Халық Банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:55, дипломная работа

Описание

Еліміздің экономикасы ашық әрі нарықтық экономика элементтері бар дамушы сипаттағы экономика болып табылады. Бұрынғы одақтас мемлекеттер басынан кешкен нарықтық өзгерістер біздің елімізді де айналып кеткен жоқ. Постиндустриалдық қоғам сапында ашық бағыттағы экономикалық саясат ұстанған еліміз, өкінішке орай, әлі де өңдеушіге қарағанда өндіруші ретінде өмір сүріп келеді. Соған қарамастан елімізде қызмет көрсету нарығы біршама жақсы дамыған және де жұмысқа жарамды тұрғындардың біраз бөлігін жұмыспен қамтып отырған сала болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Қаржылық қызмет көрсетудің теориялық негіздері
1.1 «Қаржылық қызмет» түсінігінің мазмұны және экономикалық табиғаты
1.2 Қаржылық қызмет жүйесіндегі банк секторының орны
1.3 Қаржылық қызмет сервисі
2 «Халық Банк» АҚ- ң қаржылық қызметін талдау
2.1 «Халық Банк» АҚ көрсететін қызметтерінің экономикалық талдауы
2.2 Қызметтер тарифының «Халық Банк» АҚ-ң кірістеріне әсері
3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.

Работа состоит из  1 файл

диплом измененные.docx

— 155.62 Кб (Скачать документ)

    

Жоспар

 

Кіріспе

Қаржылық қызмет көрсетудің теориялық негіздері

1.1 «Қаржылық қызмет» түсінігінің  мазмұны және экономикалық табиғаты

1.2 Қаржылық қызмет жүйесіндегі банк секторының орны

1.3 Қаржылық қызмет сервисі

             2  «Халық Банк» АҚ- ң қаржылық қызметін талдау

2.1   «Халық Банк» АҚ көрсететін қызметтерінің экономикалық талдауы

2.2   Қызметтер тарифының «Халық Банк» АҚ-ң кірістеріне әсері

3. 1 Банктік өнімдер  мен қызметтер нарығында туындайтын  мәселелерді шешу жолдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Еліміздің экономикасы ашық әрі нарықтық экономика элементтері  бар дамушы сипаттағы экономика  болып табылады. Бұрынғы одақтас  мемлекеттер басынан кешкен нарықтық өзгерістер біздің елімізді де айналып  кеткен жоқ. Постиндустриалдық қоғам  сапында ашық бағыттағы экономикалық саясат ұстанған еліміз, өкінішке орай, әлі де өңдеушіге қарағанда өндіруші ретінде өмір сүріп келеді. Соған  қарамастан елімізде қызмет көрсету  нарығы біршама жақсы дамыған  және де жұмысқа жарамды тұрғындардың біраз бөлігін жұмыспен қамтып отырған  сала болып табылады. Қызмет көрсету  саласы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығымен қатар дамып келеді. Жалпы алғанда  елдің даму дәрежесін анықтағанда  қызмет көрсету саласында жұмыс  істейтін адамдардың үлесі өнеркәсіп  пен ауыл шаруашылығына тартылған  адамдардан біршама көп болуы  керек. Сондықтан да кез-келген ел, соның  ішінде біз де, осы салаға көп  көңіл бөліп, дамуына қолайлы  жағдайлар жасауы тиіс. Экономика  дамыған сайын тұрғындардың да әлеуметтік жағдайы өсетіні белгілі, яғни бұл  сұраныс көлемін жоғарылатады. Осы  үдерістің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін уақытылы және толық ұсынысты қамтамасыз ету керек. Бұл деген  тұрғындардың жаңа қызметке деген қажеттіліктерін  барынша қанағаттандыру деген сөз, бұл нәтижесінде жалпы елдің экономикасының жоғарылауына әкеледі.

Дипломдық жұмыс тақырыбының  өзектілігі. Еліміз ашық экономикалы  ел болғандықтан әлеммен импортты-экспортты  қатынастарды жүзеге асырады. Бұл тек  шикізат пен тауарға ғана әсер етпейді, сонымен қатар қызмет көрсету  саласына да өз әсерін тигізеді. Нақтырақ айтқанда осы салада қызмет көрсететін отындық кәсіпорындар. Яғни, шетелдік қызмет көрсету кәсіпорындар отандық  кәсіпорындармен қызметті тұтынушыларды  бөлісіп, бәсекелес болып табылады. Оның үстіне еліміз экономикалық ықпалдастықты  алға қойып, Кедендік Одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуды көздеп отыр. Экономикалық жағынан қарағанда  бұл қадам, әрине, тиімсіз, бірақ  та саяси институттардың экономикалық жағдайдан гөрі саяси бағытты  көбірек ұстануы салдарынан келешекте  осы ұйымдарға мүше болуымыз отандық  кәсіпорындарға қосымша бәсекелестік тудырады. Егер осы қызмет көрсету  саласында, жоғарыда айтқандай, жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс  істейді, яғни орта тап өкілдері, ал еліміз басты тірек деп осы  орта тапты санайтынын ескерсек, бұл  үлкен бір мәселенің шеті екендігін  түсіну үшін көп білімнің қажеті жоқ. Отандық қызмет көрсету кәсіпорындарының экономикасын көтеру, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондықтан  да сервистік кәсіпорындардың экономикасын басқару қазіргі таңда өте  өзекті әрі оны дамыту кезек күттірмейтін істердің бірі.

Жұмыстың басты мақсаты  – еліміздегі отандық қызмет көрсету  кәсіпорындарының сервистік қызметінің сапасын арттыру арқылы тұрғындардың қалтасы көтеретіндей деңгейге жеткіу арқылы сыртқы шетелдік қызмет көрсету кәсіпорындарымен бәсекеге түсе алатындай деңгейге жеткізу. Нақтырақ айтқанда дипломдық жұмыс негізделіп жазылған халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың қызмет сапасын арттыру. Яғни, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Дипломдық жұмыста қойылған мәселеге байланысты келесідей міндеттер  қойылды:

1) Қаржылық қызмет әдіснамалық аспектісін қарастыру;

2) Банк саласындағы («Халық Банк» АҚ мысалында) қаржылық қызмет көрсетудің басты мәселелерін анықтау;

3) Банк саласының қаржылық қызмет көрсетудегі басты мәселелерін шешу, атап айтқанда клиенттердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру;

Қазақстан экономикасы жағдайларында  аса ірі қаржы делдалы етіп отыр. Дәл осы коммерциялық банктердің қаржы қызметін көрсету жөніндегі  қызметі біздің зерттеуіміздің аясы болып табылуда.

     Қойылған міндетті  шешу Қазақстандық және де  шетелдік банктердің қызмет етуін  зерттеу, тәжірибеде қолдану және  тәжірибедегі жұмыс әдістері  мен рационалды, прогрессивті формаларын  өндірген жағдайда ғана мүмкін.

 

Капиталдар нарығының  дамуы қаражаттарды жинақтау мен  инвестициялаудың өзара байланысты процесін жетілдірмей мүмкін емес. Жинақтау өзімен бірге табыс пен  тұтыну арасындағы айырманы білдіреді. Инвестициялар бұл табыс алу  мақсатындағы қаражаттар салымы.

 

Қазақстанның алдағы комерциялық  банктерін өздерінің табыстылық базасын кеңйту үшін рентабельділігі  мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылату өз клиеттері үшін қызметтер мен  операциялардың кең тобын орындауға  талпынды. Сонымен бірге банктік  қызметінің дамуы клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де аз шығындармен  банктік қызметтерді көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге  икемді бағаларды қолдануды білдірді. Кең клиентуралы банктік операциялардың тиімді икемді жүйесі ішкі жинақтарды жинауға ықпал етеді. Аса мәнге  өзгермей экономиканың қажеттілігіне  тез ыңғайланатын икемді бантік қызмет көрсету.

 

Банктік қызметтер нарығындағы  бәсекелестік — банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына  әсер етеді. Тұрғындарға дәстүрлі банктік  қызметтерді орындаумен бірге, яғни депозиттерге қаражаттарды тартумен, ссудаларды ұсынумен, тұрғындарға есеп айырысу кассалық қызметтерді көрсетуді  жүзеге асырумен бірге біздің елде қазіргі банктік институттар  электрондық қызметтер, клиенттер  тапсырма бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, қор операциялары, чекстік операциялары, карточкалар  ашу, ссудаларды ұсыну, құнды қағаздармен  жүргізілетін операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде трасттық, ақпараттық анықтамалық кеңес беру, қор операцияларын  да орындайды. Тұрғындарға қызмет көрсететін банктердің рөлін активизациялауының мәні аз шығындарды максималды әсерге, яғни банктік қызмет көрсетуде клиенттердің қажеттілігін толық қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету  сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектірін кеңейтуге өзіндік құнының төмендеуіне әсер етуден тұрады.

 

Менің тақырыбымның актуальділігі  біздің елде банктердің және басқада  несиелік институттардың даму болашағы мәселесі мен оны іс жүзінде асыру  керектілігі.

 

Тақырыпты зерттеудің негізгі  мақсаттары болып мыналар саналады.

 

-         банк кірісін ұлғайту,

 

-         белсенді операцияларды жүргізуге  тәуекелді төмендету,

 

-         банктің қоғамдық және іскерлік  беделін нығайту,

 

-         банктік депозитінің барлық түрлеріне  бос ақша қаражаттарын тарту,

 

-         банк табысын ұлғайту,

 

-         шығындарын қысқарту,

 

-         клиенттерді ақша қаражаттарымен  қамтамасыз ету бойынша жұмыс  жүргізу.

  Осы жұмысымның бірінші бөлімінде мен жалпы банктік қызмет көрсету нарығы, яғни операциялармен қызметтер секторы, оның қалыптастыру негіздері және өнімдерін қарастырамын.

 

Екінші бөлімде “Еуразиялық  банк” АҚ қызметін талдау, яғни активтер мен пассивтерін, негізгі банктік  операциялар бойынша кірістер мен  шығыстарын талдау және банктің несие  операциясына баға беру.

Үшінші бөлімде  «Еуразиялық  банк» АҚ жетілдіру жолдарын қарастырыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қаржылық қызмет» түсінігінің мазмұны және экономикалық табиғаты

   Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа көшу кезінде,ел экономикасында жаңа өзгерістер енгізілді. Соның ішінде, қаржылық-несие жүйесі. Жаңа ел экономикасында қаржылық институттардың пайда болуы, қаржылық несиелік қатынастарына сапалы өзгерістер енгізді. Қазір елімізде қаржы нарығында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс атқаруда.

  Негізінен оларға, банк секторы, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, басқа да қаржылық ұйымдар.

  Мемлекеттің болашақта қаржылық жүйені дамыту аясындағы стратегиясы, біздің ойымызща бар қаржы институттарының көлемін, сапасын және тиімділігін, сонымен қатар, қажет қаржылық қызметтер спекторін ескеруі қажет. Бұл қатынасқа қаржы нарығындағы ең белсенді қатысушылары коммерциалдық банктерде қөрсетілетін қаржылық қызметтер жатады.

Қаржылық қызмет—ақшалай  қор  жасау қызметі және пайдалану қызметі  барысында жасалатын қызметтің бір түрі. Қызмет көрсету ұйымдарының шаруашылық  жүргізуші субъектілеріне, заңды және жеке тұлғаларға несиелік, жинақ қорларын қалыптастыру, негізгі қаржылық қатынастарды анықтайтын қызметтерді корсететін экономикдағы іргелі, жалпылама, көп мәнді категория болып табылады.

  Бұл қызмет түрі толымды түрде орта ғасырларда пайда болды және халықтың  сауда, тауар, елдер арасындағы қаржылық қатынастар, банк пен биржа ісінің дамуымен байланысты қалыптасып, нығайды. Бұл қызметті қаржылық делдалдар  көрсетеді. Қаржылық қызмет  ең үлкен пайда әкелетін әлемдегі бірден – бір индустрия. Мәселен, 2004 жылғы мәліметтер бойынша нарықтық капитализацияның 20%  үлесін құрайды.

  Қаржылық қызметтің  эволюциясы тағы да екі мән  жаймен сипатталады: 1) тауар өндірудің, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың, дұрыс пайдаланудың, тұтынудың экономикалық процессі ұдайы қызмет көрсету  процессінің құндық жағын,құнының қозғалуы мен өзгеруін осы қөрсетілген қызметтің баламалы процестерімен ұштастырыла жүреді; 2) дербес қызметтер операциялары, қызметті жасау мен оларды сату, осы айналым барысында қозғалыс пайда болады; 

  Нарықтық экономикада  қызмет көрсету елеулі рөл  атқарады. Халыққа әлеументтік болмасын, қаржылық болмасын қызмет көрсету  мемлекеттік, қоғамдық мұқтаждықтарды  қанағаттандыруға негізделеді. Алайда  қаржы қызметінің негізгі жүгі  қызмет көрсетудің еркін рыногының  тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз  етуге, сонымен қатар қаржылық  операциялар орындауға мұқтаж  етеді.

  Тиімді халыққа қаржылық  қызмет көрсету ол елдегі барлық  қаржылық қызметтерді экономикалық  әдістерді, сонымен қатар әртүрлі  сервистің компоненттері арқылы  жүзеге асырады.

  Дамыған нарықтық  қатынастар жағдайында қаржылық  қызметтерді басқарудың мынандай әдістері қолданылады: болжау, жоспарлау, қаржыландыру, несиелендіру, лизинг, траст, факторинг, траст, кепілзат және санкциялар қолданылады. Қаржылық қызмет негізгі құралдар көмегімен іске асырылады, оларға мыналар жатады: бастапқы құралдар ақшалай қаражат, дебиторлық және кредиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы жұмсалымы - акциялар мен облигациялар; қосалқы құралдар-опциондар, фьючерстер, форвардтық келісім-шарттар.  

  Коммерциалық банктер көрсететін қаржылық қызметтері арқылы, біріншіден, жекелеген ақша құралдарын жинақтайды және мобилизациялайды; екіншіден, оларды рационалды және тиіді қолданылуына  себепші болады.

  Қаржылық қызмет түсінігінің мазмұнына жүйелі келіп тоқталақ, оның негізгі  үш бағыттан тұратынына көз жеткізсек болады. Оларға:

  1. Заңнамалық және нұсқаулық құжаттар;
  2. Банк сферасында көрсететілетін қызметтер;
  3. Қаржы жүйесінде, қаржы нарығында, қаржы институттарында, қаржы делдалдарының жұмыстары.

  Қазақстан Республикасының 1996 жылғы Салықтық терминология сөздігінде, қаржылық қызметке төмендегілер жатады:

  • несие,несие кепілдік беру және т.б ақшалай-несиелік операциялар жүргізу, басқару;
  • лизингтік, форфейтингтік, факторингтік жіне төлемдерді орындау, трастылық (сенімгерлік), клирингілік  операциялар;
  • депозит пен клиент шотына төлемдер, аудармалар, банкіге борышқорлық міндеттемелер мен төлем құралдарын енгізу операциялары;
  • валютаның, ақшаның, банкноттаның айналымына байланысты операциялар.
  • акциялардың, облиациялардың, вексельдердің және чектердің  және т.б бағалы қағаздардың айналымдарына байланысты операциялар (оларды сақтау қызметтерінен басқалары);
  • сақтандыру және қайта сақтандыру операциялары.

  Сонымен қатар, 2008 жылы 12 наурызда Ұлттық Банк пен Қаржы Министрлігі бірлесіп жазылған хатта, қаржылық қызметке жатқызылмайтын қызметтер тізімі қөрсетілген. Оларға:

  • мүлікті жалға беру (ғимараттан басқа);
  • ақпараттық қызметтер(аударылым кезінде реквизиттерді нақтылау);
  • кадрларды даярлау және квалификацияларын жоғарылату қызметтері;
  • мәліметтерді өңдеу қызметтері;
  • кеңес беру қызметтері;
  • жағдандық операциялар:бағалы қағаздарды, клиент құжаттарын сақтау және жағдан жәшігін,бағалы заттарды сақтау бөлмелерін жалға беру;
  • шоттарды ашып – жабу төлемдері;
  • асыл тастар мен металдарды жалға алу.

  Қызмет түрлерінің негізгі классификацияларына келетін болсақ, 12 сектор, 155 кіші секторларға бөлінген. Бірақ кейбір мамандардың айтуынша,қызмет классификаторы анықтамалық мінездеме береді. Яғни, «қызмет - ол мемлекеттің құзыретіндегі қызметтерден басқа, барлық секторда көрсетілетін қызметтер түрлерін қосады».

  Жалпы «қызмет» сөзінің  анықтамасына келетін болсақ, экономика  сөздігінде «қызмет» - деп  нарықтағы  жоқ тауарды шығармайтын, бар  тауардың сапасын өзгерту процесін айтамыз. Ол халықтың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған еңбек түрі. Ал, шет ел  экономистерінің берген анықтамасына қарасақ, Э.Дж.Долана «қызмет – тікелей тұтынушыға бағытталған іс-әрекет» деп анықтама берген. Ф.Котлер болса « қызмет – бір тараптың екінші тарапқа ұсынатын барлық іс-шаралар мен пайдалар» деген.

Информация о работе Халық Банк