Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:55, дипломная работа
Еліміздің экономикасы ашық әрі нарықтық экономика элементтері бар дамушы сипаттағы экономика болып табылады. Бұрынғы одақтас мемлекеттер басынан кешкен нарықтық өзгерістер біздің елімізді де айналып кеткен жоқ. Постиндустриалдық қоғам сапында ашық бағыттағы экономикалық саясат ұстанған еліміз, өкінішке орай, әлі де өңдеушіге қарағанда өндіруші ретінде өмір сүріп келеді. Соған қарамастан елімізде қызмет көрсету нарығы біршама жақсы дамыған және де жұмысқа жарамды тұрғындардың біраз бөлігін жұмыспен қамтып отырған сала болып табылады.
Кіріспе
Қаржылық қызмет көрсетудің теориялық негіздері
1.1 «Қаржылық қызмет» түсінігінің мазмұны және экономикалық табиғаты
1.2 Қаржылық қызмет жүйесіндегі банк секторының орны
1.3 Қаржылық қызмет сервисі
2 «Халық Банк» АҚ- ң қаржылық қызметін талдау
2.1 «Халық Банк» АҚ көрсететін қызметтерінің экономикалық талдауы
2.2 Қызметтер тарифының «Халық Банк» АҚ-ң кірістеріне әсері
3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.
Жоғарыда айтылғандай, «қаржылық қызмет» терминіне анықтама беретін болсақ, ол нақты мәселені шешуге арналған мақсатты мінездемеге ие. Сонымен қатар, аталып өтілген қарапайым тізбелер оның даму заңдылығын және экономикалық мазмұнының түсінігін айқын ашпайды. Жаңа қаржы институттары мен қызметтердің пайда болуы қаржы жүйесін жетілдіру негізінде мемлекеттік заңда қабылданған актілерге өзгертулер енгізілуінің керектігін көрсетеді.
Қаржылық қызмет түсінігіне өздігінше анықтама берген М.Жилкина, ол «заңды және жеке тұлғалар қаражаттарын қаржылық-несиелік ұйымдары қайта бөлу қызметін көрсететін барлық қызметтер» Бірақ бұл анықтама да «қаржылық қызмет» түсінігінің экономикалық табиғатын ашпайды. Сонымен қатар, автор «қаржылық қызмет» түсінігін «қаржы құралы» деп те атап өткен.
Г.Г Махмудов өз мақаласында
қаржы құралдары қаржы
Сонымен қатар,«қаржылық қызмет» түсінігін анықтайтын маңызды түсініктемелер:
Біріншіден, қаржылық қызметтің өзі, қаржы жүйесіндегі қаржы институттарының өнімі. Қаржы жүйесі экономикалық өсуге және дамуына қажет қаржылық қызметтерімен қамтамасыз етеді.
Екіншіден, қаржылық қызмет – қаржы нарығы қаржылық қызметтер көрсете отырып, қаржы нарығы аккумуляция және уақытша бос ақша-қаражаттарын қайта бөлу қызметтерін атқарып, айналым жасап отырады.
Үшіншіден, қаржылық қызметтер тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тікелей бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені.
Қаржылық қызметтің
айналымына байланысты, қаржы нарығы
уақытша бос қаражаттарды
Халықаралық және мемлекеттік практикада көрсетілген терминологияда қаржы нарығы ақша нарығынан және капитал нарығынан тұрады. Ақша нарығында қысқа мерзімдік жинақтар (1 жылға дейін); ал, капитал нарығында орташа немесе ұзақ мерзімді жинақтар (1 жылдан асатын). Қаржылық қызмет көрсету процесінде сұраныс жақтары(тұтынушы), ұсыныс жақтары, қызмет бағасы. Осы анықтамаларға сай, қаржылық қызметтер нарығы дегеніміз – қаржылық қызметтердің ұсыныстары мен сұраныстарын реттейтін, нарық қатынастарының маманданған саласы.
Қаржылық қызмет түсінігінде қайта бөлу процессі кезіндегі ақша-қаражаттарының қозғалысымен анықталады. Бұл қозғалыс сақтандыру және зейнетақы жинақтық қызметттері (сақтандыру төлемдері және зейнетақылық жинағы), несиелендіру кезінде, қаражаттарды банк шотына орналастыру. Яғни,қаржы институттарындағы нақты қызметтерді орындаумен анықталады. Бұл қозғалыс 2 вектордан тұрады: қаржы институтына және қаржы институтынан. Бұл ағымдарға депозиттік қызметтер және несиелендіру қызметтері мысал бола алады. Бірінші жағдайда, банктен банк клиентіне бағытталған; екінщі мысалда, кері процесс жүреді. Осылайша қаржылық қызмет көрсету 2 бағытта жүзеге асады және аккумуляция мен халықтың уақытша бос қаражаттарын қайта бөлуін қамтамасыз етеді. Бұл бағыттар қаржы институттарры арқылы қаржылық қызметтердің функционалдық іс –әрекеттерін орындауға көмектеседі.
1 суретте қаржы нарығында қаржылық қызметтердің орны айқын көрсетілген.
Қаржылық қызмет
Қаржы нарығы
1 – сурет Қаржы қарығындағы қаржылық қызметтер
1-ші суреттен көрініп
тұрғанындай, қаржы қызметтері
қаржы нарығында жүріп жатқан
маңызды процестердің бірі
Осылайша, ақша қаражаттарының тапшылық нүктелері мен олардың басы артықтық нүктелері арасында, осылар бойынша ақша қаражаттарының қозғалуы мүмкін болатын екі бағыт бар. Біріншісі – қаржы қаражаттарының нарықтары арқылы, екіншісі – қаржы институттарының делдалдығымен мүмкін болады. Осы екі бағыт арқылы өтетін қаржы және ақша ағындарының көлемдері көптеген факторларға байланысты болып келеді, осы факторларды да екі топқа бөлуге болады:
1. қаржы нарығының дамығандығын
анықтайтын факторлар (онда
2. қаржы институттарының
қызметін анықтайтын факторлар
(олар көрсететін қаржы
«Қаржы қызметі» түсінігінің анықтамасына сүйене отырып, банктердің қаржы қызметтері өз клиентініңң қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікелей бағытталған, қаржы нарығында бос ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты операцияларды орындауы болып келеді.
Қаржылық қызмет көрсететін ұйымдарға банктер, сақтандырушы және лизингтік, брокерлік және т.б көптеген компаниялар жатады.
Несиелік жүйенің төменгі
буыны халық шаруашылығына
Коммерциялық банктердің қаржы қызметтері «банк қызметтері», «банк операциялары» түсініктерімен тығыз өзара байланыста тұр.
Банк қызметтерін қарастырған кезде экономикалық әдебиетте көбіне көп «банк қызметтері» және «банк операциялары» түсініктері арасында айырмашылық жасалмайтындығын ескеру қажет, бұл кей кездері даулы айтылған сөздерге, пікірлерге алып келіп отыр. Мысалға, банк қызметтерін «бұқаралық операциялар» ретінде анықтау таралып отыр. Алайда, осындай анықтаудан банк қызметтерінің операциялардан несімен ерекшеленетіндігі түсініксіз. Біз жоғарырақта атап кеткеніміздей, банк қызметтері туралы сөз тек «клиент – банк» өзара қатынастары шеңберінде ғана жүруі мүмкін, демек, өзінің мазмұны бойынша банк қызметтері банк операцияларына қарағанда тарырақ мәнге ие және соңғысының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл клиенттермен жұмыстан өзге, банктердің өздерінің клиенттеріне қатысы жоқ өзге әрекеттер де (мысалға, өз есебінен биржада сауда жүргізу) жасайтындығымен түсіндіріледі, яғни қызмет әрқашан да клиентке арналған, оны қызметтерді өндірушінің өзі – коммерциялық банк пайдалана алмайды.
Егер банк операцияларын зерделейтін, зерттейтін болсақ, зерттеу орталығы болып банктің жалпылай алғандағы жұмысы табылады, ал қызметтермен болған жағдайда орталық банктің клиенттермен жұмысына және қатынастарына қарай ойысады.
Банк операциялары – деп Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңында көрініс тапқан операциялардың жай ғана тізімдемесі емес, ақырғы нәтиже – пайда алуға бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің жиынтығы түсінілетіндігін атай кеткіміз келеді. Осыны байқап қалуымызға болатынындай, клиентпен дәл соның игілігі үшін жұмыс істей отырып, солай болғанда да банктің өзі де ақша тауып қалуға тырысады. Осылайша, банк қызметтері банктің өз мүддесін ойластыра отырып та, клиенттің мүддесінде де әрекеттер (операциялар) жасауы болып келеді. Банк қызметтері банктің, осыларды жүзеге асыруға ол мүдделі болып отырған қызметінің өнімі болып келеді. Қаржы қызметтерін біз қаржы нарығының өнімі ретінде қарастырамыз
Біздің ойымызша, «банк операциялары», «банк қызметтері» және «қаржы қызметтері» түсініктерінің дәл банк қызметіндегі өзара байланысын келесідей көрсетуге болар еді (2 сурет).
Ескерту: автор құрастырған.
2 сурет Коммерциялық банктердің қызметіндегі қаржы қызметтерінің орны
2-ші суретте осындай болып көрінетіндей, банк операциялары, оның үстіне банк қызметтері «қаржы қызметтері» түсінігінен кеңірек деп санамаған жөн. Банк қызметтері (және операциялары) өзінің атауын қызметтерді (операцияларды) орындау субъекттерінен – оларды өндірушілерден – банктен алған. Ал «қаржы қызметтері» термині, біз жоғарыда аса назар аудара кеткеніміздей, күрделірек жаратылысқа ие және қаржы нарығының өнімі болып табылады. Осылайша, «банк қызметі» және «қаржы қызметі» түсініктері әртүрлі кеңістіктерде жатыр және осы жазықтықтардың қиылысқан жерінде банктік қаржы қызметтері немесе коммерциялық банктердің қаржы қызметтері түсінігі пайда болады. Бұл 3-ші суретте ең көрнекті түрде көрсетілген.
Осылайша, қаржы қызметтері мен банк қызметтері өзінің мазмұны бойынша әртүрлі түсініктер, солай бола тұрса да дәл сол бір операциялар осылармен аталуы мүмкін. Мысалға, банк несиесі банк қызметі болып табылады және дәл сол кезде бұл қаржы қызметі. Банктік қызмет-нарық қажеттілігін маркетингтік зерттеу негізінде құрылған кәсіби интеллектуалдық өнім оның негізгі мақсаты-пайда алу. Банктік қызметтер-қызметті көрсетуде күшті жеке персонификациялы қызметтер. Жалпы банктік қызметтер келесі қасиеттерден тұрады. қызмет сапасының тұрақтылығының кепілдемесінің және жинақталуының банктік қызметтер сферасын қызметтің жоғары тәуекелді сферасы деп саналады. Жаңа банктік қызметтерді көрсету ең жоғары тәуекелділікті қажет ететін шешім болып табылады. Әсіресе тәуекелді болып қызмет көрсетуге бейімделген индустрияға қызмет көрсету саналады, себебі бұл сферада бәсекелестермен мұндай қызметтер өнеркәсіптердің басқа өндірістік салаларына қарағанда тез ұдайы өндіріледі. Банктік істегі сәттілік және сәтсіздік жеке банктік фирмалардың бақылауынан тыс жалпы факторлармен анықталады. Оларға банктік қызметті реттеу, экономикалық жағдайлар, пайыздық ставкадағы ауытқулар.
* Ескерту: автор құрастырған.
3 сурет «Қаржы қызметтері», «банк қызметтері» және «коммерциялық банктердің қаржы қызметтері» түсініктерінің арақатынасы
Бұл мәселедегі алшақтық, біздің пікірімізше, клиенттің мәртебесін заң тұрғысынан бекіту осыларды шешуге тиісті міндеттермен, атап айтқанда, заңдық құжат шеңберінде клиент пен банктің қарым-қатынасын ретке келтірумен байланысты болып отыр.
Елдердің көпшілігінің заңдары банк клиенттерінің қатарына банкте есеп шот ашқан, онымен заңдық шарт жасасқан кез келген заңды және жеке тұлғаларды жатқызады. Соңғы жағдаят аса айтарлықтай болып келеді.Мысалға, Ұлыбританияда банктің қандай да болсын бір жолдық қызметін (валюта айырбастау немесе тиындарды қағаз ақшаға алмастыру) алған тұлға заң тұрғысынан оның клиенті болып саналмайды /34/. Дәл сол кезде экономикалық мазмұны бойынша бұл да банк қызметі болып табылады. Барлық дерлік елдерде банктің және клиенттің құқықтық қарым-қатынастары клиенттің аталған банкте есепшот ашуынан басталады. Өзара қарым-қатынастың туындайтын түрлері де әртүрлі белгілерге ие. Ең кең таралғандары – бұл ең алдымен қарыздар тұлға мен несие берушінің қатынастары. Оның үстіне, банк те, клиент те бір біріне қатысты қарыздар тұлға да, несие беруші де бола алады.
Банк пен клиенттің
өзара қарым-қатынастарының өзге заңдық
түрлері – қатынастары; сенім
білдіруші мен агенттің қатынастары.
Банктер мен клиенттер
3-ші суреттен көрініп
тұрғанындай, банктің барлық
Коммерциялық банктердің қаржылық және қаржылық емес қызметтерінің әрекет жасау схемасы