Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа

Описание

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Zhospar.docx

— 174.54 Кб (Скачать документ)

Баждармен қатар көптеген дамушы елдердің кедендік тарифтеріне  фискалды жинақтар және түрлі салықтар жатады. Сонымен қатар, тарифтерге жиі  әкімшілік және ішкі салықтар қосылады. Көптеген елдер тарифтерінде арнайы баждар да колданылады (әсіресе жиі  – Сингапур, Таиланд, Индонезияда).

Аргентина мысалында дамушы елдердің тәжірибеде сыртқы сауда реттеуін қарастырып өту дұрыс көрінеді. Бұл  Латын америкасында импорттық бақылау  тарифтік және тарифтік емес шаралар  мен шектеулер арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялық жүйе дамыған кезде  ғана кедендік тариф, негізінен, тек  фискалды қызмет атқарады. Адвалорлы  баждар 0-ден 22%-ке дейін өзгеріп отырады. Баж мемлекет бюджетіне түсіп, тек  импортты бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар ел табысының қайнар көзі болып келеді. Баж СИФ жағдайындағы бағадан алынады немесе факторлық  бағалар төмендетілгені анықталған кезде «индекстік» баға негізінде  анықталады.

Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері

Кедендік тарифтер Венгрияда  – 1968, Болгарияда – 1970, Румынияда – 1973, Польшада – 1976, Чехославакияда – 1989 жылдары енгізілді.

Шығыс Еуропа елдерінде кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды  кеңейту қажеттілігі туады. Импорттық  баж баға анықтаушы фактор болды, ол тауарлар бағасына, яғни өнеркәсіптердің  шаруашылық жағдайларына әсер етті.

Кедендік тарифтерді пайдалану, әсіресе ТСБА шеңберіндегі келісімдер барысында өзінің сауда әріптестерінен саяси жеңілдіктер (соның ішінде тарифтік) алуына байланысты. Сонымен  қатар, кедендік тарифтер халықаралық  одақ шешімдеріне сәйкес дамушы елдерге  кедендік жеңілдіктер беруді қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін болды.

Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, әдетте Брюссельдік кеден  номенклатурасы негізінде ойластырылған. Тарифтік позициялар саны бірдей емес, өйткені әр елдің нақты қажеттіліктерін  көрсетіп отыр. Тарифтегі бағаналар  саны да әр түрлі: Румынияда – біреу, Венгрия, Польшада – екі, Болгарияда 1992 жылға дейін – төртеу болды. Мөлшерлемелер тауар құнынан  процентпен анықталады, яғни адвалорлы. Олардың мөлшері тауардың елге қажеттілігі  бойынша әр басқа. Әдеттегідей, тауар  өңделу дәрежесіне қарай баждар өседі. /8/

Шығыс Еуропа елдерінде жүзеге асып жатқан қайта құру, яғни шаруашылық қызметті нарықтық реттеу механизмін қолдануға бағытталған, бірақ олардың  халықаралық экономикалық қатынасқа  белсенді араласуы қашаннан белгілі  ережелер мен шарттарын қолданатын ұлттық кеден тарифтерінің қажеттілігін көрсетеді. Бұл туралы Болгарияның  мысалы куә бола алады. Олардың қазіргі  кездегі кедендік тарифі 1992 жылдың 1 маусымынан бастап қолданылады. Ол үйлестірумен, бейнелеу жүйесі және тауарларды кодпен жазу кезінде құрылған.

Тауарлардың кедендік құны ТСБА-мен жасалған кедендік баға кодексімен анықталады. Кедендік құн әкелінген  тауар үшін төленген немесе төленуге тұратын баға базасымен есептелінеді. Бұнда шекараға дейін көлік шығыны, тауарларды қамсыздандыруға (страховка) төлем, қораптауға алған және басқа  да шығындары есептеледі, егер бұлар  тауардың бағасына кірмесе.

Болгария ұлттық банкінің айырбас бағамы бойынша және тауар  Болгария мемлекетінің шекарасына жеткен күні кедендік құн ұлттық валюта бойынша  анықталады.

Болгарияның кедендік тарифі екі бағанадан тұрады. Бірінші  бағана тауарға баж салығы мөлшерлемесін  қалыптастыру, яғни кедендік жеңілдік берген елдер. Бұндай елдер қатарына көбінесе дамушы мемлекеттерді жатқызады. Ал, екінші бағана елден тауарларды импорттағанда қолданылады, яғни келісім  немесе әдет бойынша, Болгарияның ұлттық қолайлы режимі бойынша тауарларды таратады. Бұл топқа 44 мемлекет кіреді, яғни өндірістік дамумен айналысатын  Шығыс Еуропа елдері мен ТМД елдері кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, кәсіпорынның сыртқы сауда байланыстарының жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.

1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады.

Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондықтан тауар өндіріген елді анықтаудағы мақсат – Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік және бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру қажет.

 

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі