Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:16, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.
Кіріспе
І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Несиенің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері
1.3 Екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері
II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі мысалында)
2.1 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі
2.2 ҚР банктік несие беру процесі
III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы
3.1 Банктік несиенің казіргі жағдайын талдау
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жеке тұлғалар үшін трасталық қызметтердің негізгі 3 категорясы бар:
Интернет – банкинг қызметі. Интернет - банкинг – банктік шоттарды ғаламтор арқылы басқару. Интернет – банкинг :бір шоттан екінші шотқа ақша аудару;қолма-қол ақшасыз банк ішінде де, қолма-қолсыз валютада сату және сатып алу; депозиттерді ашу және жабуға; есеп айырысу графигін құруға және әртүрлі тауарлар мен қызметтерді төлеуге;банк шотындағы операцияларды бақылауға мүмкіндігі бар.
Интенет – банкинг қаржылық мәселелерді шешетін серпінді бағдар болып табылады. Интернет – банкинг күшіне қаржылық спектрдің кең көлемді қызметтері, интернет – банкинг жүйесінде көрсетілетін қызметтер кіреді. Мұндай жүйелер негізі бағалы қағаздар нарығы серпінді қызметтердің де және сақтандыру нарығының да жүйесі бола алады. Өйткені, олар есеп-айырысуларды жүргізуге және қаржылық қатынастарға түсетін барлық қатысушылардың жағынан оларға бақылау жасай алады.
Интернет – банкингті алғаш ойлап тапқан АҚШ елі. Оған себеп АҚШ-та басқа штаттарда банктердің бөлімдерінің аз ашылуынан болды. Клиенттердің жиі көшіп қонуы (АҚШ-та халықтың көші – қоны өте жоғары) кедергілер келтірді, банк өз клиентін, ал халықтар өздерінің төлем қабілеттілігін басқа банктерге дәлелдеуі керек болды. Осылайша банктерге басқа штаттағы немесе басқа елдегі өз клиенттеріне қызмет көрсетудің басқа түрін ойлап табу керек болды. Нәтижесінде 1995 жылы 18 қазанда ғаламторда толықтай онлайндық банк – Security First Network Bank, (кейіннен RBC Centura) ашылды. Бірінші жарты жылдықта банк капиталының орташа өсімі айына 20% -ды құрады, активтер көлемі 40 млн. долларға дейін көтерілді, 10 мың клиенттердің шоттары ашылды.
Интернет-банкингті қолдану: біріншіден, уақыт үнемдейді, екіншіден, клиент тәулігіне 24 сағат бойы өзінің шотына бақылау жасай алады және қаржы нарығындағы өзгерістерді біле алады, сол өзгеріске қарай шешім қабылдайды. (Мысалы, банктегі салымын жабуға немесе валютаны сату немесе сатып алуға және тағы басқалары). Интернет – банкинг жүйесі пластикалық карточкадағы жүріп жатқан операцияларға да бақылау жасай алады. Карточкалық шоттағы ақша қаражаттарының қозғалысы шоттан үзінді көшірмеде көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету.
Қазіргі кездегі
Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасайды, клиент оған қолын жеткізу үшін белгілі бір ақы төлеуге тиіс.
3.2 Коммерциялық
банктердің несиелік
Қазіргі кезде дүние жүзілік дағдарысқа қарамай елімізде банктік несиелеуге байланысты жақсы шарттар бар. Атап айтсақ, біріншіден, бұл – инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты ЖІӨ-нің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің профицитімен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, менталитеттің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады.
Елiмiзде несиелендiрудiң үш деңгейлi жүйесi дамып келедi. Қор рыногының, оның iшiнде iшкi институционалдық инвесторларды дамыту және инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды күшейту, корпоративтiк басқаруды жақсартуға арналған ынталандыруды көтеру жөнiндегi құқықтық негiздерi жетiлдiруде [10].
Бұл қызмет бағытындағы банк жүйесі үшін басты мәселе мерзімі өткен берешегі ең көп құрылыс, сауда және өндірістік емес қызмет өнеркәсіптерінен несиені қандай жолмен қайтарып алуында жатыр. Бұл бағытта жұмыс істейтің немесе істеген көптеген салыстырмалы ірі кәсіпкерлер өз қаржыларын өздеріне қауіпсіз оффшорлы аймақтарға шығарып алды деген болжам бар. Оның үстіне үлескерлер алдыңдағы міндеттемелер негізінен мемлекеттік қаржылық ресурстарды пайдаланумен бірге шешілген. Одан ұсақ кәсіпкерлер ірі жарғылық қорлар мен қаржылық активтерді пайдалана алмайды. Олар банкротқа ұшырауды қалауы мүмкін. Оның үстіне үшінші тұлғаға кәсіпорын рәсімдеу қиынға соқпайды
Банктердің нақты секторды несиелеудегі қаупін түсіндіруге болады. Әрине, макроэкономикалық тұрақтылық, экономикалық өсудің жоғары қарқыны банктерде ұзақ мерзімді ресурстардың қалыптасуына әсер етті.
Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен мынадай кезектілік қарастырылған: ең алдымен банкрот болған кәсіпорын мүлік арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді, содан кейін әлеуметтік орта (алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы, т.б.). Осылардан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда, банктер түксіз қалады.
Айтылғандардың бәрі
кепіл құқының негізгі
Жеке кәсіпкерлер мен шағын кісіпорындардың банктерге қойылатын басты кінәраттарға талдау жасай отырып, негізгілерінің бірі несиелердің кепілдікті қамтамасыз етуіне қойылатын қатаң талаптар болып табылады. Оның себебі, шағын және орта бизнес субъектілерінің көбісі ұсынатын кепілдің өтімділігі төмен болатындықтан, банктер үшін несиелік тәуекел жоғары болады, сонымен қатар, кепілмен қамтамасыз етілген мүлікті сақтау және өткізу банк үшін көп қаражаттардың жұмсалуына әкеледі. Кепілмен қамтамасыз етілмеген несиелер үшін резервтер көбінесе таза табыс есебінен құрылады. Соған байланысты банктер кепіл ретінде күмән келтірмейтін активтерді ұсынуды талап етеді. Кепіл берушінің мүлігін бағалаумен байланысты тәуекел дәрежесі тағы да бір фактор болып табылады. Кепілдің нарық құнының ауытқуы үлкен болса немесе несие беруші кепіл құнына берілген бағасына сенімі аз болса, онда ол несие берушінің қызығушылығы да төмен болады. Яғни, өтімділік, жеделділік және тәуекел несие беруші үшін кепілдің түрлеріне қызығушылық деңгейін демек, компанияға қол жетерлік қаржыландыру сомасын да анықтайды.
Берілген үрдісті жылжымайтын мүлікті бағалаудың талаптарын бекіту арқылы, аралас тәсілді қолдану арқылы өзгертуге болады. Берілген тәсіл өзіне жылжымайтын мүлікті үш әдіспен (нарықтық, табыс және шығын әдістерімен) бағалауды өткізуді және берілген әдістер бойынша алынған нәтижелерді математикалық өлшеуді өзіне қосады. Өлшеу коэффициенттері реттеуші органдармен бекітіледі. Берілген шара жылжымайтын мүлікті бағалаудың қатаң шекараларын орнатуға, сонымен бағалардың заңсыз өсуін және «көпіршіктің» одан әрі дамуына жол бермейді.
Кепіл мүлігінің сапасы жақсы болғанымен, банктер несиені ұсынудан бастартуы мүмкін, егер кәсіпорынның күтілетін ақша қаражаттарының ағымы несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болатын болса. Сондықтан кәсіпорындағы жағдайды толық көрсететін, кәсіпорынның басқарудың маркетингтік және қаржы құжаттамасын дұрыс құрастыру ерекше мәнге ие болады. Қаржылық емес секторда жалпы жағдайдың төмендеуі кезінде тәуекелді бағалау және қарыз алушыларды таңдау қиынға түседі, пайыздық мөлшерлемелер көтеріледі, бұл сенімді қарыз алушыларды нарықтан кетуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, қаржылық жағдайына байланысты сенімсіз қарыз алушылар жоғары пайыз мөлшерін төлеуге келіседі, себебі ссуданы қайтара алмауы мүмкін екенін біледі. Мұның нәтижесінде тәуекелдің несиелік саясат жүргізе отырып, несие берушінің өзінің қаржылық жағдайына қауіп төнеді немесе нарықта сенімді қарыз алушылар бар екендігіне қарамастан, берілетін несиелер көлемі шектеледі. Бұл қаржы нарығының да, нақты сектордың да жағдайына кері әсерін тигізеді.
Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Бұл жағдайда үш түрлі нәтиже байқалады.
Біріншіден, несиелік бюролар банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға мүмкіндік береді. Бұл несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, несиелік бюролар банктерге өздерінің клиенттері туралы ақпаратты іздеу бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілермен несиелік ресурстар үшін бәсекелік бағаларды қоюға әкеледі. Төмен пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, олардың қызметін ынталандырады.
Үшіншіден, несиелік бюролар қарыз алушылар үшін тәртіптілік механизмін құрады. Қарыз алушылар өздерінің міндеттемесін нақты орындамаса, оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарға жолын жабатындығын және несиелік ресурстар ол үшін қымбаттайтындығын біледі. Сонымен қатар, бұл механизм қарыз алушыны несиені уақытында қайтаруға ынталандырады .
Алайда, осының бәрі үлкен қиындыққа тірелді: кәсіпорындар мен ұйымдар – коммерциялық банк клиенттері өздері туралы мәлімет бергісі келмейді. Батыста мұндай ақпаратты беруден бас тарту берілген компанияны теріс жағынан көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Яғни, Қазақстанда жалпы ақпараттық желі болмайынша, несиелік тәуекелдер әлі жоғары болып табылады.
Отандық банк жүйесінде несиелік келісім-шарттардың жетілмегендігі мәселесін атап өту керек. Осы орайда несиелік келісім-шарттар негізгі қарыз және пайызды өтемеудің алдын алу шараларын қамтымайды. Ал, құқықтық жағынан келісім-шарттар берілген ссудалардың қайтарылуын қамтамасыздандырмайды. Көптеген келісім-шарттар заңи дұрыс құрылмаған, кейде оларға құзыреті жоқ адамдар қол қояды. Батыста несиелік келісім-шарт маңызды құжат болып саналады. Осыған байланысты несиелік келісім-шартты құрған кезде несиеленетін мәмілені терең зерттеп қана қоймай, сонымен қатар барлық мүмкін болатын тәуекелдерді есепке алып, оларды келісім-шартта көрсете білу керек. Несиелеу мәселесінде кепіл механизмінің жетілмегендігін атап өту керек. Кепіл шартына сәйкес несие берушінің талаптары кепілге қойылған мүлік құнынан орындалады. Кепілді сатудан түскен сома банк алдындағы қарызды жабуға жетпесе, банк жетіспеген соманы қарыз алушының басқа мүлкінен алуға құқылы. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен келесідей кезектілік қарастырылған. Ең алдымен, банкрот болған кәсіпорын мүлкі арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді. Содан кейін әлеуметтік орта: алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы т.б. төленеді. Осыдан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда банктер түксіз қалады. Айтылғандардың бәрі кепіл құқының негізгі қағидаларының біріне қайшы келеді – кепілдік талаптардың басқа несие берушілер алдында бірінші кезекте қамтамасыздандырылуы. Яғни, несиелік тәуекелдердің болу мүмкіндігін төмендету үшін, ең алдымен, кепіл механизмін жетілдіру қажет.Осы орайда заңды тұлғалардың ішінде, әсіресе, кіші және орта бизнес субъектілерінің несие алуға кепілі жетіспейтінін де айтып кету қажет. Яғни, дұрыс кепілінің жоқтығынан оларға несие алу қиынға соғады. Ал, әрбір елдің тәжірибесі көрсеткендей, нарық өздігінен кіші және орта бизнесті қаржыландыру мәселесін шеше алмайды.
Екінші деңгейлі банктердің беретін ұзақ мерзімді несиелерінің жалпы несиелік портфельдегі үлесінің аз екені белгілі. Осыған байланысты коммерциялық банк ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау мәселесін шешудің екі жолы бар: біріншіден, банктердің ресурстық базасының нақты өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес балансталуы; екіншіден, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеуді ынталандыру. Қазіргі кезде банк жүйесінің ресурстық базасының көбеюі екі көзден тұрады: депозиттер және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері. Салыстырмалы түрде «арзан» және «ұзақ мерзімді» ақша көзі ретінде зейнетақы қорларының активтерін банк депозиттеріне тарту үшін олар қазіргі жағдайды сәтті пайдалануда
Қорытынды
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметінің жылдан жылға дамып келе жатқанына байланысты ең басты қызметі болып табылатын несиелеу операциялары да даму үстінде. Биылғы 2010 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштері бойынша экономикамыздағы банктердің несиелері бұл кезеңде 2.5%-ға өсіп, 7,6 трлн. теңгеге жетті. Банктердің несие портфелінің жоғары өсу қарқыны несиелер сапасына байланысты. Жылдың басымен салыстырғанда стандартты несиелер үлесі 17,5%-ға, күмәнді несиелер үлесі 0,9% төмендеген. Қазақстан банктерінің пайдасы резервтерге бөліп шығарғаннан бұрын 853 млн. долларды құрады.
Банктік зайымдар негізінен, айналым қаражаттарын толтыру мен негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған. Олардың мерзімі бойынша сыныпталуында оң өзгерістер бар. Сондай-ақ салалық құрылымы бойынша несиелердің көп үлесі өнеркәсіп және сауда саласына келеді. Ал, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалары берілген несиелердің ішінде аз үлес алады. Жалпы алғанда, қазіргі несиелеу жүйесінің әрі қарай дамуын ынталандыру үшін келесідей шараларды ұсынамыз:
несиелік тәуекелді
басқаруда маңызды рөл
Банктің несиелік менеджерлері
қарыз алушылардың жалпы
Информация о работе Банктің несиелік операциялары мен маңызы