Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа
Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2. Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда мемлекеттік реттеу және жетілдіру жолдары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2. Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3. Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі
Кіріспе.
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 20 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.
Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.
Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір – бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер.
Курстық жұмыстың өзектілігі болып – елдің сауда экономикасына көшу шарттарында кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін реттеудің кедендік – тарифтің сферасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдық бөлімінің құрылуын қамтамасыз етуін анықталуы болып табылады.
Кеден саясаты – кәсіпорынның сыртқы экокномикалық қызметіне қатысушылардың іс әрекетттерін экономикалық-құқықтық реттеуді жүзеге асырады. Осы бағытта орындалғын курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпорынның сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту жолдарын көрсету.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының кеден ісінің нормативтік базасы өзі егемендік алып шыққаннан бергі кезде белгілі бір деңгейде қалыптасқан және дамыған елдермен әлемдік ұйымдардың құқықтық жетістіктерін енгізу арқылы даму үстінде.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту мен нығайтуы барысында, басқа мемлекеттермен Кедендік Одақтар, еркін сауда қатынастарын құру, кедендік сұрақтарды халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес келісімдер жасады.
Кеден саясатын орындаудың негізгі құралдары – кедендік баждар, жинаулар (тарифтік реттеу), кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу процедуралары, түрлі кедендік шектеулер, сыртқы сауда тәжірибесіндегі лицензиялау мен үлестеу болып табылады.
Кедендік саясат – тауарлар, валюталық табыстар мен шығыстардың әкелу, әкету рационалды арақатынастарын көтермелеуіне бағытталған. Кедендік – тарифтік реттеу Қазақстанның есеп айырысу мен төлем баланстары жағдайларына әсер етеді. Қазақстан экспортының импортынан арттыруы Қазақстанға валюталық корлардың келуін қамтамасыз етеді.
Кедендік саясат фискалды функцияны да атқарады. Кеден органдарына төленетін кедендік төлемдер (кедендік баждар, қосымша құнға салық, акциздер, кедендік жинаулар және тағы басқалар) мемлекеттік табыстың маңызды қайнар көзі болып табылады.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық – импорттық операциялар көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкелді. Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарлары мен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуіне де нақты әсер етеді.
Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін кедендік – тарифтік реттеудің теориялық жағдайын сипаттау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы сауда байланыстарын талдау;
- Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы сыртқы сауда істердегі кедендік – тарифті реттеуді талдау;
- Қазақстан Республикасының кедендік – тарифтік әдістерін талдау;
- Қазақстан Республикасында сыртқы сауда қызметіндегі мемлекеттік реттеуінің жетілдіруін ұсыну;
- Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін кедендік – тарифті реттеудегі механизмді жетілдіру
Курстық жұмыстың объектісі болып, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қатынастарын, сыртқы экономикалық байланысы мен кедендік реттеу жүйесі табылады.
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны "бәсеке" терминімен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасы "Бәсеке
және монополистік қызметті шектеу туралы"
Заңында: "бәсеке – рынок субъектінің
өз бетімен жасаған іс-әрекеттері,
тиісті тауар рыногындағы тауарлар
(жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналасының
жалпы жағдайына олардың
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:
1.сала ішіндегі бәсекелестік
– бұл саланың тауар
2.салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
2. Еркін бәсекелестіктің
негізгі белгілері – бұл
1. өзі араласып кәсіп жасайды;
2. жұмысшылар жалдайды;
3. акция облигация сатып алады;
4. акциясын банкке салады,
кейбірулер өндірісті
Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке – бұл олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:
1. сатушы тек қана бірфирма
2. сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.
3. монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды
4. нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол" қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.
Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз үлестерін қосуда.
Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке – нарық сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс".
Бәсеке – белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г.Л. Азоев пен А.П. Челенкоев.
Бәсеке – бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға бағытталған күрес деп айтса да болады.
"Нарықтық экономиканың
анықтамалығында" бәсеке
Қазақстандық бір топ
ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей
анықтама береді: "бәсекелестік
қабілет - өнімдердің нақты қоғамдық
қажеттіліктерге сәйкестік
Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың бағасы – оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады, осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.
Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы. Шындығында, өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.