Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:02, дипломная работа

Описание

Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау.

Работа состоит из  1 файл

РГР 1 57вариант.doc

— 375.50 Кб (Скачать документ)

Жаһандық экономикада  біздің минералды шикізат көздеріміз ғана тартымды. Инвестицияның басым бөлігі – 30 млрд. доллар осы салаға жұмсалады. Шетелік компаниялар қазіргі заманға сай қайта өңдеу кәсіпорынын сала қойған жоқ. Міне, осы жағдай елімізде индустриялық-инновациялық саясатты жедел жүргізуді қажет етеді.

Қазақстан мен Қытай  мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатнастар белсенді жүргізіліп келеді, алдағы жылдары олар бізден 20 млн. тонна мұнай, 8-10 млрд. текше метр табиғи газ, 2-3 млн. тонна темір рудасын, 1-3 млн. тонна көмір сатып алады. Қытай мен Орталық  Азияның басқа да мемлекеттері арасында осындай келіссөздер жүргізілуде. Тұрақты даму экономикасы күндердің күнінде шикізат тапшылығын туғызып, импортты ұлғайтатын болады. Мәңгілік таусылмайтын ештеңе жоқ. Жерасты және жерүсті байлығының қоры азаяды. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық мүдделестігін үнемі  қорғап, берік ұстаным жасаушы Қазақстан жағы көрші туыс елдерінің іргесі мықты болуын қалайды.

Осы заманғы әлем: жаһандану  үрдістер кезеңін – адамзаттық біртұтас ақпарат және крммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде.

Жаһандық қоғам әлдеқайда  ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, «шекараларсыз әлем»  тұжырымдамасының негіне айналды.

Бірінші кезекте, бұл  тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономикасының дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда дамуы қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің алдында өз артықшылығын дәлелдеді. Соңғы жиырма жылда әлемдік сауда-саттық ІЖӨ-ге қарағанда жедел өстті. Егер 70-жылдары халықаралық сауда-саттық көлем әлемдік ІЖӨ көлемнің 30%-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде 60% құрады.

Жаһандану жолындағы  екінші қадам – капиталдардың еркін қозғалысы.

Мысалы, соңғы жиырма жылда дамушы елдерге тікелей  шетелдік инвестициялардың ағыны жүз  есе өсті. Бүгінде Қытай ғана жыл  сайын 60 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартады, қалған Азия елдері – 172 млрд. доллар, Латын Америка  елдері – жылына 72 млрд. доллар тартады.

Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон  өзгерістері жүріп жатыр, Батыс  Елдеріне, әсіресе Европалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Қазақстанда басқа елдерден келген 500 мыңға жуық мигранттар жұмыс істейді.

Төртіншіден, жаһандану  факторларының бірі халықаралық  валюта рыноктарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік  валюта жүйесі үш ревалюцияны: реттеудің  алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті.

Нәтижесінде шетелдік рыноктар туралы мәліметтердің сапасы жақсарды және оларды алудың жеделділігі артты, «жерді айналу және тәулік бойы» қаржы  операциялары жүргізіледі, жаңа қаржы  құралдары пайда болды.

Бесіншіден, ақпараттық, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және сонымен бірге салдары болып табылады.

Интернеттің, электронды почтаның, өзіндік құны жағынан төмен  халықаралық телефон қызметтерінің, ұялы телефон мен электрондық конференциялардың таралуына қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті. Осымен бір мезгілде спутниктік телевизия және электронды баспасөз нағыз жаһандық төртінші өлшемді туғызды.

Сонымен қатар жаһандану  осы заманғы әлемге лаңкестік, есірткі саудасы, ақпараттық соғыстар, эпидемиялар, экологиялық аппаттар да шекараны білмей және бұл адамзат үшін жаһандық сынақтарға айналды. Әлемнің бірде бір мемлекеті осы аталған сынақтарға қарсы тұруға қабілетті емес.

Әлемдегі әлеуметтік-экрномикалық дамудың әркелкілігі күшейді. Жаһанданудың оң тиімділігін әзірге әлемнің ең дамыған мемлекетінің аз тобы ғана сезінді.

Экономикасы жоғары дамыған  елдер дамуы төмен бәсекелестерін ығыстыруда. Демек, қатал бәсекенің  өсуі бүгінде барынша маңызды  әлемдік үрдіс болып табылады. Жоғарғы аталғандарды Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглцтің мынандай сөздерімен түйіндеуге болады: «жаһандануды жақтаушылар жаһандану болмай қоймайды деп, оның игіліктерін жарнамалап бағуда; қарсыластары оның келеңсіз салдарын егжей-текжейінде айшықты суреттеп, оны тоқтатуды талап етеді. Ал мен жаһанданудың адам өмірін, соның ішінде дамушы елдер де, жақсарту жөнінде зор әлеуетті бар және кейбір тұрғыда бұл қазірдің өзінде жүріп жатыр – мәселен, білімнің жаһандануы денсаулық сақтауды жетілдіруге және адам өмірін ұзартуға жеткізді деп санаймын».           

