Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа

Описание

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Zhospar.docx

— 174.54 Кб (Скачать документ)

Ендігі кезекте, өнімнің  бәсекелік қабілетін арттыру  механизміндегі ұсынылған негізгі  тетіктердің құрамалары мен олардың  маңыздылығын сипаттап өтейік.

Әлемдік нарықтың қатаң талаптары  мен бәсекелік шарты отандық  шұжық өндіруші кәсіпорынның сол  талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда, әлемдік  нарықта осы өнім түрлері бойынша  негізгі өндірістер саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі нарығын және енуге  мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын  "игеріп алуы" қиын емес.

Әсіресе, бұл мәселе елдердің Халықаралық Сауда ұйымына кіру барысында өткір күйінде қалып  отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге  кедергісіз ашылуы отандық өнімнің  оларға тосқауыл боларлық бәсекелік  қабілетіне сүйенеді.

Қазіргі кезде әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік сапа жүйесін  бақылайтын Халықаралық стандарттау  ұйымына мүшелікке өткен. Бұл  ұйымның дацындаған, 7 қағидадан  тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық шығару кәсіпорындары  өнімдерін сәйкестендіру - әлемдік  нарықта бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға  міндеттейді:

үрдістерді айқындауға;

олардың реттілігі мен  өзара байланыстарын белгілеуге;

оларды тиімді пайдалану  мен бақылаудың әдістерін анықтауға;

осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге;

үрдістерді бақылауға, өлшеуге  және талдауға;

жоспарланған нәтижелерді  алуға және осы үрдістерді әрдайым  жетілдіруге қажетті шараларды  іске асыруға;

ИСО 9001:2000 талаптарына сай  осы үрдістерді басқаруға.

Сондықтан да, ішкі нарықтағы  шұжық өнімдерінің бәсекелік  қабілеті, ең алдымен, олардың сапасына байланысты. Жалпы мағынада, өнімнің  сапасы – "бұл оның белгіленген  мақсатына сай нақты қажеттіліктерді  қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын  қасиеттердің жиынтығы". Өнімнің  бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандартының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ  өнімдерінің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен  тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды  жағдай. Стандарттағы талаптар тамақ  өнімдерінің адам ағзасына тигізер  әсерін, өнімнің химиялық, биологиялық  құрамын анықтап, олардың шекті  мөлшерін белгілейді, олар адам ағзасына қажетті заттармен толық болуы  тиіс (белоктар, майлар, көміртегілер, минералдық элементтер, витаминдер, т.б). Бұл стандарттар әлемдік нарыққа  шығудың тұтынушылардың өзгермелі  сұранысын қанағаттандырудың, өндірістік жүйенің тиімділіктерін бақылаудың дұрыс шешімі болмақ.

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпорынның  сыртқы сауда қызметінің бәсекеге  қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік  негіздері

 

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді  алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі  өзгерістерге ұшырады. Әсіресе еліміздің  экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымдды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар  ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс  жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі  – бәсеке және бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.

Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық  жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада  кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке қабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде  әртүрлі функционалдық бағыттағы  және әртүрлі бизнес аясында жұмыс  істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып  отыр.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты  табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі  шығарылатын өнімдердің бағаларын  төмендету арқылы әрі нарықта  бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері  жағынан ерекшеленетін өнімдерін  өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға  ұмтылуы керек.

Бәсеке қабілеттілік ұғымы  көпжақты болып, кәсіпорын  іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары  болып табылатын  сапа және өндіріс  технологиясын қамтиды. Сонымен  қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілігі  ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсеке қабілеттілігі оның бәсеке қабілеттілігі элементерінен  және мақсатқа жетуде олардың өзара  ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі  – қатысты  өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.

Осы арада кәсіпорының  бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің  жиынтығы.

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі  – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.

Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорынның  ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.

Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с) және нақты  жағдайдағы тауар сату міндеттерінің  нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша  нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың  ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының  жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі  жеңіс бәсеке қабілеттілік нәтижесін  бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен  бәсекенің қатынасын потенциал  – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға болады.

Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді  екі ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының  сыртқы ортамен қатынасының формасы  және ұйымшылық қайта құрудың  үрдісі ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі  жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша  ұйымшылдық  процестерді қайта  құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде  өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.

Бәсеке қабілеттіліктің  екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне  сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер  өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.

Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын  жаңашылдық жаңалықтың екі түрін  игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір  тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық  жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның  құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ, өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы  жаңалықтарды игерудің әдістері мен  тәсілдері кіреді.

Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік  жаңалықтар жатады. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады.

 Кәсіпорының бәсеке  қабілеттілігінің деңгейіне негізінен  мынандай басты факторлар әсер  етеді:

  – өндірістік технологияны  жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық 

     деңгейі;

  – жаңа өнер табулар  мен жаңашылдықтарды қолдану;

  – қәзіргі заманға  сай автаматтандырылған және  роботтандырылған   

     өндіріс құралдарын  енгізу.

Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.

Бүгінгі таңдағы маңызды  мәселелердің бірі – кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесін  шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен бәсеке қабілетті  басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.

Кәсіпорынның бәсеке қабілетті  басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің  міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл  қоршаған орта факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.

Кәсіпорынның бәсеке қабілетті  басқару жүйесінің ең негізгі  қағйдасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген  өндірісті басқару жүйесінің  бағыт-бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның  жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау  түсініледі.

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін  келесідей үлгіде көрсетуге болады:

   1. Кәсіпорының сыртқы  ортада жүзеге асыратын атап  айтқанда тауарлық,  

   баға белгілеу, жабдықтаушылармен  қарым-қатынас, ақша және бағалы  

   қағаздар нарығындағы  іс- әрекет, трансакциялық шығындарды  төмендету,  

   сыртқы экономикадағы  қызмет стратегиясы.

   2. Кәсіпорының ішкі  ортасында жүзеге асырылатын, яғни  өндіріс  

   шығындарын төмендету,  инвестициялық қызмет, қызметкерлерді 

   ынталандыру, ақпаратпен  қамтамасыз ету стратегиялары.

Кәсіпорының тауарлық стратегиясы  келесілерді қарастырады:

– кәсіпорынның  спецификасына  жауап беретін, тауарлар мен қызмет 

   көрсетулердің потенциалды  нарығын қалыптастыру және зерттеудің 

   тәсілдері мен  ережелері;

– кәсіпорынға неғұрлым тиімді шаруашылық жүргізудің стратегиялық  

   аймақтарын іздеудің  әдістерін;

– кәсіпорынның сыртқы тиімділігін  қамтамасыз ететін аймақтарды

   басқару әдістерін.

Ал тауарлы стратегияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:

– стратегиялық перспективті міндеттерін өзіндік ресурстар  және

   нарықтық потенциялды  мүмкіндіктермен үйлесуі;

– тауар (технологиялар) сұранысының  өмірлік циклдерін талдау;

   кәсіпорынның  бәсекеқабілеттілігін  жоғарлатуды қамтамасыз ететін  

   тауар ассортиментін  әзірлеу.

Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі  бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап, басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері  сондай табысқа ие болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға  ұшырайды.

Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске  ие болмаған күнде де қолда бар  ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан  тиімсіз болмақ. 

    Кәсіпорынныңсыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыныңеліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға салу; импорттау – тауарды сатып алушыныңеліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

Сыртқы экономикалықмәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардыңқұқы, міндеттемесі және тараптардыңжауапкершілігі  көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралықсауда палатасыныңәзірленген  халықаралықсауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады. 

Топ

Жабдықтаудың

шартты белгілері

Франкировка жағдайы

(тасымалдау шарттары)

Е

EXW

Завод франкосы

F

FCA

FAS

FOB

Еркін тасымалдаушы

Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу

Еркін бортқа әкелу

C

CFR

CIF

CPT

CIP

Құны және фрахтысы

Құны,сақтандыру және фрахтысы

Тасымалдауға дейін төленген...

Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін  төленген

D

DAF

DES

DEO

 

DDU

DDP

Шекараға деәін жеткізілген

Кемеден жеткізілген

Кеме тоқтайтын жерге  дейін, яғни айлаққа

Дейін өткізілген (баж салығы қосылған)

Баж салығын төлемей жеткізілген

Баж салығын төлеп жеткізген

Информация о работе Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі