Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................5

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

Работа состоит из  1 файл

агроөнеркәсіп (2).doc

— 621.00 Кб (Скачать документ)

         Ауыл шаруашылықтың АӨК-нің орталық  буыны ретіндегі рөлі, кешенді  құраушы салалардың тұтынуындағы  ауыл шаруашылық өнімінің басымды  үлесімен бейнеленеді.

         Кешенді құраушы салалардың жалпы  ағымдағы материалдық тұтыну көлемінде ауыл шаруашылық өнімі 33,2%, тамақ өнеркәсібінің тұтыну көлемінде – 40,5%, жеңіл өнеркәсібінде – 24,3%. Ауыл шаруашылық салалардың материалдық шығындарында деңгейі жоғары қоғамдық өнімді ұлғаймалы ұдайы өндіру үрдісінде ауыл шаруашылықтың жалпы өнімін аралық өнімге бөлуде орнықты үйлесімдер құралды және АӨК – ін даму шамасына қарай аралық өнім үлесінің көбею беталысы анық көрінеді. Ауыл шаруашылық өндірісі өнім көлемінің көбеюіне байланысты тұтынатын өнімнің салмағы одан да жоғарғы қарқынмен өсуде. Облыста аралық өнім ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2007 жылы 2003 жылға қарағанда 38,3% - ға өсті.

         Ауыл шаруашылық шикізатынан  шығарылатын түпкілікті өнімді  өндіруде тікелей немесе жанама  өнеркәсіптің 35-тен астам салалары қатысады. Салааралық байланыстардың дамуы ауыл шаруашылығының, әсіресе өнеркәсіпте дайындалған өндіріс құрал-жабдықтарын тұтыну есебінен өсетін материалдық өндірістік шығындар өзгерді. 

         ОҚО-ы ауыл шаруашылағы ұлттық экономиканы дамытуда тұрақты үлес қосуда. Облыс макроэкономикалық еңбек бөлінісінде ауыл шаруашылығының мақта, жүзім, көкөніс, мақсары, жүн, қаракөл және т.б. өнімдерді өндіруге маманданған.

         Оңтүстік Қазақстан облысының  ауыл шаруашылығының саласының алдында тұрған басты мақсат агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін қалыптастырып  және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде облыс тұрғындарын тұтыну нормасына сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы кезеңде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы тұрақтанып, ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің ұлғайғандығы байқалды, 2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 118,6 млрд. теңгенің деңгейіне қол жеткізді, бұл 2003(85,8млрд теңге)жылмен салыстырғанда 1,8 есе жоғары. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде облыс республика бойынша (жалпы көлемнің 11,5%), тек Қостанай (15,4%), Алматы(13,9%) және Солтүтік – Қазақстан (13,1%) облыстарының тауар өндірушілеріне жол беріп, төртінші орынды иемденді.

         Оңтүстік Қазақстан облысы жалпы  республикаға салыстырғанда тұрғындардың 14,5%-ың, егістік ауданының 4,7%-ын қамтиды. Мұнда шитті мақтаның - 100%, көкөністің – 21,5%, бақша өнімдерінің 40,1%, жалпы өсімдік майының 39,7%-ы өндіріледі, сонымен қатар, мал шаруашылығында еттің – 16,8%, сүттің - 10,3%, жұмыртқаның 8,5%, жүннің 17,0% өндіріледі (кесте -4,5). 

 

4-Кесте. ОҚО-ы ауылшаруашылық  өндірісінің ҚР-дағы үлесі, (2007ж.)

 

Көрсеткіштер

ҚР-ы бойынша

ОҚО-ы бойынша

ОҚО-ның ҚР-ғы үлесі,

%

Ауыл шаруашылығы жалпы  өнімі, млрд. тг.

1031,3

118,6

11,5

Бүкіл егістік көлемі, мың га.

2036,4

862,8

4,7

Ауыл шаруашылық өндірісінде  жұмысшылардың  орташа жылдық саны, мың адам.

 

 

23,87

 

 

448,7

 

 

118,8

малдың саны, мың бас:

ірі қара мал

сиыр

қой –ешкі

жылқы

түйе

құс, млн.бас

мал шаруашылығы өнімдері:

ет (тірі салмағы), млн  тн.

сүт

жұмыртқа, млн. дана

жүн (нақты салмағы), мың  тн.

 

5180,9

2374,3

13282,1

1110,1

123,0

25,5

 

731,8

4515,2

2315,5

27,0

 

560,2

258,4

2737,4

111,3

13,9

2,1

 

122,9

465,1

195,8

4,6

 

10,8

10,9

20,6

10,0

11,3

7,8

 

16,8

10,3

8,5

17,0

Ескерту: Қазақстан Республикасы статистика агенттігі мәліметтері негізінде есептелді.2007ж..


 

5- Кесте. ҚР-ы Оңтүстік  Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының  негізгі экономикалық көрсеткіштерінің  серпіні 2003-2007 жж.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

2003

2004

2005

2006

2007

Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексі

85,8

80,4

95,2

100,8

118,6

Ауыл шаруашылығы нақты  көлем индексі (алдыңғы жылғы, %)

106,5

109,6

102,8

100,5

101,1

Ауыл шаруашылығы құрлымдарының  саны, бірлік

50904

70836

74405

73709

72,444

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің  орташа жылдық саны, мың адам.

24,6

22,1

20,0

20,1

18,6

Жалпы республиканың  негізгі қызмет персоналы санындағы  облыстың негізгі қызмет персоналының үлесі

12,4

12,2

11,2

10,3

9,1

Ауыл шаруашылығы саласында  жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

6293

9208

11989

15791

17,856

Орташа республикалық  жалақыдағы ауыл шаруашылығы жалақы деңгейіне, %)

60,04

83,7

78,2

69,7

67,5

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рентабельділік деңгейі, %)

15,0

9,3

9,8

8,6

17,0

Ескерту- ҚР Статистика жөніндегі республикалық агенттігі және Оңтүстік Қазақстан облысының статистика жөніндегі басқармасының мәліметтері негізінде құрастырылды .2008ж.


 

        Республика деректерінде  Оңтүстік  Қазақстан облысы шаруашылықтары  негізгі өндірістік қорлардың агроөнеркәсіп өндірісіне жетіспеушілігімен, ал еңбек ресурстарының шамадан тыс артықшылығы мен сипатталады. Облыс ауыл шаруашылық өндірісінде жұмысшылардың орташа жылдық саны 2007 жылы жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың санының 18,8%-19% үлесін құрады.

         Облыстың жалпы ауыл шаруашылық  өнімдерінің республика көлеміндегі  үлес салмағы 2007 жылы 11,5%, ал облыстың  жалпы ішкі өнімінің көлемінде  18,4% құрады.(1991жылы 40,4%)

         Бұл индикатордың кемуіне ауыл  шаруашылығының барлық қаржыландыру көздері есебінен халық шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жұмысшылар санының жалпы халық шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылар үлесінің кем болуы белгілі әсерін тигізді.

        ОҚО-ы ауыл шаруашылық өндірісінің  салалық құрылымына мемлекеттік жүргізілген құрылымдық және инвестициялық саясаты айрықша әсер етті. Ауыл шаруашылық құрылымдарын қайта құру жеке шаруа қожалықтарының, жұртшылық шаруашылықтарының артуына әкелді.

         Облыста ауыл шаруашылығы құрылымдарының  саны 1991-2007 жж. арлығында 1479-дан 72447-ге дейін, яғни 50 есеге дейін көбейген. Оның ішінде шаруа қожалықтарының үлесі 57,6%-тен 96,6%-ке дейін артқан, ауылшаруашылығы кәсіпорындары үлесі 42,3%-тен 3,3-% дейін кеміген (кесте-6).

 

 

 

Кесте-6. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарының ұйымдық формалары 1991-2007 жж.

 

Құрылымдар түрлері

1991

2000

2004

2006

2007

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны, бірлік

1479

34836

70836

73709

72447

Оның ішінде:

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары

627

1419

3715

2912

2413

Жалпы құрылымдағы үлесі, %

42,3

4,1

5,2

3,9

3,3

Шаруа (фермер) қожалықтары

852

33,437

67121

70797

70034

Жалпы құрылымдағы үлесі, %

57,6

95,9

94,7

96,1

96,6

Жұртшылық шаруашылықтар

214970

326586

339143

341440

347790

Ескерту:Оңтүстік Қазақстан  облысы ауыл шауашылығы департаментінің мәліметтері негізінде құрастырылды. 2008ж.


        

Облыста 1991-2007 жж. аралығында (6-і кесте) ірі кәсіпорындардың  саны азайды, ауыл шаруашылық өндірісінің  көлемі бірнеше есе қысқарғаны байқалады. Ірі мамандалған шаруашылық кәсіпорындардың орнына ғылыми негізделмеген, әр түрлі маманданбаған көп салалы кіші-гірім жеке шаруа қожалықтары құрыла бастады, бірақ олардың шағын өндірісі облыстың ауыл шарушылық өніміне деген қажеттілігін ақтамауда.

         Осы жағдайларға қарай отырып, мемлекеттің экономикалық әдістерді және құралдарды қолдана отырып шаруашылық құрылымдардың қызметін ұйымдастыруда және шаруашылықтың өнімдерін бөлістіруді ұйымдастыруда басқару органдардың рөлін күшейту қажет болып отыр.

         Өсімдік шаруашылығы облыс шаруашылығының ең маңызды саласы болып саналады, 2007 жылы оның облыстағы ауыл шаруашылық жалпы өніміндегі үлесі 73,6% болды. Егер де облыста 2002 жылы өсімдік шаруашылығында жалпы өнім 67,8 мрлд. теңгеге өндірілсе, 2007 жылы өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 42,3% өсіп, 1065 млрд. теңгеге жетті. Соңғы жылдары өсімдік шаруашылықтары саласында нақты оң беталыстар көрінуде. Өсімдік шаруашылығы өнім өндіру жағынан өсудің тұрақты серпініне жетті, нәтижеде 2003-2007 жж. саланың жалпы өнімінің орта жылдық өсу қарқыны 15,8%-ды құрады.

         2007 жылы облыста ауыл шаруашылық  дақылдары 762,8 мың гектар жерге  егіліп, яғни 2000 жылға қарағанда  55,2 мың га көп немесе 7,8% -ға  өсті. Бұл көлем 1991 жылғы егістікке  қарағанда 310,3 мың гектарға азайған  немесе 26,6%-ға қысқарды. (7-кесте). Бұл мәліметтер облыста ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге әлі де пайдаланылмаған жарамды жерлердің бар екенін көрсетеді.

 

Кесте-7. ОҚО-да дақылдар мен өсімдіктердің жалпы ауыл шаруашылық егістік көлемі ішіндегі серпіні және құрылымы, мың гектар.

 

 

Көрсеткіштер

 

2000ж

 

2002ж

 

2006ж

    

    2007ж

2007ж

2000ж

сал-да, %

Мың.га

%

Барлық егістік көлемі

Дәнді дақылдар, оның ішінде:

Дәнге арналған

Жүгері

Шитті мақта

Майлы дақылдар:

Мақсары

Күнбағыс

Көкөніс

Бақша

Жемдік дақылдар

Жеміс және жидек

Жүзім

 

707,6

 

205,8

 

20,5

153,3

94,6

85,8

9,1

22,7

15,1

204,8

15,8

 

5,7

 

732,2

 

216,2

 

24,7

170,2

50,5

37,8

12,5

24,4

21,6

217,3

15,8

 

4,6

 

717,9

 

259,2

 

172

200,0

54,3

6,9

44,8

23,4

18,9

198,8

14,6

 

4,0

 

672,0

 

205,5

 

142,3

206,1

531

5,9

47,0

23,4

15,5

200,1

11,1

 

4,0

 

100

 

29,7

 

2,3

29,2

10,8

1,4

9,4

3,2

2,2

26,2

х

 

х

 

93,6

 

79,3

 

85,9

115,5

66,9

8

146,5

106,2

101,9

97,7

98,3

 

71,9

 


 

       7-кестеден  облыстың егістік көлемі құрылымында  ең көп үлес салмағын келесі  дақылдар: дәндік – 29,7%, техникалық – 40,0%, жемшөп 26,2% алатынын көруге болады. 2007 жылы 2000 жылға қарағанда дәнді және дәнді- бұршақты дақылдарға арналған егістік алқаптары 20,6 мың гектар немесе 10,0%-ға кеңейген, мақта - 69,8 мың га. немесе - 45,5%-ға артқан. Бірақ, осымен қатар майлы дақылдар егістік алқабы 12,4 мың га. немесе 13,5%-ға азайған, соның ішіндегі мақсары егістігі 14,4 мың га. немесе 16,8% кеміді.

         ОҚО-ы агроөнеркәсіптік кешенінде  тұрғындарға қажетті азық-түліктің  өсімдік май түрлерін өндіруге қажетті майлы дақылдар және шиітті мақта өндірісіне толығырақ тоқталайық.

         2000 жылғы деңгеймен салыстырғанда  2007 жылы мақта өсімдігі Мақтарал, Түркістан, Шардара және Ордабасы, күнбағыс пен мақсары дақылдары  Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш аудандары егістік көлемдерін елеулі көбейтіп келеді.

         ОҚО-да соңғы үш жылда майлы  дақылдар егін көлемі мен жалпы  өндірілген өнім көлемінің артуының  тенденциясы байқалады. Техникалық  дақыл, шиітті-мақтаның егін көлемі 2007 жылы 223,1 мың гектарға жетті, майлы дақылдар 82,0 мың гектарға егілді, яғни алдыңғы жылдарға қарағанда мақты 23,7 мың гектарға, майлы дақылдар 10,1 мың гектарға артық егілді.Әр гектардан өндірілген мақтаның өнімділігі 18,7-тен 21,3 ц/га-ға, артып, шиітті мақтаның жалпы өнімі 2007 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 121,2(466,4-345,2) мың тоннаға артық өндірілгенін байқаймыз (8-кесте).

   

 Кесте-8. ОҚО-да майлы  дақылдарды өндірудің негізгі  көрсеткіштерінің динамикасы, 2005-2007 жж.

 

Дақылдар

Егістік көлемі,

мың га.

Жалпы өнімі,

мың га.

1-га өнімділігі, ц/га

2005

2006

2007

2005

2006

2007

2005

2006

2007

Техникалық дақылдар оның 8ішінде

мақта шиті

 

 

 

 

 

223,1

 

 

 

 

 

170,4

 

 

 

 

 

210,1

 

 

 

 

 

345,2

 

 

 

 

 

435,4

 

 

 

 

 

441,7

 

 

 

 

 

21,3

 

 

 

 

 

22,2

 

 

 

 

 

22,1

Майлы дақылдар

50,6

54,3

53,1

 

42,7

 

40,8

37,2

8,7

8,7

7,5

Оның ішінде

күнбағыс

 

 

10,6

 

 

8,9

 

 

5,9

 

 

19,0

 

 

15,9

 

 

9,1

 

 

17,6

 

 

17,8

 

 

15,6

Мақсары

37,9

59,8

71,4

23,4

56,9

40,7

6,5

9,8

9,7

Барлығы:

249,6

271,3

305,1

417

478,4

525,6

16,7

17,6

18,2

Ескерту: Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының мәліметтері. 2008ж.

Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары