Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:02, дипломная работа
Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау.
Бірінші кезеңде белгіленген шараларды іске асырғаннан кейін, екінші кезеңде келісуші мемлекеттердің кедендік территориясы ортақ кедендік территорияға біріктіріліп, Кедендік Одақтың халықаралық құқық субъектілігітуралы және қолданылған халықаралық келісімдер мәселесін шешу қажет.
Үшінші жақты Кедендік одақ принциптерді сақтау негізінде қалыптасты:
Кедендік одақ құру нәтижесінде алғашқы кезеңде өзара саудада тарифтік және сандық шектеулер алынып тасталынды, сыртқы сауда саласын тарифтік және тарифтік емес реттеуге қатысты нормативтік құжаттарды үйлестіру бағытында жұмыстар жүргізілді, мемлекеттер территориясына әкелінетін тауарларға акциздік ставкаларды унификациялау аяқталынды, үшінші елдерге қатысты сауда тәртіптерінің толық сәйкестендірілуіне қол жеткізілді, бірігіп кедендік статистика жүргізу мен акциздік тауарларды кедендік тәркілеудің ортақ тәртібі анықталды.
Сонымен қатар, авиациялық-жолаушы байланыста жүйелікедендік бақылауды алып тастау көзделінуде. Тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету мен бақылау тәртібі бойынша нормативтік құжаттар қабылданды және де сыртқы шекараны бақылауды күшейтуде техникалық жәрдемдесу бойынша шаралар қарастырылды. Кедендік, валюталық және экспорттық бақылау туралы заңдарын унификациялау, кедендік баж салығы мен салықты өзара есептеу механизмін қалыптастыру, кедендік қызметерді басқарудың бірлігін орнату, Кедендік одақтың сыртқы шараларында біріккен кедендік бақылауды ұйымдастыруда, ортақ шекараларда кедендік бақылауды алып тастау сияқты кедендік мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.
Кедендік Одақтың негізгі
құжаты – бұл 1996 жылдың 26-шы наурызындағы
Келісім. Бұл келісімнің басты мақсаты
біздің елдеріміздің материалдық және
интеллектуалдық потенциалын
Келісімнің басқа бөлімдері
демократиялық институттарды
Келісім көзделген мақсаттарға жету үшін интеграцияны басқарудың біріккен органдары құрылды: Мемлекетаралық Кеңес, Мемлекетаралық кеңес тұсындағы үкімет басшыларының Кеңесі, Интеграциялық Комитет, Парламенаралық комитет.
Интеграцияны басқарудың басты органы болып Мемлекетаралық Кеңес болып табылады. Оның ішінде жақтардың мемлекет басшылары, үкімет басшылары, шетел істер министрлері кіреді және де кеңесу дауыс құқығы бар Инеграциялық Комитеттің Төрағасы бар.
Интеграциялық Комитет қызметінің негізгі бағыттары: Біртұтас Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру; білім алу және ғылым мен мәдениет жетістіктерін қолдануда тең мүмкіншіліктерді қалыптастыру; заң шығарушылықты үйлестіру; сыртқы экономикалық саясат бағытын үйлестіріп жүргізу; сыртқы шекараны бірігіп қорғау; қылмыс және терроризммен күрес жүргізу.
2.3 Қазақстан Републикасының әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі орны
Тәуелсіз мемлекет ретінде
Қазақстан Республикасының
1. Әлемдік қауымдастықтың
Қазақстан Республикасын
2. Мемлекеттің сыртқы
саяси қызметінің негізгі
3. Халықаралық қатнас
субъектілерімен халықаралық
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар
мәдениеті: дипломатия мен
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық тұтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы тұрғыда бірқатар табыстарға қол жеткізіп, БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлем мемлекеттерінің барлығымен дипломатиялық байланстар орнатты.
Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейін оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды.
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдың 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конститутциялық заңда, 1993 жылғы Консттитутцияда нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту,басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді.
Төртіншіден, әлемдік қаымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси тұрақтылығы ерекше мәнеге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.
Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси
қызметтің нақты принциптері
негізінде қызмет ету және мүдделерін
халықаралық аренада
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын дамытуда Президентіміздің көрнекті рөл атқарғанын ескере кеткеніміз жөн.
Қазақстан Республикасы
қазіргі әлемнің ірі
Осы тұрғыда ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаев тарапынан
Қазіргі еуразиялық идея
өркениет дамуы жүйелерінде мемлекеттерд
Қазақстан Еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық қатнастарды жолға қоя отырып ОБСЕ, НАТО тәрізді еуропалық мемлекетаралық ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жатқызулар өткізу үшін әскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл қазақстандық әскери контингенттің БҰҰ бітімгершілік акцияларына қатыстырылуына мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен мемлекетаралық байланыс ерекше мәнге ие. Ресей империясының қол астында, одан кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа метрополия ретіндегі Ресейге экономикалық тәуелді еді.
Осы жағдай Қазақстанның шаруашылық инфрақұрылымының Ресейге толықтай тәуелділігінің қалыптасуына алып келді және оның салдары экономикалық тұрғыда оны Ресейге оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен қиындықтар соған сәйкес бізде де көрініс тауып отыр. Ресейдегі экономикалық жандану біздің экономикамызды да жақсы жақтарын көрсетеді.
Осы жағдайлардың барлығы
мемлекеттің тәуелсіздігін
Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтың, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас келісілген позиция тұрғысынан көрінуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Қытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатнасты жолға қою – Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз – Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай – бұл жақын көршілес, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демократиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде ХХІ ғасырда халықаралық қатнастарда басты рөлдерді атқарады.
Қазақстан Республикасының
басшылығы жүргізіліп отырған сртқы
саясатта қазіргі әлемнің
Қазақстан Республикасының
басшылығы Ауғанстан, Таяу Шығыс, Балқан
елдері тәрізді «дағдарысты
Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауында өңірдегі мемлекеттің одағын құру туралы бастама жария етілді. Жолдаудың «Өңірдегі жағдай туралы» тармақшасының мазмұнынан Орталық Азиядағы қазіргі жағдай алаңдаушылық туғызатыны айқын аңғарылады. «Ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бәсекелестігінде байқап отырмыз» деген сөйлемнің астарында көп мәселе жатыр. Сол ұлы державалардың яғни ұлы күштердің тепе-теңдңгін сақтамау, олардың басымдық беру қиынға соқтыруы мүмкін. «Осы жаһандық геоэкономикалық проблемаға қатысты дұрыс ұстанымда болуымыздың маңызы үлкен» деген ескертулердің айтылуы жайдан жай болмса керек.
«Біздің алдымызда таңдау тұр» делініп, соның мүмкін болатын нұсқалары айтылады: әлемдік экономикада келесі бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия өңірінің барынша интернациялануына қарауына қадам жасау. Бұл тұрғыда Орталық Азия экономикалық қауымдастығын, тағыда басқа бірлестіктерді айтуға болады.
Бұрынғы ұсынылған интеграциялық
жобаларды сәтсіздікке
Информация о работе Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности