарында өндірісті басқаруға қарағанда нарықтық қатынастарды реттеп отыру едәуір күрделірек, сондықтанр басқару ұйымдары кәсіпқойлылығы мен іскерлігінің арқасында экономика субъектілері іс-әрекетінің үйлесімділігін қамтамасыз етуге қабілетті мамандар құрамы жағынан да, өзіндік құрылымы жағынан да қызіргі заманғы функциялары мен талаптарға сай болуы қажет.Бұған барлық деңгейдегі агроөнеркәсіптік кешенінің басқару ұйымдарының салалық және функционалдық бөлімшелері сәйкес болуға тиіс.
АӨК экономикасын басқаруды және оның барлық ұйымдарын өзара әрекеттесу үйлесімділігін күшейту мақсатында жалпы міндеттерді жүзеге асыру үшін, ең алдымен,басқару деңгейлері бойынша және де мемлекеттік басқару ұйымдары мен шаруашылық құрылымдары арасындағы уәкілділік пен функцияларды шектеуді жүзеге асыруды агроөнеркмсіптік кешендегі атқарушы биліктің базалық ұйымының сатылы (тігінен) құрылымын реттеу жұмысын жалғастыру керек.
Нарықтық қатынастарға
өтумен, аграрлық реформаны жүргізумен,колхоздар
Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары