Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:00, курсовая работа

Описание

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда қызметтерін мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік-тарифтік саясаты, жетілдіру жолдары
2.3 Кедендік-тарифтік саясаттың әлемдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Zhospar.docx

— 174.54 Кб (Скачать документ)

 

«Инкотермстің» барлықтермині  төрт базалықктегорияға топтастрылған:

«Е» тобыныңшарты бойынша  сатып алушы сатушыныңқоймасынан  жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «Ғ» тобыныңшарты бойынша, сатып алушы көрсетсен транспорттыққұралына дейін тауарды сатушыныңөзі жеткізіп беруге міндеттенген.

«С» тобының  шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақжүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардыңбұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобыныңшарты бойынша сатушы барлықтәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.

СІҒтауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктіңәрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тийеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушыныңміндетіне тауардыңтранспорттықтәуекелділігі де кіреді.

Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушыныңжабдықтаушыға төлейтін бағасыныңішіне тауарджыңқұны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.

DAF жағдайында экспорт  үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.

FAS – жабдықтау шартына  сәйкес сатушы кеме бортына  дейін тауарды өз есебінен  жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардыңбұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.

ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушыныңбағасына тауардыңқұнын, кеме бортына арту және оған дейін  жеткізу шығыстар, т.б. кіреді

«Инкотермс» ұсыныстықсипатта болады және оныңбелгілі бір бөлігін немесе толықкөлемін пайдаланылуы тараптардыңкелісіміне байланысты болып келеді.

Қазақатан Республикасы аймағына әкелінетін және оныңшекарасынан шығарылатын  барлықтауралардыңкедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде  заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оныңқұрамына мыналар кіреді:

-                   кедендік баж салығы;

-                   кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;

-                   таурады сақтауға алынатын кедендік алымдар;

-                   шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;

Қазақстан Республикасыныңкедендік  органына лицензия брегені үшін алынатын алым;

-                   кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандықаттестатын бергені үшін алым;

-                   алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.

Бұл төлемдердіңкөбісініңмөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып  келеді, олардыңқұрамына шет елдік  валютамен есептелген тауардыңнақты  құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысыны жабдықтаушыныңөзі төлесе , онда ол тауардыңнақты құнына бағаныңбір элементі ретінде болады және сатып алушы өтейді.

Кедендік төлемді есептеудіңнегізін  тауардыңкедендік құны  құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.

Қазақстан Республикасыныңкедендік  аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардыңкедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар бағасына, сондай-ақегер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай нақты шығындар : тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақсатн Республикасының  кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушыныңшығарған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялықжәне брокерлік сыйақылары; сондай-ақСыртқы экономикалыққызметтің  тауар номенклатурасына  сәйкес бағалнатын тауарлармен біртұтас нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердіңнемесе бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары негізінде анықталады. 

Қазақстан республикасыныңкедендік  аумағына сырттан әкелетін тауардыңкедендік құны мынадай әдістерді қолдану  арқылы анықталады: сырттан әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша ; ұқсас тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша ; құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады.

Едендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:

Адволарлық– салықмөлшері салынатын тауарлардыңкедендік  құнына процентпен есептеледі;

Ерекше  - салықмөлшері салынатын тауарлар бірлігініңбелгіленген мөлшерімен есептелінеді;

Аралас– салықмөлшері жоғарыда аталған кедендік салықтүрлерініңекеуінеде үйлестіріледі.

Сыртқы экономикалыққызметте қолданатын негізгі құжаттар болып :

  • Техникалыққұжаттаулар – техникалықтөлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеуі, техниалықжағдайын сипаттайтын құжат (спецификациясы) және т.б.

-   Тауарлы-ілеспе құжаттаулар ы- тауар сапасыныңсертификаты, буып-түю парағы; құрастырушы тізімдемесі (ведомосы) т.б.;

 -   Транспорттық, экспедиорлықжәне сақтандыру құжаттаулары – теміржол наклоднойы және оныңкөшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттықнаклоднойы т.б.), сақтандыру полисі немесе сертификаты;

 -    Қойма құжаттары – экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардыңсақтауға алынғаны туралы  қойманыңқолхаты, басқа да кепілдік куәлігі т.б;

 -    Есеп  айырысу құжаттаулары – шот-фактурасы, аударм векселі (тратты);

 -   Банкі құжаттаулары – валютаны аудару  өтініші, инкассо тапсырмалары, акредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасыныңкеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық  шоттар бойынша жасалған операциялардыңкөшірмесі;

 - Кедендік құжаттаулар – кедендік жүк декларациясы (КЖД), тауардыңшығуы (немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар;

 - Талап (шағым) құжаттаулары – шағымдықхат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арыз;

 -  Бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар – кем шыққанға жасалған коммерциялықактілер, авария сертификаты.

Сыртқы экономикалыққызмет бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүреді. Нақты мысалдарды қарастырмастан бұрын шетелдік валюта бойынша жасалатын операцияларына тоқталамыз.

 

2.1. Қазақстан Республикасында  кәсіпорынның сыртқы сауда қызметін  реттеу құралы ретіндегі кедендік  – тарифтік әдістер

 

 

      Сыртқы сауда – тауарлармен  қызметті ішке енгізуден (импорттан)  және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда.  Сыртқы экономиканың  басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.   

 Жалпы сауда саясаты  бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік  бәсекелестерден қорғау, экспортты  ынталандырумен диверсификациялау,  елде жұмыс орындарды құру  сондай-ақ т.б. елдің дамуын  жетілдіретін шараларды іске  асыру жөніндегі саясатты айтамыз.    

 Сыртқы экономикалық  қызмет – сыртқы экономиканың  байланыстарды реттеу тәртібін  анықтау және елдің халықаралық  еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру  бойынша мемлекет пен оның  органдарының нысаналы түрде  бағытталған іс-әрекеті.   

 Сыртқы экономиканың  негізін құраушыларға жататындар:

-      сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)

-      шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.

-      Валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,

аймақтармен  сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.  

 Сыртқы экономикалық  саясат – сыртқы экономикалық  қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның  айрықша белгілеріне мыналар  жатады:

-      тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.

-      Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.  

 Сыртқы экономиканың  құраушыларының бірі болып сыртқы  сауда саясаты табылады.  

 Ал сыртқы сауда  саласындағы саясатты жүзеге  асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды  реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар  және еркін сауда аймағы; валюталық  қатынастар саласын: валюталарды  сатып алу – сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы  валюталық операйияларға шектеулік  белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар  мен несиелік саясат сферасында  займдар (қарыз) экспорттық несиелер  және экспорттық несиелерді сақтандыру  бойынша есептеу мөлшерлемелері  мен проценттерінің деңгейлері  реттеледі.  

 Көптеген мемлекеттерде  сыртқы экономикалық саясат құралдарының  кең ауқымды жиынтығының болуы  - өздерінің сыртқы экономикалық  байланысының құрылымымен даму  бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен  сыртқы экономикалық байланысы  мен сыртқы экономикалық саясатына  да белсенді түрде ықпал етуге  мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық  саясат құралдарының бұл жиынтығын  саудалық саяси  механизм ретінде қарастыруға болады.  

 Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара  бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.   

 Қазіргі кезде жалпы  экономикалық бірігудің әртүрлі  жолдары бар екені белгілі  болды: ТМД елдерімен екі жақты  келісімдер негізінде, көпжақты  келісімдерді тереңдету, аймақтық  интеграциялық бағдарламаларды  іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан,  Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау  және оның еркін іс-әрекетіне  жағдай жасау сыртқы сауда  айналымының дамуына ықпал етеді.  Шетел мемлекеттерімен сыртқы  сауда саясатын іске қосу құралдарына  мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың  дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде  туындаған кезек күттірмейтін  мәселелерді.   

 Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.   

 Мемлекеттік жоғарғы  билік органдарының кеден саясаты  мен сыртқы экономикалық қызметті  мемлекеттік реттеу саласында  дұрыс шешім қабылдауы үшін  оның макроэкономикалық жағдайларын  зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген  нақты талдаудың маңызы зор.   

 Кеден статистикасын  құруға кіретін мемлекеттерге  тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.    

 Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Примьер Министрдің №238 қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстваларға, облыс басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.    

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы  сауданың ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың  пікірнше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі  сыртқы  саудаға байланысты. Дүниежүзілік  экономикадан  оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика  жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек  бөлінісі  негізіңде әр түрлі  елдердің  тауар  өңдірушілер  арасында пайда болатын  байланыстардың  нысаны  және олардың өзара  экономикалық тәуелділігі.

Информация о работе Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі