Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

Жол төсемінің қанағаттанғысыз  жай-күйі пайдалану жылдамдықтарының төмендеуіне, көлік пайдалану шығыстарының артуына, авариялықтың өсуіне әкеледі.  

Автокөлік паркі  жылжымалы құрамының тозуы (шамамен  автобустардың 30%-ының  және  жүк   автомобильдерінің      40%-ының      пайдаланылу    мерзімі 13 жылдан асады) жөндеуге және пайдалануға арналған шығындардың артуына, сервис қызметінің төмендеуіне әкеп соқтырады және қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді.  

Қазақстанның халықаралық  әуежайлар желісі оңтайлы, алайда оны  халықаралық    стандарттармен   сәйкестікке    келтіру     қажет.      Республикада 22 әуежайдың 21-і жұмыс істеп тұр. Аэродром кешендерінің техникалық стандарттарға  сәйкес келмеуіне және авиациялық техника  түрлері бойынша шектеулер енгізілуіне  байланысты  тек 5 әуежай ғана (Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында) ауыр салмақты әуе кемелерін шектеу қоймастан қабылдай алады.  Қалған әуежайлар қайта жаңғыртуды қажет етеді. 

Әуе кемелерінің (672 бірлік), үнемді емес және  шуылы  мен эмиссиясы бойынша халықаралық  стандарттарға сәйкес келмейтін  қозғалтқыштардың тозығы жеткен паркі халықаралық әуе желілерінде қызмет көрсетуде шектеулер тудырады. Осы орайда, әуе кемелері паркін жаңартуға ықпал ететін тартымды жағдайлар жасау мен тиімді әдістер қолданудың  маңызы зор.  

Көп жағдайда әуе көлігінің дамуына инфрақұрылымның және азаматтық авиацияның негізгі құралдарының жеткілікті жаңғыртылмауы әсерін тигізеді. Өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі және техникалық стандарттарға сәйкес келмеуі себептері Қазақстанның тораптық әуежайлары авиациялық техника түрлері бойынша шектеулер енгізумен қатар, өздері қабылдайтын және жөнелтетін әуе кемелерінің санын амалсыздан қысқартады.  

Қазіргі уақытта  Қазақстан Каспий өңірінде ұсынылатын қызметтері әлемдік сапа мен технология стандарттарына сәйкес келетін бір  ғана Ақтау халықаралық теңіз сауда портымен танылып отыр. Сонымен бірге,  елдің батыс өңірінде өндіруші өнеркәсібін одан әрі дамыту 2015 жылға қарай мұнай өндіру деңгейін жылына 140 млн.тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, бұл Ақтау теңіз порты арқылы мұнай тасымалдауды жылына 20 млн. тонна көлемінде ұлғайтуға жеткізеді. Порттың өндірістік қуаттарының инфрақұрылымын орта мерзімді перспективаның өзінде тиісті деңгейге дейін кеңейту, сондай-ақ басқа порттарда да мұнай терминалдарын салу мен теңіз операцияларын қолдау базаларын құру қажеттілігі осыған байланысты. 

Ішкі су көлігі саласы кемелерінің көпшілігі қызмет ету  мерзімін 2-3 мәрте артық атқарды. Мемлекеттік техникалық өзен флотының тозуы 85% құрайды.  

Су көлігінің басқа да елеулі  проблемалары гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) техникалық жай-күйі мен сенімділігі болып табылады. Ұзақ    мерзім    бойы    пайдалану (50 жылдан астам), жобалау мен салу кезінде   жіберілген     қателіктер,    ауданның     жоғары   сейсмикалылығы   (6 – 7,5 балл), бетон   конструкциялардың   тозуы,   қосалқы бөлшектер мен жабдықтар сатып алумен байланысты проблемалар оларды қайта жаңарту мен жаңғырту жөнінде   шұғыл  шаралар қабылдауды талап етеді.  

Қазақстанның көлік  кешені үшін техникалық құралдар импортының деңгейі жоғары, ол жекелеген салалар  бойынша 90%-дан астам құрайды.  Осыған байланысты көлік кешені үшін жылжымалы құрамды, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жөндеу мен шығару жөнінде отандық өндірісті қалыптастыру және дамыту қажет. 

Көлік саласындағы  ғылыми әлеуетті дамытуға бөлінетін  қаражат деңгейі жеткіліксіз: сараптамалық бағалаулар бойынша ол басқа дамыған  елдердегі 2-2,5%-ға қарағанда көлік  кірісінің 0,1%-дан азын  құрайды. 

Республиканың көлік кешеніндегі бесінші технологиялық бөлікті (микроэлектроника, телекоммуникация, икемді автоматтандыру, түрлі құрастырмалық материалдарды  ұластыра қолдану) енгізудің деңгейі жеткіліксіз. Мысалы, талшықты-оптикалық байланыс желілері республиканың магистральдық байланыс желілерінің жалпы ұзақтығының шамамен 30%-ын, темір жол көлігінде 2,3%-ын құрайды. 

Көлік кешені инфрақұрылымы  мен негізгі құралдарының жай-күйі мемлекет пен жеке меншік сектор тарапынан  көлемді инвестицияларды талап  етеді. Операторлардың бәсекелестік нарығын  дамыту үшін инвестициялар салу мен  қолайлы жағдайлар жасау арқылы инфрақұрылымды қалпына келтіруге  және жылжымалы құрамды жаңалауға  шұғыл кірісу қажет.  

Көлік жүйесінің дамуын және жұмыс істеуін басқаруда, сондай-ақ әртүрлі көлік түрлерін үйлестіру мен өзара әрекет етуінде қажетті кешенділік жоқ. 

Инфрақұрылымдық сипаттағы  проблемалармен қатар Қазақстан  аумағы арқылы өтетін транзиттік ағын бірқатар кедергілерге тап болуда, олардың анағұрлым елеулілері  – кедендік және шекаралық бақылаудан өту кезіндегі негізсіз кідірту және рәсімдік қиындықтар. 

Барлық көлік кешені секторларының қызметі транзиттік тасымалдарға арналған тарифтер реттелуінің барабар еместігімен сипатталады. Транзиттік тасымалдар бойынша көліктік қызметтер көрсететін монополист кәсіпорындар қатаң халықаралық бәсекелестік жағдайында жұмыс жасайды, бұл транзиттік тариф саясатын қалыптастыруда жоғары икемділікті талап етеді.  

Көлік қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілерін анықтайтын заңнамалық база негізінен алғанда қалыптасқан. Сонымен қатар, бірқатар салаларда қабылданған салалық заңдарды іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілер жоқ. Қолданылып жүрген нормативтік техникалық стандарттар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді және үйлестіруді қажет етеді. Көлік секторының қызметін реттейтін заңнама нормалары көлік саласындағы халықаралық құқық нормаларының негізгі ережелерін ескеруі тиіс. Көліктің жұмыс істеуін  нормативтік құқықтық қамтамасыз ету жүйесін жақсарту мақсатында  Көлік кодексін әзірлеу мен қабылдау туралы мәселе қаралуда.  

Көлікті қаржыландырудың  ІЖӨ-нің шамамен 1,5%-ын құрайтын ағымдағы деңгейі аумақтық сипаттамалары ұқсас елдерге қарағанда көп төмен.  Қарқынды дамып келе жатқан елдер көлік кешеніне ІЖӨ-нің 4-7 %-на дейін бөледі.  

Көлікті дамытудағы проблемалар инфрақұрылымдық шектеулерді  көбейтеді, әлеуметтік даму мен бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастырудың деңгейін төмендетеді. Оларды тездетіп шешу, әсіресе, ұлттық экономиканың орнықты және сапалы өсу сатысына ауысуы жағдайында ерекше маңыз алады. 

2000 жылдан  2004 жылға  дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасының  өсуі ІЖӨ-мен білдіргенде 42,7 %-ды, ал тауарлар мен қызметтер өндірудің өсімі тиісінше 41,9 % және 43,7 %-ды құрады. Бұл ретте көліктің барлық түрлерімен жасалатын жүк тасымалдарының көлемі 28,5 %-ға өсті. Мұның нәтижесінде, көлік инфрақұрылымының қолданыстағы қуаттары экономиканың өсу қарқынын тежейтіндей жағдай қалыптасты.    

ІЖӨ-нің жылдық өсу қарқынын 8,8-9,2 % деңгейінде сақтауды болжай және өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %-ға8 жеткізе отырып, Қазақстанның экономикалық даму перспективалары көлік жүйесіне, әсіресе, елдің ішіндегі өнеркәсіптік және экономикалық процестерде және оның экспорттық-импорттық және транзиттік тұрғыдан шешуші рөл атқаратын көліктің темір жол және автомобиль түрлерінің инфрақұрылымына түсетін жүктеменің артуына сөзсіз әкеп соқтырады. 

Халықтың орналасуының төмен тығыздығы жағдайында үлкен  қашықтықтармен қатар мемлекет экономикасының шикізаттық бағыттылығы экономиканың көлікке барынша тәуелділігін білдіреді. Егер экономикалық құлдырау кезеңінде  көлік кешені мемлекет экономикасының барша қажеттілігін қамтамасыз етіп, сондай-ақ көлік қызметтерінің тарифтері мен бағаларын ұстап тұру жолымен қолдау көрсетсе, ал қазіргі уақытта, тұрақты өсуі кезеңінде көлік саласын қалпына келтіру мен көтеруде елеулі мемлекеттік қолдау қажет. 

  

  

  

        

  

            2. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР  МЕН ҚАҒИДАТТАР 

  

Стратегияның мақсаты  экономика мен халықтың көлік  қызметіне қажеттіліктерін толық  көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация кешенін озыңқы дамыту болып табылады. 

Стратегияның миссиясы – мемлекеттің міндеттерін,  елдің  транзиттік мүмкіндіктерін тиімді іске асыруға және көлік шығындарын азайтуға ықпал ететін  барынша жетілдірілген көлік жүйесін құру. 

Қойылған мақсатты негізге ала отырып, мемлекеттің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық және геосаяси басымдықтарына сәйкес көлік жүйесін дамытудың стратегиялық міндеттері мыналар болып табылады: 

көлік инфрақұрылымын дамытудың деңгейін, отандық тасымалдаушылардың көліктік қызметтердің сыртқы нарығындағы  бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін  арттыру жолымен Қазақстанның көлік  жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі; 

сыртпен кіріктірілген бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру және Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша бағдарлар мен тораптарды байланыстыратын негізгі көлік магистралдарының меридиандық және ендік орналасуының түрлендірілген моделі негізінде тиімді ұлттық перспективалы көлік инфрақұрылымын құру; 

мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, көліктің  транзиттік әлеуетін арттыру мен тиімді іске асыру және қазіргі заманғы технологияларды  пайдалану жолымен көлік процестерінің  барынша тиімділігіне қол жеткізу  және ішкі, транзиттік және экспорттық-импорттық қатынастағы түпкі өнім құнындағы көлік құрамдасының үлесін төмендету; 

өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде ұлттық көлік заңнамасын халықаралық заңнама нормалары талаптарымен үйлесімді ету; 

бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту және өңіраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мен тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік тұрлаулылыққа кепілдік беретін деңгейде көлікке қол жетімділікті қамтамасыз ету; 

инновациялық технология және инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсеке қабілеттілігін арттыру; 

көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктегі оқиғалар саны мен ауырлығын азайту; 

халықаралық нормаларға сәйкес келетін экологиялық стандарттарды белгілеуде және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруда мақсатты мемлекеттік саясат жүргізу арқылы экологиялық қауіпсіздікті және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; 

көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. 

Жоғарыда айқындалған  стратегиялық міндеттерді ескере отырып, Қазақстанның көлік жүйесін дамытуға қатысты мемлекеттік саясат мынадай шешуші қағидаттарға негізделеді: 

1) көліктік қызмет  пен көліктік инфрақұрылым қол  жетімді болуы тиіс. 

Көлік қызметтерінің  құны Қазақстан азаматтарының, оның ішінде халықтың аз қамтылған топтарының және мүгедектердің табыс деңгейімен шамалас болуы тиіс. Көліктік қатынаспен қамту Қазақстанның әрбір азаматы тұрғылықты жеріне қарамастан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кепілдік берілген қол жетімділікке ие болатындай  дәрежеде жүзеге асырылуы тиіс. 

2)      көлік  өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз болуы тиіс. 

Жоғары техногендік  және экологиялық қауіптілік көзі ретіндегі көліктің әсері ең аз шамаға жеткізілуі тиіс. Көлік оқиғаларының саны мен ауырлығын және көліктің халық денсаулығы мен қоршаған ортаға келеңсіз әсерін төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асыру көлік жүйесін дамытудың саяси басымдықтарының бірі болуы тиіс; 

            3) көлік жекелеген салалар мен  тұтас экономиканың кіріктірілген жүйесі шеңберінде дамуы тиіс. 

Көліктің жекелеген  түрлері бірыңғай көлік жүйесі құрылымында  дамытылуы тиіс. Көлікті және көлік  инфрақұрылымын дамыту   өндірістік күштерді перспективті орналастыру және аумақтық дамыту бағдарламаларымен байланыстырылуы тиіс. Өңіраралық байланыстарды дамыту бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтуға ықпал етуі тиіс; 

4) көлік инфрақұрылымы  және көлік қызметтері ең жоғары  дәрежеде өзін-өзі  өтейтіндей болуы тиіс. 

Транзиттік қозғалысты қоса алғанда, көлік инфрақұрылымын пайдаланушылардан алынатын тікелей және жанама алымдар, оны ұстау мен ағымдағы жөндеуге арналған шығындарды ең жоғары деңгейде өтеуі, сондай-ақ күрделі инвестицияларға үлес қосуы тиіс. Көлік қызметінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге мемлекет кепілдік беретін жағдайларды қоспағанда, көлік қызметінің құнын оларды пайдаланушылар толық дәрежеде өтеуі тиіс; 

Информация о работе Бағдарлама