Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: n**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 10:13, реферат

Описание

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды. ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................2
I.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
1.1.Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,мақсаты және міндеті......................7
1.2.Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері...........19
II.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу
жолдары.
2.1.Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері...........24
2.2.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...........................27
2.3.Бағалы қағазлар нарығын реттеу..........................................................................32
III.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
дамуы.
3.1.Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................................................37
IV.Қорытынды.........................................................................................42
V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................47

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қағаздар нарығы курсавой.docx

— 146.56 Кб (Скачать документ)

            Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады.Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар нарығы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар нарығынан құралады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, бағалы қағаздар нарығының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады.Бағалы қағаздар нарығына келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі.Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.  Қазастан Республикасының заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған.ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. Заңнамаларды салыстыру негізінде, Азаматық кодекс пен Бағалы қағаздар нарығы заңдарының сәйкессіздігі байқалады. Сонымен қатар, инвестициялық қор туралы ҚР заңында пайды бағалы қағаз түрі деп бекітсе де, өзге құқықтық құжаттарда пай бағалы қағаз мәртебесі ретінде негізделмеген.«Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.

            Әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарығының сипатын зерделей келе  келесі тұжырымдама жасауға болады:

          - «бағалы қағаздар нарық үлгі» түсінігінің жеткілікті деңгейде қарастырылмауы;

         - бағалы қағаз нарығын дамытуда нақты үлгіге сүйенбеуі;

         - ұлттық бағалы қағаз нарығын қалыптастыруда үлгіні құрастырушы факторлардың ескерілмеуі.

          Біздің пікірімізше, бағалы қағаз нарығының үлгісі – бұл елдің өндірістік, экономикалық, дәстүрлік факторларды ескере отырып, қоғам субъектілеріне бағалы қағаз арқылы тиімді жүйесін құру болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының үлгісін тек қатысушы институттарға ғана байланысты емес, сондай-ақ корпоративтік басқару, қаржы нарығының құрылымына байланысты анықтау қажет. Осыған байланысты, қаржы нарығының құрылымына байланысты республиканың бағалы қағаздар үлгісі – жапон-немістік үлгі деп танысақ, ал корпоративтік басқару жағынан – немістік үлгі деп анықтаймыз.Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге айналды. Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тартуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығы жүргізілуі тиіс:

  • бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмін зерттеу;
  • бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін себептерді анықтау;
  • бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуына әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу.

 Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік реттеу жүргізуіне байланысты. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығын реттеу – бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері мен операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама түрде жүзеге асырылады. Тікелей мемлекеттік реттеуге келесілер жатады: нарық субъектілерінің қызметтеріне қатысты заңнамаларды шығару, нарық субъектілерін лицензиялау, инвесторларды қорғау шараларын жасау және т.б. жатады. Ал, жанама мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикалық тұтқалары және капиталдары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тұтқалар мен капиталдарға салық, ақша саясаты, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік меншік, сыртқы экономикалық байланыстар жатқызылады.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.

     Мақсаты мен мiндетi

      Орта мерзiмдi перспективада бағалы қағаздар нарығының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

  • қор нарығы арқылы несие капиталына қатынауды кеңейту;
  • бағалы қағаздар нарығында, оның iшінде халықтың есебiнен инвесторлар тiзбесiн арттыру;
  • бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын, оның iшiнде миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғау;
  • бағалы қағаздар нарығында жаңа және өтiмдi қаржы құралдарын, оның iшiнде бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген облигацияларды (секьюрителендiру тетiктерi), өтiмдi бағалы қағаздарды, инфрақұрылымдық облигацияларды, мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген борыштық бағалы қағаздарды енгiзу;

       Ағымдағы жағдай

      Қазақстанның қор нарығының ағымдағы жай-күйi акциялар нарығының дамымағандығымен сипатталады. Ресми тiзiм акциялары атауларының шамамен үштен бiрiне нарықта қол жеткiзу мүмкiн емес. Олардың арасында қазақстандық экономикада жетекшi болып табылатын аса iрi компаниялардың бағалы қағаздары бар. Бағалы қағаздар айналымның салалық құрылымы Қазақстандық қор биржасының (ҚҚБ) ресми тiзiмiнiң құрылымына жауап бермейдi. Қор биржасының жалпы айналымындағы акциялардың қайталама нарығының үлесi мардымсыз әрi төмендеу үстiнде. Шарттық мәмiлелердiң басым болуы басты проблема болып табылады. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi мен ҚҚБ тiкелей мәмiлелерге қарсы күрес жөнiнде шаралар қабылдауда, алайда олардың көлемдiк және сандық мәндегi үлесi жоғары болып қалуда.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы