Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................5

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

Работа состоит из  1 файл

агроөнеркәсіп (2).doc

— 621.00 Кб (Скачать документ)

Агроөнеркәсіпті басқару  жүйесінің бұзылуы басқаруды  аймақтық деңгейде ұйымдастырудың күрт төмендеуіне алып келді. Бұл басқару  құрылымдарын қалыптастыруға қатысты әртүрлі әдістемелік тәсілдерден байқала отырып, шаруашылық субъектілерінің өндірістік, экономикалық, қаржылық және әлеуметтік іс-әрекетінде күшейе түсетін қарама-қайшылықтарды шешуге әрі жоюға дәрменсіз, ұйымдаспаған басқару жүйелерінің туындауына септігін тигізеді.

Шаруашылық басқаруды  жетілдіру мәселесі акционерлік  типтегі біріккен құрылымдарды кооперативтік  құрылымдарға біртіндеп өзгерту  арқылы шешілуге тиіс. Шаруашылық қызметтерді  атқарумен қоса агроөнеркәсіптік кешендегі ауыл шаруашылық өнімдері мен өзге де тауарларды өндірушілердің мүдделерін қорғаумен айналысатын одақтар мен басқадай салалық ұйымдарды құрудың да келешек маңызы зор.

Аймақтық аграрлық саладағы ірі  тауар өндірушілер интеграциясының  қазіргі үрдістері мынадай екі негізгі бағытта жүзеге асып отыр:

-аймақтағы бір ғана (кей жағдайда  екі) азық- түліктік қосалқы кешеннің (бидай, сүт, ет, қант қызылшасы,  жеміс-жидек, мақта, т.б.) шеңберінде  қатысушылардың іс-әрекеттерін біріктіретін  салалық шаруашылық одақтарды,  бірлестіктерді, концерндерді немесе өзге де құрылымдарды құру;

-аймақтық аграрлық саласындағы  кәсіпорындардың басым көпшілігін  біріктіріп,шаруашылық серіктестік,  холдинг, қаржылық-агроөнеркәсіптік  топтар секілді көпсалалық коммерциялық  ұйымдарды құру.

Кез-келген біріккен кәсіпорын немесе ұйым болсын, өз құрылтайшылары-шаруашылық субъектілерінің алдында тұрған едәуір өзекті мәселелерді шешу мақсатында құрылады. Бұл мәселелер ауыл шаруашылық  шикізатының нақты бір түрін өңдеу мен сатуға тиесілі шағын мәселелерден бастап бүкіл өндірістік цикл мен үрдістерге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы мәселелер кешенін толық қамтиды.

Ұйымдастырудың нақты түрлері  көп болғанда, аграрлық саланы әртүрлі  деңгейде тиімді басқару үшін басты  қағиданың сақталуын- соңғы тұтынуға бағдарланған, салыстырмалы түрдегі тұйық аумақтық немесе салалық  қосалқы жүйелердің өздігінен реттелуін қамтамасыз ету  керек. Шаруашылық дербестілікке қол жеткізу, ұтымды да ерікті  кооперациялану және ішкі істерге мемлекеттік құрылымдарды араластырмау негізінде өзін-өзі реттеу қағидасы кәсіпорындардың мүдделерін барынша үйлестіруге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі таңда негізгі кооперативтері мемлекеттің күшті қолдауымен жұмыс  істеуде немесе мемлекеттің тікелей  қолдауымен құрылған, қомақты қаржысы бар өзін-өзі басқаратын құрылымдар ретінде әрекет етуде.

Несие кооперативтері, ең алдымен, демократиялық  басқару түріне және кооператив мүшелері үшін капитал салуға өзара қолайлы  шарттар мен еркін, жаппай жауапкершілікке  негізделумен жұртшылықты өзіне  тартып отыр.

Кооператив мүшелерінің  жалпы кеңесі оның ең жоғарғы басқару  органы болып табылады. Кооперативтің  басқарылуы оның мүшелерінің мүдделеріне  сай жүзеге асырылады және әрбір  кооператив мүшесінің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталады. Кооператив мүшесі жалпы кеңес тарапынан белгіленген кооператив үлес қорының белгілі бір пайызынан аспайтындай мөлшерде ғана несие ала алады.

Оңтүстік Қазақстан облысының  кәсіпорындарында кооперацияның келесі түрлері мен механизмдері қалыптсқан:

  • материалдық және басқадай ресурстарды біріктірместен, өзара қарым-қатынастарды  сатып алу-сату қағидасына сай жүзеге асыратын келісім шарт негізіндегі кооперация;
  • материалдық, қаржылай және еңбек ресурстарының бір бөлігін біріктіруге бағытталған кооперация. Бұған сатып алу-сату қағидалары негізінде ұзақ мерзімге жұмыс істейтін  біріккен кәсіпорындарды құруға қатысушы субъектілер жатады. Жыл соңында кәсіпорын іс-әрекетінің нәтижелері және алынған қаражаттар мен ресурстар ескеріле отырып, табыстар соңғы үлестіруден өткізіледі;
  • одақтарды, бірлестіктерді, ассоциацияларды бір басшылықтың қарамағында құру,  т.б.

Агроөнеркәсіптік интеграцияның  ауыл шаруашылық кәсіпорындары сипатында  құрылған бастапқы түрлері қарапайым  технологиялық құрал-жабдықтармен, техникамен әлсіз жабдықталып, штаттық мамандары үнемі өзгеріске ұшырап  отырады.

Осы агроөнеркәсіптік интеграцияларды  салыстырғанда  мынадай ерекшеліктерді кездестіруге болады:

- агроөнеркәсіптік комбинаттар  – интеграцияның едәуір жоғарырақ  деңгейі. Мұндай комбинаттардың  әрқайсысы бірнеше шаруашылықтарды аумақтық, технологиялық және экономикалық    тұрғыдан –өзара органикалық түрде бірлескен бір өңдеуші зауытқа біріктіреді. Мұнда ауылшаруашылық өнімі өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін шикізат рөлін атқарып, барлық қалдықтар тазартылды да мал шаруашылығында пайдаланылды.Ауыл шаруашылық өнімін өндіру, дайындау, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату үрдістері үздіксіз өзара байланыста отырып,біртұтас циклді құрады;

- агрозауыттар – интеграцияның  ең айқын түрі және ең жақсы  келесі деңгейі. Мұнда зауыттар ауыл шаруашылық өнімдерін өсіріп және өңдеп қана қоймай, дайын өнімді сатумен де айналысты. Ауыл шаруашылық саласын ұйымдастыруға бағытталған және уақытша жұмыс істеп тұрған қуаты аз цехтары бар шаруашылықтардан айырмашылығы, мұнда елеулі рөлді өңдеуші кәсіпорындар атқарды.Интеграцияның бұл түрі ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері мен өңдеуші зауыттар арасындағы едәуір тиімді байланыстарды орнатып,олардың сәтті жұмыс істеуіне кепілдік берді.

Біріккен агроөнеркәсіптік құрылымдар дербес шаруашылық субъектілерін қайта ұйымдастыру, біріктіру, бір-біріне қосу нәтижесінде құрылады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі  біріккен кәсіпорындарды күрделі экономикалық жүйе ретінде қарастыруға болады.Олардың  құрылымдық бөлімдері өздеріне тән  қызметтерін атқара отырып, өнімді соңғы тұтынуға жеткізудің ортақ технологиялық үрдісіне қатысады.Мұндай жағдайда интеграцияға қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар функционалдық сипатта да, себеп-нәтижелік сипатта да жүзеге асады.

Біріккен құрылымдар нарықтық экономика жағдайына бейімдірек әрі едәуір тиімдірек болып келеді.Мұндай бірлестіктер аясында ішкі келісімді бағалар бойынша техникамен,құрылыспен,электр жарығымен және жылумен үздіксіз қызмет көрсету, ауыл шаруашылық өнімдерін  өткізу, өндірістік және  әлеуметтік   инфрақұрылымды бірге пайдалану мәселелерін реттеуге мүмкіншілік туындайды.

Аталмыш бірлестіктер өзара  үйлесімді жоспар негізінде шикізаттық базаны дамытумен қоса, ауыл шаруашылық өнімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуді және бірыңғай технологиялық  үрдістің барлық кезеңіндегі шығындарды азайтуды мақсат тұтады. Мұндай жағдайда бірлестік басқармасы баға өзгерісі мен сұраныс  конъюктурасына оңай бейімделе алады. Бұл, өз кезегінде, әріптестер іс-әрекетінің өндірістік және экономикалық көрсеткіштеріне  оңай әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда нарықтық жағдайдаы ескере отырып, бірлестіктерден  тыс мынадай өте күрделі  интеграциялық  құрылымдар әрекет етуі мүмкін: агроөнеркәсіптік бірлестіктер, агрофирмалар, қаржы -өнеркәсіптік топтар және шаруа қожалықтары.

Бүгінгі күні аймақта майлы дақылдар өндірісімен айналысатын көптеген  кәсіпорындар өз акцияларының бақылау пакетін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен өндірістік кооперативтерге бере бастады. Мұндай әдіс саланың экономикалық тиімділігі мен өнім өндірісінің пайдалылығын арттыруға мүмкіндік туғызады.

Ауыл шаруашылық тауар  өндірушілерінің, өңдеуші кәсіпорындардың  және сауда ұйымдарының ірі қожалық  құрылымдармен басқарылатын қаржы- өнеркәсіптік топтар құрамына енуі агроөнеркәсіптік  интеграция мен кооперацияның едәуір тиімді түрі болып табылады.

Олар өндірісті қаржыландыру мен қамтамасыз ету деңгейін, өндіріс  тиімділігін және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылады. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындар арасындағы байланыссыздықты екі жаққа да тиімді шарттарда  интеграциялау арқылы жою агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылуына алып келеді. Мұндай бірлестіктердің өндірістік іс-әрекеті өндірісті мамандандыру мен интеграциялау, өңдеу, сақтау,ал кей жағдайларда сауда-саттықты жүргізу негізінде жүзеге асырылады.

Бұған мысал ретінде  ОҚО-ы өндірісі бойынша арнайы маманданған 12 кәсіпорны, 62 автокөліктен тұратын  автобазасы, арнайы маманданған 12 дүкені мен дүңгіршегі, сақтау сыйымдылығы 18 мың тоннаға тең екі базасы және жалпы өндірістік қуаты жылына 36 млн. шартты банка мен 24 мың тонна шитті мақтаны өңдеуге жетерлік 2 консерві зауыты мен 5 цехы бар, Асықатадағы «Мақта» агроөнеркәсіптік бірлестігін қарастыруға болады.

Нарық жағдайында ұйымдастырылып немесе құрылып,еліміздің оңтүстік аймағында жұмыс істейтін шаруа қожалықтары – шаруаның өзі мен отбасы мүшелерінің еңбек ету мүмкіншіліктері мен шектелген шағын кәсіпорындар санатына жатады.Сондықтан олар қазіргі жағдайда өндірістің қарқынды өсуін қамтамасыз ете алмайды және өнімнің дер кезінде түсуіне кепілдік беретін қайнар көз ретінде қарастыруға келмейді. Олар көбіне тауарлар мен табысқа деген қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағдарлана әрекет етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында  өсімдік майын өндіруге қажетті  мақта  және майлы дақылдар шаруашылықтары қызмет атқарады. Қазіргі таңда облыста мақта және майлы дақылдар шаруашылығымен Арыс, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар,Сарыағаш, Шардара аудандарындағы және Түркістан қаласындағы агоқұрылымдар айналысады.Мұнда бұл шаруашылықтарын  жүзеге асыруға едәуір қолайлы табиғи және экономикалық жағдайлар қалыптасқан. Атап айтқанда, күн сәулесінің көптігі, өсімдіктердің өсіп-өну мен даму кезеңінің үздіксіздігі, табиғи тың жерлердің, суармалы су және еңбек ресурстарының бар болуы осы шаруашылықтың дамуына қолайлық туғызады.

Облыста шитті –мақтаны алғашқы  өңдеуден өткізілетін 13 негізгі кәсіпорын  жұмыс істейді. Әзірге бұл кәсіпорындардың  қуаты толығымен пайдаланылмаса да, барлық жиналған шитті – мақтаны  қайта өңдеуге жеткілікті болып  отыр.

Ал мақта шитін  өңдеп, сұйық майын шығарумен шұғылданатын  2 -ААҚ, 3-ЖШС, 80 артық май сығу кіші кәсіпорындары бар.

Мақта және майлы дақылдар өндірісімен  айналысатын кәісіпорындарды шаруашылық басқару  ұйымдары агроөнеркәсіптік үрдіске қатысушылардың әртүрлі  ұйымдық- құқықтық түрлерге, көбіне акционерлік қоғамдарға, бірлестіктерге, қауымдастықтарға және т.б. түрлерге бірігуі нәтижесінде қалыптасады. Әрбір ұйымдық құқықтық түрге шаруашылық басқарудың өзіндік ерекшеліктері сәйкес келеді.Осыған байланысты басқарудың акционерлік, қауымдастық және басқа да түрлерін ажыратып, көрсетуге болады.

Аймақтағы шаруашылық құрылымдарын басқару  тәжірибесінде көбіне акционерлік  типтегі басқаруға үлкен мән  беріліп, қауымдастық негіздегі  интеграциялық үрдістердің жете бағаланбайтыны байқалады.

 

 

 

2.2 Оңтүстік Қазақстан  облысы агроөнеркәсіп өндірісінің 

жағдайы және оның басқарылуы.

         Оңтүстік Қазақстан облысы –  республиканың агроөнеркәсіп өндірісі  дамыған аймақтарының бірі. Ауыл  шаруашылық өндірісінің сипаты  және бағытына Шымкент, Кентау, Түркістан, Мырзакент және тағы басқа қалалар, яғни қала тұрғындарының үлкен үлес салмағы мен дамыған жолдар торабы әсер етеді. 2007 жылы облыс аумағында 2400 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 70000 астам фермер қожалықтары, 28 акционерлік қоғамдар, 1509 серіктестіктер облыс тұрғындарын көкөніс, картоп, ет, сүт, өсімдік майы және тағы басқа ауылшаруашылық өнімдеріне деген қажеттіліктерін елеулі шамада қанағаттандырды.

         Облыс ауа  райы, температурасы тез ауытқитын  өте континенталді аймақ болып  сипатталады. Бір айдағы ауаның орташа температурасы +12,9°С. Қысы өте ауыспалы, суық пен жылылық жиі қайталанып тұрады. Ылғалдылықтың жылдық орташа мөлшері 533,2 мм. Облыстың табиғи жағдайы ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына қолайлы және оның ішінде шиітті мақта, көкөніс, майлы дақылдар шаруашылықтарын жүргізуші өндірістер ретінде іріктелді.

         ОҚО-ның  жалпы жер көлемі 11725,8 мың гектарды  немесе республика жер көлемінің  4,5%-ын құрады. Облыс шаруашылықтарында  10269,1 мың гектар ауыл шаруашылығында  пайдаланатын жерлер, оның ішінде, 845,0 мың га егістік, яғни пайдаланылатын жерлердің 8,2% -ы, ал оның республика бойынша жалпы көлеміндегі үлес салмағы 3,7% -ды құрайды.

         Оңтүстік  Қазақстан облысының ауыл шаруашылық  өндірісі төрт табиғи экономикалық  өңірге орналасқан. Бірінші өңір – шөлді мал шаруашылығы, ол облыс жерінің байтақ жазық далаларын алып жатыр. Оған Қызылқұм құмдары, Сырдария өзенінің алқабы, Қаратау бөктері, тағы басқа аудандардың шаруашылықтары кіреді, өңір негізінен мал шаруашылығы жайылымдық салаларының өнімдерін өндіруге маманданған.  

         Екінші  өңір – оңтүстік – батыс  жазық дала өңірі, онда шиітті  мақта, көкөніс шаруашылықтары  басым суармалы егіншілікті құрайды,  ол Сарыағаш, Келес, Ордабасы және  Түркістан аудандарының шаруашылықтарын  қамтиды.

         Үшінші  өңір – таулы дала өңірі,  дамыған егіншілігі бар оңтүстік  – шығыс бөлікті алып жатыр,  және Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Алғабас,  Қазығұрт және Ордабасы ауданының  ірі бөлігін қамтиды.

         Төртінші өңір – оңтүстік-жазық  дала аймағында созылып жатыр, ол негізінен Жетісай, Мақтарал аудандарының шаруашылықтарын қамтиды. Бұл аудандар республиканың негізгі шиітті мақта өсіретін аймағы, мұнда барлық мақтаның 75% -ға жуығы өндіріледі. Сонымен қатар, бұл өңірде сүт бағытындағы мал шаруашылығы, көкөніс және астық шаруашылығы дамыған. 

Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары