Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының пәні мен объектілері. Зерттеу жұмысының пәні ретінде ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздар нарығы қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастары алынады.Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы саналады.Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржаның материалдары пайдаланылды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының жағдайын зерттей отырып, тиімді бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:
- теориялық-әдістемелік және құқықтық зерттеу нәтижесінде бағалы қағаздар нарығының негіздері нақтыланған;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуді талдау арқылы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен ұсыныстары негізделген;
- бағалы қағаздар нарығының эмитенттері үшін ынталандыру факторлары негізделген;
- бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар қызметін талдау негізінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу жүйесі бойынша ұсыныс берілген;
- акция табыстылығының ықтималдылығын бағалау әдістемесі ұсынылған.
Қорғауға шығарылған негізгі ұсыныстар:
- «Бағалы қағаздар нарығы», «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы» және «бағалы қағаздар нарығының үлгісі» атты түсініктерге авторлық анықтама;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуді жүргізудің қағидалары;
- Мемлекеттің стратегияларын жүзеге асыру және бірігей жүйеде қалыптасу мақсатында бағалы қағаздар нарығы құрылымының ынталандыру факторлары;
- Бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу жүйесін өзгертудің қадамдары;
- Қор нарығында акция табыстылығының ықтималдылығын бағалау әдістемесі.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік
маңыздылығы. Диссертацияда
берілген ұсыныстар мен қорытындылар ҚР бағалы қағаздар нарығын жетілдіру бойынша теориялық-тәжірибелік
міндеттерді шешуге бағытталған. Зерттеу нәтижелерiн бағалы қағздар нарығын жетілдіруде пайдалана
алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын
жоғары
оқу
орындарында пайдалануға болады.Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы.
Диссертациялық зерттеудің жекелеген негізгі теориялық тұжырымдары
мен практикалық түйіндері келесі халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда: «Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеті және оны жоғарлату жолдары» (Халықаралық Бизнес
Университеті, 17 маусым, Алматы, 2004); «Мемлекет
және қоғам: өзара
байланыстың жаңа аспектілері» (Тұран
Университеті, 17-18 қараша, Алматы, 2006); «Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері
және
келешегі» (Халықаралық бизнес университеті,
10 қараша,
Алматы, 2006); «Екінші Рысқұлов оқулары» (Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 21-26 мамыр,
Алматы, 2007); "Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы
мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі"
(Қ.Сатпаев
атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
10-13 қазан,
Алматы, 2007); «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы
жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы»
(әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті,
13-14 қараша,
Алматы, 2008), сондай-ақ Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысында, Аль-Пари, Қаржы-қаражат, Қоғам және дәуір
мерзімдік басылым беттерінде және «Қаржы,
ақша
айналысы және несие» оқу құралында (өзге авторлармен бірге) баяндалып
жарық
көрді.Зерттеу
бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу
жұмысы
бойынша жалпы көлемі 7,53 баспа табақ 1 оқу құралы
және
11 ғылыми
мақала
ресми басылымдарда жарияланды.
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы.
Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті.
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.