Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа

Описание

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Zhospar.docx

— 174.54 Кб (Скачать документ)

лицензияланған және өзге де интеллектуалды меншік объектілерін пайдаланғаны үшін төлемдер;

Қазақстан Республикасының  территориясында бағаланушы тауарлардың  пайдаланылуы, сатылуы, қайта сатылуы  кезіндегі сатушының тікелей  немесе жанама табыстары.

Бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда кедендік құнды анықтаудың негізіне – негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, сапасы және нарықтағы беделі, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың мәміле бағасы жатады.

Біртекті тауарлармен  мәміле бағасы бойынша әдіс. Бұл  әдіс тауардың сапасы, белгісі болуы, нарықтағы беделі, шығарған елі, өндіруші сияқты қасиеттерді ескеруді ұйғарады. Мұнда біртекті тауар деп – сипаттамалары бірдей және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, тап сондай қызмет атқарып, коммерциялық бір-бірін алмастыратын тауарларды айтамыз.

Құнды шегеру негізіндегі  әдіс. Тауар бағасынан комиссионды  сыйлықтарға шығын, пайдаға қосулар және сатудың жалпы шығындары, енгізу баж салықтары сомасы, кәдімгі шығындар (тасымалдау, сақтандыру, т.с.с.) шегеріледі.

Қазақстан Республикасының  территориясына әкелінген тауарлар өзінің алғашқы түрін өзгертпей  сатылатын болса, онда осы әдісті қолданады.

Құнды қосу негізіндегі әдіс. Кедендік құнды анықтау үшін оған материалдар мен шығын, жалпы шығын және тауарларды жеткізгені үшін алынатын пайда қосылады.

Резервтік әдіс. Егер тауардың кедендік құны жоғарыда аталған әдістер негізінде анықталуы мүмкін болмаса, әлемдік тәжірибе ескеріліп анықталады. Бұл әдісті қолданғанда кеден органы декларантқа өзіндегі бағалық мағлұматты береді.

Біз ЕурАзЭС ұйымына мүше болғандықтан, бізде Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Тәжікстан, Белорусь, Өзбекстан  мемлекеттерімен  бірегей кедендік тариф орнатуымыз қажет. Өткен жылдың 27 қыркүйегінде Душанбеде ЕурАзЭС-тің  мемлекетаралық кеңесінің ХIV отырысы  өткен болатын. Онда ұйымның қызметіне  байланысты, ұйым ішіндегі әртүрлі  салалардың интеграциясына байланысты 30 сұрақ қарастырылған болатын. Сол  сұрақтардың ішінде кедендік-тарифтік реттеу, саудалық реттеу, экспорттық бақылау  және транспорттық-инвестициялық саясат деген сұрақтар маңызды орын алып, егжей-тегжейлі талқыланды./6/

Қазіргі таңдағы қандай экономикалық мәселе болмасын оның түбі кедендік саясатқа тіреледі. Себебі тауардың әлемдік  бәсекеге түсуі үшін ол сыртқа шығуы  қажет. Ал ондай процесс кедендік саясатсыз жүрмейді.

Мысалы, ЕурАзЭС бірегей  бидай рыногының қалыптасуына не кедергі келдіреді деген сұраққа  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Ахметовтің айтуынша, бүгінде  Қазақстан, Ресей және Украинада  15-18 млн. тонна бидай бар. Бізге өзіміздің импорттық саясатымызды үш мемлекетке де жақсы дивиденд әкелетінін түсіну нәтижесінде нақтылау және толықтыруымыз қажет еді.  Бұл мәселе қазіргі таңда қолға алынуда. Біз болашақта бидай рыногында үш мемлекеттің тауарының бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында көптеген келісімге келудеміз.

Осы мысалдан аңғаратынымыз, біздің бидайымыздың әлемдік рынокқа  шығуы ол көрші мемлекеттермен ынтымақтастық  пен импорттық саясатымызбен  тығыз байланысты екен.

