Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:02, дипломная работа

Описание

Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау.

Работа состоит из  1 файл

РГР 1 57вариант.doc

— 375.50 Кб (Скачать документ)

1993 жылдан бастап Қазақстан  Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымға, Еңбектің Халықаралық Одағына  мүше болды. 1994 жылдан бері Қазақстан  Азиялық даму банкісіне мүше  болды.

Халықаралық қаржылық ұйымдар  жөнінде айтар болсақ, 1992 жылы Қазақстан  Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық  қайта құру және даму банкісіне мүше болды. ХВҚ-ға және Бүкіләлемдік Банктің  ұйымдарына кіру үшін қажетті жағдайларды  жасау үшін 1992 жылдың маусымында Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Халықаралық қайта құру және даму қорына, Халықаралық даму корпорациясына, Халықаралық даму Ассоциациясына, инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталыққа мүшелігі» жөнінде арнайы Заң қабылданған еді.

1993 жылдан бастап Қазақстан  үкіметі қаржылық тұрақтануға  қол жеткізуге және экономиканы  түбегейлі қайта құруға бағытталған  ортақ экономикалық стратегияға  сәйкес қызмет етеді. Біз күш-әрекеттеріміз  көп жақты қаржылық мекемелерден де, екі жақты факторлар мен кредиторлардан да қолдау табудамыз.

ХВҚ-дан түсетін көмек 1993 жылы құрылымдық қайта құруды қаржыландыру механизмі бойынша заем түрінде  және 1994 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың маусымында бекітілген екі Стенд-бай  несиелері түрінде келіп түсті.

Қазіргі кезде ХВҚ-дан  стенд-бай бағдарламасы бойынша 3 жыл  мерзімге жаңа несие алу жағдайлары қарастырылып жатыр. Халықаралық қайта  құру мен даму банкісі Қазақстанға  көмек ретінде 7 бағдарлама бекітті.

Қазақстан 1994 жылы Азиялық  даму банкісінің мүшесі болды. 1994 жылдың қазан айында 1994-1996 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметі және Азиялық даму банкісінің Миссиясы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

1992 жылы Қазақстан  Еуропалық банкке мүше болды.  Бұл банктың Қазақстанға қатысты стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе ұйымдастырушылық құрлыс пен кадрларды дайындау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл шарушылығына, энергетикаға, тау-кен өнеркәсібі мен транспортқа нақты инвестицияларды енгізу көзделген.

Қазіргі ТМД елдерінде  қалыптасқан саяси жағдайда Қазақстан  өз тәуелсіздігін нығайту үстінде, 1992 жылдың жазында Қазақстан Республикасы жер шарын өзінің саяси ықпалын  өткізіп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Азат елінің өзіндік мемлекеттік белгілері әлемге жария етілді. Жаңа елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Бес жыл ішінде 117 іргелі мемлекеттер Қазақстан тәуелсіздігін танып, олардың 105 елімен дипломатиялық қарым-қатнастар орнатты. Алматыда 40-тан астам елшіліктер мен халықаралық ұйымдар өкілдері ашылды. Қазақстан әлемнің 36 елінде өз елшілері мен өкілділіктерін ашты. Қазақстан халықаралық қатнастардың субъектісіне айналғаннан бастап 760 халықаралық, мемлекетаралық, үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Қазақстанның әлем жұртшылығына танылуы айтарлықтай қарқында өрбіді. Елдегі нарықтық қатнастарды тереңдету, демократиялық және құқықтық қоғам орнату үрдістерін одан әрі дамыту мақсатында 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

Алдағы мақсат – Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігін  экономикалық, саяси және қорғаныстық  жағынан қамтамасыз ету. Қандайда болмасын тәуелсіз мемлекеттің егемендігі, тағдыры аталған мәселеге тікелей екені белгілі. Қазіргі кезеңде Қазақстан Тәуелсіздігінің экономикалық, қорғаныстық жағына назар аударар болсақ, шиеленіскен мәселелер баршылық.

Бұрынғы Одақ кезінде  Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық – мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қаумдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі – Қазастан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Елімізің Хельсинки келісіміне қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қарды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы», НАТО-ның «Бейбітшілік мүдесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ,Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

Республиканың негізгі  әлемдік валюта қаржы ұйымдарына – Халықаралық валюта қорына, Бүкіл  дүниежүзілік банкіге, Еуропалық қайта  құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.

Республика тиісті халықаралық  институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Елімізді қазір дүниежүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-мен дипломатиялық қарым-қатнастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 өкілділігі жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің  дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының  негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатнастарды орнатуға ұмтылуда.

Біздің елімізбен дәйекті  байланыстарды дамытуға бірнеше  мемлекеттер ықлас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, ұлан-ғайыр  жеріміз бен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қоймай, біраз бөлігін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия –Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігіде Республикамызға септігін тигізуі тиіс.

Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатнас жолдарынан қашықтықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуымызды қиындата түседі және сыртқы саясаттықұруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатнастардың болуының мәні зор.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара  шартқа қол қойылды. Онда мемлекеттік  егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы мәселелерді  бейбіт жолмен ретеу және күш қолданбау, ішкі істерге араласпау және т.б. қарастырылды. «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы» келісімге қол қойды. Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасына жылына 115 мың АҚШ доллары көлемінде жалға алу ақысынтөлеп отырады. Ол 20 жылға жалға берілді, екі жақ өзара келіскенде жалға алу мерзімі содан кейінгі 10 жылға ұзартылады. Екі ел арасындағы әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды. 1998 жылдың 12 қазанында Ресей Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делиминациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатнастың өрбіп келе жатқандығын көрсетеді.

Қазақстанның Қытай  Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға, егемендікпен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. өз кезеңінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойынына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігін айтпасада түсінікті. 1997 жылы Батыс Қазақстаннан батыс Қытайға және Иранға мұнай құбырын тарту туралы келісімге қол қойылды. 2010 жылға қарай Қытай бізден жыл сайын 200-210 млн.тонна мұнай сатып алмақ.

Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз  байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделерміз көп. Тегі бір, тарихы тамырлас, рухани бауырлас Түркиямен екі арада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен алмасуға деген екі жақты ұмтлыс бар. Сол сияқты Иран елімен де достық, ынтымақтастық қатнастар дамып келеді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру туралы келісімдер жүргізілді.

Біз Азия құрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы елдердің экономикалық қоғамдық құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл және сенім мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекетерінің экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе шешетін ортақ мәселелер бар. Соның бәрін ескере отырып, республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес сияқты Азия аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастық құрылымдарын құру идеясын БҰҰ Ассамблеясының 47-сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде және т.б. мәжілістерде ұсынылды.

Таяу шығыс аймағындағы  негізгі мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Оман және Израильмен саяси  және іскер байланыстар орнатылуда. Сондай-ақ Батыс Еуропа мен Солтүстік  Американың жетекші елдерімен жан-жақты  ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Қазіргі жағдайда қай  ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси  істерде орасан зор АҚШ, Батыс  Еуропа және Жапониямен байланыстарды  бекітіп, іс-қимылдарды үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпасада түсінікті. Дегенмен, бұл қарым-қатнастар біздің түпкілікті мүдделерімізге нұқсан келтірмегені жөн.

Бұрынғы кеңестер Одағының ыдырауына, Ресейдің ортақ ақша, экономика  аумағынан ығыстыруына байланысты Орта Азия елдері өздерімен тамырлас Орта және Таяу Шығыс мұсылман елдерімен қарым-қатнастарын кеңейтуде. Себебі, бұрынғы каммунистік идеяның үстемдік етіп тұрған кезінде Шығыс мәдениеті шеттіліп, олармен жөнді байланыс болмады. Енді сол құрсаудан шыққан соң ислам мәдениетінің рухани негіздеріне деген халықтардың табиғи ұмтылыстарын түсінуге болады.

Республиканың сыртқы саясатына  экономикалық байланыстарды нығайтып,дамытуда кіреді. Бүгінде республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан  қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымның Қытайға 22%-зы, Германияға – 13,6, Ұлыбритания – 11,6, Швейцарияға – 11, Нидерландыға – 4,7, Австрияға – 2,5%-зы келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүниежүзіне белгілі «Шеврон», «Эльф Акитан», «Бритши Гэз», «Мобил», «Токсако», «Амоко», «Аджип», мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар. Мұндай байланыстар алдыңғы уақытта арта түспек.  

КСРО-ның ыдырауының басты  нәтижесі «темір пердемен» бөлінген кеңестік империя халықтарының дүниежүзілік қауымдастыққа қосылуы болып табылады. ТМД-ның құрылуында 1991 жылғы 20-желтоқсандағы Алматы кездесуінің орны ерекше. «Біз мұнда ізгі ниетпен келдік. Тәуелсіз мемлекеттердің достық одағы құрылатын Алматы кездесуіне Молдава толық құқылы қатысушы болып отыр.

Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен  байланысты. Бұл орайда, алдңғы қатарда  Қазақстанның екі үлкен проблема тұр. Біріншісі – тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы ймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн.тонна тұзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллионнан астам адамның десаулығы мен экономикасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертең ол талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл аймақты дүниежүзілік көлемдегі экологиялық апат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетілуі қажет.

Екінші экологиялық қасіретіміз – Семейдегі ядролық полигон. Мұнда 1949-1963 жылдары атом және сутегі бомбаларының жарылыстары жер беті мен атмосферада өткізілген. 1963-1983 жылдары жер астында жүргізілген. Онда өткізілген 752 жарылыстың 26-сы атмосферада, 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді. Ал олардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты миллионнан астам адам зардап шекті.

Республикадағы «Невада-Семей»қозғалысының мұрындық болып, үкіметтің шешімімен аталған ажал көзі жабылды. Бірақ артында талай жылдарға жетерлік уланған орта қалды, генетикалық заң бойынша ұрпақтан-ұрпаққа кетерлік жүздеген мың аурулар қалды. Осы аймақты сақтандыру, жапа шеккендерді емдеу, дүниеге келген сәбилерді қауіпсіздендіру үшін орасан зор қаржы керек. Оны аяғынан жаңа тұра бастаған жас мемлекетіміз жалғыз өзі шеше алмайды. Сыртқы саясатымыз оны да ескереді.

Сыртқы саясатпен тікелей  байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат – Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жаратылған, шағын армияны ұстау. Республика стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік мүддені қорғау;
  • елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
  • әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатнастарды дамыту;
  • ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;
  • халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.

Информация о работе Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности