Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа

Описание

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Zhospar.docx

— 174.54 Кб (Скачать документ)

Ғылыми – техникалық прогрестің  ықпалын экономикада  жүріп жатқан құрылымдық  өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы  мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың  қарым -  қатынасын күшейтеді.  Мұның өзі  халықаралық сауданың  мейлінше  дамуына  мүмкіндіктер туғызады.

Сыртқы саудада «фритретерствоны» /еркін сауда/ немесе «протекционизмді» /өз тауар өңдірушілерін қолдау/ талдап алудағы  ымырасыздық өткен  уақыттардың еншісінде  қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

«Фритретерство» саясатың ең алғаш А.Смит өзінің «Салыстырмалы  артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас  қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» - деп жазған.

ХХ ғ. екінші  жартысынан бастап  халықаралық  сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.  Халықаралық сауданың жедел өсуіне  мынадай  факторлар әсер етті.

1. халықаралық еңбек бөлінісі  мен өндірісті  интернационалданудың дамуы;

2. экономикада  жаңа  салалардың пайда болуына  және негізгі  капиталды  жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми – техникалық революция;

3. дүниежүзілік  нарықтағы  трансұлттық корпорациялардың  белсенді қызметі;

4. тарифтер  мен сауда  туралы.

Бас келісімнің  шаралары  арқылы  халықаралық сауданың реттелуі;

5. көптеген елдердің  импортына  кедергілердің  жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін  экономикалық  аймақтардың құрылуы;

6. сауда – экономикалық  интеграция  процестері  дамып, жалпыға  бірдей нарықтың  қалыптасуы;

7. сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы  бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарға  сыртқы  сауда  динамикасының  әркелкілігі  біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді  қатысушы елдердің  өзара  сауда – экономикалық  қатынастарына  әсерін тигізеді. АҚШ  дүниежүзілік  нарықтағы  басымдығынан айырыла  бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ  үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде  Алманияның  экспорты АҚШ  деңгейіне  жақындады.  Сөйтіп,  90-шы  жылдары  Батыс Еуропа  халықаралық  сауда – саттықта  Испания едәуір  жетістіктерге  жетті. Бұл жылдары машина  мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде  бірінші  орынға шықты.  Сол кезеңде өз тауарларының  бәсекелік  мүмкіндіктері бойынша  Жапонияға Азияның  «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге  қабілеттіліктің  дүниежүзілік классифкациясы  төрт жүзге  жуық  критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне  жан басына  шаққандағы табыс, инфляцияның  деңгейі  және  сыртқы сауда  балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда  басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал – жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.

Женевада  өткен дүниежүзілік  экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің  дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы  түрде  бәсекелестерінен артық  байлық  шығаруы деп анықтады.

Мамандардын болжауы  бойынша ХХІ ғ. алғашқы  жылдарында бәсекеге ең қабілетті  елдер  сипатына АҚШ пен Азиялық  мемлекеттер болады. 2030-шы жылы  бәсекеге ең қабілетті  үш мемлекеттің  қатарында  АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің   мүмкіндіктері мол.

Дамушы  елдердің  өз экспортын диверцификациялауға /шаруашылық қызметіне  жаңа  өріс табуға/  ұмтылыстары өнеркәсібі  дамыған елдер тарабынан қандай  нысанда  болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір  дамушы  елдер  ең  алдымен «жаңа индустриалды  елдер» өз экспорттарының  құрылымын  өзгерту  ісінде  айтарлықтай  жетістіктерге  жетті.  Олардың  экспорттарында  дайын өнімнің, өнеркәсіп  бұйымдарының,  соның  ішінде  машиналар мен жабдықтардың  үлесі артты.    

 Женевадағы дүниежүзілік  сауда  ұйымының  деректеріне сәйкес  1994 жылы  ең үлкен  экспорттаушы  мемлекеттердің  қатарына  мыналар кіреді: 

ХХ ғ. соңғы ширегінде  халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық  мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік  банктің есептеуі  бойынша 2000  жылы  дүниежүзілік сауда  көлемінің 40%-і Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі  дамыған елдер арасындағы халықаралық  еңбек  бөлінісінің  тереңдеуі, олардың  өзара  қарым-қатынастарын  ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін  азайтады.

Қазіргі  уақытта  негізгі  тауар тасқыны «үлкен үштік»: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

Кедендік тарифтік әдістер дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы.   Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. «Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.    

 Кеден тарифтік реттеу  дамуындағы жаңа кезең – «Кеден  тарифтері және баж» туралы  заңның қабылдануы. Бұл заңға  сәйкес сыртқы экономикалық қызметті  реттеудің негізінде тарифтік  шаралар жатады.   

 Кеден тарифтері механизмді  пайдалану барысында келесі негізгі  мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси,  фиксальды. Оның тиімділігі көбінесе  реттеудің нормативтік тәртібіне  және ережелеріне байланысты. Мұндай  реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан Республикасы  Кедендік іс туралы» 
Қаулысы жатады.  

 — Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1.           Кедендік баж

2.           Кедендік алымдар

3.           Алымдар

4.           Алдын ала шешім үшін төлемақы.  

 — Төлеушілер, кедендік  төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару  және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден  кодексімен айқындалады. 

 — Қазақстан Республикасының  кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және өтемдік баждарды  ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт. 

