Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................5

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

Работа состоит из  1 файл

агроөнеркәсіп (2).doc

— 621.00 Кб (Скачать документ)

 

         Майлы дақылдардың өнімділігі 2007 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 8,7 ц/га-дан – 17,1 ц/га-ға жетті,  соның салдарынан майлы дақылдардың  жалпы өнімі 2 есеге өсті, оның  көбеюіне негізінен мақсарының  үлес салмағы әсер етті. Мақсарының жер көлемі зерттелініп жатқан жылдары 29,8 мың гектарға артты.

         Шиітті мақтаның өндірісінің  көбеюі 2005 жылдан 2007 жылға мақта  өсімдігі шығымдылығының 18,7 ц/га-дан  21,3 ц/га-ға дейін өсуі, яғни 2,6 ц/га-ға  немесе 13,9% артуы себеп болды.

         Техникалық дақылдар ішінен шиітті-мақтадан, майлы дақылдарынан (күнбағыс, мақсары), жүгері, соя, рапс өсімдіктерінен  өндірілетін өсімдік майы халық  тұтынатын азық-түлік және осының  қатарында нан және кондитерлік  өнеркәсіп қажеттілігіне, маргарин өндірісіне, майонез, консерві өндіруге пайдаланылады. Сонымен қатар, майлы дақылдардың дәнін өңдеуде мал шаруашылығы үшін өте құнды болған аралас жем дайындауда құрамына қосылатын қажетті азық белогін өндіру үшін шикізат, шрот және т.б. алынады. Сапасы жағынан азық-түлік талаптарына жауап бермейтін майлы дақылдардан техникалық бағытта пайдаланылатын сұйық майы өндіріледі.

         ОҚО-да ауыл шаруашылық өнімін  өңдеумен 2007ж. 37-ден астам өңдеу  зауыттары және 950-ден астам кіші  цехтар шұғылданды. Ауыл шаруашылық шикі заттарынан өндірілген негізгі азық-түлік өнімдерінің көлемін төмендегі мәліметтерден байқауға болады.(кесте-9 ).

     Кесте- 9 . ОҚО-да  ауыл шаруашылық өнімдерін қайта  өңдеу серпіні:

 

 

Нақты өндірілгені, тонна

2007 жылды 2003 жылмен  салыст

 

2003

2004

2006

2007

+,-

%

Ет пен тағамдық ішек қарыны

Құс еті мен ішек қарыны

Ет консервілері

Шұжық өнімдері

Тазаланбаған күнбағыс майы

Сұйық сүт

Сары май

Ұн

Жаңа піскен нан

Қант

7871

 

 

531

254

195

 

14489

13637

159

229689

173334

25

7888

 

 

604

263

191

 

7471

13682

148

258269

173739

27

7990

 

 

1030

914

799

 

2617

13494

98

724207

158401

96

8135

 

 

1135

693

613

 

12648

13789

79

474705

159124

162

+264

 

 

+604

+339

+418

 

-1841

+152

-80

+45016

-14210

+37

103,9

 

 

213,2

270,2

314,5

 

87,3

103,5

49,9

207,2

91,3

648,0


         Кесте деректері облыста соңғы  жылдарда ауыл шаруашылық шикі  заттарын өңдеу көлемі тұрақты  өсуін байқатады. Егерде осы  қатарда алдыңғы талдаулар біршама  дақылдардың егістік алқаптарының  төмендеуін көрсетсе, онда облыстың  өңдеу өнеркәсібінің дамуын интенсивтілік сипатқа ие деп пайымдауға болады. Бірақта азық-түлік өнімдерінің нақты өндірісін облыс халқының санына шаққанда өңдеу өнеркәсібі әліде болса өндірістік қуаттарын толық пайдаланбайтындығы және өндірушілер мен өңдеушілер арасында тығыз өзара байланыс екені байқалады.

         ОҚО-да ауылшаруашылық өндірісі  облыс әкімі мен жоғары тұрған  Министрліктері мен ұштаса отырып  ОҚО-ы ауылшаруашылық басқармасы  менбасқарылады.

         Басқарманың басқарушылық қызметін  келесі сызба арқылы бейнелеуге болады.

 

 

 

 

 

Сызба-1.ОҚО-ы агроөнеркәсіп  кешенін басқару құрылымы

 

         Сызбада көрсетілгендей Басқарманың  басқарушылық қызметі агроөнеркәсіп  кешенінің барлық сфераларын  қамтиды: технологиялық қамтылу,  өндіріс, қайта өңдеу, инфрақұрылым және т.б. Басқарма агроөндірісті дамытудың ұзақ, орта және қысқа мерзімдік агроөнеркәсіпті дамытудың бағдармаларын әзірлейді. Бағдарлама құрудағы негізге алынатын мақсаттар: азық-түліктік қамтылу, бәсекелік қабілетті өнім өндіру, агросектордың басым бағыттарын қолдау.

         ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің  жағдайын және оның басқарылуын  талдау облыста әлі де болса  ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу,  қайта өңдеу сферасы мен ауылшаруашылық  тауар өндірушілер арасындағы  байланыстарды жетілдіру қажет екенін байқатады.

 

2.3. ОҚО-да өнімдік  ішкі агрокешендерде азық- түлік  (өсімдік май) 

өндірісінің дамуын талдау

 

Өңдеу  өнеркәсібі жалпы  республиканың және сонымен қатар, оның жеке алынған әр аймағының агроөнеркәсіп  кешенінің маңызды саласы болып  табылады. Тұтыну нарығының елеулі бөлігі ауыл шаруашылық шикізаттарынанан өндірілетін  азық-түлік өнімдері есебінен қалыптасады, ал өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылық шикізатының егістік жерінен және фермадан тұтынушыға дейінгі өндірістік-технологиялық  тізбекті аяқтайды. Олай болса, майлы дақылдардан және шитті мақтадан өңделіп, шығарылатын өсімдік май өндірісінің дамуын қарастырайық (Кесте-10).

 

Кесте-10. ҚР-да ауыл шаруашылығы  өндіретін өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің  заттай көрінісінің серпіні.

Көрсеткіштер

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2007ж.2000ж. сал.-да %

1. Тазартылмаған өсімдік  майы және тоң май, тн.

2. Тазартылмаған өсімдік  майы және тоң май, тн.

3. Күнбағыс майы тн.

4. Мақта майы және  оның фракциялары, тн.

5. Мақсары майы және  оның фракциялары тн.

6. Рапс  майы, оның фракциялары тн.

7. Жүгері майы, оның  фракциялары тн.

8. Маргарин және соған  ұқсас өнімдер, т.н 

 

 

27616

 

 

27564

37819

 

 

14220

 

 

-

 

-

 

-

 

10449

 

 

31303

 

 

47318

54958

 

 

22017

 

 

-

 

-

 

-

 

17340

 

 

34869

 

 

48047

54206

 

 

28005

 

 

640

 

1

 

548

 

18364

 

 

68418

 

 

72488

107453

 

 

27113

 

 

2905

 

2886

 

880

 

22358

 

 

247,7

 

 

263,0

284,1

 

 

190,7

 

 

453,9

 

2886

 

160,6

 

216,8

 


 

ОҚО-ы өңдеу өнеркәсібіне келетін болсақ, 2007 жылы облыстың өңдеу  өнеркәсібінің кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 169271454 мың теңгеге өнім өндірді немесе 2001 жылмен салыстырғанда 126,7% , ал облыстың барлық өнеркәсібінің көлемінде 133396634 мың теңгені көрсетті. ҚР-ы бойынша жалпы алғанда ОҚО-ы үлесіне тамақ өнеркәсібінің 7,3 % көлемі келеді.Оның ішінде өсімдік майы (мақта майымен)өндірісін алатын болсақ, өңірлер бойынша ОҚО-ы үлесіне 19,7 пайыз  және Шығыс Қазақстан  облысының үлесіне 36,2% келіп тұр.Облыстың өңдеу өнеркәсібі-облыстың өнеркәсіп кешені ішіндегі 1991 жылғы деңгейі мен салыстырғанда өндіріс қарқыны өсіп келе жатқан санаулы салаларының бірі.

Қазіргі таңда ОҚО-да тамақ өнімдері, сусындар және темекі бұйымдарының өндірісін 10 ішкі салалар  біріктіреді. Бұған 200-ден астам кәсіпорындар, оның ішінде «Шымкент май» ААҚ, ЖШС  «Арай», ААҚ «Қайнар», ЖШС «SANA», ААҚ  «Ақ-май» және майлы дақылдарды өсімдік майына өңдейтін 140 орта және шағын кәсіпорындар мен цехтер кіреді.

Тамақ өнімдерінің, сусындардың  және темекі бұйымдарының негізгі өндірушілері (98,6%) облыстың жеті ауданының  кәсіпорындары  және Шымкент қаласының кәсіпорындары.

Өндірістің өсуі бірқатар азық –түлік тауарларын көбейтуге және тауардың түр- түрін өндіруді  кеңейтуге себеп болды.Соңғы үш жыл аралығында тазартылған майлар мен сүт өнімдерінің  сұрыпталымы жаңаланды және кеңейді, сапасы мен тауарлық түрі жақсарды, ыдыстарда шығару көбейдә.Өсімдік майын, ұнды, макарон, бұйымдарын өндіретін кәсіпорыдардың  өндірістік қызметтерінің жаңғыруы, облыста, олардың тұтыну нарығын қамтамасыз етілу жағдайын тұрақтандырды.Ішкі нарықтағы жоғары бәсекеге қарамастан жергілікті өндірушілер жылдан жылға өндіріс көлемін  өсіруде (кесте 11).

 

Кесте-11. ОҚО-ы АӨК-ні өңдеу  өнеркәсібінің негізгі өнімдер  өндірісінің көлемі (2000-2007 жж.)

 

Көрсеткіштер

2000ж

2003ж

2004ж

2006ж

2007ж

2007ж

200ж сал-да 

+,-

Ет және ет өнімдері мың  тн.

8,6

8,4

7,9

7,9

8,1

0,5

Шұжық өнімдері тн.

200

56,4

191,0

799

613

-186

Тазаланғанмайлар мен  тоң май, мың,тн.

19,1

56,4

58,5

34,3

39,4

+20,3

Өңделген майлы сүт  және кілегей, мың тн.

13,6

13,6

13,8

13,5

13,8

+0,2

Сары май тн.

128

159

148

98

79

-49

Бидай ұны, мың тн.

126,0

229,7

258,6

424,2

474,7

+348,7

Малдың дайын жем  –шөбі, мың тн.

17,7

34,7

43,0

1,7

-

-17,7

Жаңа піскен нан, мың  тн.

181,0

173,3

173,7

158,4

159,1

-20,9

Макарондар және ұн өнімдері, мы тн.

5,6

9,2

13,3

12,9

16,7

+11,1


 

Қазіргі таңда азық-түлікпен қамтамасыз ету, әсіресе , өзіндік көздердің азық-түліктерімен және олардың қажетті көлемдері мен сұрыптамаларына барлық тұрғындардың қолын жеткізу облыстық экономикалық саясаттың маңызды міндеттерінің бірі болып тұр. ОҚО-ы өңдеу өнеркәсібі қазіргі нарық жағдайында өндіріп жатқан өнімдерінің кең сұрыпталымы мен қамтамасыз етуге қабілетті.Бірақ- та күрделі агро-өнеркәсіптік әлеуетіне қарамастан, облыс экспортының жалпы көлемінде азық-түлік тауарларының экспорттық үлесі елеусіз аз, мысалы 2007жылы өсімдік май экспорты жалпы экспорт көлемінде 6,9% -на құрады.Өңдеу өнеркәсібінің  өндіретін тауарларының негізгі көлемі ішкі нарықта немесе республиканың басқа аймақтарының нарықтарында тұтынылады. Облыс нарығы отандық тауарлар мен қатар кеден мекемелерінде есепке алынатын және жеке сауда кәсіпкерлер импорты арқылы және кейде контрабандалық жолдар мен келетін шетелдік өндірушілердің азық-түлік тауарлары мен толық қамтамасыз етілуде.

Азық-түліктің бақыланатын  импорты, отандық нарыққа,экспортқа  жіберіп жатқан елдердің өз нарығында  қажет болмаған сапасыз, ал кейбір жағдайларда тіпті денсаулыққа зиян тамақ азық-түліктерінің келу қарқыны шын мәнінде көбеюде.Алайда, импорттан мүлдем тартыну дұрыс емес, себебі, бұл экономикалық пайданың шығуына отандық тауар өндірушілердің өнімінің бәсекелестік қабілетінің төмендеуіне алып келеді.Азық-түлік импорты қажет, бірақ негізінде облыста өндірудің мүмкіндігі жоқ немесе қажетті көлемде өндіру пайдасыз тауарларға ғана рұқсат берілуі қажет.

ОҚО- ы бойынша 2007ж  азық-түлік  тауарлары 14,9 млн АҚШ  долларына экспортталған, бұл 2001жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Облыстың экспортының жалпы көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі 6,3%, ал 2001 жылы 3,8% болған.Азық- түлік тауарларының жалпы экспортының  негізін келесі тауарлар құраған: жаңа піскен көкөністер 35,2 % бақша өнімдері 12,3 %, басқа майлы дақылдар тұқымдары мен жемістер, ұн 11,5 өсімдік майы -6,9%.

2007жылы азық-түлік  тауарларының негізгі бөлігі  ТМД елдеріне шығарылды.Бұл елдердің  тауарлық экспортының, облыс экспортының  жалпы көлеміндегі үлесі -82,2% немесе 14,6 млн АҚШ долларын құрады, ал әлемнің басқа елдерінің үлесі 17,8% немесе 3,7 млн АҚШ доллары болды.

ТМД елдерінің ішінде облыстық өнімдерінің әдеттегі  тұрақты тұтынушы Ресей Федерациясы. Азық-түлік тауарларын ТМД елдеріне шығаруда 2007ж Ресейге келетін үлес -75,4% немесе 7,9 млн АҚШ доллары. Ресейден басқа облыстың азық-түлік тауарларын тұтыншылар: Өзбекстан-809%, Тәжікстан-7,5%, Қырғызстан -8,0%, Өзбекстанға 65,8%- күнбағыс майы, 46,3%- бидай ұны, 604% сыра, 2,3% мақта майының фракциясы, Тәжікстанға 97,7% мақта майының фракциясы шығарылған.

Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары