Халық Банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:55, дипломная работа

Описание

Еліміздің экономикасы ашық әрі нарықтық экономика элементтері бар дамушы сипаттағы экономика болып табылады. Бұрынғы одақтас мемлекеттер басынан кешкен нарықтық өзгерістер біздің елімізді де айналып кеткен жоқ. Постиндустриалдық қоғам сапында ашық бағыттағы экономикалық саясат ұстанған еліміз, өкінішке орай, әлі де өңдеушіге қарағанда өндіруші ретінде өмір сүріп келеді. Соған қарамастан елімізде қызмет көрсету нарығы біршама жақсы дамыған және де жұмысқа жарамды тұрғындардың біраз бөлігін жұмыспен қамтып отырған сала болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Қаржылық қызмет көрсетудің теориялық негіздері
1.1 «Қаржылық қызмет» түсінігінің мазмұны және экономикалық табиғаты
1.2 Қаржылық қызмет жүйесіндегі банк секторының орны
1.3 Қаржылық қызмет сервисі
2 «Халық Банк» АҚ- ң қаржылық қызметін талдау
2.1 «Халық Банк» АҚ көрсететін қызметтерінің экономикалық талдауы
2.2 Қызметтер тарифының «Халық Банк» АҚ-ң кірістеріне әсері
3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.

Работа состоит из  1 файл

диплом измененные.docx

— 155.62 Кб (Скачать документ)

 


 





 

 

 

 

 

4 сурет

 

  4-ші суреттің сол жағында қаржы қызметтері, яғни банктің әрекеттері (операциялары) клиенттің ақша қаражаттарымен тікелей жүргізілетін қызметтер көрсетілген, ал стрелкалардың қарама-қарсы сипаты олардың екіжақты қозғалысын: банктан клиентке қарай (несие беру) да, клиенттен банкке қарай (депозит ашу) да қозғалысын көрсетіп тұр.

   4 суреттің оң жақ бөлігі банктің, клиентпен жұмыс істей отырып, оның ақшасымен операция жасамайтындығын, оған жай ғана клиенттің ақшалай қаражаттарын пайдалануға қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін қызметтер беретіндігін көрсетіп отыр. Стрелкалардың қарама-қарсылы бағыты банктің тікелей клиентпен жұмыс істейтіндігін және оның ақшалай қаражаттарын пайдалануға мүмкіндігі жоқ екендігін көрсетіп отыр. 4-ші суреттің осы бөлігі сейфтік, кеңес берушілік, ақпараттық және өзге қызметтердің әрекет жасауын түсіндіреді. Мәселен, клиентке қаражаттарды орналастыру мәселелері бойынша кеңестер бере отырып, кеңес берудің нәтижесі депозит ашу немесе қаржы институттарының өзге қызметтерін алу болуы мүмкін болса да, банк ақша қаражаттарына тікелей әсерін тигізбейді.

1. Қаражаттарды тиімді             - қаржылық емес қызметтер

      пайдалану  туралы кеңес беру

2. Депозит ашу

    Жинақтаушы сақтандыру             - қаржы қызметтер

    Зейнетақы жинақтаулары 

   Яғни, кеңес берушілік, ақпараттық қызметтер немесе қызметтердің қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге түрлерін көрсете отырып, банк өзінің қаржы қызметтерінің дамуын әбден ынталандыра алады.

   Қаржы қызметтерін көрсете отырып, коммерциялық банктер қоғамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады.

   Өзімізге белгілі, оқу әдебиетінде және ғылыми әдебиетте коммерциялық банктердің келесідей негізгі функциялары бөліп көрсетіледі: уақытша бос ақшалай қаражаттарды шоғырландыру (аккумуляциялау) және экономика мен халықты несиелендіру /9/; немесе жалпылама түрде: осыларды банктер кәсіпорындар мен халықтың қорларының айналымы барысында уақытша бос қалған ақшалай қаражаттарды қайта бөлу арқылы жүзеге асырып отыратын, несие берудегі делдалдық /35/. Қаржы қызметтерін көрсету арқылы осы функцияларды атқара отырып, коммерциялық банктер ақша қаражаттарының олардың артық бөлігі бар тұлғалардан оларға деген қажеттілікті бастан кешіріп отырған тұлғаларға тұрақты және тиімді орын ауыстыруына ықпал етеді, яғни бөліп тарату механизміне қатысушы болып отырады.

   Егер банк жүйесінің макроэкономикалық деңгейдегі ролін және орнын зерттейтін болсақ, банктердің маңызды ерекшеліктерінің бірі - олардың бөліп тарату механизмінің қатысушы болып табылатындығы. Банктер ақша қаражаттарының олардың артық бөлігі бар тұлғалардан оларға деген қажеттілікті бастан кешіріп отырған тұлғаларға тұрақты және тиімді орын ауыстыруына ықпал етеді, бұл 1-ші суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осылайша, банктің қаржылық қызметтерінің қаржы ғылымының басқа түсініктерімен өзара байланысындағы орнын бөліп көрсетуге болады (5 сурет).

 


 

 

 




 




 

 

  


 



 

 

 

 

 

 

5 сурет Банктің қаржы қызметтерінің қаржы ғылымының басқа түсініктерімен өзара байланысы

 

«Қаржы қызметі» түсінігінің  мәнісін одан әрі талдау түсінікті  белгілі бір белгілер бойынша  бөлудің логикалық операциясын  қолдануды ойластырады.   Жіктеуші белгі қаржы қызметтерін тұтынатын субъктілер (мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъекттер, халық), қаржы қызметтерінің түрлерін тәптіштеу болуы мүмкін. Алайда қаржы қызметтерін тұтынушыларды жай ғана бөліп көрсетудің өзінде еш пайдалы қыры болмайды. Коммерциялық банктің баланстық есебінде көрсетілуі бойынша оларды белсенді және енжар ретінде бөлуге болар еді. Біздің пікірімізше, ақша қаражаттары ағынының сипаты бойынша жіктеу қызықтырақ болып көрінеді. Коммерциялық банк және барлық қаржы интитуттары тұрғысынан қаржы қызметтерін, қаржы ағындарының бағыты бойынша екі негізгі топқа бөлуге болады:

  • осылардың нәтижесінде қаржы институтының ақша қаржаттарының (қорларының) түзілуі және қалыптасуы жүретін, ақша қаражаттарының клиенттен қаржы институтына қарай қозғалысымен байланысты (кіріс) қаржы қызметтері;
  • ақша қаражаттарының қаржы институтынан клиентке қозғалысымен байланысты (шығыс), яғни олардың пайдаланылуы жүретін қаржы қызметтері.

  Аталған жіктеу қаржы қызметтерінің анықтамасынан келіп шығады, олардың экономикалық табиғатына негізделген және оларды қандай да бір дәрежеде ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

   Кіріс қызметтердің блогы ақша қаражаттарының банктің тұтынуына қозғалуын көрсетеді (оларға депозиттер қабылдауды, мүлікті сенімді құжатпен басқаруға қабылдауды (траст) жатқызуға болады).

   Шығыс қаржы қызметтерінің блогына осыларда ақша қаражаттарының қозғалысы банктен клиентке қарай жүретін қызметтер (кредит операциялары) кіреді.

    Екіжақты қозғалыстың құнның әрқашан ақшалай түрде қозғалысына ие болып келетіндігін атай кеткен жөн. Дәстүрлі емес банктік операциялардың лизинг секілді түрі материалдық түрде беріледі, бірақ анықтамаға сәйкес, лизинг – бұл осы кезде лизинг беруші шарт бойынша сатушыдан мүлікті меншікке сатып алуға және осы мүлікті лизинг алушыға кәсіпкерлік мақсаттары үшін ақыға уақытша пайдалануға беруге міндеттенетін, кәсіпкерлік қызметтің уақытша бос немесе сырттан тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялауға бағытталған түрі. Өзінің экономикалық табиғаты бойынша лизингті ұзақ мерзімді несиемен салыстыруға болады.

   Біздің жіктеуіміздің мәнісін схема түрінде көрнекірек ашып көрсетуімізге болады (6 сурет).

   Коммерциялық банктерге қатысты қаржы қызметтерін белсенді және енжар ретінде жіктеуге болар еді. Бірақ та, жоғарыда атап көрсетілгеніндей, қаржы қызметтері мен банк операциялары - өзінің табиғаты бойынша әртүрлі түсініктер, сондықтан да аталған жіктеудің қолданылуының әртүрлі мазмұны болуы мүмкін.

Қаржы қызметтерін  ақша қаражаттарының ағындарының бағыттары  бойынша жіктеу

 

Шығыс (кәсіпорынның ақша қаражаттарының артуы жүреді)




 




Кіріс (банктің пайдалануына клиенттің ақша қаражаттары көшеді)

 

* Ескерту: автор құрастырған.

6 сурет.

 

Банк қызметтерін сату барысына екі жақ – банк (қызметтер  өндіруші) және клиент (тұтынушы) қатысады. Алайда клиент ретінде әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъекттер қатысуы мүмкін.

Сонымен қатар, мұнда да осылардың  барысында ақшаның клиенттен  банкке және банктен клиентке қозғалысы  жүретін қатынастар туындағанымен  де, бұл қызмет көрсету болып табылмайтындықтан, кіріс қызметтердің блогына несиені  жабу және қаражаттарды алу кірмейтіндігін ескерген жөн.

Экономикалық түсінік  ретінде қаржы қызметтері өздерін  өнеркәсіп кәсіпорнының өнімінен ерекше ететін белгілі бір қасиеттерге  ие, осыған байланысты біз негізгі  сипаттамаларды жүйелеуді жүргіздік. Барлық өзге қызметтер секілді, біздің пікірімізше, қаржы қызметтері келесідей  негізгі белгілерге, қасиеттерге  ие:

  • сезім түйсігімен қабылданбайтындығы – қызмет көрсету кезінде пайда болатын кейбір атрибуттар, мысалға, чек кітапшасы, депозиттік сертификат, пластик карточка сезім түйсігімен қабылданса да, олар бар болғаны қызметтің құжаттай-заттай рәсімделуі болатындықтан, қаржы қызметтері материалдық түрдегі, заттай нәрсе болып табылмайды.
  • Сақталмайтындығы. Қаржы қызметтерін қоймаға жинауға, қор жинақтай отырып өндіруге болмайды. Қаржы қызметтерін өндіру, сату және тұтыну сәттері тұспа тұс келеді.

  Коммерциялық банктердің қаржылық қызметердің өз спецификалық өзгешелігі бар:

  • Банк қызметтерінің қасиеті олардың белсенді операцияларды да, енжар операцияларды да қамтитындығынан тұрады. Егер сақтандыру компанияларының және зейнетақы қорларының  қаржы қызметтері негізінен алғанда баланстың енжар бөлігінен көрінісін табатын болса, коммерциялық банктердің қызметтері енжар бөлікте де (депозиттік қызметтер), белсенді бөлікте де ескеріліп отырады.

  Банктік қаржы қызметтерінің соңғы қасиеті оларды тек қана банктердің банк операцияларын жіктеген кезде ескерілетін енжар немесе белсенді операцияларына жатқызуға мүмкіндік беріп қана қоймай, коммерциялық банктерді тек қызмет көрсету саласының басқа кәсіпорындарынан ғана емес, кейбір банктік емес қаржы институттарынан да ерекше ететін спецификалық өзгешелігі болып табылады.

  Осылайша, қаржы қызметі – экономикалық әдебиеттерде, заң актілерінде, нұсқаулық ережелерде кеңінен қолданылатындығына қарамастан, оның практикалық маңызын адекватты көрсететін, ғылыми негізделген анықтамасы болмаған ауқымды түсінік. Қаржы ғылымының еншілес түсініктерін теориялық талдау қаржы қызметтерінің анықтамасын, оның негізгі өзгешеліктерін және өзара байланыстарын шығаруға мүмкіндік берді

 

 

 

 

 

1.3 Қаржылық қызмет көрсетудегі сервис

 

Тиiмдiсi ұсыныстар мен  пайыздык мөлшерлерден басқа тұтынушылардың көңілін аулайтын тағы бір аса  маңызды фактор  сервис  болып  табылады.         Халыққа қызмет көрсету орындарында клиенттерге сапалы сервис көрсету қызметтердің жаңа үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың көптеген талап-тілегін қанағаттандыратын тиісті қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру ұйымның негізгі мақсаты болып табылады.

  Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшелерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама берейік.

 Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

  Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез

 келген банктің мақсаты  болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банктік маркетингтің  мақсаты-капитал  нарығының талаптарына икемделуге қажетті жағдайлар жасау, нарықты  зерттеу бойынша шаралар жүйесін  өңдеу, бәсекелестік қабілет пен  кірісті жоғарлату.       

Біздің экономикалық әдебиеттерде «банктік өнім» термині нарықтық экономикасына өту процесінде пайда  болды.  Банктік өнімге банктің  барлық жүзеге асыратын   қызметері  мен операциялары жатады.     

Банк әртүрлі операциялар  мен қызметтерді жүзеге асыратыны  белгілі. «Қазақстан Республикасындағы  банктер мен банк ісі туралы»  заңында банк әрекетіне «банк  операцияларын жүзеге асыру сонымен  қатар баптарда көрсетілген  қызметтерді  жүзеге асыру» деп анықтама береді. «Ресей Федерациясындағы банктер мен  банк ісі туралы» заңында «банк  әрекеті-банк операциялары мен өзге де әрекетерді жүзеге асыру» деп анықтама береді. Аталған екі ұғымға да көптеген мінездемелер беріледі. В.Ф.Гарбузовтың  басшылығымен шығарылған «Финансово-Кредитный  словорь» сөздігінде банк операцияларына мынадай түсініктеме беріледі: банк операциялары-ақша құралдарын тарту  мен орналастыру, шығару мен қолданыстан  алу, есептеу жүргізу және т.б., банктік  операциялары. Бұл мәселеге жете түсіну үшін, алдымен «банк» ұғымын қарастырайық./4/

«Банк» - заңды және жеке тұлғалар ақшаларының ағымымен байланысты және сол ақша құралдарына қызмет көрсететін экономикалық институт.

  Банк өзге қаржы делдалдардан несімен ерекшеленеді? Біріншіден банктерге қарыз міндеттерін екі жақты алмасу тән: олар жеке қарыз міндеттерін орналастырып, осы негізде мобилизацияға ұшыраған құралдарды қарыздық міндеттемелерге апарады және құнды қағаздарды да дәл осылай орналастырады. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар қарыздарын қабылдар алады. Үшіншіден банктер мемлекеттер, өндерістер, халық арасында ақша құралдарының таратылуына дәнекер болып, электронды ақшалар мен пластикалық карточкаларды шығарады. Банк қызметі өндіріске тікелей қатыспайтын капитал көмегімен жаңа қызметтерді жасап шығаруда жатыр. Яғни банктер өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал болып, екі жақты айырбасқа қатысады. Мұны келесі суреттен көруге болады:

 

Тауарлар мен қызметтер

 

                      


                           Бос ақша                                                           Несие

                          құралдары

 

                                                          

                                                    


   Тұтынушы                    


Информация о работе Халық Банк