 — Төлеушілер, салықтарды  есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады. 

 — Жеке тұлғалар  тауарларды оңаңтылған тәртіппен  өткізу кезінде кедендік төлемдер  және салықтар Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгіленген жиынтық  кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.   

 Кедендік төлемдер  ставкаларының мынадай түрлері  бар:

1.           Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін – адваларлық ;

2.           Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін – ерекшелікті;

3.           Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын – құрамдас болып бөлінеді.  

 Қазақстан Республикасының  кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң:

1.           Кедендік баждар.

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау  кезінде төленеді, бұларға орналастыру  жағдайы Қазақстан Республикасының  кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың  ставкаларын Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейлі және оларресми  жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді.

2.           Кедендік алымдар.

Кедендік алымдарға:

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.   

 Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.   

3.  Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.   

 Осы белгіленген алымдардың  бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды.   

4.  Алдын ала шешім үшін төлемақы.

Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.      

 Күрделі кеден тарифі – айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпипке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф қолданылады.     

 Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесі нарықтық реттеуге  жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.    

 Кедендік ресімдеу  үшін кедендік алым.

Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде  кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.    

 Тауарларды сақтай  үшін кедендік алым.

Иелері кеден органдары  болып табылатын кеден қоймалары  мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.    

 Кеден тарифтері –  тауарлардың жүйеленген тізіміне  төленетін ақының мөлшерін айқындайтын  мөлшерлеме жүйесі.    

 Тариф – түрлі қызметтер  ресми түрде белгілейтін ақы  төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы реттеудің экономикалық әдістері болып  тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық  ағымдардың бағалық көрсеткіштеріне  ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі  мен тәртібін, сондай-ақ, салық пен  тарифтің түрлерін, оның себептерін, кеден  жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.

Халықаралық ұйымдар мен  бірлестіктер қызметінің көмегімен (ТСБА/БСҰ, БҰҰ-ның сауда жөніндегі конференциясы, еуропалық экономикалық комиссия) және де халықаралық жан-жақты келісімдер негізінде көптеген елдердің ұлттық тарифтік реттеу жүйесі бірдей принциптер мен тәртіптерге сүйенеді, сондай-ақ, олардың ішінара көп ұқсастықтары бар, ол өздігінен халықаралық сауда процесін жеңілдетеді.

Жоғарыда көрсетілген  бағыттарды іске қосу үшін көптеген елдер  негізгі құқықтық база ретінде «Кеден тарифі жөніндегі заңды» және Кеден  кодексін алады.

Кеден кодексі тұрақты  құқық құжаты болып саналады, оның күші халықаралық келісімдерге қарамастан ұлттық жүйеге таралады. Ал кеден тарифіне келетін болсақ, олар халықаралық қағидалармен келіседі және белгілі бір уақыт өткен соң халықаралық кездесулерге талқыланып отырады. Талқыланатын сұрақтар кеден тарифін қолдану тәртібі мен қағидалары, экспорттық-импорттық салықтардың мөлшерлемесінің деңгейі және құрылымы. Кеден реттеу механизмдерінің негізгі элементтеріне кеден тарифі жатады, ол жүйелі түрде белгіленген бағалар тізімінен тұрады және импорттық-экспорттық өнімдерге төлем көлемін, яғни кеден баж салығын анықтайды.

Кеден тарифі мемлекеттік  реттеудің белсенді құралдарының бірі, ол барлық дамыған мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының 2/3 бөлігін қамтиды.

Импорттық және экспорттық өнімдердің бағасын өсіре отырып, ол сонымен бірге, сыртқы сауданың көлемі мен құрылымына ықпал етеді. Кеден  тарифінің классикалық қызметі  болып протекционизм (отандық өнімдерді  шетел бәсекесінен қорғау) және фискалдық  саясат (мемлекеттік бюджетті толтыру) жатады. Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді сальдосын  қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген аймақтарының дамуын көтереді.

Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық жүйесімен тығыз  байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф  элементін жартылай алады да, сонымен  оны толтырады.

Кеден тарифі өзінің маңызы жағынан экономикалық сипатта деуге  болады. Бұл жерде ол нарық экономикасы  жағдайында болуына байланысты объективтік  шешім тауып отыр. Экономика тапшылықты кезінде пайдаланылып отырған бұл  шараның тиімділігі болмаған жағдайда оны қатаңдау әдісі – бейтарифтік  шектеулер арқылы жүргізеді.

 Кеден тарифі импорттық  және экспорттық, қарапайым, күрделі  болуы мүмкін.

Импорттық тариф кеден  реттеуінде негізгі үлесті алады, ішкі салық жүйесімен бірге қосылып, біріншіден, бағаның көлеміне ықпал етеді, кәсіпорындардың тиімділігі, ұлттық валюта жағдайы, тауар құрылымының қалыптасуы т.б. жүйелерді реттеуге көмек етеді.

Импорттық тарифті санау  процесі кеден тарифіндегі өнімнің  номенклатуралық позициясын анықтау  ғана емес, сондай-ақ, кедендік бағаны анықтау әдісімен тығыз байланысты немесе өнімнің шыққан еліне қарап  салық салуды өзгерту және алып тастау тәртібін кіргізу. Импорттық кеден  тарифінің белсенді бөлігі болып  кеден салығының мөлшерлемесін  анықтау жатады.

Информация о работе Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі