Макроэкономикаға кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция

Описание

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.

Содержание

Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері

Работа состоит из  1 файл

Курс лекции. Макроэкономика.doc

— 345.00 Кб (Скачать документ)

Вертикальды тік қисық  сызық классикалық кесінді деп аталады. Себебі экономикалық теорияның классикалық бағыт өкілдері экономиканың ресурстармен толық қамтылған жағдайын зерттеді. Классикалық жағдайда ұсыныс қисығының тік болуы кез-келген баға деңгейінде қажетті тауар өндіріледі дегенді білдіреді. Бұл жағдай баға деңгейі қаншама өссе де өнім өндірудің ұлғаймайтынын көрсетеді, себебі өндіріс бар мүмкіншілігін пайдаланып жұмыс жасап тұр.

Классикалық және кейнстік кесіндінің ортасында аралық кесінді орналасқан. Бұл аралықта еңбек ресурстары жұмыспен қамтылып, өндіріс қуаттары іске қосыла бастайды. Бұл жағдайда бағаның өсуі өндіріс көлемін ұлғайтады.

 

3. Классикалық үлгі  және жиынтық сұраныстың тік  қисығы ұзақ мерзімдік кезеңді талдауда қолданылады. Ұзақ мерзімдік кезеңде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес (Сурет 3). Бұл жағдайда сұраныстың өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, жиынтық сұраныс қисығы төменге ығысады. Жиынтық сұраныстың қысқаруынан баға деңгейі төмендейді.

 

                         АS


                                                                                     


                                                                                                           AS


                                   AD1                                                                                                                                

                                               AD2                                                                                                                                          AD1                                                                

                                                                                                                        AD2

 

 Сурет 5. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі                   Сурет 6. Қысқа мерзімдік кезеңдегі

            жиынтық ұсыныс                                                             жиынтық ұсыныс

 

Қысқа мерзімдік  кезеңде жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен беріледі. Қысқа мерзімдік кезеңде тауарларға баға икемсіз болады, сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етпейді. Мысалы, Ұлттық Банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім көлемінің төмендеуін тудырады.

 

4. Экономикадағы тербелістер  жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруінен басталады. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс немесе талықсытпа (шок) деп атайды.

Жиынтық ұсыныс жағынан  болатын сілкіністер мысалдары:

  • Құрғақшылық салдарынан азық-түлікке деген ұсыныстың күрт төмендеуі оларға деген бағаның өсуін тудырады;
  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардың зиянды заттардың қалдықтарын қысқартуды талап етеді – фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді;
  • Кәсіподақтар күресі – шығарылатын тауарларға деген бағаны  және жалақының жоғарылауына әкеледі және т.б.

 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

1. Негізгі макроэкономикалық  теңдестіктер мәні неде?

2. Жиынтық сұраныс  деген не?

3. Жиынтық ұсыныс деген  не?

4. Қысқа және ұзақ  мерзімдік кезеңдегі жиынтық  сұраныс пен жиынтық ұсыныс  тепе-теңдігі қалай анықталады?

5. Жиынтық сұраныс  пен жиынтық ұсыныстың өзгеруі  неге байланысты?

Ұсынылатын әдебиеттер: /2/, /4/, /7/.

 

 

Тақырып 6. Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе–теңдік. «IS-LM» үлгісі (3 сағат)

1. Жоспарланған және нақты шығындар. Кейсиандық крест

2. Кейнстің мемлекеттік шығыстар  мультипликаторы және салық мультипликаторы

3. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. IS  қисығы

4. Ақша функциясы. Ақша агрегаттары

5. Ақша сұранысы туралы монетарлық және кейнстік тұжырым. Нақты және атаулы пайыз бағамдары

6. Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы

7. Ақша саясатының құралдары

8. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LМ қисығы

9. Салық-бюджет және ақша-несие саясаттарының тепе-теңдікке әсері

 

1. Жоспарланған шығындар – үй  шаруашылықтарының, фирмалардың  және үкіметтің тауарларға және  қызмет көрсетуге жоспарлап отырған  сомасы болып табылады. Нақты  шығындар кенеттен болған өзгерістер  жағдайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.

Экономика жабық болса, жоспарланған шығындар (Е) былай бейнеленеді:

Е = C + I + G                                                 (4)

Е                                                    Y=E


Y1                                                       E = C+ I + G


E1                                              жоспарланбаған қор жинау

E2



Y2                                               жоспарланбаған қордың қысқаруы

     


        Y2          Y0         Y1                     Y

Сурет 7.Жоспарланған шығындардың  есептелуі

Бұл модель өзінің сыртқы келбетіне  байланысты «Кейнс кресі» деп те аталады.Y=E сызығында жоспарланған шығындар табысқа  тең. Егер іс жүзіндегі өнім шығару көлемі Y0 тепе-теңдік көлемінен Y1-ге артса, онда жоспарланған шығындар табыстан аз, яғни   сатып алушылар тауарларды фирмалардың өндіргенінен аз сатып алатындықтан, жоспарланбаған қор жинақтау болады. Қордың өсуі фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр етеді. Y1  Y0 –ге дейін төмендейді, яғни табыс пен жоспарланған шығындар теңеледі. 

Керісінше, Y2 табыс көлемінде, жоспарланған шығындар өндіріс көлемінен жоғары. Көтерілген сұраныс фирма қорларының қысқаруы есебінен қанағаттандырылады, бұл жұмысбастылық пен өнімнің өсуіне ынталандырады. ЖҰӨ біртіндеп Y0 –ге дейін өседі, және қайтадан тепе-теңдік орнығады.    

Кейнс кресін мемлекеттің бюджет-салық  саясатының әсерін көрсету үшін қолдануға  болады.   

 

Е                                                    Y=E

                                                      

   E2= Y2                           В                    ∆Y

           ∆Y

   E1= Y1           А                              

                       ∆Y                    

     

        E1= Y1      E2= Y2                              Y

 

 

Сурет 8. Кейнс кресіндегі мемлекеттік шығындардың өсуінің әсері.

Мемлекеттік шығындардың ∆Y-ге өсуі жоспарланған шығындарды да осы шамаға өсіреді. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ығысады. Мемлекеттік шығындардың өсуі табыстың өсуіне әкеледі.

 

 

Е                                                    Y=E

                                                      

   E2= Y2                           В                    мрс×∆Т

           ∆Y

   E1= Y1            А                              

                       ∆Y                    

     

        E1= Y1      E2= Y2                              Y

 

Сурет 9. Кейнс кресіндегі салықтың төмендеуінің әсері.

Салықтың  ∆Т-ге төмендеуі өсуі жоспарланған шығындарды мрс×∆Т шамаға өсіреді. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ығысады. Салықтың төмендеуі табыстың өсуіне әкеледі.

 

2.

 

3. Макроэкономикалық тұрақтылықтың  тұңғыш моделі – классикалық  модель (АД-АS) экономика тарихында  маңызды орын алады. Бұл модель экономикалық тепе – теңдіктің болуын баға механизмімен түсіндіреді, тек баға ғана жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным арасындағы тепе – теңдікті орнатады. Нәтижесінде экономика мемлекеттің көмегінсіз тауар тапшылығы, тауар артықшылығы, жұмыссыздық, инфляция сияқты дағдарыстың белгілерінен қорғалады. Классикалық модель 30- жылдардағы Ұлы Депрессияға дейін 100 жылдай уақыт өзінің маңыздылығын сақтап келді. 30-шы жылдардағы дағдарыс баға механизмі арқылы экономиканы өз бетімен реттеу мүмкін еместігін көрсетті. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңаша модельге қажеттілік туды.

 

                     

                    IV                                  r                                        I


                                                           r1                          IS1

 

                            I                             r0                                 IS0

                                                                                                        IS

                 I             I0             I1                                             Y1          Y0           Y

                                                                S1

                                                               

                     I=S                                      S0                              S

               III                                                                     II                                                                

                                 Сурет 15. «IS» моделі

Ол ағылшын экономисі Дж.Хикспен 1937 жылы ұсынылды және «IS-LМ» моделі деген  ат алды. «IS-LМ» моделінің тағы бір  көрінісі Кейнс теориясында, «Кейнс крестінде» орын алады.

Ақша нарығы мен тауар нарығы бір-бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты осы екі нарықта да бірдей тепе-теңдік шартын анықтау қажет болды. Яғни «IS-LМ» моделі тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар мен ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі мен пайыз мөлшерлемесі тіркемесін табуға модель мүмкіндік береді.

Алдымен тауар нарығындағы тепе-теңдікті қарастырамыз. Тауар нарығындағы  теңдік IS қисығымен көрсетіледі.

Табыстың өсуімен байланысты қор  жинағы да өседі. I квадрантта пайыз  мөлшерлемесі мен табыс арасындағы байланыс бейнеленеді. Егер пайыз мөлшерлемесі өссе мынадай өзгеріс болады: инвестиция азаяды, аз инвестиция мөлшеріне қор жинағының да төмен мөлшері сәйкес келеді, қор жинағының төмендеуі табыстың да азаятынын көрсетеді. Қорытынды: IS қисығы инвестиция мен қор жинақтау тең болған жағдайдағы пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы кері байланысты көрсетеді.

 

4. Ақша массасын құрайтын оның  осы құрамдас бөліктерін ақша  агрегаттары (М1, М2) деп атаймыз.

М1 – Қолма-қол ақшалар + банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (чек жазып беруге мүмкін болатын салынымдар, сұрап алатын депозиттер);

М2 – шұғыл депозиттер + 4 жылға дейінгі мерзімдегі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары

М3 – арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары.

М – ақша массасы       

 М = М1 + М2 + М3            

 

5. Экономикадағы  атқаратын қызметтеріне  байланысты ақшаға сұраным үнемі  болып тұрады. Ақша сұранымы мен  ақшаға байланысты тепе – теңдікті  зерттеу мынадай екі бағытты  қалыптастырады: монетарлық және кейнстік.

Монетарлық теория (Милтон Фридмен, И.Фишер) ақшаға деген сұранымды  неоклассиктердің сандық ақша теориясымен  байланыстырады. Сандық ақша теориясында  айналымға қажетті ақша мөлшері  американ профессоры И.Фишердің мына формуласымен анықталады.    М= P*Q / V

 Осы теория  бойынша ақшаға  сұраным мынадай факторларға  байланысты:  1) баға деңгейіне    2) өндірілген өнім көлеміне    3) ақшаның айналыс шапшандығына;

Классикалық теория ақша сұранысын  табыспен байланыстырса, кейнстік керісінше  пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады. Кейнстік теория ақшаға сұранымды мынадай 3 психологиялық дәлелмен байланыстырады:

1. Келісімдер мотиві(мәмілеге деген ақшаға сұраныс). Келісімдер жөніндегі сұраным қашанда ақшаның тауар және қызметке төленуі барысында пайда болады. Немесе ақша айналыс және төлем құралы болғандықтан ақшаға үнемі қажеттілік туып отырады. Бұл жағдайда ақшаға деген сұраным Ж.Ұ.Ө мөлшеріне тура пропорционалды болады. 1а суретінде осы ақша сұранымы МD сызығы арқылы көрсетілген. Ол Ж.Ұ.Ө мөлшеріне байланысты болғанымен, пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болады. Сондықтан ол вертикалды тік сызық түрінде көрсетіледі.

2. Сақтық мотиві (аргументі). Ақшаға сұранымның болуы екіншіден ақшаның қор жинау қызметін атқарумен байланысты. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, оның өзі табысқа тура пропорционалды болады. Бұл сұраныс пайыз мөлшерлемесіне байланыссыз болғандықтан, тік сызық түрінде көрсетіледі.

Информация о работе Макроэкономикаға кіріспе