Халық Банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:55, дипломная работа

Описание

Еліміздің экономикасы ашық әрі нарықтық экономика элементтері бар дамушы сипаттағы экономика болып табылады. Бұрынғы одақтас мемлекеттер басынан кешкен нарықтық өзгерістер біздің елімізді де айналып кеткен жоқ. Постиндустриалдық қоғам сапында ашық бағыттағы экономикалық саясат ұстанған еліміз, өкінішке орай, әлі де өңдеушіге қарағанда өндіруші ретінде өмір сүріп келеді. Соған қарамастан елімізде қызмет көрсету нарығы біршама жақсы дамыған және де жұмысқа жарамды тұрғындардың біраз бөлігін жұмыспен қамтып отырған сала болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Қаржылық қызмет көрсетудің теориялық негіздері
1.1 «Қаржылық қызмет» түсінігінің мазмұны және экономикалық табиғаты
1.2 Қаржылық қызмет жүйесіндегі банк секторының орны
1.3 Қаржылық қызмет сервисі
2 «Халық Банк» АҚ- ң қаржылық қызметін талдау
2.1 «Халық Банк» АҚ көрсететін қызметтерінің экономикалық талдауы
2.2 Қызметтер тарифының «Халық Банк» АҚ-ң кірістеріне әсері
3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.

Работа состоит из  1 файл

диплом измененные.docx

— 155.62 Кб (Скачать документ)

  Әуелден банк  несиелік, депозиттік, төлем-кассалық сияқты дәстүрлі қызметтерді ұсынған. Қазіргі кезде, «Халық Банк» АҚ-ы кең ауқымды әртүрлі қызметтер ұсынып жатыр.

  Банк сферасындағы  көрсетілетін қаржылық  қызметтерді   зерттей отырып, алдыңғы жылдармен  салыстырғанда клиентке оңтайлы  және тиімді қызметтер саны  күрт аса түскенін айта кетсек  болады. Яғни, 90 жылдардын орта шенінде «Халық Банк» АҚ-ның көрсеткен қызметтер қатарына: «Банк клиент», ипотекалық несиелеу, пластикалық карточкалармен қызмет көрсету, депозиттік қызметтер және басқа да төлем шоттық қызметтер көрсеткен. Бұл қызметтердің сапалы көрсетілуі банк пен қарапайым халық арасында қарым-қатынас орнатты.

  Елімізде банк қызметі  дами бастағанда, «Халық Банк»  АҚ-ы өзінің клиенттерінің қажеттіліктерінің артуына және сыртқы орта қалпына байланысты, банк өз алдына қаржылық қызметтер портфелін диверсификациялады. Осы өзгерістерді енгізгеннен кейін, банк төмендегідей  артықшылықтарға ие болды: 1) банктiң өлшемiн өсіру есебiне үнемдеу (масштаб әсері); 2) толық және тиімді банк ресурстарын қолдану (ассортиментті көбейту арқылы үнемдеу).

  Осы қаржылық қызметтер  портфелінің ең тиімді әрі  сұранысқа ие қызмет – жедел аударымдар. Бұл қызмет банк филиалдары арқылы «Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша ақша аударуды қарастырады. Оның ыңғайлылығы банк клиенттеріне көп жеңілдік жасайды.

  Қазақстандық банктер  жүйесі ішіндегі электронды аударымдардан нарықтың үлкен үлесін «Халық банк» АҚ-ы алады. Бұл қызметтерді көрсететін банктер желісінің қатарына кіре отырып, банк 48 ел арасындағы 668 қаланың ішіндегі 449 банктермен аударымдар жасай алады. «Халық Банк» АҚ-ның мәліметтері бойынша, 2008 жылы банк  84,5 мың-ға жеткен   аударым көлемі 23,4 млн. теңгеге жетіп, республикадағы банктердің жалпы аударымдар көлемінің 19% құрайды. 2008 жыл мен 2009 жылдар аралығында азаматтардың аударымдарының көлемі өсіп отырған. Бұл мәліметтерге қарасақ, банктің маркетингтік қызметі сәйкес деңгейде екенін көрсек болады. Банктің маркетингтік қызметі аударым көлемінің өсуін қамтамасыз етеді. Ал, «Халық Банк» АҚ-ның көрсететін аударымдар қызметінің табыс көлемінің динамикасынын 4 кестеден көрсетілген.

 

10 кесте - «Халық Банк» АҚ-ның көрсететін аударымдар қызметінің табыс көлемінің динамикасынын

 

Қызметтер атауы                      Жылдар бойынша кірістердің өсу көрсеткіштері (млн.теңге)

 

2009 ж

2010 ж

2011ж

Жедел аударым 

60,7

70,2

70,4

Wesnern Union

50,2

60,5

80,1

MoneyGram

40,1

40,4

60,5


Ескерту «Халық Банк» АҚ-ның мәліметтерімен жасалған.

 

10 кестеде көрсетілген мәліметерге сүйене отырып, банк аударымдарының кірістерінің өсу динамикасы  төмендегідей суретте көрсетілген.

 

 


 

4 сурет «Халық Банк» АҚ-ның аударымдар өсу динамикасы 2009 – 2011 жылдар аралығында

 

  10 суреттен көріп отырғандай, ақша аударымдар көлемі 2009 жылдан 2011 жылдар аралығында жедел аударылымдар көлемі 2,7% өсіп, 2011 жылдың мәліметтері бойынша 70,4 млн. теңгені құраған. Ал, тұтынушылар ішіндегі сұранысқа ие тағы бір қызмет  Western Union. Ол 2009 – 2011 жылдар аралығында 35%-ға өсіп, соңғы жылы 8,1 млн теңгені құраған. Money Gram қызметін алсақ,осы жылдар ішінде 2,1% өскенін көреміз. Бұл қызмет үшін бұл көрсеткіштер өте төмен екенін көрсек болады. «Халық Банк» АҚ-ның мәліметтері бойынша, жедел аударым қызметтеріне  соңғы 6 айда 18,7 мыңнан астам адам жүгінген.

  «Visa-дан Visa-ға 24/7 ақша аударымдары». Қалыптасқан дәстүрге сәйкес Халық банкі бұл ІТ-сервис түрі бойынша рынокқа өнім шығарған алғашқы қазақстандық банк мекемесі болып табылады (2007 жылдың 30 наурызы). 2007 жылдың 7 айында ғана бұл қызметті 150 мыңнан астам адам пайдаланып үлгерді. Бұл қызмет түрінің тартымдылығы мынада: кез келген банктің клиенті Халық банкінің банкоматтары мен мультикиоскілерін әр түрлі банктер карточкаларына ішкі және халықаралық ақша аудару үшін қашықтықтағы терминал ретінде пайдалана алады.

  Банктер өзара бәсекеге түсу кезінде,клиенттерді қызықтыратын әртүрлі қызметтер кешенін ұсынады. Сондай қызметтерге жататын «Мобильдік банкинг» және «Интернет-банкинг» жүйелері. Ұялы телефондар жүйесі арқылы Халық Банк көрсететін қызметтер – ұялы телефондар арқылы хат алушыға, ақшаның түскені туралы немесе жіберген ақшаның жеткені туралы хабарлама беру. 2005 жылы Халық Банкі бұл қызметті  рынокқа шығарғанда, қызметтің мәні мен артықшылығын егжей-тегжей түсіндіру мақсатында клиенттермен де, ұялы байланыс операторларымен де БАҚ арқылы түсініктемелік жұмыс жүргізу үшін біраз тер төгуге тура келді. Еліміз үшін сол кезде бірегей өнім болып табылған ұялы байланыс саласындағы бұл сервисті іске қосу 2005 жылдың 19 сәуірінде жүзеге асырылды, көп ұзамай-ақ, небәрі бір жарым жылдың ішінде аталған қызмет түрін пайдаланушылар саны 100 мың адамнан асып түсті. Бүгінгі күні қашықтықтағы банкинг қызметі еліміздегі ең қажетті әрі үнемі сұраныс тудырып отырған танымал ұялы байланыс қызметіне айналды. 2007 жылдың қорытындысы бойынша аталған ІТ-сервисінен түскен таза табыс көлемі 3,6 млн АҚШ долларынан асты. «Интернет-банкинг» жүйелерін айтып өтсек,SSL (Secure Socket Layer) технологиясын пайдалану арқылы, https  хаттамасы бойынша іске асырылады, бұл клиентке бірден аутентификация жасауға мүмкіндік береді  және серверде мәліметтер алмасуды рұқсатсыз ұстап қалуға жол бермейді немесе мәліметтің бұрмалануын толығымен болдырмайды. 2006 жылдың нәтижесі бойынша 2005 жылмен салыстырғанда бойынша «Интернет банкинг» жүйенің табысының 67% өскенін көрсетеді.   «Интернет-Банкинг» жүйе сомасының айланыстары 2008 жылы шотты валютамен бөлгенде:  ғаламтор-шотымен в KZT – 13,9 млрд (өсімі 18% 2007 жылмен салыстырғанда), USD – 7,8 млн (2 %),  EUR – 2,4 млн (4 %), RUR – 5,8 млн (3 %), в GBP – 1,7 млн (2%).

 

11 кесте «Интернет-Банкинг» жүйе сомасының айланыстарын 2007 – 2008 жылдары шотты валютамен бөлгендегі өзгерісі

 

Валюта аттары

2007 жыл

2008 жыл (млн)

Өзгерістері (%)

KZT

2,5 млн.

13,9 млн.

18% -ға өскен

USD

3,9 млн.

7,8 млн.

2% -ға өскен

EUR

96,0 мың.

2,4 млн.

4% -ға өскен

RUR

174,0 мың.

5,8 млн.

3% -ға өскен

GBP

85,0 мың.

1,7 млн.

2% - ға өскен


  

  Қазіргі таңда, Халық Банкі жеке тұлғаларға көрсететін электронды банк қызметтері нарығының 75% алып, тек осы банкте 450 мыңнан астам адам қызметті қолданатынын атап өтсек болады. Осы қызметтердің нарықтағы үлесін 11 суреттен көрсек болады

 


11 – сурет Қазақстандағы электорндық қызметтер нарығындағы қызметтердің үлесі

 

  Жоғарғы суреттен көрсетілгендей, банктің жеке тұлғаларға көрсететін электронды қызметтерінің  2008 жылғы үлесі «Мобильдік банкинг» 44% - ды құрап отыр. Одан кейінгі, телебанкинг(40%) бұл қызметтің артықшылығы –  клиенттің банк шоттары бойынша ақпарат алу үшін телефон арқылы қашықтықтан қол жеткізуі. Ал, клиенттің интернет-банкингті (16%) қолдануының артықшылығы – осы жүйенің операцияларын мультивалютаның көмегімен жүзеге асырады. Суретте көрсетілгендей, интернет банкингті қолданушылар саны басқа электрондық қызметтерге қарағанда әлдеқайда үлесі төмен.

   Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда қолма-қол ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын таңдауға көшкен. Карточка – әмбебап төлем құралы, оны жер шарының кез келген түпкірінде пайдалануға болады (әрине, банк бар жерлерде). Бұл қолданушының банктік карточкалық шоттын басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен үйден шықпай-ақ  тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады. Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады. Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Қазақстанда карточкалық қызметті қолдану 2005 – 2007 жылдары 57,5% өскен. Қазақстанда екі түрлі төлем карточкалары айналымда жүреді: жергілікті және халықаралық. 2005 жылға дейін олардың арақатынасы бірдей болатын, ал 2007 жылы сұранысқа халықаралық төлем карточкалары ие болды. Олардың саны 1260 мыңға, ал жергілікті 236 мыңға жетті. Қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын халықаралық VISA International төлем карточкалары ең көп таралған. Оның үлесі барлық төлем карточкалар айналымының  71 % - ын құрады. 

  Оны  қолданушылар саны жаппай өсуде. 2006 жылға қарағанда төлем карточкаларды қолданушылар саны  2007 жылы  2,6 есеге өскен. Ал 2008 жылы  халықаралық карточкаларды қолданушылар саны 3887 мыңға жеткен. Ең көп үлесті жалақы жобалары алады, көлемі 2006 жылы жалпы айналымдағы төлем карточкалардың 55% құрайды. Сонымен, 5 кестеден көріп отырғандай, қаржылық  карточкалық төлемдердің жалпы көлемін қолма-қол ақшаны төлеу  қызметі 96 % алады.

 

12 кесте «Халық Банк» АҚ-ы төлем карточкалары арқылы қаржылық қызметтерді қөрсету динамикасы  2008 – 2009 жылдар аралығында

 

 

 

Көрсеткіштер

 

 

жылдар

Еселеген  өзгерістер динамикасы

2006 мен 2008 жылдар

Барлық төлемдер саны, мың

6817

14096

20957

3

Сауда терминалдарында

316

400

579

1,8

Қолма қол ақша төлемдері

6501

13696

20378

3,1

Жалпы төлемдер көлемі, млн. теңге

61206

143786

251008

4

Сауда терминалдарында

3138

5789

9589

3

Қолма қол ақша төлемдері

58068

137996

241418

4,1


 

Ескерту Ұлттық банк Статистикалық  Бюлетенінің мәліметтерімен жасалған РК №3 (100), 2009, 104 б.

 

  Кестеден көріп отырғанымыздай, республикада халыққа карточкалық төлеммен көрсетілетін қызметтер саны үнемі өсіп отырған. Бұл карточкалар – тек қолма қол ақша алудан басқа, тауарларды немесе қызметтерді сатып алудың альтернативті қолданылуы болып табылады.

 III қаржы мамандарының конгресінде қаралған, Қазақстанның қаржы нарығының даму концепциясының бірнеше бөліміне ҚР ның форвардтар мен фьючерлер нарығына арналған. Коммерциялық банктер  бұл процестердің негізгі қатысушылары. Қазақстандық банктер ішінде  форвардты қызметтерді көрсететін негізгі банк «Халық Банк» АҚ-ы.

     2012 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша банктер 9.9 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 9.2 млн. адам болды (2011 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 17.1% және 17.1% өсу)[1]. Барынша таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 85.9%, кредиттік карточкалардың үлесі – 12.5%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесәіне тиісінше 1.5% және 0.1% сәйкес келеді.

  2012 жылғы қаңтарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 345.9 млрд. теңге болды (2011 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда өсу 36.1%). 2012 жылғы қаңтар транзакциялар саны 12.1 млн. транзакция болды және 2011 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 21.6% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 21.7% (2.6 млн. транзакция) және 38.6% (47.8 млрд. теңге), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікі тиісінше 21.6% (9.5 млн. транзакция) және 35.7% (298.1 млрд. теңге) болды.

  Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 46,1% және 75,1%) және банкоматтар (тиісінше 42,0% және 16,6%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 97,9% және  88,9%).

  Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктердің бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтау және уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға деген әр-түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейілінше қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.

Қазақстан  Республикасының 31.08.95 ж. (10.07.03 ж. толт.) «Банктер және банк қызметі туралы» заңында депозит  анықтамасы келесідей берілген:

  Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы.

   Соның ішінде,банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары. Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады.      Біздің еліміздің банктеріндегі ауқатты халықтың бос ақшаларын айналым шотына салудың көптеген түрлері орын алады.

   Сондай банктердің ішінде ең сенімді салымдарды салу қызметін «Халық Банк» АҚ-ы көрсетеді. «Халық Банк» АҚ-ы осындай салымдардың «Халықтық-стандартты» депозиті, Halyk – әмбебап, Halyk - балалар депозиті деген түрлерін көрсетеді. Төмендегі 13 кестеден "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-дағы  жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақының жылдық пайыздық мөлшерлемелері 2011 жылғы 1 наурыздан бастап теңгедегі және USD, EUR валюталарымен көрсетілген.

Информация о работе Халық Банк