Кез келген елдің сауда-экономикалық одаққа бірігуі ол елдің экономикалық қызметтің параметрлеріне белгілі  бір әсерін тигізеді. Мемлекеттік  интеграциялық топқа кіру салдары  екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

    • Статистикалық талдау;
    • Динамикалық талдау.

Осы талдаулардың әрқайсысын толығырақ қарастырайық.

Статистикалық талдау шеңберінде сауда-экономикалық одаққа кіру салдарының екі варианттын атап көрсетуге болады:

      • Ағымды туындатушы эффект;
      • Ағымды ығыстырушы эффект.

Ағымды туындатушы эффект дегеніміз елдің интеграциялық топқа бірігуі салдарынан оның сұранысы мен ұсынысының – жоғары шығындары көбірек өндірушіден жоғары шығындары азырақ өндірушіге ауысуы. Бұл жерде тек қана өндіріс шығындары қарастырылады. Мысалы, тасымалдау шығындары мен трансакциялық шығындар нолге теңестірілген.

Ағымды ығыстырушы эффект дегеніміз сауда-экономикалық одаққа кіру нәтижесінде сұраныс пен тұтынудың өте төмен шығындары бар, одақтан тыс орналасқан өндірушілерден өте жоғары шығындары бар, бірақ одақ мүшесі болып табылатын өндірушіге қарай ауысуы немесе ығысуы.

Екінші вариант мынандай жағдайларда туындауы ықтимал, егер: одаққа мүше емес үшінші елдерге қатысты  импорттық салықтар өте жоғары болса.

Бұл жағдайларда олардың қатысушы елден шығарылатын импорт бағасы аутсайдер-елден шығарылатын импорт бағасынан төмен болады, өйткені аутсайдер-ел осы тауар өндірісінде алдыңғы қатарлы орынды алып отыр.

Статистикалық талдаудың  бір маңызды кемшілігі бар. Оның мәні мынада, яғни сұраныс пен ұсыныс қисықтары – экспорттық операциялардың сипаты мен бағытының өзгеруіне байланысты өзгермейді. Шынайы өмірде, егер ел сауда-экономикалық одақтың белгілі бір түріне ену жөнінде шешім қабылданса, онда сұраныс пен ұсыныс қисықтары міндетті түрде өзгеруі тиіс. Басқаша айтқанда, одаққа кіру өте үлкен мәнге ие. Бұл әсер ұлттық экономика үшін жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.

Осы альтернативалық  варианттардың әрқайсысын қарастырайық.

Одаққа енудің төмендегідей артықшылықтары бар:

    1. Нарық көлемінің ұлғаюы отандық фирмаларға өндіріс масштабын ұлғайтудан сәйкес эффект алуға мүмкіндік береді. Бұл фактор кішігірім елдер үшін өте маңызды болып табылады., өйткені осы елдер нарық көлемін ұлғайтуда мүдделі болып келеді.
    2. Халықаралық сауданың және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да күрделі формаларының кеңейтілуі одаққа қатысушы елдердің өндірістік және өндірістік емес құрылымының (автомобиль және темір жолдары, қаржылық қызметтер және т.б.) жақсартуына жағдай жасайды.
    3. Белгілі бір жағдайларда одақтың қызмет ету шығындары өте жоғары болуы мүмкін.

Сауда-экономикалық одаққа енудің төмендегідей негізгі кемшіліктері, яғни кері салдары бар:

    • жағдайлардың белгілі бір ағымында елден ресурстар ағылып кетуі мүмкін;
    • егер интеграцияға қатысушы елдердің жекелеген фирмалары арасындағы өте тығыз интеграциялық байланыстардың қалыптасуына ықпал етсе, онда нәтижесінде олигополиялық келісім өте кең түрде тартылуы мүмкін. Бұл келісім сәйкес өнім бағасының көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін;

 кей жағдайда өте  үлкен компанияларды құрумен байланысты өндіріс масштабын кеңейтуден болатын шығындар эффектісі болуы мүмкін, яғни шектен тыс бюрократизация және басқа да факторлар әсерінен олар тиімсіз болып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау  ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

2.1 Интеграциялық  бірігу процесі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

 

 

Жаңа тәуелсіздік алған  Қазақстан Республикасының өркениетті қоғам орнатуға деген құлшынысы  күйреген Кеңес Одағынан мұра болып  қалған экономикалық - әлеуметтік, саяси - рухани дағдарыстан шығудан басталды.

1991 жылдың желтоқсан  айындағы республика Жоғары Кеңесінің  сессиясында «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»  заң қабылдануы жер шары халықтарына  өмірге жаңа, тәуелсіз мемлекет  келгендігін жария етті. Дүниежүзі халықтарының 1992 жылдың қазан айында болған І Құрылтайында тәуелсіз елдің тұңғыш Призиденті Н.Ә.Назарбаев айтқанындай: «Біз ұлы жолға шықтық. Арманды сапарға аттандық. Қолымызда тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда бар, халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз, арманымызды алдыға аппарар қанатты пырақтарымыз бар. Ылайым бетімізден жарылқасын!»

 Ия, Қазақстанның тәуелсіздену  процесі жылдам қарқынмен басталды. 1990-1991 жылдар ішінде қазақ елін  қуантып, мәртебесін асырған оқиғалар  аз болған жоқ. Қазақ СССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациядан басталған тәуелсіздік ашу үрдісі бір жылдың ғана ішінде жеке, тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына жеткізді.

1992 жылдың 2 наурызында  Қазақстан БҰҰ – ға кіреді  және осы бүкіләлемдік ұйымның 164 – ұлттық мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ қызметіндегі саяси мәселелерді, әсіресе ядролық қауіпсіздікпен байланысқан сұрақтарды шешуге белсенді түрде қатысуда. Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қазақтан Республикасының халықаралық қоғамдық және экономикалық ұйымдарға мүшелігі кестеде көрсетілген. (Қосымшадан қараңыз).

Қазақстан өкілдерінің  БҰҰ-ның көмекші органдарындағы жұмысшы күн санап кеңеюде. Соңғы  жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер бойынша ЭКОСОС (БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік одағы) комиссиясының және ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды. Қазақстан космосты бейбіт мақсатта пайдалану бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Комитетінің (КОПУОС) мүшесі болып табылады және қазіргі кезде Қазақстан Республикасын КОПУОС шеңберіндегі келісімдер, келісім-шарттар және конвенциялар қатарына қарастыру ұсыныстары қарастырылып жатыр.

Қазақстан наркотиктік  құралдарды бақылау бойынша БҰҰ-ның  Халықаралық Кеңесімен тығыз  ынтымақтастықта қызмет етуде. 1992 жылдан бастап Қазақстанда осы проблематика бойынша қажетті техникалық көмек көрсету мақсатында БҰҰ-ның бірнеше миссиясы қайтты.

БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі даму бағдарламаларымен, әсіресе Арал, Каспий, Семей жерлеріндегі экологиялық проблемаларды шешу бойынша көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысты ынтымақтастық белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

БҰҰ-ның даму бағдарламасының  қызметі Қазақстан 1993 жылы басталды және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге  нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т.б.) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке консультативтік көмек көсетуге бағытталған.

Қазақстан биологиялық  алуан түрлілікке байлаысты қоршаған орта жөніндегі даму бағдарламасының (ЮНЕСКО) жасаған конвенциясына қол  қойды және 1994 жылдың қыркүйегінен бастап ол осы конвенциясының бір Жағы болды, сонымен бірге 1994 жылдың аяғында Нассауда (Багам аралдары) өткен биологиялық алуан түрлілік жөніндегі Конвенция жақтарының Конференциясының бірінші мәжілісіне қатысты.

Қазақстан мамандары  қуаңшылықпен күрес жүргізу бойынша  Конвенцияны жасау ісіне ЮНЕСКО жұмысына қатысты.

1994 жылдың қаңтарында  Қазақстан Еуропалық экономикалық  комиссияның мүшесі болды. Қазіргі  кезде Қазақстанның белгіленген  приоритеттік салаларында ЕЭК-ның  қызметін тұрақты ынтымақтастықта  белгілеу бойынша комиссиямен жұмыс жүргізіледі.

1995 жылдың көктемінде  қазақстандық делегация ЕЭК-ның  жыл сайынғы сессиясының жұмысына  қатысты.

Қазақстан өкілі экологиялық  саясат бойынша ЕЭК комитетінің  мүшесі болып табылады. ЕЭК және ЮНЕСКО-тің бірлескен жобасы шеңберінде Комитет өтпелі экономикасы бар елдердің табиғатты қорғау қызметін кешенді түрде басқарудың жетекші прициптерін жасады.

Азия Тынық мұхитқа  арналған БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік Комиссиясын 1947 жылы ЭКОСОС құрды. Еуразия аймағының мемлекеті  ретінде Қазақстан ЭСКАТО мүшесі болып табылады.

ЭСКАТО-мен бірлескен  жобалардың бір қатарын Азиялық  даму банкісі қаржыландырады. ЭСКАТО-ның  эгидасымен қазақстандық мамандардың  қатысуымен көптеген Азия елдерінде  конференциялар мен семинарлар жүргізілуде.

1992 жылдан бастап Қазақстан Денсаулық қорғаудың бүкіләлемдік ұйымына, Бүкіләлмдік почталық Одаққа, Азаматтық авиациялық Халықаралық ұйымына, интелектуалдылық меншіктің Бүкіләлемдік ұйымына, білім, ғылым мен мәдениет сұрақтары бойынша БҰҰ-ға (ЮНЕСКО), Халықаралық валюталық қорға, қайта құру мен дамудың Халықаралық банкісіне, Еуропалық банкке мүше болды.

Информация о работе Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности