Банктің несиелік операциялары мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:16, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Несиенің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері
1.3 Екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі мысалында)
2.1 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі
2.2 ҚР банктік несие беру процесі

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы
3.1 Банктік несиенің казіргі жағдайын талдау
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 568.00 Кб (Скачать документ)

Несие нарығының құн  қозғалысы мен оның ақшалай формасында, әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасуы мен және пайдалануымен органикалық тұрғыға байланысты болатыны белгілі. Оның деңгеиі қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оны тұтастай әлеуметтік–экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысымен, мөлшерімен және бағытымен өлшеніп, анықталады.

Несие беруші мен қарыз  алушы несие қатынасына түсу арқылы өздерінің мақсаттары мен мүдделерінің біртұтас екенін көрсетеді. Олар несие  қатынасы шеңберінде орындарын алмастыруы да мүмкін, егер орындарын алмастыратын болса, несие беруші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады.

Нарықтағы негізгі несие  берушілерге коммерциялық банктер  жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың  бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активті операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық несиені, қайта қаржыландырудың несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді қарызды ұйғаратын  РЕПО-ны ұсынады. Ұлттық банк қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемелерден төмен белгілей алмайды.

Несие нарығында реттеуші орган ретінде ҚР қаржы нарығын  және қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттігі алға шығады. Бұл орган, мәселен кастодиан-банктің, брокер банктің және т.б. банктердің негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.

Белгілі болғандай, коммерциялық банктер әмбебап коммерциялық банк және мамандандырылған коммерциялық банк болуы мүмкін. Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады. Дегенмен, соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады. Мәселен, «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ын айтуға болады. Оның негізгі бағыты  халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.


 

 






 


 

 

 

2-сурет. Қазақстан несие нарығының институтционалдық құрылымы

Дерек көзі: Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2000. – 328б.

       2-суретте көріп тұрғандай, несиені тек коммерциялық банктер ғана емес, сондай-ақ ломбардтық, несиелік серіктестіктерде және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзіге және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.

Қазақстанда осы уақытқа  дейін қысқа мерзімді несиелер негізінен  аса ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға беріліп келгені  байқалған, ал бүгінгі таңдаелімізде  ұсынылатын несиелердің көптеген түрі пайда болып үлгереді. Оның үстіне, несие барушілердің қатарын мамандандырылған мекемелер толықтырады, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп отыр.  Бүгінгі таңда Қазақстанда басқа несие нарығына қарағанда тұтыну несиесінің нарығы қатты дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін беріледі. Сатып алынған тұрмыстық техниканың, машинаның және басқа да тауарлардың құнын біртіндеп бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен бүгінгі күнде ең қолайлы нұсқаға айналған.

Құрылыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрылыс жұмыстарының қарқын алуына қарай оған жұмсалатын қаражатқа қажеттілік артып келеді. Банктерде ссудалық пайыздардың кемуі, несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие нарығының ұлғаюына себепші болды.

Банк аралық несие  нарығы – несие нарығының айрықша бөлігі. Басқа несие нарықтарында банктер өзгерісінің бәрі қарыз алушыға жатса, мұнда тек банктердің өздері ғана несие берушінің де, қарыз алушының да рөлінде болады. Халықтың баспана қажеттілігімен байланысты ипотекалық несие нарығы жыцлдам дамып келеді. Алайда, халықтың көп бөлігінде баспана алуға жеткілікті қаржы болмай тұр, сондықтан да жеке тұлғалар үшін ең қолайлысы тұрғын үй несиесін ипотекалық қамтамасыз етумен алу болып табылады [6,135б.].

Қорытындылай келе, несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады.

 

1.2 Қазақстан  Республикасында несиелік операциялардың мәні және

олардың түрлері

Несие – ақша сияқты экономикалық дәреже болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады [8].           

Қызмет процесінің бағыттылығы  ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында  болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, айналым саласы үшін – тауарлы және ақшадай болуын талап етеді. Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорлардымодернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал – жабдықтарды ауыстыру және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады

Капитал айналымында  және ауыспалы айналым процесінде ақшалай  қаражаттың босатылуын және оған деген  қосымша қажеттілікті шамамен былай  көрсетуге болады.

Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы мен қайтуы болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.

Несие өзгермейтін, тұрақты  болып қалатын - құрылым. Несие бір - бірімен өзара әрекет ететін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектілері, субьектілерге несие берушімен қарыға алушы жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды, оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға боладыҚазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің берілу процесі  бұл қоғамдағы экономикалық өзара  байланыстарды алып жатқан күрделі  құбылыстарды білдіреді. Сондықтан  да, несиенің экономикалық категория  ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
  • несиенің төлемділігі;
  • несиенің қамтамасыз етілуі;
  • несиенің сыйақылылығы;

Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші  классты қарыз алушылар үшін жиі  қолданылады. Мұндай жағдайда несие  сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Мерзімділік – бұл  белгілі экономикалық категория  ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие  берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындыланады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің мерзімділігі несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі - ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің төлемділігі – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады [10,45б.]:

  • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
  • банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
  • банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
  • несиеге деген сұраныс;
  • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
  • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Несиелеудің келесі бір  қағидасы – берілетін несиелердің  материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық  категория ретінде шығуымен бірге келеді.

Бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда  бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады. 

Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші классты қарыз алушыларына  қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.

Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық  немесе басқа кепілдігі бар заңды  немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;кооперативтер;акционерлік қоғамдар;жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;банктер;

    Ннесие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибедегі нақты қосымшасы.

а) Қазақстанда несие  түрлері былайша жіктеледі: несиелену  объектінің экономикалық белгілірі  бойынша [11,83б.]:айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие; ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие; өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие; төлем несиелері;

ә) қамтамасыз етілуі бойынша:; ішінара қамтамасыз етілген; қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік .

б) қайтарылу мерзімі  бойынша:қысқа мерзімді; орта мерзімді; ұзақ мерзімді;

в) өтелу тәртібі бойынша: бөліп бөліп төлеу (мерзімінің ұзарту); бір жолғы өтеу- кезең сайын  бір қалыпты(бір қалыпты емес) өтеу.

г) тәуелді деңгейі бойынша:стандартты;күмәнді; сенімді; cенімсіз;

ғ) ақылығы бойынша: қалыпты  пайыздық мөлшерлемесі; жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі ; төмен пайыздың мөлшерлемесі; пайызсыз.

Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

Жаңартпалы  несие ( ағылшынша revolve – айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) – сауда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясинда несиелеу) несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап ақшалай қаражат болмаса, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегіне беріледі.

     Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель  қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс  шығынан кемітуге жағдай тудырады.

Вексель – бұл сатып алушы –қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады [12,87б].

Коммерциялық несие  көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық-түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар- жағар  май материалдарын, тұқымды, минералды  тынайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын – ала төлемін қамтиды.

Информация о работе Банктің несиелік операциялары мен маңызы