Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:16, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.
Кіріспе
І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Несиенің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері
1.3 Екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері
II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі мысалында)
2.1 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі
2.2 ҚР банктік несие беру процесі
III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы
3.1 Банктік несиенің казіргі жағдайын талдау
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қажет жағдайларда банк
қарыз алушыдан несиені қайтаруын
қамтамасыз ететін басқа да құжаттар
мен мәліметтерді талап ете алады.Сонымен
қатар, банкпен тұрақты несиелік
қатынаста болатын қарыз
Екінші кезеңде, қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалау сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады [16,54б.]:
Үшінші кезеңде, несиелік келісім-шарт жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субъектісімен қатынсқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.
Несие берудің төртінші кезеңінде ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несие беруді құжаттау тәртібі ссудалық шот формаларына байланысты ажыратылады. Жай ссудалық шот ашылған қарыз алушы қорларының жинақтауына байланысты несиеге деген өзінің қажеттілігін өтінеді. Осы мақсатта банкке несиеленетін тауарлы-материалдық құндылықтардың төленген нормативтен жоғары қалдығы, олардың қозғалысы туралы мәліметтер беріп, банк соның негізінде ссудаға деген қажеттілік мерзімді міндеттемелер арқылы құжатталады. Арнайы ссудалық шот бойынша берілген ссуда әр алған сайын құжатталмайды, себебі, ол шот ашу барысында өтініш-міндеттемесі негізінде жүргізіледі.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалыға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау бесінші кезең болып табылады. Бұл - несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасында, банк қаржаттарның пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылады. Ссуданы қайтару мерзімі беру уақытында мерзімді міндеттемелермен құжатталады: егер де ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бір ғана қайтарылатын болса,онда әр төлемге мерзімді міндеттеме толтырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкелері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының төлем тапсырмасы уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады. Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін. Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
J=
мұндағы:
I- сыйақы мөлшері; P- қарыз қалдығы; n- сыйақы есептелген кезеңдегі күндер саны; J- ссуданың барлық мерзіміне есептелген жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелген
күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей
J=P*
мұндағы:
I- сыйақы мөлшерлемесі; P- несиенің бастапқы сомасы;
J- несиенің барлық мерзіміне есептеген сыйақы сомасы;
n-аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Банк несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады. [6,22б.]
Несиелеу процесіне
жасалатын бақылау банктің
Несиелеу кезені ұйымдастыруына қорыта келгенде, банктердің әрбірі несиеберу кезеніңде несие беруге қайтарылымдылықтың 100%-дық кепілдікті алуға ұмтылады.
II. Несиелік
процесстің коммерциялық
2.1. «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі
1995 жылы құрылған «АТФ Банк» ЖАҚ қазіргі уақытта активі, несие қоржыны және пайда мөлшері бойынша ірі жеке меншік қаржы институты болып табылады. АТФ Банк тарихы ҚР Банктер заңнамасына сәйкес, 1995 жылы 12 шілдеде құрылған Медеу банкінен басталады. 1996 жылдың соңында, банк «АТФ Банк» ААҚ болып қайта тіркелді және банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің 1996 жылғы 21 қарашадағы №54 лицензиясын алды. Бұл күн АТФ Банктің ресми туылған күні болып есептеледі.1993 жылдың 15 қарашасында қазақстан өзінің ұлттық валютасына ауысты. Айырбастау басталған бірінші күннен бастап теңге заңды төлем құралы болады деп белгіленді.
Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін, сондай – ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттаына қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып табылады. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2006 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі бір жарым есеге өсіп, 303,4 млрд. теңгеге (2,3 млрд. $) жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн. доллардан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2006 жылдың өзінде ғана 65,06 мыңнан 73 мыңға дейін артты.
Банк VISA және Europay/MasterCard (Cirrus/Maestro карточкаларын қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай – ақ, қысқа мерзімді несилеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай – ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұиымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
АТФ Банк жеке тұлғалар үшін тұтынушылық несиенің:жедел несиелеу, кезек күттірмейтін мұқтаждарды несиелеу, автомобиль сатып алуға несие беру, ипотекалық несиелеу бағдарламаларын ұсынады.
Ипотекалық несиелек саласында жаңалық ойлап табу қиынырақ. Алайда АТФ Банк «Cash & Go» атты мүлде жаңа бірегей бағдарлама ұсынып отыр.
Бұл бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үй жағдайын жақсартудың нақты тәсілі бола алады. Өзінің пәтерін жаңа үйдегі тұрғын үйге ауыстырғысы келгендер осыуақытқа дейін көптеген проблемаларға тап болды. Егер салынып жатқан үйден пәтер салып алып, үнемдегісі келсе, әуелі ескі пәтерді сатып, дан соң барып қана құрылыстың аяқталуын күтіп бір жерден пәтер жалдауы тиіс болды. Ал, егер пәтерін сатпаса, банкте қажетті несие сомасын береді дегенге кім кепілдік береді. Көпшілігіне несиені төлеу ауыртпалығына төтеп беру қиынға түседі емес пе. Азаматтардың осындай категорияларына арналған АТФ Банктің «Cash & Go атты» жаңа бағдарламасы шын мәнінде қиын жағдайдан жол тауып шығуға мүмкіндік береді.
Біріншіден, енді ескі пәтерді бірден сатпай–ақ, құрылыстың аяқталуын күтуге болады. Екіншіден, несиені төлеудің ыңғайлы схемасы арқасында оны төлеуге шамасы әбден келеді.
Бағдарлманың мәні мынада, екі несие аласыз – біреуі бар пәтерді кепілге қойып, екіншісі – салынып жатқан үйді кепілге қойып. Әрі ескі пәтер кепілзат болатын бірінші несиені төлеуде салынып жатқан үйді пайдалануға тапсырғанға дейін жеңілдетілген кезең ұсынылады. Жаңа тұрғын үй салынып біткен соң, сонда көшіп, ескі пәтерді сатып, неисені жабасыз.
«Табыс кепілі» бағдарламасы бойынша несие алушы клиент, оны қамсыздандыруға қарыз сомасынан 20% - дан кем емес сомаға салым немесе жылжымайтын мүлік ұсынады. Қалған 80%-ын кәсіпкерлер алған негізгі қаражатпен ШКДҚ жабады.
«Бизнес – Экспресс Плюс»
атты несиелеу бағдарламасы жаңа қарызгерге
100 – ден 5 000 АҚШ долларына дейінгі
сомада несие алуға мүмкіндік
береді. Оның басты артықшылығы –
несие ресімдеудің
Банктің несие портфелі – бұл берілген ссудалардың, нақты критерилер бойынша жіктелген, құрылымы мен сапасының сипаттамасы.
Осындай критерилердің бірі болып, шетелдік және отандық тәжірибеде қолданылатын несие тәуекелінің деңгейі табылады. Сондықтан критериде несие портфелінің сапасы анықталады. Несие портфелінің сапасын талдау мен бағалау, банк менеджерлеріне , оның ссудалық ссудалық операцияларын басқаруға мүмкіндік береді. Несие портфелін басқарудың бірнеше этаптары бар:
«АТФ Банк» АҚ - ның 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жай – күйі бойынша несие портфелі (брутто) 2550,9 млрд.теңгені құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда (2151,9 млрд. теңге) 399 млн.теңгеге (18,54%) өскен [24].
5-кесте
«АТФ Банк» АҚ – ның несие портфелі
01.01.2009 жыл |
01.01.2010жыл |
||||
үлес, % млн.теңге үлес, % млн. теңге | |||||
Клиенттерге берілген ссудалар |
2 486 149 |
97,7% |
2 399 693 |
105,0% | |
Кері РЕПО келісімшарты бойынша берілген ссуда |
20,549 |
0,8% |
34 417 |
1,5% | |
Клиенттерге көрсетілген қорытынды ссудалар |
2 506,698 |
98,5% |
2 434 110 |
106,5% | |
Құнсыздануға резервтер |
-140,363 |
-5,5% |
-289 328 |
-12,7% | |
Клиентерге берілген ссудалар, нетто |
2 366,335 |
93,0% |
2 144 782 |
93,8% | |
Кепіл |
94 582 |
3,7% |
109 550 |
4,8% | |
Аккредитивтер |
90 510 |
3,6% |
37 570 |
1,6% | |
Кепіл мен акнесиеивтиер қорытындысы |
185 092 |
7,3% |
147 120 |
6,4% | |
Шартты міндетемелер
бойынша құнсызданудың |
-7 216 |
-0,3% |
-6 271 |
-0,3% | |
Шартты міндеттеме, нетто |
177 876 |
7,0% |
140 849 |
6,2% | |
Несиелік портфельдің барлығы, нетто |
2 544 211 |
100,0% |
2 285 631 |
100% |
Информация о работе Банктің несиелік операциялары мен маңызы