Макроэкономикаға кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция

Описание

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.

Содержание

Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері

Работа состоит из  1 файл

Курс лекции. Макроэкономика.doc

— 345.00 Кб (Скачать документ)

2. Дәріс  сабағының мазмұны

Тақырып 1.  Макроэкономикаға кіріспе (1 сағат)

    1. Макроэкономикалық теорияның маңызы
    2. Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
    3. «Қор-ағын» түсініктері
    4. Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері

 

1. Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.

Макроэкономика микроэкономикамен  тығыз байланысты. Жеке өнеркәсіптің базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсіптің бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада түсетін табысты әртүрлі топтарға бөлу  көзделсе, макроэкономикада керісінше сол екі аралықтағы өзгерістер зерттеледі.

Макроэкономиканы зерттеуші  ұлы ғалымдар Джон Мейнард Кейнс, Нобель сыйлығының иегері Милтон Фридмен, одан кейінгілер Роберт Барро, Мартин Фелдстейн, Томас Сарджент, Джон Тейлор мемлекет саясатын талдауда көп еңбек сіңірді. Макроэкономикалық теориялардың дамуы елдегі экономикалық проблемаларға тікелей қатысты. Кейнс экономикасы 1930 жылдардағы тоқырау тұсында дамып, сол тоқыраудан шығу жолдарын көрсетті. Ал монетаризм теориясы инфляция проблемасын шешу мақсатында 1960 жылдары кеңінен өріс алды.

Макроэкономикада басты үш мәселе бар: біріншісі –жұмыссыздық, келесісі – инфляцияны түсіндіру, үшіншісі - өһнімнің өсу мөлшерін не анықтайтыны жөнінде. Тағы бір маңызды мәселе – халықаралық макроэкономиканың аумағына, әлемдік экономикаға талдау жасау. Макроэкономикадағы бұл маңызды көрсеткіштердің қоғам өмірінде маңызы зор. Мысалы, тұрғындар табысы ұлттық экономикадағы табысқа тікелей байланысты. Немесе жанұяның мүлкінің құны елдегі инфляция деңгейіне тәуелді болады.

 

2. Экономистер жалпы  экономика туралы көзқарастарын  моделдер көмегімен түсіндіруге  тырысады. Моделдерде математикалық түрде әртүрлі экономикалық айнымалылар арасындағы байланыстар көрсетіледі.

Экономикалық моделдерде айнымалылардың екі типі қолданылады: экзогенді және эндогенді. Экзогенді  айнымалылар сырттан келеді, яғни олар бастапқы мәліметтер. Эндогенді  айнымалылар модель ішінде қалыптасады, яғни олар шешімдердің нәтижесі болып табылады. Басқаша айтқанда экзогенді айнымалылар моделді құрмас бұрын белгілі болады, ал эндогенді айнымалылар моделдегі есептеулер нәтижесінде анықталады. Модельдердің мақсаты – экзогенді айнымалылардың эндогенді айнымалыларға әсерін түсіндіру.


         Экзогенді айн                                                                          Эндогенді айн


 

Сурет 1. Экзогенді және эндогенді айнымалылар

Мысалы, нанның нарығының  моделін қарастырамыз. Нанға деген сұраныс оның бағасы мен тұтынушылар табысына байланысты. Ал оның ұсынымы баға мен ұнның бағасына байланысты. Нарықтық тепе-теңдік екеуінің қиылысуында орналасады. Осы модель  экзогенді айнымалылардың (ұнның бағасы мен тұтынушы табысы) эндогенді айнымалыларға (нанның бағасы мен сатылған өнім көлемі) қалай әсер ететінін көрсетеді.

 

3. Экономикада экономистермен  оқылатын айнымалылар бір нәрсенің (ақша, тауар) мөлшерін, санын   сипаттайды. Осындай сандық айнымалылардың  екі типі болады: қор және ағын. Қор– берілген уақыт аралығында өлшенетін мөлшер.Ағын– бір бірліктегі мөлшер.

Қор-ағын түсінігінің  классикалық мысалы су толтырылған  ванна. Ваннадағы толтырылған су – қор, краннан ағылған су - ағын. Ваннадағы қорда ағынның жинақталу  нәтижесі көрінеді, ал ағында қордағы өзгеріс процесі көрінеді. Қор мен ағынды өлшеу үшін әртүрлі бірлік қолданылады. Мысалы, ваннада 10 л су бар, оған минутына 5 л су құйылады.

Макроэкономикада айнымалылар  зерттелген кезде біздер «қор-ағын»  байланысына ұқсас құбылыстармен көп кездесеміз.  Мысалы, алдағы уақытта біз қарастыратын бір-бірімен байланысты қорлар мен ағындар:

    • Тұтынушы мүлкі –қор, оның шығысы мен кірісі –ағын;
    • Жұмыссыздар саны –қор, жұмысын жоғалтқандар –ағын;
    • Экономикада жинақталған капитал –қор, инвестиция көлемі –ағын;
    • Мемлекеттік қарыз –қор, бюджет тапшылығы –ағын.

 

4. Нақты экономиканың қызмет етуі «экономикадағы табыс пен шығыстың толық айналымы» моделінде айқын көрінеді. Бұл модельде экономикадағы үш агент – үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет арасындағы байланыс көрсетіледі.


Өндіріс шығындары                                                  Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік

       Ресурстар                                                             рента, жалақы , процент, пайда


 

                 тау. мен қызм                                         трансф. төлемдер, тау. мен қызм                                        


                    салықтар                                               салықтар


 

 

 

 

тау. мен қызм.                                                                        тау мен қызм.

ақшалай табыс                                                                        ақшалай табыс


Сурет 1. Табыс пен шығыстың толық айналымы

 

Үй шаруашылығы түскен табысын салық төлеуге, қаражат жинақтауға жібереді. Фирма өнімдер мен қызметтерді сатудан алған табысын өндіріс факторлары иесіне төлем ретінде жұмсайды. Үкімет салық түрінде табыс ала отырып, оны мемлекеттік сатып алуларға жұмсайды.

 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

 

1. Макроэкономика ғылымының қоғамдағы рөлі қандай?

2. Қазақстан Республикасындағы  негізгі макроэкономикалық проблемалар  қандай?

3. Макроэкономиканың  ғылым ретінде даму сипаты  неде?

4. Макроэкономикалық  талдаудың ерекшеліктері неде?

5. Макроэкономикалық  теорияның маңызы немен түсіндіріледі?

6. Макроэкономикада экономикалық  моделдердің қолданылуы қандай?

7.  «Қор-ағын» түсініктерінің  мәні неде?

 

Ұсынылатын әдебиеттер: /2/, /7/, /9/.

 

Тақырып 2. Макроэкономикалық өлшемдер  (2 сағат)

1. Негізгі макроэкономикалық  көрсеткіш – ЖҰӨ

2. Жалпы ұлттық өнімді  есептеу жолдары

3. Макроэкономикалық  көрсеткіштердің өзара байланысы

4. Номиналды және нақты  жалпы ұлттық өнім 

 

1. Жекеленген кәсіпорындар  өзінің шаруашылық әрекетін бағалау  үшін шыққан шығындары мен  түскен табыстарын бухгалтерлік есеп арқылы қадағалап отырады. Ал жалпы елдің экономикалық жағдайын зерттеу үшін бухгалтерлік есеп сықылды белгілі бір көрсеткіштерді есептеу жүйесі қолданылады. Осындай макроэкономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады: жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс. Бұл көрсеткіштердің көмегімен елде өндірілген жиынтық өнім өлшенеді, бұл көрсеткіштер елдің экономикалық жағдайының сандық мөлшерін,сапалық сипатын және өсу динамикасын бейнелейді.

ЖҰӨ - белгілі бір мерзімде алдің экономикасында өндірілген барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

«белгілі бір  мерзімде» ЖҰӨ 1 жылда немесе 1 тоқсанда өндірілген өнім көлемін бейнелейді.

«елдің экономикасында өндірілген» ЖҰӨ-нің бір бөлігі шетелде өндірілуі мүмкін. ЖҰӨ-нің құрамына елдің азаматтарының өндірген өнімдерінің құны кіреді. Ал елдің территориясында өндірілген тауарлар мен қызметтер құны ЖІӨ деп аталады.

«барлық» ЖҰӨ-нің құрамына барлық заңды түрде өндірілген және сатылған тауарлар мен қызметтердің құны кіреді. Ал жанұяның сатуға емес өзі тұтынуға арналған тауарлары және астыртын экономика тауарлары оның құрамына кірмейді.

«соңғы тауарлар мен қызметтердің» Өндірілетін өнім нарықта сатылғанға дейін бінеше сатыдан өтуі мүмкін. Өнімнің дайын түрінде нарықта сатылатын бөлігін соңғы өнімдер деп, ал одан әрі өңдеуге арналған өнім аралық өнім деп аталады. ЖҰӨ мөлшерін дұрыс анықтау үшін екі қайтара есептеуді болдырмау қажет, яғни ЖҰӨ құрамына аралық өнімдер құны кірмейді, тек соңғы өнім ескеріледі.

 

Кесте 1.

Қосылған құнды есептеу

 

Өндіріс сатысы

Сату бағасы

Қосылған құн

 

А-егінші

Б-диірменші

В-наубайшы

0

10

25

35

70

 

10

15

10

35


 

Мысалы, нанға айналмас бұрын бидай жартылай дайын тауар  боып есептеледі.ЖҰӨ-нің бір бөлігі ретінде нанның бағасын ғана есептейміз, бидайдың диірменшіге сатылған бағасы мен наубайшыға сатылған ұн бағасы есептелмейді.

Наубайшы үшін 25 тенге  ұн сатып алуға жұмсалса, қалған 10тенге (қосымша құн) жалақыға, аренда төлеміне, амортизация және т.б. жұмсалады. ЖҰӨ-нің құрамына соңғы өнімнің бағасы 35 тенге енеді. Егер ЖҰӨ-нің құрамына барлық аралық өнімдердің бағасын енгізсек (70 тенге), онда ЖҰӨ мөлшері артық есептелген болады. Сонымен бірге тауарды өндірудің әрбір кезеңінде тек қосымша құн ғана сол кезеңде ЖҰӨ-нің бір бөлігі ретінде есептеледі (10+15+10 = 35). Қосымша құндардың қосындысының сатылған нанның құнына тең болатынын көреміз. Осыдан ЖҰӨ-ді есептеудің келесі екі жолы шығады (2-сұрақ).

«нарықтық құны» ЖҰӨ өнім көлемін ақшалай бейнелейтін көрсеткіш. ЖҰӨ нарық бағасымен анықталады.

 

2. Жоғарыда қарастырылған мысал ЖҰӨ-ді есептеудің екі жолын көрсетеді. Біріншісі – тұтынушылар тауарды сатып алуға қанша шығын жұмсайды, яғни ЖҰӨ-ді тұтынушылардың шығынына қарап есептеуге болады. Екіншісі – қосымша құнның жасалу жолына қарай, яғни өндірушінің қосқан табысына байланысты есептеуге болады.

 

Тұтынушының шығынына қарап  есептеу

 

Жеке тұтыну шығындары

Инвестициялық шығындар

Мемлекеттік шығындар

Таза экспорт шығындары

 

ЖҰӨ

Табысқа қарап  есептеу

Амортизация

Жанама салық

Еңбекақы

Рента төлемдері

Процент

Пайда


Сурет 2. ЖҰӨ-ді есептеудің екі жолы

 

Жеке тұтыну шығындарына  үй шаруашылығының тұтынуға қажетті  тауарларға жұмсаған шығындары жатады.

Инвестициялық шығындар өндірісті ұлғайтуға жұмсалады. Жалпы инвестициялық шығындардан  жыл ішінде қолданылып тозған өндіріс құрал-жабдықтары мен ғимараттарының орнын толтыруға кеткен шығынды алып тастасақ, таза инвестиция шығады.

Таза инвестиция = жалпы  инвестиция  - амортизация

Мемлекеттік шығындарға ұлттық қорғанысқа, жол төсеуге, жергілікті үкімет пен мемлекет қызметкерлеріне берілетін жалақы және т.б. жатады. Трансферттік төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, ЖҰӨ құрамына енгізілмейді.

Таза экспорт шетелге  тауар шығару мен сол жақтан тауар  әкелу арасындағы айырмашылықты  көрсетеді.

Таза экспорт = экспорт  – импорт

 

3. Ұлттық есеп жүйесінде  ЖҰӨ-ден басқа да табыс көрсеткіштері  қолданылады. Олар:

Таза ұлттық  өнім дегеніміз жалпы ұлттық өнім мөлшерінен белгілі бір жылда тұтынылған ө.қ.ж. құнын алып тастағаннан қалған бөлігі.

Ж.Ұ.Ө - амортизация = Т.Ұ.Ө

Ұлттық  табыс дегеніміз - таза ұлттық өнімнің, жанама салық мөлшерін алып тастағаннан қалған бөлігі.

Ұ.Т. = Т.Ұ.Ө - жанама салықтар.

Ұлттық табыс барлық экономикалық агенттермен алынатын пайданың жиынтығын көрсетеді.Ұлттық табыс 5 топқа бөлінеді:

  • Еңбекақы: жалақы және сыйақылар;
  • Меншік иелері табыстары: шағын кәсіпорындар табысы;
  • Рента табысы: жылжымайтын мүлік иелерінің пайдасы;
  • Ірі корпорациялар пайдасы: кредиторлар мен қызметкерлерге төлемді өтегеннен қалған таза пайда;
  • Таза процент: елдегі кәсіпорындардың процент үшін төлеген төлемім мен одан алған төлемі арасындағы айырмаға басқа елдердегі экономикалық агенттерден түскен процент төлемдері қосылады.

Информация о работе Макроэкономикаға кіріспе