Халық Банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:55, дипломная работа

Описание

Еліміздің экономикасы ашық әрі нарықтық экономика элементтері бар дамушы сипаттағы экономика болып табылады. Бұрынғы одақтас мемлекеттер басынан кешкен нарықтық өзгерістер біздің елімізді де айналып кеткен жоқ. Постиндустриалдық қоғам сапында ашық бағыттағы экономикалық саясат ұстанған еліміз, өкінішке орай, әлі де өңдеушіге қарағанда өндіруші ретінде өмір сүріп келеді. Соған қарамастан елімізде қызмет көрсету нарығы біршама жақсы дамыған және де жұмысқа жарамды тұрғындардың біраз бөлігін жұмыспен қамтып отырған сала болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Қаржылық қызмет көрсетудің теориялық негіздері
1.1 «Қаржылық қызмет» түсінігінің мазмұны және экономикалық табиғаты
1.2 Қаржылық қызмет жүйесіндегі банк секторының орны
1.3 Қаржылық қызмет сервисі
2 «Халық Банк» АҚ- ң қаржылық қызметін талдау
2.1 «Халық Банк» АҚ көрсететін қызметтерінің экономикалық талдауы
2.2 Қызметтер тарифының «Халық Банк» АҚ-ң кірістеріне әсері
3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.

Работа состоит из  1 файл

диплом измененные.docx

— 155.62 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. 1 Банктік өнімдер мен  қызметтер нарығында туындайтын  мәселелерді шешу жолдары.

 

Банк өнімдері нарығының  бұдан әрі дамуы қор нарығы дамуымен байланысты болмақ. Қазақстан  Республикасының құнды қағаздарының Ұлттық комиссиясы мен ҰБ біріге отырып, ұйымдасқан қор нарығында банктер  акциялары мен өзге де құнды қағаздарды белсенді ету, оларды БАҚ – та жариялау жұмыстарын жүргізуде. ҚҚҰК – мен  біріккен түрде спецификалық қарыз  міндеттемелері енгізілген банк активтерін қорғау механизмі жасалмақ. Қор нарығының  дамуы барысында ҰБ корпаративті құнды қағаздары бар банк әрекеттерін  кеңейтуді көздеп отыр.

ҚҚҰК, Қазақстан қаржыгерлерінің  ассоциациясы мен ҰБ бірлесе отырып, қаржы институттарының өзара  байланыс, хеджировкалау, ипотекалық, корпаративті вексельдермен жұмыс  істеуге міндеттелген ұйымдар қорлары  секілді жаңа типтерін құруды жоспарлауда. Бұдан өзге ҰБ қозғалмайтын мүліктің ұйымдасқан нарығы мен ипотекалық операцияларды  дамытуға қатысатын болады. Банк әрекеттері әділдігін тексеру үшін ҰБ мен  ҚҚҰК отандық рейтингтік агенттіктердің әрекет етуіне жағдай жасауда. Бұл сферадағы  негізгі бағыт – банк қызметтерін  одан әрі дамыту, банктік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін  енгізу.

Банктер қор нарығында  өз әрекетін белсенді ету үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып инвестиция тартулары керек.  Осындай  құралдардың бірі капиталдың халықаралық  нарықтарында қолданылатын еврооблигациялар эмиссиясы. Аталған қаржы операциясы бірнеше мақсатқа жетуде септігін тигізеді.

Біріншіден, шетел валютасында  ақша алуды, теңгеге қарағанда пайыздық ставка төмен болады.

Екіншіден, Республикадағы құнды қағаздар нарығы аталған мезетте  қаржыландыруда банк қажеттіліктерін  түгел қанағаттандыруға қауқарсыз.

Үшіншіден, банк өз әрекеті  сферасын кеңейту мен халықаралық  қаржы институттарымен байланыс орнатуға қызығушылық танытуы керек. Банктің стратегиялық мақсаты - өзі  қалаған уақытта капиталдың халықаралық  нарығында оңай шығуға мүмкіндік  алу болуы керек. Олар банктік  жалшылыққа қарағанда үлкен потенциалға  ие және банкті қаржыландыруға көп  мүмкіндіктер береді.

Еврооблигация эмиссиясының негізгі міндеттері:

1) Инфляциялық ресурстары жоқ тиімді қаржы көздері диверсификациясы мен сыртқы қаржыландыруда жоғарғы потенциалға ие түрді қорғау.

2) Қарыз төлеудегі шығынды азайту, ішкі нарыққа қарағанда сырттан қарыз алу арзанырақ болады.

3) Жал алу үшін банктің инвестициялық базасын кеңейту.

4) Несиеге қауқарлы эмитет ретінде көріну үшін банктің несиелік тарихын алу.

5) Жалға алу мерзімдерін ұлғайту.

6) Банктің қаржы ресурстарына шетел капиталының келуі.

Еврооблигациялар шығарылымының  міндетті шарты – инвесторлар  үшін индикатор болып табылатын  несиелік рейтингтің болуы. Несиелік рейтингті  алу мен өзге де қажетті кезеңдер орындалуының қиындығы алғашқы эмиссияға  дайындық процедурасы ұзаққа созылады. Отандық банктердің халықаралық  капитал нарығына алғашқы болып  шыққаны “Казкоммерцбанк” АҚ, ING Burns және Commerzbank AG (АҚШ)  50 млн. және 35 млн., ал Bankers Trust – тан 20 млн. доллар көлемінде  несие алды.

Оның бастамасы өзге банктерге  үлгі болды. Корпоративті облигацияларды ҚР – да шығару. Қазіргі уақытта ішкі нарықта негізінен мемлекеттік бағалы қағаздар айналымда жүр. Корпоративті облигациялар инвестицияларды тартудың бірден – бір қажетті құралы. Инвесторларды акциялармен салыстырғанда облигацияларға салынған ақша қайтарылымы қызықтырады.

Корпоративті облигацияларды тіркеу, шығару мен жабу тәртібі  ҚР ҚҚҰК сәйкес нормативті актілерімен  жүйеленеді. Негізінен бұл процесс  акциялардың шығарылым процесіне  қатты ұқсайды./26,б.100-103/

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе банктерге құнды  қағаздар нарығында эмитент есебінде шығуды ұсынамыз. Отандық облигация  нарығында қаржылық құралдар жетіспегенде, өз ақшасын тиімді орналастыру жолын  таппай жүргендердің бұл ұсыныс қызығушылығын  туғызатынына еш күдік жоқ. Ал сатып  алушыларды эмитенттің төлемге қабілеттілігі  қызықтырады. Осы есептен банкке жақын арада ҚҚБ шыққан дұрыс. ҚҚБ тізімінде тұру банктің өз әрекеті туралы толық мәлімет  беріп, инвесторларға құнды қағаздарды бағалау үшін қажет құжаттарды түгел  беруге әзір екендігін көрсетеді. Корпоративті қарыз міндеттемелерінің алғашқы  эмиссиясын 6 айлық мерзіммен 50 млн. теңге сомасына істеген жөн. Жалшылар назарын аудару үшін пайыздық ставкаларды, әрекет етуші эмиссияларынан жоғары, ең жақсысы МЕККАМ, НСО кірісіне жақындатыпқойған дұрыс. Егер алғашқы  кезең жақсы өтсе, банк өзін пайдалы  әрі сенімді эмитент ретінде  көрсетіп, инвесторлар сеніміне ие болады. Бұл келесі реттерде жалға  алу мерзімі мен сомаларын  ұзартып, пайыздық ставканы сәл төмендетуге  мүмкіндік береді.

Сөйтіп, банк жалға алудың өз инвестициялық базасын кеңейтіп, қаржы ресурстарын тартудың қосымша  көздерін табады және ссудалық капитал  нарығындағы өз әрекетін белсенді етеді.

Кастодиалды әрекет өздеріңе мәлім зейнетақы реформасы нәтижесінде  республикада зейнетақы жинақтау қорлары  құрылған. Олар салымшылар ақшасын  қауіпсіз қысқа мірзімді мемлекеттік  бағалы қағаздарға айналдырады. Осыған байланысты банктік қызметтің жаңа түрі – зейнетақы қорларындағы ақша ағымдары қозғалысын бақылаудың тиімді әдісі кастодиалды қызмет пайда  болды. Банк – кастодиан өзіне  сеніп тапсырылған бағалы қағаздар мен ақшаны тіркеп сақтайды, ұрлау, заңсыз операциялар мен бопсалаулардан қорғайды. Осы үшін ол марапаттау алады. Мысалы, Алматы сауда – қаржылық банкі кастодиалды қызметтерді  көрсеткені үшін бағалы қағаздардың  бастапқы құнының 0,15 % өлшемінде ақша алады. Мұндай төмен баға арнайы тұтынушылар  үшін орнатылған.

Банк – кастодианға  аталған қызметтерді көрсету  зейнетақы қорлары үшін сомаларға  инвестиция жасағанда ғана пайда  әкелуі мүмкін. Банк кастодиалды қызметті тек зейнетақы қорларына емес, өзге де институционалды инвесторлар  мен портфельді инвесторларға да көрсететінін атап өтуі керек. Қор нарығының  дамуы құнды қағаздарға инвестициялар  салу, олар бойынша жасалған келісім  – шарттар көлемінің ұлғаюына алып келеді. Сәйкесінше кастодиалды  қызметтерге деген сұраныс та жоғарылайды. Осы себептен кастодиалды  әрекет банктік қызметтің актуалды және перспективалы түрі болып саналады.   

Форфейтинг пен факторинг  саудалық қаржыландырудың ең тиімді түрлерінің бірі - форфейтинг. Форфейтинг – көбіне сыртқы сауда операцияларында  қолданылатын тауар сатылымы кезінде  экспорттаушыларды несиелеудің  өзіндік бір түрі.

Банк сатушыдан сатып  алушы міндеттемелерімен тауарды  сатып алады. Одан әрі оны сатып  алушыға сатады. Алдын – ала  төлем үшін банк – форфейтор сатушыдан  пайыз ақша алады. Сөйтіп банк –  форфейтор төлем қаупін өзіне  қабылдап, сатушы үшін кепілдікке барғаны  үшін марапатталады. Республикада экспорттық операцияларды жүзеге асыратын көптеген фирмалар болғандықтан несиелеудің  аталған түрі қолданысқа ие болады деген сенімдеміз.

Несиелеудің енді бір түрі – факторинг бойынша банк сатушыдан  төлем талаптарын сатып алып, сатушыға береді. Банк клиентінің көретін пайдасы  – ақша құралдарының айналымға тез  енуі, сатып алушының төлемей кету қаупінің болмауы және т. б.

Факторингтік компания не банктегі бөлім төмендегідей қызметтерді  ұсынады:

шаруашылық әрекетінің талдауы, несиелік талдау не қарызды қайтару,

“бекітілген міндеттемелер” көмегімен жағымсыз қарыздарға қарсы  несиелік сақтандыру.

есеп-фактуралардың 75 – 80 % жедел  түрде қолма – қол төлеу  мен келісілген уақытта қалдық ақшаны төлеуге кепілдік беру./27,б.47/

Форфейтинг операциясы факторинг  операциясымен бірдей.

Сөйтіп өз мүмкіндіктеріне  қарай отандық банктерде форфейтингті қолдану ұсынылады. Бұл банкке келетін  клиенттер санын көбейтеді. Қазақстан  Республикасында банк әрекетін дамытудағы перспективті бағыттардың бірі банк операцияларына Интернетті қолдану  болып табылады. Бұл виртуалды  қызметтер көрсету деп аталады. Мысалы, Халық Банкі өз қызметтерін  интернет арқылы жарнамалайды. Нақтырақ айтсақ, интернет пен компьютерлік технологияларды кассалық есептеу  жұмыстарында қолданады. Екінші бір  мысал ретінде TexaBank-ті алуға болады. Клиенттер есептеулерінің жаңа жүйесін  енгізу үшін TexaBank өзінің жеке сайтының ашылғанын жариялайды. Ол жаңа технологияларды  қолданатын әмбебап банк ретінде  белгілі. “Internet – banking” атты жаңа бағдарламаны енгізу арқылы ол клиенттің есепшотты  ашуын жеңілдетті. Аталған тәсіл  клиенттің банкпен кез келген уақытта, кез – келген жерден байланысқа түсуіне мүмкіндік береді. Ол өз үйінде, интернет арқылы тіпті Республикадан  тыс жерде де банкпен байланыс орнатады. TexaBank өз клиенттеріне ақшаны қауіпсіз сақтау, құпия ұстау, есепшотта  минималды қалдық қалуын талап етпеу, мультивалюталы есепшоттар жүйесі, құжаттарды рәсімдеудегі қарапайымдылық және өзге де қызметтерді ұсынады. Банк ойынша, құпиялылықтың сақталуы аса маңызды. Сервермен байланыс 5513 О протоколындағы 128 бит кілт арқылы жүзеге асады. Кілттердің сеанстық тобы қолданылады. Клиенттер TexaBank – тің бұл қызметтерін үлкен ризалықпен қабылдады. Банк өнімдері нарығын дамыту үшін республика банктеріне банктік операциялардың репо, трастік деген жаңа түрлерін қолданып, ипотекалық несиелеуді насихаттау, оның ішінде ипотекалық облигациялар мен жинақ құрылыс, ссуда беру кезінде кепілдеменің дәстүрлі емес түрлерін қолдану ұсынылады.

Жоғарыдағыны қорытындылай келе айтарымыз, Қазақстандағы банк өнімі нарығы кеңейіп, дамып, жаңа технологиялармен және дәстүрлі емес жаңа әдістермен толығары даусыз.

Бұл банктік қызмет деңгейі  мен сапасының көтерілуі, қаржы  жүйесін бекіту, экономиканың шынайы секторының дамуы, ақша – несиелік саясатты тиімді жүргізуге мүмкіндік  береді. Банктердің барлық коммерциялық  әрекеттермен клиентпен жақындасуға  бағытталған. Инкассация бағытында  ұсынылып отырған қызметтер алдымен  клиент қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Инкассация бойынша қызмет нарығындағы қатаң бәсекелестікке сәйкес клиенттердің банктерге қойылатын  талаптары жоғарылаған. Негізгі  критерийлердің бірі - сенімділік. Бұдан  өзге банк таңдау кезінде клиент ставкалар  мен тарифтерге ғана емес, өндірістен қаншалықты алыста орналасқандығына да назар аударады. Инкассация - өндірістер, ұйымдар мен мекемелер кассаларынан ақша мен бағалы бұйымдардың алынып, қаржы – несиелік мекемелерге  жеткізілуі. Бұл қызмет инкассатор көлігінің клиентке барып, ақша құралдарын қабылдап, банкке жеткізуі, купюраларды  санап, клиент есепшотына салуымен сипатталады.

Инкассация қызметін арнайы жауапты адамдар инкассаторлар  атқарады.

Аталған уақытта инкассация қызметінің 15 – тен астам түрі болса, үшеуі ішінде ерекше белгілі:

өндірістер мен ұйымдар  инкассациясы,

клиенттерге жалақы жеткізіп беру,

бағалы заттары бар  клиенттерге аймақ және оның сыртқы бөліктеріне еріп жүру.

Инкассация қызметтерінің  диверсификациясы табудың жаңа каналдарына  шығып, банктерге бірқатар артықшылықтар  әкеледі:

тиімділіктің артуы,

фирма-клиенттермен жұмыс,

жекелеген қажеттіліктерге  толықтай адаптация жүргізу арқылы оларды банктің тұрақты клиентіне  айналдыру.

инкассацияның табу қызметтерін  пайдалану арқылы банк кірісін ұлғайту.

Инкассаторлық қызмет нарығындағы  көпжылдық қызмет броньді көлік, дайындалып, жаттыққан кәсіби инкассаторлар  байланыс құралдары, қару – банк клиентурасына  қызмет көрсетуде қауіпсіздік, дәлдік пен жылдамдық шарты болмақ. Бұдан  өзге клиент есепшотына ақша салу кезінде  дәл болуды ұмытпаған жөн. Инкассация қызметтері үшін ставкалар мен тарифтер жүйесі заңды тұлғалар мен корпоративті клиенттерге арналған ставкалар мен тарифтерден құралады.

Инкассация қызметін көрсетуге  байланысты процесс келесі кезеңдерден  құралады:

Потенциалды клиентпен сөйлесу. Оның тілегі бойынша алдын – ала   қызмет көрсету, ставкалар мен тарифтер, ерекше жағдайлар келісіледі.

2.  Келісім – шарт жобасын даярлау мен клиентпен келісу.

3. Келісім – шарт орнату.

4. Клиент тілегіне сәйкес инкассация қызметі кестесін жасау мен түзетулер  енгізу.

5. Клиентті материалды қамтамасыз ету.

6. Инкассация жүргізу тәртібі бойынша мамандар кеңесі.

7. Клиенттен ақшаны алу.

8. Инкассатор сумкаларын кассаға беру.

Информация о работе Халық Банк