Банктің несиелік операциялары мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:16, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Несиенің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері
1.3 Екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі мысалында)
2.1 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі
2.2 ҚР банктік несие беру процесі

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы
3.1 Банктік несиенің казіргі жағдайын талдау
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 568.00 Кб (Скачать документ)

Келесі несие түрі - банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.  Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар). Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты саудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.

Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі..

Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма – қол ақшасыз  түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып  алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма – қол ақшамен беріледі.

Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастылған  мақсаттары үшінберіледі. Және несие  қарыз алушының заң тұрғысынан құқық  қабілеттілігі болған жағдайда, несиені  өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі.Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.

Банк несиесі маңызды  ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай  сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктің қаржы несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. береді. Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Coндай – ақ, қарыз алушылырдың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және xaлықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және т.б. алады. 
Банктің несие салымдарының мқлшері несие ресурстарына байланысты болады. Бүгінгі таңда банктердің мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес, сонымен қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары, банкаралық нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы несие институттарынан алынатын қарыз қаражатты құрайды.

Осылармен бір мезгілде ҚР Ұлттық банкі өзінің ақша несие  саясаты арқылы экономиканы несиелейтін  саланы да реттеп отырады. Ол банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен экономиканы несиелеудің аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық қана емес, сонымен бірге, әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.

Банк несиесі негізінен  тікелей болады, яғни, ссуда қарыз  алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі..

Қазақстанның банктік  тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа  мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын  өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі-бір қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм  болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі [13,61б.].

Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Қазіргі несиелеу жүйесінде  шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық қаражаттар арасындағы шекті  қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан  қандай-да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.

Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді, ал  несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.

Қазіргі несиелеу жүйесінің  басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалыға, ҚР Ұлттық Банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Қазіргі несиелеу жүйесінің  маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасып отырған  қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі – бұл несиелеудің  объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні  несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.

Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының  мазмұны  түбірімен  өзгерген.  Бұдан  бірнеше  жылдар    бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық  құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі несиелеу жүйесінің  келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепілхат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.

Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің  өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде  оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.

 

          1.3 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері

           Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады.Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” 31.03.1995 жылы және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтр туралы” 30.08.1995ж ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, №1-ші 11.02.1994ж. “Қазақстан Республикасының  экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін”,  сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі [14]. Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процес несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады. Жалпы несиелік үрдісін 4- суреттен көруге болады.

4-сурет.Банктердегі несиелік үрдіс

Дерек көзі: Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер: Оқу құралы Алматы; Алматы экономика және статистика институты, 2001. – 165б.

 

Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмнің элементтері несиелік

операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды [15,123б.]:

  • несиеге деген өтінішті қарау; несиелік қабілетін талдау; несиелік келісім-шарт жасау;  несие беру;  несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Бірінші кезеңде, банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  1. соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған

қосымша беттер;

  1. несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
  2. несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелері
  3. басқа банктерден алған несиелер туралы
  4. несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар.

Информация о работе Банктің несиелік операциялары мен маңызы