Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа

Описание

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Zhospar.docx

— 174.54 Кб (Скачать документ)

Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік  саудада кең тараған тауар  бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

Осыған байланысты импорттық  тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі  Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау  туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы  баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.

Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті  мағынасында орнатылады.

Құрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген  екі әдіспен орнатылады.

баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.

Іс-әрекет бағыты бойынша  преференциалды және дискримниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір  елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды  деңгейден төмен қойылады. Дискриминациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

Демпингке қарсы баж салықтары  орын толтыру (компенсационный) баж  салықтарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы қолданылып, бағалар деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.

Жоғарыда атап өткендей, кедендік-тарифтік реттеу кеден саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы. Кедендік саясаттың қаншалықты сапалы  әрі ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екенін кедендік тариф анықтайды. Сол себепті де  кедендік-тарифтік реттеудің кедендік саясаттың орындалуында маңызды рөл атқарады және кедендік саясатпен тікелей байланысты.

Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:

тарифтер экономикалық өсуді  тежейді;

тариф – тұтынушыларға  салықтық ауыртпалықты ұлғайтады;

импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде  елдің экспортына нұқсан келтіреді;

тариф жұмыстылықтың жалпы  деңгейінің қысқаруына әкеледі;

тарифтерді бір жақты  енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына  әкеледі.

Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:

тариф – жас салаларды  қорғайды;

тариф – жергілікті өндірушілерді  ынталандыру құралы;

тариф – бюджеттік түсімдердің  маңызды көзі;

тариф – ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралық беделін қорғайды./1/

Ал менің ойымша, тариф  біздің мемлекетіміздің экономикасы  үшін тиімді. Себебі дамушы мемлекет үшін тариф бюджеттік түсімдердің  көзі, әсіресе отандық тауар өндірушілерді  және қызмет көрсетулерді қорғаушы маңызды  саясат болып табылады.

 

 

 

 

2.2. Қазақстан Республикасында  кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру  жолдары

Кеден тарифтік дамуындағы жаңа кезең – « Кеден тарифтері  және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл  заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар  жатады.

Қазақстанның кедендік тарифтік механизмдерін пайдалану барысында  келесі негізгі мақсаттар шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік  тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20-шілдедегі ҚР Президентінің  « ҚР кеден ісі туралы» Қаулысы  жатады.

Кедендік тарифтердің  қолданудың нақты мақсаттарына мыналар  жатады:

-    ҚР тауар енгізудің тауарлы құрлымын реттеу;

-  ҚР тауарлар, валюталық табыстармен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын ұстау;

-  ҚР тауарлар өндірісімен тұтыну құрлымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;

-   ҚР әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау;

ҚР кеден тарифі Қазақстан  Республикасының кеден шекарасынан  өткізілетін тауарларға қатысты  кеден баж салығы мөлшерлемесінің  жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің  тауарлы номенклатурасы ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға қатысты, заңға қатысты көрсетілгеннен өзге өзгермейді.

Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға  жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын  енгізу мөлшерлемелері заңды негізде  екі есе артады.

Шығарылатын тауарлардың  баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданылатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары ҚР Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында  сыртқы экономикалық қызметті реттеудің  шаралары болып табылады.

ҚР « ҚР кеден ісі  туралы заңы» заңы кеден төлемдеріне  арналған 40-баптан тұрады.

Заң мынадай кеден төлемдерін (баж, алым, төлем) қарастырады: кеден  бажы, мезгілдік баж, арнайы баж, демпингке  қарсы баж, өтемдік баж; кеден  органдарының лицензия бергені үшін алынатын алым; кедендік ресімдеу бойынша  маманның біліктілік аттестатын бергені  үшін алынатын алым, кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымы, тауарларды сақтау үшін алынатын кеден алымы, тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы, ақпараттандырғанымен кеңес бергені  үшін ақы, алдын ала шешім қабылдағаны  үшін төлемақы, кеден аукциондарына  қатысқаны үшін төлемақы.

Бұдан кейінгі өзгерістерде кеден бажының өзінен басқа, сондай-ақ ақпараттандырғанымен кеңес бергені  үшін және кеден аукциондарына қатысқаны үшін төленетін төлемақыдан басқа барлық баждар алынып тасталды.

Мұндай реттеудің құқықтық жағдайын «Кеден тарифтері және баж» туралы Қазақстан Республикасының  Заңы 1991 жылы 24 желтоқсанда белгіледі.

Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кеден тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыттылған және мемлекеттік органдармен заңда көрсетілген реттеуде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шараларының жиынтығы.

Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері  және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл  заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар  жатады.

Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі  мақсаттарда шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің  нормативтік тәртібіне және ережелеріне  байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы»  Қаулысы жатады.

010 жылғы 1 шілдеде кедендік  рәсімдерді жеңілдету және үндестіру  туралы Киот конвенциясының ережелерінде  негізделген Қазақстан Республикасының  жаңа Кедендік кодексі күшіне  енді. Осы құжат экспорттық-импорттық  рәсімдерді өту үшін құжаттарды  тапсыру барысында «бір терезе»  тетігін қолдану қарастырылып  отыр.

Қазақстанның кедендік аумағына тауарлар мен көліктік құралдарды әкелу барысында мынадай кедендік төлемдер мен салықтар салынады :

кедендік баж;

жүк кедендік декларациясының  негізгі парағына 50 Еуро мөлшерінде және жүк кедендік декларациясының  әрбір қосымша парағына 20 Еуро кедендік рәсімдеуге кедендік алымдар;

салық салынатын импорттан 12% мөлшерінде қосымша құнына салық (салық салынатын импорттың мөлшеріне  тауардың кедендік құны, сондай-ақ тауарларды импорттау барысында салықтар сомасы мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер, ҚҚС-тан басқа);

акциз.

Тауарларды әкелу/әкету  барысында кедендік шекара арқылы құны 1000 АҚШ долларына дейінгі және салмағы бір адамға 50 кг-нан аспайтын және өндірістік немесе басқа да коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды  алмастыратын жеке тұлғалар кедендік төлемдер мен салық төлеуден босатылады.   

Кедендік шекарадан тауарларын жеңілдетілген тәртіпте алып өтетін жеке тұлғалар үшін, кедендік төлемдер тұтас кедендік төлем ретінде                      13% мөлшерінде мыналардың кедендік құнынан төлене алады: жалпы салмағы 5000 кг-ға дейінгі қоса алғандағы көкөніс пен жемістер; жалпы салмағы 10000 кг-ға дейінгі қоса алғандағы жас жеміс-көкөністі, жеміс-жидекті өнімдері,  бақшалық тез бұзылатын өнімдер. Жеңілдетілген тәртіпте рәсімдеуге рұқсат етілген басқа да тауарларға 1 кг-ға 0,6 Еуро мөлшерінде. Жоғарыда көрсетілген тауарлардың кедендік құны 10000 АҚШ долларынан аспауы тиіс.  

Алкоголь өнімі, темекі өнімдері, минералдар, мұнай өнімдері, бейорганикалық және органикалық қоспалар, фармацевтикалық  өнімдер, тыңайтқыштар, жарылғыш заттар, басқа да химиялық өнімдер, авто көлік  құралдары, ұшатын аппараттар, сондай-ақ, белгіленген салмақтық және құндық нормалардан асатын өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметке арналған тауарлар жалпы белгіленген тәртіппен жүк кедендік декларация тапсыру арқылы ресімделеді.

Отандық тауар өндірушілерге  жағымды бәсекелестік жағдай жасау  мақсатында кедендік баж салықтарының дайын өнімдерге ең жоғары, орташа – толымдаушыларға заттарға, ең төмен – шикізат пен Қазақстанда  шығарылмайтын әлеуметтік маңызы бар  тауарларға мөлшерлемелер белгіленеді.

Қолданыстағы импорттық  кедендік баж салықтарының орташа арифметикалық  деңгейі 10,6  % құрайды.

Жеңілдікті (артықшылықты) кедендік-тарифтік режим

ТМД шеңберіндегі еркін сауда  туралы екі жақты келісімдерге сәйкес ҚР аумағына әкелінетін және көрсетілген келісімдердің қолданысына түсетін осы елдерде шығарылатын тауарларға кедендік баж салығы салынбайды.

 Кеден тарифінің нақты мақсаттарына мыналар жатады:

Қазақстан Республикасына тауар  енгізудің тауарлы құрылымын  реттеу;

Қазақстан Республикасына тауарлар, валюталық табыстар мен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы  қатысын ұстау;

Қазақстан Республикасында  тауарлар өнідірісі мен тұтыну құрылымында  озық өзгерістер жасауға жағдайлар  жасау;

Қазақстан Республикасының  әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының  кеден тарифі – Қазақстан Республикасының  кеден шекарасынан өткізілетін  тауарларға қатысты кеден баж  салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы  номенклатуралары Қазақстан Республикасының  Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға қатысты, заңда көрсетілгеннен өзге өзгермейді.

Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға  жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын  енгізу мөлшерлемелері заңды негізде  екі есе артады (тарифтік жеңілдіктер  берілген жағдайлардан өзге).

Шығарылатын тауарлардың  баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары Қазақстан Республикасының  Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан  территориясында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып  келеді.

Тауардың кедендік құнын  анықтау және оларды пайдалану тәртібі. Оның мынадай әдістері бар:

әкелінген тауарлармен мәміле бағасы бойынша (негізгі әдіс);

бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша;

біртекті тауарлармен  мәміле бағасы бойынша;

құнды шегеру;

құнды қосу;

резервтік әдіс арқылы.

Енгізуші тауарлармен  мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда  тауарлардың кедендік құны мәміле бағасымен бірдей болады, ол нақты төленген немесе Қазақстан Республикасының шекарасынан өту кезінде төленуге тиісті баға. Кедендік құнды анықтау кезінде мәміле бағасына келесі құрамдас бөліктер қосылады:

тауарды авиапорт, порт немесе басқа кедендік территорияларға  әкеліп, оны белгіленген жеріне жеткізу  шығындары:

тасымалдау құны;

тауарды тиеу, түсіру, қайта  тиеу, қайта түсіру шығындары;

сақтандыру сомасы.

сатып алушы жұмсаған шығындары:

комиссиондық және делдалдық  шығындар, тауар сатып алудан өзге;

контейнерлер, ыдыс, құты-сауыттар құны тауарлық номенклатураға сәйкес болса, онда олар бағаланушы тауарлармен  біртұтас деп қарастырылады.

келесі тауарлар және қызметтердің сатып алушымен тегін немесе төмендетілген  бағамен өндіріске қолдануда  немесе бағаланушы тауарларды шығарудағы құнның осыған сәйкес бөлігі:

шикізат, материалдар, бөлшектер, жартылай өңделген өнімдер және іріктеп  алынған өнімдер, бағаланушы тауар  бөлігі болып келетін;

бағаланушы тауар өндірісінде  пайдаланылған құрал-жабдықтар, штамптар, формалар және т.б. ұқсас заттар;

тауарды өндіруге жұмсалған  материалдар;

Қазақстан Республикасының  территориясында бағаланушы тауарлар өндірісіне қажетті инженерлі жұмыстар: дизайн, көркем әсемдеу, эскиз және сызбалар.

Информация о работе Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі