Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:02, дипломная работа

Описание

Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау.

Работа состоит из  1 файл

РГР 1 57вариант.doc

— 375.50 Кб (Скачать документ)

 

Сондықтан 90-шы жылдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу кезеңі болды. Бірақ бұл онжылдық бір-біріне қарама-қайшы екі қоғамдық тарихи процестермен сипатталынды.

Біріншіден, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұйымдық-құқықтық тәркіленіп, экономикалық қалыптсуы. Ол экономикалық дербестікті қалыптастыру жолында өзіндік қаржы-бюджеттік, валюталық, салықтық, кедендік жүйелердің және де тәуелсіз мемлкетттің басқа да міндетті құрамаларының пайда болуынан басталады. Жаңа мемлекеттердің барлық іс-әрекеті басты мақсатты шешуге – егемендікті орнықтыру мәселесіне бағындырылды.

Екінші процесс –  бұл халықаралық нормаларға негізделген  өзара жаңа саяси және экономикалық қатнастар қалыптастыру қажеттілігі. Процесс қатаң орталықтандырылған қоғамдық-экономикалық жүйенің біртұтас тоталитарлық мемлекеттің күшті  әрі жан-жақты ықпалымен өтті. Бұл ықпалды бұзу және жаңа қатнастардықалыптастыру біршама ұзақ мерзімді қажет етті (шамамен 1994 жылға дейін).

Кейбір саясаткерлер басты мақсатты жаңа туған мемлекеттер  интеграциясы деп таныды. Осыған байланысты 1991 жылы Беловеж келісімі нәтижесінде біртұтас мемлекет ыдырап, орнына жаңа 15 мемлекет пайда болды. Оның 12-сі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.

Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы 1991 жылдың 8-ші желтоқсанындағы  ТМД құру туралы Беловеж Келісімі мен Келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды. Оған ыдыраған Одақтың 12-і мемлекеті кірді: Азербайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Өзбекстан.

1992 жылы қол қойылған ТМД-ның Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдың алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтікжәне құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттарлық ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері. Достастықты құру негізінде мына прициптер жатыр: мүше мемлекеттер егеменді, тең, халықаралық құқықтың дербес және тең құқылы субъектілері болып табылады.

Жаңа мемлекетаралық құрылымның мақсаттары:

  • саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық және мәдениет салаларында ынтымақтастықты іске асыру;
  • ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде мүше мемлекеттердің жан-жақты және тепе-тең экономикалық және әлеуметтік дамуына, мемлекетаралық ынтымақтастық пен интеграцияға барынша көмектесу;
  • көпшілік таныған халықаралық құқық және Европадағы қауіпсіздік пен әрекеттесу ұйымның (ОБСЕ) құжаттарындағы нормалар мен принциптерге сәйкес адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты мен мүше елдердің өзар ынтымақтастығы; қаруландыруды және әскери шығындарды қысқартуға тиімді шаралар қолдану, ядролық қаруды және көпшілік зақымға ұшырайтын қаруларды жою, толық және жалпылама қарусыздандыруға жету;
  • мүше мемлекеттер арасындағы дау-жанжал мен келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу.

ТМД-ның негізгі органдары:

  • Мемлекет басшыларының Кеңесі – Достастықтың жоғарғы органы;
  • Үкімет басшыларының Кеңесі – мүше мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда ынтымақтастығын үйлестіретін атқарушы орган;
  • Координациялық-кеңес комитеті – ТМД-ң тұрақты атқарушы және үйлестіруші органы;

ТМД-ның басқа органдары: шетелдер министрлерінің Кеңесі, қорғаныс министрлер Кеңесі, Достастыққа мүше елдердің әскери ынтымақтастығын координациялайтын Штаб, Экономикалық сот, Мемлекетаралық банк, Парламентаралық ассамблея және т.б..

1993 жылыдың 24-ші қыркүйегінде  Достастық елдері Экономикалық  одақ құру туралы Келісімге  қол қойды. Оның басты перспективті мақсаты- жаңа нарық кезінде біртұтас экономикалық кеңістікті өз еркімен, кезеңді түрде қайта жандандыру да, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, үйлестірілген ақша-несие, бюджет, баға, салық салу, валюталық, кедендік тариф саясатын жүрігізу, дербес кәсіпкелікті және инвестицияларды ынталандырумен қатар өндірістік коперацияны және кәсіпорындар мен салалар арасындағы тікелей байланысты қолдау, шаруашылық заңдарды үйлестіру болып табылады.

1994 жылы ТМД елдерінің елбасылары кедендік одақ құруға тағы бір қадам ретінде еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қол қойды. Ол ТМД шеңберінде кедендік және басқа да төлемдерді кезеңді қысқартуды және артынша Мемлекетаралық экономикалық кеңес құруды көздейді.

Бірақ іс жүзінде интеграция тағыда  сәтсіз болды. Достастық  елдері қол жеткен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер қанағаттанарлық болмады. 1995 жылы Грузияда жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 90-жылғы көлемнің 20%-ға жуығын құрды, Армения, Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Украинада – 40-50% шамасында, Ресей мен Белоруссияда – 60% . Өнеркәсіптік өнім көлемі Грузияда 90-шы жылдардың 17-%-ын, ал Түркмения мен Беларуссияда – 60%-дан астамын құрды. 1990-1995 жылдар аралығында Өзбекстанның жалпы ұлттық өнімі 20%-ға төмендеді, ал өнеркәсіптік өнім көлемі 90-шы жыл деңгейінде сақталды. Қаржыландырудың барлық көздерінен капиталдық инвестициялардың көлемі күрт азайды. ТМД елдерінің халқының өмірлік деңгейі төмендеді.

Ресейдің әлеуметтік-саяси  зерттеулер Институтының ғалымдары жасаған талдауы нәтижесінде, негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы, экономикалық дағдарыстан шығуы және интеграциялық процесс бойынша ТМД елдерін 3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ. Өзінің экономикалық саясатын тәуелсіздігіне толық негіздеп, оны басқа елдермен үйлестіруден бас тартатын мемлекеттер. Үкіметаралық деңгейде тек мемлекетаралық жалпы сұрақтарды реттейді (өзара төлем, қосалқы салық салуды алып тастау және т.б.). Интеграцияланудың басты себебі- тек шаруашылық субъектілерінің басқа мемлекеттер кәсіпорындарынан тәуелділігі болып табылады. Іс-әрекетінің сипаты боынша бұл топқа Түркменстан мен Украинаны жатқызуға болады.

Екінші топтың мемлекеттері өз кәсіпорындарының шетелмен нарықтық қатнастарын қолдап, ынтымақтасуды  мемлекетаралық реттеуге белсенді қатысады: кооперация саласында кедендік тәртіп үйлестіру, капитал мен жұмыс күші қозғалысы шектеуден бас тарту, өзара төлемдер механизмдерін реттеу және т.б.. Бірінші және екінші топтың аралық вариантына Әзербайжан, екінші топқа – Достастықтың Орталық Азияға мүше мемлекеттерін жатқызуға болады.

Достастық елдерінің  үшінші тобына кіретін мемлекеттер  мемлекетаралық интеграцияның жоғары деңгейімен сипатталынады. Бұл мемлекеттер  және осы елдің шаруашылық субъектілері кең ауқымды мәселелер бойынша өзара әрекеттеседі, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысына барынша қолайлы жағдай жасап, банк заңдарын, салық және ақша-несие саясатын үйлестіруде. Бұл топқа Ресей мен Белоруссияны белгілі дәрежеде Қазақстан мен Қырғызстанды жатқызуға болады.

ТМД елдерінің шеңберінде интеграциялық процесс өте баяу қарқынмен жүрді. Өткен жылдар қоғам  өмірінің барлық салаларында керісінше  «табысты кері интеграция» деп атауға болады. Ұлттық бюракратияның саяси  мүдделері мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік мүдделерінен басым болуда.

Жалпы, бұрынғы Одақ республикаларының  дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады: 80-шы жылдардың соңы – Одақ ыдырауының саяси және экономикалық себептерін жетілуі, 90-шы жылдар бұрынғы ҚСРО территориясында  жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы, жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығы – осы мемлекеттердің интеграциялық жақындасуы.

Достастықтың 8 жылдық өмірінің қорытындысын бір жақты бағалауға  болмайды. Басында оған жаңа мемлекеттерді  белгілі формада біріктіретін ұйым ретінде үлкен үміт жүктелген. Себебі іс жүзінде Достастықтың 12 мемлекеттің әрекеттесу, кеңесу, ортақ мәселелерін талқылаудың түріне айналды. Достастық бойынша серіктестермен келісілген, қол қойылған келісімдерге қарамастан әрбір мемлекет дербес ішкі және сыртқы саясатын, қаражат- бюджеттік әрекетін жүргізіп отыр.

Достастық іс-әрекетінің негізгі 4 бағытын бөліп қарастыруға  болады: саяси, экономикалық ынтымақтасу, әскери салада өзара әрекеттесу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, гуманитарлық ынтымақтасу. ТМД елдерінің қарым-қатнасының негізгі экономикалық ынтымақтасу болып табылады, бірақ бүгінгі таңда бұл көбіне саяси бірігу. Қазір бүкіл дамыған әлем регионалды еркін сауда аймақ, кедендік одақ, экономикалық одақ сияқты ұйымдар құруда. Олардың басты мақсаты- дамытуды тездету үшін нарықтық тиімді негізде қорларды (ресурстарды), ғылыми-практикалық және өндірістік потенциалды біріктіру, кооперациялау мен мамандану, халықтар үшін жақсы өмір жасау. Осы бағытта әлем, әсіресе Европа, Америка, Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері зор нәтижеге жетті.

Посткеңестік кеңістіктегі экономикалық әрекеттесу әлі қанағаттандырарлықтай  деңгейге жеткен жоқ.

ТМД елдерінің бірде-біреуі өз егеменді елінің территориясында  бірде-бір қоғамдық маңызы бар өнім өндірудің аяқталған цикліне  ие болмай отыр. Біздің елдеріміздің басты сауда серіктестері бұрынғыдай достық елдері болып қалуда, олардың үлесіне экспорт пен импорттың барлық көлемінің 44%-нан - 80%-на дейінгі экспортты, 44%-дан - 71%-ға дейінгі импорты түсуде.

Әлемдік шаруашылық қатнастарға  енген сайын икізат пен құрама бөліктермен жабдықтаушыларды ауыстыруға болады. Бірақ дамыған мемлекеттер бізді өнімін тұтынушы нарыққа айналдырғысы келеді, ал егер бір нәрсе алатын болса, тек арзан шикізатты таңдайды.

Бүгінгі күні басты тосқауыл – ТМД елднрінің арасындағы экономикалық шекаралар. Өзара саудадағы кедендік баждар мен акциздер, әртүрлі салымдар, әкімшілік шектеулер өнім құнын өсіруде, бартер, сауда операцияларын криминализациялау жағдайды үдетуде.

Қалыптасқан жағдайда экономикалық интеграция процесін тұғырықтан шығарудың бірден-бір жолы – ТМД елдерінің қазіргі таңда жақын экономикалық әрекеттесуге нақтылай дайын мемлекеттер арсындағы біртұтас экономикалық кеңістік құру болып табылады. Әрине, бұл басқа ТМД елдерінің объективті қалыптасқан жағдайда тиісті түсінуін талап етеді.

Бүгінгі күнде ТМД  бір қатар субрегионалдық экономикалық топтарға айналды. Оның ішінде: Ресей  мен Белоруссия Одағы, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей  Қауымдастығы, Орталық Азия (Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан) және Шығыс Европа (Украина, Молдова) топтары, ГУАМ (Грузия, Украина, Әзірбайжан, Молдова).

Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одақ құрды. 1995 жылдың 6-шы қаңтарында Ресей  Федерациясы мен Белоруссь Республикасы Кедендік Одақ құру туралы Келісімге қол қойды. Ол мына принциптер негізінде жасалған:

  • өзара тиімді және теңестірілген экономикалық қатнастарды дамытуды көздеу;
  • БҰҰ құжаттарында бекітілген, демократиялық принциптерге сүйеніп, азаматтары мен аамдарының құқықтары мен еркіндіктерін дамыту;
  • ГАТТ/ ВТО ережелерінде жалпылама қабылданған нормалар мен прициптерді мойындау;
  • өзара экономикалық ынтымақтасудың еркін дамуын қабылдау;
  • Экономикалық Одақ құру туралы Келісімді іске асыру қадамы ретінде кезеңді Кедендік Одақ құру.

Кедендік Одақ құрудың маңызды мақсаты – бұл шаруашылық субъектілерінің еркін экономикалық қарым-қатнасындағы тосқауылды алып тастау арқылы ортақ іс-әрекетті қамтамасыз ететін екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық прогресі. Одақ экономиканың тұрақты дамуына, еркін тауар айырбасы мен бәсекеге кепілдік береді, мүше мемлекеттердің экономикалық саясатын үйлестіруді нығайтуға және ұлттық шаруашылықты жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді. Кедендік Одақтың мүше мемлкеттерінің ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптстырылуы және әлемдік нарыққа белсенді шығуы көзделіп отыр.

Келісуші жақтар Кедендік Одақты мүше мемлекеттердің ортақ кедендік территориясы және нарықтық шаруашылық принциптері мен үйлестірілген  заң шығарушылыққа негізделген  мемлекеттердің экономикалық бірлестігі деп анықтайды.

Ортақ кедендік территорияны қалыптастыру мына жолдармен іске асырылады:

  • Келісуші мемлекеттер арасындағы саудада олардың территориясында өндірілген тауарлар үшін кедендік баж салығы және сол сияқты әсері бар барлық төлемдерді, сандық шектеулерді алып тастау;
  • Үшінші мемлекеттермен қатнаста бірдей сауда тәртібін, ортақ кедендік тариф пен сыртқы сауданы реттейтін тарифтік емес шараларын қаолдану;
  • Кедендік Одақтың үшінші мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатнас механизмдерін Ресей мен Белоруссияның 1994 жылдың 12-ші сәуірінде қол қойылған сыртқы экономикалық іс-әрекетіндегі Ортақ тәртіп туралы Келісім шарттары негізінде қалыптастыру.

Келісуші жақтар Кедендік Одақ құрудың механизмі мен кезеңдерін белгіледі. Алғашқы кезеңде 1994 жылдың 15-ші сәуірінде қол қойылған еркін сауда аймағын құру туралы Келісімі қолданылып, Ресей мен Белорусь арасындағы 1995 жылдың 6-шы қаңтарынан бастап алымсыз және шектеусіз еркін сауда тәртібін енгізу туралы Протоколына сәкес өзара саудада тарифтік және сандық шектеулерді алып тастау көзделді. Сонымен қатар өзара саудада шектеулерді алып тастау 1994 жылдың 12-шы сәуірінде жасалған Келісімінде жасалған Келісімінде қолдану негізінде іске асырылады. Нәтижесінде сыртқы экономикалық байланыстарды ретеудің пара-пар жүйелері (оның ішінде тарифтік және тарифтік емес реттеуде), үшінші елдермен қарым-қатнаста бірдей сауда тәртіптері, ортақ кедендік тарифтер мен тарифтік емес реттеу әдістері қалыптастырылады.

Кедендік Одақ құру туралы Келісімде сыртқы экономиалық іс-әрекеттке қатысты сыртқы саудада, кедендік, валюталық-қаражаттық, салықтық және басқа да заң жүйелерінде үйлестіру көзделді. Бұл келісуші мемлекеттердің шаруашылық субъектілеріне нарық принциптеріне сәйкес тең мүмкіншіліктер мен кепілділіктер береді, сонымен қатар баға саясатына қатысты, валюталық реттеу мен бақылауда, экспорттық бақылауда, интеллектуалды меншікте қолданылады.

Сонымен қатар құжаттарда келісуші жақтар Кедендік Одақтың үшінші мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатнастарында өкілділікті  беру механизмін қалыптастыру туралы сөз қозғады.

Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер құқық қолдану тәжірибесі мен әдістердің біртектестігін бақылауды  қамтамасыз ету үшін:

Информация о работе Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности