Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат

Описание

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздар нарығы курсавой.docx

— 146.56 Кб (Скачать документ)

    1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Ортлық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 - 1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі - жергілікті жерлерде ¥лттық комиссияның аймактық белімшелерінің болмауынан.

      1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Үлттық комиссия Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік жэне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тэртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып саналады.

     2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыкка сэйкес бағалы қағаздар жөніндегі Үлттык комиссия таратылып, онын барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Үлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды. Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа зандар қабылданды. Олар:

        • 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы»;

        •    2003    жылғы    13    мамырдағы   «Акционерлік   қоғамдар туралы»;

        •    2003   жылғы   2   шілдедегі    «Бағалы   қағаздар   нарығы туралы»;

        •    2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу жэне кадағалау туралы»

        •    2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындагы кредиттік бюролар жэне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;

       •    2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы». 2003   жылдың   13   мамырында қабылданған   «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы» қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:

      1.  Акционерлік қоғамды «ашық», «жабық» деп типке бөлу жойылған.

      2.  Жарғылық капиталының минимальды мөлшері анағұрлым өсірілген.

      3. Акцияларды мемлекеттік тіркеусіз салықтық инвестициялық номер беру жолымен нарыкка шығару жойылған.

     4.  Жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет жүргізіледі.

   5. Акцияларды   жабық   тәсілмен    орналастыруга    шектеу қойылған.

    6. Дивидендтерді төлеу мерзімін өткізіп алганы үшін айыппұл төлеу енгізілген;

   7. Соттың   шешімі   бойынша   акцияны   өтеу   процедурасы енгізілген.

   8.  Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы органдарына сайлауға шектеу қойылган.

   9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.

 10. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген ( бүрынғы заңда ол туралы тек түсінік берілген болатын).

 11.«Орналастыру  бағасы»,  «ірі  акционер»,  «төлем  агенті» деген ұғымдар енгізілген.

 12. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі бойынша шектеу қойылған.

13. Халықтық акционерлік коғам екенін білдіретін белгілердің саны азайған. Н.Құрылтайшы   жиналысына   қойылатын   талаптар   пайда болған.

     Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы