Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:02, дипломная работа
Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау.
Қазақстан мен НАТО арасындағы қарым-қатнас та дұрыс шешімін тапты. «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы – осы беделді ұйыммен ынтымақтасудың неғұрлым пайдалы түрі. Оған қазірде 46 мемлекет қатысып отыр, оның ішінде Қазақстанда бар. Елбасы атап көрсеткендей: «Бұл ынтымақтастыққа Солтүстік Атлантика Одағының біздің қағамды демократияландыру, экономиканы жаңғыртуды қолдауы, сондай-ақ, республиканың жас армияның аяғынан тік тұрып кетуіне көмек көрсетуі қызықтырады».
НАТО және Қазақстан әскери қызметтерінің қатысуымен бейбіт мақсаттағы бірлескен жаттығулар өткізу жүйелі негізге көшіп келеді. Осының айғағы ретінде жыл сайын «Центразбат» жаттығулары өткізілуде.
Қазақстан Европадағы қауіпсізік және ынтымақтастық ұйымына 1992 жылғы қаңтар айынан бастап қатысады. 1994 жылғы 5 желтоқсанда Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастық ұйымның Будапештегі маслихаты кезіндегі державалар – Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы аталған мемлекеттер Қазақстанның қазіргі шекарасының мызғымастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін қадірлейтінін куәландырды. Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға,экономикалық зомбылық көрсетуден бас тартуға міндеттеме алды. Кейін мұндай кепілдіктер Қытай Халық Республикасы мен Франция үкіметтері тарапынан да берілді.
Президент Н.Назарбаевтың Германия Федерациялық Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында «Қазақстан-Герман экономикалық ынтымақтастық кеңесін» құру туралы, Қазақстанда туратын немістер мәселесі жөнініде Аралас Қазақстан-Герман комиссиясын» құру туралы, «Экономика, өнеркәсіп, ғылым және техника салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты дамыту туралы»шартқа қол қойылды.
Қазіргі кезде Қазақстанның тауар айналымы жөнінен Германия Европа елдері арасында бірінші орын алады.
БҰҰ құрылымдарының белсенді
және мақсатты қызметінің нәтижесінде
халықаралық шиеленістерінің
Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы – шаруашылық өмірді интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі. Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың бірнеше түрлері құрылды: ол ұйымдар глобалды сипатта БҰҰ-ға кіретін халықаралық институттар, ұйымдар болды. Оның қалыптасу негізіне жататын принциптер әлеуметтік-экономикалық жүйенің бірігуі бойынша елдердің ұйымға кіруі, аймақтық ұйымдар т.б.
Қазіргі кезде әлемде, халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде-бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке-дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы халықаралық институттардың құрылуы.
Халықаралық ұйымдардың мақсаты – оның құрамына қандай елдер кіруімен ерекшеленеді.
Дамыған капиталистік елдердің ұйымдары сауда, валюта, төлем баланысы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді.халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі таңда үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.
Халықаралық саудаға қатнасатын елдер, осы облыста кездесетін түсініспеушіліктердің себебін іздеуде және оны болдырмау немесе жұмсарту шараларын қарастыруда. Бұл жағдайда осы проблемаларды шешуде халықаралық сауданың табиғатына тән екі жақтылық айқын көрінеді. Бір жағынан, олар өз күштерін сыртқы сауданың дамуы мен кеңею құралдарын іздеуге жұмсаса, екінші жағынан қарама-қарсы бағыт туындайды – ол бағыт оның орталықтануы, яғни жекелеген елдер арасына және экономикалық топтастырудағы айырмашылықтар. Міне, осы екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты , жинақты сыртқы сауда саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақта кейбір жетістіктер күрделі қайшылықтарды жартылай шешуде.
Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатнас 1992 жылы қаңтарда орнатылды. Онда достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Екі ел БҰҰ – жарғысының принциптерін, Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымның Хельсинки актісінде көрсетілген талаптарды толық орындайтынын мәлімдеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында мұнай өндіру мен тасымалдау жабдықтарын шығару мақсатында Франция 240 млн. қаржы бөлетіндігі жөнінде құжаттқа қол қойды. «Қазақстан-Француз» 20 біріккен кәсіпорын жұмыс істейді.
Қазақстан мен Италия арасында дипломатиялық қатнас 1992 жылы 12 шілдеде орнады. 1994 жылы 22 қыркүйекте Президент Назарбаевтің Италияға ресми сапары басталды. Екі ел – мемлекеттер арасында егемендік теңдікті, аумақтық тұтастықты құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы, дау-жандалдарды бейбіт жолмен шешу принциптерін қолдайтындықтарын мәлімдеді.
2000 жылы елімізде 30 «Қазақстан-Италия» бірлескен кәсіпорын жұмыс істеді, екі ел арасында тауар айналымы біржарым миллиард доллар құрайды. Италияның Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестиция көлемі 351 млн.долларға жетті.
Қазақстан мен Нидерланды арасында дипломатиялық қатнас 1992 жылы 10 қыркүйекте орнатылды.
Қазақстан Швейцриямен қатнасы үнемі дамып келеді. 1993-1998 жылдары Швейцария елімізге 97,5 млн.доллар көлемінде тікелей инвестиция жұсады. Екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп келеді.
Сонымен, Қазақстанның Европа елдерімен қарым-қатнасы қазіргі ғаламдану кезеңіне сәйкес дамып отыр.
Қазіргі кезде халықаралық экономикалық қатнастардың дамуын анықтайтын негізгі тенденциялардың бірі – бұл әлемдік экономикадағы үш плюстік құрлыстың пайда болуы, әлемнің осы аудандарының әрқайсында интеграциялық процестер күшейіп отыр.
Бұл үш ауданға жататындар:
Осы аймақтардың әрқайсысында даму көшбасшысының өзіндік ролін атқаратын белгілі бір ел немесе елдер тобы болады. Солтүстік Америкада – АҚШ, Батыс Еуропада – Еуропалық қоғамдастық елдері, Оңтүстік-Шығыс Азияда – Жапония.
АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін
танып, 1991жылы дипломатиялық қатнас
орнатқан алғашқы ел болды. 2001 жылы
Қазақстан мен АҚШ
Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы белсенді дамуда. АҚШ Қазақстандғы аса ірі шетелдік инвестор және салынған инвестицияның 15 млрд.доллардан астам американ компаниялардың үлесіне келеді. Қазақстанда америкалық қатысуға қатысы бар 400-ге жуық компаниялар жұмыс істейді. 2005 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1650 млн. доллар құрады, соның ішінде АҚШ-қа мұнай мен минералдық өнімдерді импорттау 800 млн. доллар болды.
Соңғы аймақ өте елеулі
дамумен сипатталады, ол елдің
Қытаймен, сонымен бірге Ресеймен
өзара байланысы әлемдік эконом
Еуропалық аймақ соғыстан кейінгі кезеңнің көп бөлігінде индустриясы дамыған елдердің екі интеграциялық тобы Еуропалық одақ (ЕО) және еркін сауданың Еуропалық ассоцациясына (ЕСЕА) кірді.
1995 жылы Еуропалық одаққа 12 батыс еуропалық ел, ал ЕСЕА-ға 6 ел мүше болып кірді.
Еуропалық одақ пен ЕСЕА-ны салыстырып көрейік. Еуропалық одақтың дамуын реттеу ұлтаралық және ұлт үстінен қарайтын органдар арқылы жүргізіледі, ал ЕСЕА-ның ұлт үстінен қарайтын органдары жоқ.
ЕО-ның шеңберіндегі интеграцияның дамуының өте жоғары деңгейі жөнінде оның өзіндік бюджетінің болуы дәлелдейді, ал ЕСЕА-да өзіндік бюджет мүлдем жоқ.
ЕСЕА-ға кіретін елдер ЕО-мен өнеркәсіп тауарларының еркін сауда аймағын құру жөнінде келісім жасаған. 1990 жылы ЕО пен ЕСЕА арасындағы Еуропалық экономикалық кеңістікті (ЕЭК) құру жөніндегі келісім жүзеге асты, осы келісім шеңберінде ЕСЕА-ның қатысушы елдерінің тауарлары ЕО елдерінің тауарлары сияқты жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.
1994 жылдың маусымында Корфу аралында ЕО мен Ресей арасында серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Оның негізгі мақсаты – экономикалық және саяси мақсаттарды дамыту, сауда қатнастарын дискриминациялық емес негізге көшіру, Ресейдің ЕЭК-ке біртіндеп көшуіне жағдай жасау. Бірақ та, бұл келісім іс жүзінде күшіне енген жоқ, көбіне Ресей серіктес емес, бәсекелес ретінде қарастырылады.
Біздің ұллтық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.
Сондықтан да Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Бұл тұста өзіміздің бүкіл саяси және дипломатиялық әлеуетімізді толығымен іске қосқанымыз абзал.
1.3 Экономикалық интеграция объективті уақыт талабы. Елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдары.
Бүгінгі таңда интеграция әлемдік дамудың күннен-күнге күшейіп келе жатқан тенденциясы байқалуда. Барлық елдер әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастыққа бастайтын ондаған экономикалық одақтар мен қауымдастықтар құрылып жатыр.
Қазақстан Республикасының ортақ экономикалық кеңістік жасау жөніндегі стратегиялық бағыты 1993 жылғы мамыр айында Мәскеуде болған саммитте іске асудың нақты жолына түсті. Достыққа қатысушы он бір елдің басшылары Экономикалық одақ құруды бір ауыздан қолдап, бәрі де ол туралы Декларацияға қол қойды. Осы Декларацияда ТМД-ға мүше елдер тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары еркін айналатын ортақ рынок құрып, терең интеграциялану арқылы Экономикалық одаққа кезең-кезеңмен өтеніндігі туралы мәлімдеме жасаған. Соның ішінде осы одаққа өтудің ең алғашқы қадамы ретінде Кедендік одақ құрып, оның тарифтерінен ТМД елдерін босату жайлы айтылған еді. Сонымен бірге шаруашылықты рыноктық әдіске бейімдеп, экономикалық реформалар мен әлеуметтік саясатты жүргізу де ортақ мәмілелер қажет. Мемлекет басшылары Экономикалық одақты құру жөнінде келісім-шартқа қол қойылды. Бірақ интеграциялану процесі өте баяу жүргізілді, ТМД-ның басқару институттары тиімді жұмыс істей алмады.
Елбасының Еуразия кеңістігіндегі
интеграциялық прцестерді дамытуда,
ТМД, ЕурАзЭҚ, Орталық Азия қауымдастығы
және Шанхай ынтымақтастық ұйымы
секілді халықаралық
Арғы ұлы бабаларымыздың аңсаған арманы – түбі бір, геосаяси мақсатыда бір, ортақ елдердің бірлесуі. Оны қазіргі жағдай талап етіп отырғанын жан-жақты терең түсініп, жаһандану жағдайында «голландтық сырқаттың» қатерінен сақтанып, алпауыт елдерге миниралды шикізатты жеткізуші ғана болмай, халықаралық еңбек бөлінісінен өз орнымызды алуда бірлескен іс-қимылдар жасауымыз қажет.
Мемлекет басшысы айтқанындай, «Біздің алдымызда таңдау тұр: әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу,келесі бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия өңірінің барынша интеграциялануына қарай қадам жасау».
Елбасы осының соңғысын ұсынады. өйткені бұдан былайғы интеграциялануымыз – біздің өңіріміздің тұрақтылығына, ілгері дамуына, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол.
Қазір ТМД рыногында мұнай, газ, көмір, металл және кен қазбалары ең үлкен сұранымға ие. Орталық Азия өңірі осы өнімдерді де әлемнің көптеген елдеріне үлкен мөлшерде сатады. Халықтың саны мен жер аумағы былайша сипатталады. Бұл өңірде 57,01 млн. адам (оның ішінде Өзбекстанда 25,1 млн., Қазақстан 15 млн., Тәжікстанда 6,77 млн., Қырғызстанда 5,12 млн., Түркіменстанда 5,02 млн., адам) тұрады. осы жөнінен әлемде 24-ші орын алады. Ал жер аумағы 4008 мың шаршы километр ( оның ішінде Қазақстанда 2725 мың, Өзбекстанда 449 мың, Тәжікстанда 143 мың, Қырғызстанда 200 мың, Түркіменстанда 491 мың шаршы километр).
Орталық Азия әлемде энергетикалық ресурстарға аса бай, өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын, лидерлік позицияға ие өңір болып саналады. Әсіресе, Қазақстанның жерасты қазынасы мен жерүсті байлығы ұшан-теңіз. Айталық болжам бойынша, Қазақстанда 15 млрд. тонна мұнай, 3 триллион текше метр газ, 35,8 млрд. тонна көмір, 622000 тонна уран бар. Жыл сайын қуаты 40,2 млрд. киловатт-сағат болатын су-энергетикалық ресурсы бар. Түркіменстанда 11 млрд. тонна мұнай, 2 триллион 860 текше газ қоры, Өзбекстанда 81 млн. тонна мұнай, 1 триллион текше метр газ, 4 млрд. тонна көмір, 93000 тонна уран бар. Қырғызстан мен Тәжікстанда негізінен су-энергетикалық ресурстарына арқа сүйейді.
Жалпы санағанда Орталық Азия өңірі мұнай қоры бойынша әлемде 3-ші, ал газ өндіруде 4-ші, уран кенінің байлығы жөнінен 2-ші орындамыз. Түрлі-түсті, қара және сирек металдар қорының мөлшері орасан, әлемде 1-ші орынға ие. Алтын өндіруде 9-шы орынға шықты. Егістік жер көлемі (Қазақстанда 19,4 млн. га) дүние жүзі бойынша алғашқы ондық санатына жатады. Ауылшаруашылығы өнімдерінен өзін-өзі толық қамти алатындай мүмкіндігі жеткілікті.
Информация о работе Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности