Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа
Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Экспорттық кеден тарифі сыртқы сауданы реттеудегі тек шамалы елдер ғана қолданатын құрал, негізінен дамушы елдер кіреді. Табиғи байлыққа бай, бірақ әлемдік тауар нарығанда өздерінің шикізатты ұстау позициясын қолданады. Кей жағдайда олар экспорттық бағаның өсуіне, сонымен бірге, елдің валюталық ресурстарының толығуына ықпал етеді. Бірақ экспорттық тарифті шектеу көмегімен экспорттың көлемі мен құрылымын өзгерту экспорттық әлеуетті төмендетіп ішкі бағаға инфляциялық қысым жасауға әкеліп соқтырады.
Көптеген елдер кеден
тарифін дамыту мынадай екі әдіспен
жүргізіледі – тауар
Екінші әдіс әр тауарға екі немесе одан да көп мөлшерлеменің қойылуы. Бұл тауардың қандай елден шығуына байланысты. Соңғы жағдайда жоғары тариф мөлшерлемесі автономды болып саналады да, оны Бас тариф деп атайды. Мұндай тариф сауда келісімі және шарттары жасалынбаған елдердің тауарларына қойылады.
Ал төмен, яғни конвенциялық немесе минималды мөлшерлемеге жағымды тәртіпке ие болған елдердің тауарлары жатады. Мысалы, ЕО-ға кіретін елдердің минималды кеден тарифі максималды тарифтен 12,5 есе төмен. АҚШ пен Жапония елдері арасында бұл көрсеткіш бұдан да төмен.
Күрделі кеден тарифі – айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпингке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Айтарлықтай күрделі тариф Конго, Венесуэла, Мали елдерінде.
Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді немесе оның бәсекелесуін төмендетеді. Барлық шектеулер кеден салығы арқылы тауардың топтарына және оның өңделу деңгейіне қарап белгіленеді./2/
Шикізат өнімдері тарапынан
олар онша үлкен емес (0,5-2,6пайыз), ал
дайын бұйымдарға (7-12пайыз) болады.
Нарықтық қатынас дамыған елдерде
соңғы кезеңде «тарифтік
Адвалорлық салық. Тауар бағасына байланысты проценттік мөлшерлеме белгіленеді және көптеген елдер қолданады. АҚШ-тың тарифінде 80 пайыз. Адвалорлық салықты қолдану өңдеуші өнеркәсіптің өніміне, әлемдік бағаның өсуіне байланысты кеден жинағын көбейтуге ықпал жасайды.
Арнайы салық. Бұл салық тауардың көлеміне, салмағына немесе санына, яғни өлшем бірлігіне қарап алынады.
Аралас салық тауарларға байланысты адвалорлық та және арнайы да болып салынады. Бұл жағдайда кеден ұйымдарына еркіндік беріледі. Қандай салықтың түрін салуды өздері шешеді. Оны баламалы (альтернативті) дейміз. Адвалорлық және арнайы салықтың принципиалды айырмашылығы бағаның өсуіне байланысты. Адвалорлық салықтың бағасының өсуі оның тауардың санының өсуіне байланысты. Өнімнің шыққан еліне байланысты кеден салығы максималды, минималды және жеңілдік болып бөлінеді.
Максималды – өнім бағасының мөлшерлемесі елдерге қойылады. Минималды – айрықша қолайлы жағдай жасаған елдердің өніміне қойылатын мөлшерлеме. Жеңілдік мөлшерлеме – нақты бір елден немесе елдердің тобынан келетін өнімдерге қойылатын мөлшерлеме. Салық өнімнің қай елден шыққанына байланысты автономды және конвенциондық болып бөлінеді.
Автономды салық мемлекеттердің келісімі бар ма жоқ па оған қарамайды. Үкімет тарапынан бір жақтың тәртібі бойынша қойыла береді. Көлемі жағынан айтарлықтай көзге түсетін болғандықтан, кей жағдайларда екі жақты және көп жақты келісімдердің нәтижесінде салықтың мөлшерлемесін төмен түсіреді.
Конвенциондық (келісілген) жоғарыда айтылған келісімдер процесінде екі жақтың шешімі бойынша тұрақты мөлшерлеме қойылды. Ол мөлшерлеме екі жақтың келісімінсіз көтерілмейді немесе басқа позицияда, тарифтік өтемақы формасында келіседі. Қазіргі кезде бұл форма ТСБА-ның келісімі нәтижесінде жиі қолданылып жүр.
Жылжымалы импорттық салықтар. Әлемдік нарықтағы бәсекелесу күресі әдістерінен бірі ретінде, атап айтқанда, аграрлық протекционизм сферасында жүргізіледі. Бұл салықтың айырмашылығы оған қойылатын мөлшерлеме тұрақты емес, ол әлемдік нарық бағасына қарап өзгеріп отырады.
Өтемақылық (компенсация) алым жылжымалы салық түріне ұқсас. Олар ішкі рынок пен сыртқы рынок бағасының айырмашылығын толтырып отырады.
Кеден саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф – бұл
баж салықтары қойылымының
Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. 1-ші суретте S түзуі мақтаның ұсынысын, D түзуі – сұранысты, ал Р0 – ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері Q0-ге тең болады. Бұл жағдай автаркиялық экономикада пайда болуы мүмкін.
P
P0
Pt
Pw
1–сурет. Импорттық
тарифтердің іс-әрекетінің
Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Pw-қа тең кезінде ашты деп болжамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өнідірісі Q0-ден Q1 дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2 дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (Q2–Q1) тең болады.
Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттық баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Pt-ге тең жаңа баға қалыптасып, T=Pt–Pw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Qt-ден Q3-ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Pw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Pt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.
Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.
Әлемдік баға әсер ете алатын
үлкен мемлекет жағдайында, баж салығы
импорттаушы елде тауар бағасын
жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді.
Баға өзгерісінің нәтижесінде
Мысал үшін ірі мемлекет болатын АҚШ-ты алып, ол Қазақстаннан астық импорттайды деп болжайық.
Pt
Pw a b c d
Pt1
2–сурет. АҚШ-та импорттық тариф енгізілудің эффекті
2-суретте баж салығын
енгізуден пайда болатын ұтыс
пен шығындар айқын
Бірінші кезекте американдық өндірушілер ұтысын қарастырайық. Өйткені олар өз астығын жоғарылаған бағамен сатқандықтан, ұтыстары ұлғая түседі. Ол P мен Q көбейтіндісінен алынған аумақтан ұсыныс қисығының астындағы аумақты алып тастаудан пайда болатын а-ға тең ұтыс өсіміне ие болады. Ал американдық тұтынушылар астықты жоғары бағамен сатып алғандықтан, ұтылысқа ұшырайды. 2-суретте олардың шығындары а,в,с және d аумақтарының сомасына тең болады немесе басқаша айтқанда PxQ көрсеткіші көрсететін көлемдегі фигура мен ұсыныс қисығының астындағы аумақ көлемдерінің айырмасының геометриялық қысқаруын айтамыз.
Американдық өндірушелер мен тұтынушылардан басқа бұл жағдайда АҚШ үкіметі де барын айта кету қажет. Мемлекет табысты баж салықтарынан келетін түсімдерді жинау арқылы алады. Табыс t тариф қойылымын астық импортының көлемінің көбейтіндісіне тең болып, Qt=D2*S2 болады. t=Pt–Pt1 болғандықтан, мемлекет табысы С және Е аумақтарының қосындысына тең болады.
Енді тарифтің, американдық
қауымының әлеуметтік әл-ауқатына әсер
ететін таза тиімділігін қарастырайық.
Баж салығын енгізуден шыққан
шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар
шығындары – Өндірушілер
(a+b+c+d) –a–(c+e)=b+d–e
Осы арқылы біз шығындарды
өлшейтін екі үшбұрыш және ұтысқа
сәйкес келетін төртбұрышты алдық.
b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің
төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда
жағдайларының жақсаруынан
Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады:
Бұл жерде: q – дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:
a1 – тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының көлемі;
t1 – импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.
Бұл формуладан қорғалу деңгейінің
жоғарылауы дайын өнім мен шикізатқа
салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан
ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоғарылаған
сайын немесе қосымша құнның азаюына
байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе
көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу
деңгейін жоғарылатуға тырысатын дамушы
елдерге қатысты
Кедендік баж салықты төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:
тауар қозғалысының бағыты бойынша.
Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.
баж салығын орнату әдісі бойынша.