Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:16, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.
Кіріспе
І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Несиенің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері
1.3 Екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері
II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі мысалында)
2.1 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі
2.2 ҚР банктік несие беру процесі
III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы
3.1 Банктік несиенің казіргі жағдайын талдау
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жалпы алғанда, банктік несиелеу процесін жетілдіруге Қазақстан Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктердің несиелік менеджерлерінің тарапынан жан-жақты ат салысу қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына жолдауында Қазақстанды жан – жақты жаңартудың басты басымдықтары ретінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап өткен болатын. 30 бағыттың алтыншы бағыты банктік секторға қатысты – ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы елбасының ұсыныстары отандық банктердің ары қарай жетілуіне өз ықпалын тигізеді. Біріншіден, біздің банктеріміз жергілікті рыноктағы, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы тартысқа әзір болуы керек.
Екіншіден, Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.
Үшіншіден, екінші деңгейлі банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе энергетикалық, инфрақұрылымдық және «серпінді» жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет.
Төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады , мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін.
Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу қажет.
Қорыта айтқанда, еліміздегі банктердің несиелік операцияларын жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асырған кезде әрі қарай жетілдіруге болады деген ойдамыз. Сонымен қатар, банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамсыз ету – жалпы экономика дамуының басты шарты. Мұндағы банктік несиені кеңейту, қолдау және халық сұранысын қамтамасыз ету экономикамыздың дамуына өз үлесін қосады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Банктің несиелік операциялары мен маңызы