1–кесте Қазақстан  Республикасының импорттық кедендік  тарифінің құрылымы

 

 Мемлекетіміздің экономикасында кеден саясатының маңызы зор және кеден қызметі соңғы жылдары кедендік түсімдер мен салықтардың нәтижесінде бюджетке көптеген түсімдерді қамтамасыз етуде. Ал кедендік саясат біздің мемлекетімізде кедендік-тарифтік реттеу арқылы да жүргізіледі. Мысалы, жоғарыдағы кестеде кедендік төлемдердің нәтижесінде мемлекеттік бюджетке немесе ЖҰӨ-ге 2000 жылдан бастап қандай мөлшерде кіріс болғанын көруге болады. Яғни кедендік төлемдердің түсуінің динамикасы көрсетілуіде.

Осы кестеден байқағанымыздай, жылдан жылға ЖҰӨ-ге кедендік төлемдерден  түсетін пайда өсуде. Мысалы, 2000 жылы 2596 млрд. теңге Қазақстан Республикасының  ЖҰӨ-не түссе, 2005 жылы бұл көрсеткіш 5850 млрд теңгені құрады. яғни 5 жыл  ішінде кедендік қызметтің ЖҰӨ-ге салатын  кірісі 2,3 есесге өсті.

 

 

1–график. 2–кесте  бойынша салынған график

 

Жоғарыдағы үш кесте арқылы Қазақстан Республикасында кедендік саясаттың, әсіресе кедендік-тарифтік реттеудің тиімді жүзеге асырылып жатқанын байқауға болады. Болашақта елбасымыз  Назарбаев Н.Ә. пайымдауынша, БСҰ-ға кіру басты мақсат ретінде қойылуда. Бұл сұрақ өте келелі әрі даулы. Егер БСҰ-ға кіру жоспарланып отырса, онда кедендік саясат түпкілікті өзгеруі  мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі

 

Кедендік тарифтер қазіргі  кездегі сыртқы сауданы реттеудің  негізгі элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің  төмендеу тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғаудың негізгі  құралы болып қалып отыр.

Кедендік тарифтер көп  түрлілігі және орындайтын мәселелері бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең  қолданылады. Көбінесе импорттық баж  салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде  олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған  елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.

Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам ел қолдануда. Қандай да елдердің кеден тарифтеріне  тән ерекшеліктері бойынша оларды келесі топтарға бөлуге болады:

өнеркәсібі дамыған мемлекеттер  тарифтері;

дамушы елдер тарифтері;

Шығыс Еуропалық елдер  тарифтері.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердегі  кеден тарифтік реттеу.

Кедендік тарифтер қазіргі  кездегі сыртқы сауданы реттеудің  негізгі элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің  төмендеу тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғаудың негізгі  құралы болып қалып отыр.

Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік тарифтері, әдетте, көп бағаналы болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге байланысты түрлі баждар салынуы  мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын  жалпы тариф мөлшерлемесінің  бағанасы қолайлы жағдай режимін  пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады. Қолайлы жағдай режимі деп – халықаралық  сауда келісімдерінде үшінші мемлекет пайдаланатын, өзара келісуші елдердің бір-біріне құқықтар және жеңілдіктер  беруін (баждар, салықтар, жинақтарға қатысты) ұйғаратын келісім. Мұндай режимнің КСРО мен АҚШ сауда экономикалық байланысында ұзақ болмауы АҚШ-на экспортталатын кеңестік тауарларды, тап сондай, бірақ  басқа елдің тауарларымен салыстырғанда  тиімсіз жағдайға әкелді.

Өнеркәсібі дамыған елдердің тарифтері келісімдерді баждар бағанасын  және жеңілдік мөлшерлемелер бағанасын  да қамтуы мүмкін, олар дамушы елдерге  қатысты немесе қолайлы жағдай кеден  режимін беру келісімдерімен байланысты елдерге қатысты әрекет жасайды.

Алыну әдістеріне қарай кедендік баждар арнайы және адвалорлық деп  бөлінеді. Адвалорлық баждар тауар  бағасы бойынша пайызбен есептеледі. Оны пайдаланған кезде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру  керек.

Арнайы (спецификалық) баждар ұлттық валютада нақты көрсетілген  мөлшерде салмақ, көлем, т.б. бірліктерінен  алынады. Тауар салмағына қарай  баждарды есептеу «брутто» және «нетто»  арқылы есептеледі. Кедендік «брутто-салмақ»  тауар қорабын қамтымауы, ал керісінше, «нетто-салмақ» қорапты қамтуы мүмкін.

Ең көп тараған баждар – адвалорлы баждар. Оның мәні мынада: «қалқымалы» валюта курстары кезінде  ұлттық валюта құнсызданғанның өзінде адвалорлы баждар қолданғанда кедендік алым-салым мөлшері өзгермейді.

Өнеркәсібі дамыған елдердің кеден тарифтік тәжірибесінде кейбір жеке позициялар бойынша адвалорлы  және арнайы мөлшерлемелер көрсетіледі.

Қазіргі таңда Батыс елдеріндегі  кедендік алым-салым қатысты түрде  төмен деңгейде. Сонымен, АҚШ, Жапония, ЕО ортақ кедендік тарифі; Швеция, Швейцария, Норгевия, Австрия, Канада және Финляндия  кедендік тарифтерінің ортақ арифметикалық  деңгейі 6,47 пайыз, ал орта кедендік тарифтердің  шектеу функциясы, негізінен, кейбір тауарларға салынатын жоғары баж мөлшерлемесін  сақтауға және импортталатын өнімнің  өңделу дәрежесіне байланысты кедендік мөлшерлемелерді прогрессивті өсуі арқылы жүзеге асырады.

Ең жоғары кедендік баж, әдетте, еңбекті көп қажет ететін өнеркәсіп  салаларына салынады. Оларға тоқыма, тері, аяқ-киім, машиналар және құралдар, бірінші орында – электротехникалық  машина құрылғылары жатады.

Отандық өңдеу өнеркәсібін  қорғау мақсатында дамыған елдерде  баждар эскалациясы (біртіндеп ұлғаюы) кезінде тарифтерді құру әдісі қолданылады, яғни бір технологиялық тізбек бөліктері  болып келетін тауарлардың өңделу дәрежесіне қарай мөлшерлемелердің өсуі.

Батыс елдерінің кеден  тарифінің ерекшелігі болып тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге негізделген, ол кедендік одақ кеңесімен  жасалынды және 1988 жылдың қаңтарынан бастап кедендік істе кең түрде қолданды.

Үйлесімділік жүйенің  жасалуы 10 жылға созылды. Үйлесімділік жүйені құру негізіне кедендік қатынас  кеңесінің бұрынғы номенклатурасы, халықаралық тәжірибеде әйгілі брюссельдік  кедендік номенклатура немесе халықаралық  сауда классификациясы болды. Сонымен  қатар қосымша 12 түрлі халықаралық  және ұлттық топтастыру жүйелері пайдаланылды.

Үйлесімділік жүйе номенклатурасы – тауарларды топтауға тек бір  жақты жатқызу принципін ғана ұстанады, яғни бұл бір тауардың бір ғана классификациялық топқа  жатқызылуы деген сөз. Әрбір классификациялық топтың нақты объектілерін және шектерін анықтаудың бір әдісіне топ немесе тауарлы позицияға кіретін тауарлардың  тізімі жатады.

Кодтау жүйесі, тауарларды кодтау – нақты бір жүйемен  анықталған ережелер бойынша топтастыру объектісін белгі түрінде немесе белгілер тобы түрінде көрсетуге  мүмкіншілік беретін техникалық әдіс. Топтастырудың кодтық жүйесі мәліметті ыңғайлы түрде жинауда, беруде және өңдеуде қолданылады, кодталған  мәліметтерді ЭВМ-де өңдеуге ыңғайлау үшін де қолданады.

Үйлесімділік жүйе номенклатурасында  кодтаудың аралас әдісі қолданылады. Қарастырылып отырған топтастыруда кодтау жүйесі жоғары деңгейде, жеке сипатта  болады (тіркеу әдісі), ал қалған барлық баспалдақтарында алдын ала алынған  деңгейлер жиынтығы негізінде тауарларды топтастырады.

Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығы үйлесімділік жүйеге негізделген  жаңа кедендік тарифке көшуді аяқтады. Мұнда әдеттегідей, үйлесімділік жүйенің  алты белгілі тауарлық субпозициялары 8 белгіге дейін кеңейтілген. ЕЭО-ға мүше елдерге статистикалық және кедендік ұлттық номенклатураларын құруда код мөлшерін 14 белгіден артық емес етіп пайдалану ұсынылған.

Үйлесімділік жүйені пайдалана  алу тек отандық тауарлар экспорты кезінде дамыған елдермен алынатын кедендік мөлшерлемесін білу үшін ғана қажетті емес. Ол сыртқы экономикалық қызмет бойынша мамандардың барлығына  қажет, әсіресе түрлі халықаралық  ұйымдарға мүше бола бастағаннан  кейін.

Қазіргі жағдайда Канадада тауарлардың шығу еліне байланысты ажыратуды дифференциалды түрде  қарастырады. Сондықтан төмендегідей әдістер қолданылады:

Қолайлы жағдай режимі –  ТСБА (ГАТТ) мен дүниежүзілік Сауда  ұйымына мүше барлық елдерге және Канадамен екі жақты сауда  келісімдері бар елдерге берілген;

Британдық жеңілдік тарифі, британдық достастыққа мүше елдермен саудада қолданылады (Ұлыбритания  және Ирландиядан басқа);

Канада мен Кариб бассейні елдері арасындағы сауда келісімдерімен ұйғарылған кедендік баждардың арнайы мөршерлемелері;

Жалпы жеңілдігі бар тарифтер, 160-тан астам дамушы елдер мен  белгілі тауарларға қолданылады.

Жалпы тариф, жоғарыда аталмаған  елдермен саудада қолданылады.

Егер қандай да бір елдің  тауары бірнеше тарифтер ықпалына түсіп  қалса, онда тәртіп бойынша мөлшері  аз салықты таңдап алуға болады.

Дамушы елдердің кедендік тарифтері 

Дамушы елдердің импортын реттеуде кедендік тарифтердің маңызы үлкен. Дамыған елдермен салыстырғанда  бұл елдерге импортталатын тауарларға салынатын баждың орташа деңгейі  өте жоғары. Ол ең алдымен, өнеркәсіптің жас салаларын қорғау мақсатына  байланысты. Сонымен қатар, баж мемлекеттік  бюджетке түсімдердің маңызды көзі болып табылады.

Ұлттық нарықты тарифтік кедергілермен қорғау дәрежесіне қарай  дамушы елдерді үш топқа бөлуге болады: Біріншіден, 50%-тен аспайтын кедендік баждар мөлшерлемелері және көптеген тауарлардың бажсыз енгізу режимі тән. Бұл топқа Африка және Латын американдық  елдер тобы, соның ішінде Ангола, Нигерия, Боливия, Чили т.б. Азия-Тынық  мұхиты аймағының бөлек елдері –  Сингапур, Филиппин, Тонга. Бұл топқа  Парсы шығанағының да кейбір елдері жатады.

Екінші топқа кедендік баж мөлшерлемелері жоғарырақ елдер  жатады. Мөлшерлеме 50-100% мөлшерінде ауытқиды. Оған Алжир, Ливия, Танзания (Африка), Иран, Индонезия (Азия-Тынық мұхит аймағы) және Оңтүстік Корей елдері жатады.

Дамушы елдердің үшінші тобы бар, олардың баждары 100%-тен артады (кей жағдайда айтарлықтай көпке). Оған жататындар: Египет, Ботсвана, Марокко, Колумбия, Пакистан, Индия, Сирия, Таиланд, Турция, баждарының жоғары мөлшерлемелерімен  Египет, Эквадор, Пакистан ерекшеленеді.

Дамушы елдердің көбі тарифтер құруды, кедендік достастық кеңесі Брюссель тауарлы номенклатурасы негізінде  жасайды, ал елдердің көбі 90-жылдары  үйлесімділік жүйеге көшуді көздеді. Дамушы елдердің тарифтер құрылымындағы айырмашылықтары қатты байқалады: бір, екі, үш бағаналы көп елдер қолданатын тарифтермен қатар көп бағаналы тарифтер қолданатын елдер бар (мысалы, Венесуэлада-7, Сенегалда-9, Малиде-17).

Информация о работе Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі