Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:02, дипломная работа
Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау.
Қазақстан бүгінгі таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетіп отыр. 2004 жылы республикамздың сыртқы сауда айналымы 55 пайызға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 2713,8 долларға жетті. Бұл реформаға дейінгі 1990 жылға қарағанда 12,9 пайызға артты. Биылғы жылы бұл көрсеткіш болжағандай, 3 мың долларға жетеді деген сенім бар. Біз осы жағынан Ресеймен, Шығыс және Оңтүстік Европа елдерімен теңесе бастады.
Әлемдік экономикадағы ахуал мұнай өндіруші елдердің көшбастаушы позисиясын сақтайтынын көрсетеді. Қазақстанда мұнай өндіруді үш есе ұлғайтып, жылына 150 млн. тонна мұнай шығару көзделіп отыр. Бізде қара және түсті металдарды да өндіру артады. Мұның бәрі экономикалық тепе-теңдікті ұзақ мерзім бойы ұстап тұрады. Экспорт 56 пайызға, импорт 52 пайызға өсті, сонымен мұнай өнімдерінің қымбаттай түсуі де оң әсер етеді.
Ел экономикасының шикізаттық емес салаларындағы ұзақ мерзімді мамандануын айқындайтын 5-7 кластерін жасау мен дамытудың, ұлттық инновациялық жүйені түбегейлі қолға алудың да маңызы зор.
Біздің елде жаңа экономика негіздері де жасалуда. Ақпараттық саланың әлеуеті қарқынды даму үстінде. Банкілік төлем карточкасының саны 2,4 млн-ға жетті, ұялы телефондарды қолданушылар 2 млн-нан асып кетті, 2 млн-ға жуық адам интернетке шыға алады. Таяуда ақпараттық технология паркінің алғашқы кезегі іске қосылып, отандық спутник ұшырылады. Әлеуметтік саясаттың да жемісті айағы сол, бүгінгі күні әлемдік қаымдастық Қазақстанға көз тігіп, сеніммен қарауда.
ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат жүргізу қажет.
Ресей, Қытай, АҚШ, Европалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттары болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауісздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар мен келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарттың маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзімідің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Бұл біздің мемлекеттік құрлыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздіктің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескірілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ты реформалауға, ЕЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға ерекше мән беріледі.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен іс-қимыл жасау маңызды болып қалады. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз. Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қауымдастығы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары бекітілді.
Ел Президенті белгілеген «Әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігу – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» басымдығына сәйкес халықаралық маңызды жобаларды іске асыруда, әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болатын тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған белсенді шараларды қабылдау жоспарланған[13].
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда интеграция
әлемдік дамудың күннен-күнге
күшейіп келе жатқан тенденциясы
байқалуда. Барлық елдер әлемдік
шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда
тығыз саяси ықпалдастыққа
Елбасының Еуразия кеңістігіндегі
интеграциялық процестерді
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат пен коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналу дәуірін бастан кешуде. Яғни жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың «шекарасыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.
Қазіргі дүние адамзатты
толғандырған мәселелердің бір арнада
тоғысуынан ғана жаһанданып отырған
жоқ. Оның басты себебі адамзат атаулының
ортақ мәселелерінің жаһандық деңгейге
көтерілуінде. Жаһандану жағдайында
барша адамзат қауымын алаңдаты
Қазақстан сан алуан ұлттар, діндер мен өркениеттер тоғысында тұрған ел. Сондықтан біз үшін ел тыныштығы, халықтар татулығы мен өңірдегі қауіпсіздік ауадай қажет.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар мен келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.
«Осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру» басымдығы бойынша кәсіби армия құру, діни экстремизмге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ халықаралық терроризмге, есірткі саудасына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған саясат жүргізуді көздейтін жаңа әскери доктрина негізінде мемлекеттілікті, ұлттық егемендікті және елдің тұтастығын нығайту мәселелерін шешуге айырықша назар аударылуда.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда да қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Бүкіәлемдік Сауда Ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Біздің капиталымыздың шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарды игеруін қолдап, көтермелеуіміз қажет. Бұл – жаһандық бәсекелестіктің элементі, сондай-ақ әлемдік экономика жайында аса маңыздылығының болуы.
Қазақстан бүгінгі таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетіп отыр.
«Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік даму серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру»басымдығы шеңберінде Ресеймен стратегиялық әріптестік қатнастарды дамыту, Қытаймен, АҚШ-пен, Европалық Одақпен, Орталық Азия мемлекеттерімен, мұсылман әлемі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және дамыту жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта жүргізілетін болады.
Мемлекет басшысы ағымдағы
жылғы 30 наурызда «Қазақстанның 2030 жылға
дейінгі Даму стратегиясын одан әрі
іске асыру жөніндедегі шаралар
туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған
жарлықпен Қазақстан
Ел Президенті белгілеген «Әлемдік экономикаға ойдағыдай кіру – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» басымдығына сәйкес халықаралық маңызды «серпін» жобаларды іске асыруға, жоғары технологиялық индустрияны дамытуға, әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болатын тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған белсенді шараларды қабылдау жоспарланған. Бұл үшін Индустриялық-инновациялық дамудың 2-кезеңін іске асыру жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады. Қазақстанның БСҰ-ға кіруі, экспорттық-импорттық кредиттеуді, академиялық орталықтарды дамыту, қазіргі заманғы көлік-коммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру, Алматы қаласын өңірлік қаржы және іскерлік орталығы ретінде дамыту жөніндегі жұмыс жалғасуда.
БСҰ-ға кірудің мейлінше тиімді жоспарларын таңдауда Қазақстанның әлемдік рынокқа интеграциялануын ешбір кедергісіз жүзеге асырылуға тиіс. Құқықтық база, әлемдік сауданы ұйымдастырушылық шаралары, БСҰ-ның қағидаларына сәйкес болуы қажет. Бірақ бір жағынан, әділетті бәсеке, сауда либеризациясы, жалпы тиімділік, алдын-ала болжай алу мүмкіндіктері сияқты режимге сай келуі тиіс.
Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауында өңірдегі мемлекеттің одағын құру туралы бастама жария етілді. Жолдаудың «Өңірдегі жағдай туралы» тармағында Орталық Азиядағы жағдай алаңдатушылығын туғызды. «Ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бәсекелестігінде байқап отырмыз» деген сөйлемнің астарында көп мәселе жатыр.
«Біздің алдымызда таңдау тұр» делініп, соның мүмкін болатын нұсқаулары айтылады: әлемдік экономикада келесі бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия өңірінің барынша интеграциялануына қадам жасау. Бұл тұрғыда Орталық Азия экономикалық қауымдастығын, тағыда басқа бірлестіктерді айтуға болады.
Өңір елдерінің интеграциялық ықпалдау мүмкіндігі өте кең. Әрбір ел өңір аралық ынтымақтастықтан көп пайда көретіні сөзсіз. Содықтан Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастама дер кезінде жасалғандығын атап көрсетуі қажет. Өңірдің барлық жетекші елдерінде жан-жақты интеграция үшін алғы-шарттар толық қамтамасыз етілген.
Достастық елдері өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне сәйкес интеграцияланудың басқа да формаларын қарастыра бастағаны белгілі. Елбасының идеясы негізінде дүниеге келген Евразиялық экономикалық қауымдастық осының озық үлгісіне айналып келеді. Қазіргі күні бұл қауымдастық аясында кеден одағын құру, одақ тарифтерін белгілеу, бірте-бірте ортақ валютаға көшу мәселелері қарастырылу үстінде.
Бүкіл әлем бойынша интеграциялық үрдістер терең сипат алып отырған қазіргі жағдайда ТМД секілді көптеген елдерді қамтитын құрылымның болғаны дұрыс. Бүгінде поскеңестік кеңістікте әрқилы интеграциялық бірлестіктер – ТМД,ЕврАзЭҚ, ШЫҰ дамып келеді.
Мен өз дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, жарқын бейнесі ұлттық теңгемізде бейнеленген, Отырардан шыққан ұлы бабамыз, философ Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының игілікті ұсыныстары туралы» әйгілі трактатында: «Ізглікті халықтың арасында өзара татулық пен келісім орнығуы үшін тәртіп пен береке-бірлік қажет. Сонда жер бетінде шапағат нұры шашылып, адамдар бір-біріне бақытқа жету жолында көмек қолын созатын болады», деген екен.
Мемлекет пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін сақтау және сырттан агрессияға жол бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Халықаралық қатнастарда өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаю кезінде немесе жаһандану жағдайында мемлекетаралық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қояды.
Қазіргі заманда әлемде халықаралық қарым-қатнастардың барлық жүйесі, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарға және мемлекет ішіндегі құрылымдарға қатысты халықаралық принциптер мен сапа жағынан өзгерістерді бастан кешуде. Халықаралық өмірдің басты мақсаты – бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған жетудің бірден-бір жолы – ол ел тыныштығы, халықтар татулығы мен өңірдегі қауіпсіздікті нығайту.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности